Курстық жұмыс: Экономика | Параллель тізбекті емес тізбектер

Электр техникасы деп электр магниті кұбылыстарын практика жүзінде кең салаларда колданылуын айтамыз. Барлық электр техникасы салалары бір-бірімен байланысты болғандықтан, техникалық жоғарғы оқу орындарында «Электр техникасының теориялық негіздері» курсын ашуға тура келді. Бұл курс әр түрлі электр техникасы пәндерінің негізі болып есептеледі.
Осы курстың негізгі бір міндеті ол кұбылыстарды тоқтар, кернеулер, қуаттар, магнит ағындары т.б. түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Сондай-ак тағы бір атқаратын міндеті, ол әр бір құбылыстарды электр кернеулігі, магнит өрісінің индукциясы, қуат ағындары, т.б. түсінәктер аркылы есептеу, зерттеу. Осы міндеттердің біріншісі тізбектерді есептеу мен зерттеуге, ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге, зерттеуге арналган.
Электр техникасының өсіп дамуы электр магниті құбылыстарын жете зерттеуді, оқып білуді, практика жузінде пайдалануды керек етеді. Осы зор еңбекте, ізденуде, көптеген жаңалыктарды ашуда орыс инженерлерінің, ғалымдардың қосқан улесі аз емес. Олар шет елдердің көрнекті ғалымдарымен бірлесе отырып электр техникасының маңызды салаларының бастамасына жол ашты. Осы бастаманы бастаіандардың бірі М.В.Ломоносов. Ол атмосфера электрі атты теориясын кұрды. Заттың салмағының ақталсу және қозғалыс заңдарын ашты.
А.Вольт (Италия фізигі) ойлап тапқан гальваникалық элементтер бағанасынан кейін электр тоғын алуға мумкіншілік туды. 1802 жылы В.В.Петров электр тізбегіндегі процестерді зерттеп электр доғасын ашты және осыларды іс жүзінде жарық шығаруға, металды балқытуға, металдарды пісіріп жалғастыруға пайдалануға болады деген көзқарасын айтты.
1845 жылы неміс физигі Г.Кирхгов тармақталған электр тізбектеріне арналған негізгі заңдарын айтты.Сондай-ақ, осы заңдар Кирхгов атымен аталып теориялық және практикалық электр техникасының дамуына зор әсер етті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Горькийдің шығармашылық жолы

Кіріспе
Ұлы орыс халқының классикалық және совет әдебиетін, қазіргі әдебиетін, туысқан ұлттардың халық демократиясы елдерінің және дүниежүзілік әдебиеттік үлгілерін қазақ тіліне аудару – идеологиялық және мәдени зор маңызы бар іс. Бұл әдебиетіміздің шеберлік жағынан жетеле түсуіне көмегін тигізіп қана қоймайды. Сонымен бірге халқымыздың рухани мәдениетін ерекше байытады.
Аударма ісінің белгілі бір сатыға көтерілуінің нәтижесінде қазақ оқырмандары Пушкин, Лермонтов, Горький, Тургенев, Гоголь, Толстой, Маяковский, Шолохов т.б. орыстың классикалық және советтік әдебиетінің тамаша өкілдерінің шығармаларын өз тілінде оқитын болды.
Қазақтың көркем әдебиет баспасы қазір орыс классиктерінің шығармаларын , мемлекеттік сыйлық алған шығармаларды түгел дерлік қазақ тілінде шығару мақсатын қойып отыр.
Әдебиетіміздің аударма саласында елеулі - жұмыстар істеліп белгілі бір кезеңнен өтіп, енді алда айрықша зор міндеттер тұрғанда, өткен жолымызды шолып, іс тәжірибемізді қорытып, болашақтағы міндетіміздің негізгі бағытын белгілеп, көркем аударма өнеріндегі басты мәселелерді шешіп алу кезек күттірмейтін мәселеге болу тиіс. Орыс тілден қазақ тіліне жүздеген кітаптар аударылды. Бұл үлкен іс ірі кемшілігіне қарамастан, үлгілі тәжірибесіз емес.
Осы жолдағы М. Горькийдің әнгімелерін қандай тәжірибеде аударғанын көретін боламыз.
Жалпы Горький әңгімелерін игере бастауы аударма әдебиетіміз үшін ғана емес қазақ әдебиеті, көркем әдебиеті үшін де елеулі кезең.
Біз әдебиетіміздің қыруар байлығын мақтан ете аламыз. Қазір дүние жүзі халықтары сүйіп оқитын М.В. Маяковскийдің мағыналы, жалынды поэзиясы, М. Горкийдің мәңгі өлмес асқақ та терең мұралы т.б.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Үйсіндер

Кіріспе
Б.з.б І-ғасырдың аяғында Қазақстан даласында сақ тайпаларын ығыстырған жаңа тайпалық одақ пайда болды. Олар: үйсіндер қаңлылар.
Мал шаруашылығы үйсін тайпаларының өмірінде маңызды рөл атқарды. Олар әсіресе жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлді .үйсіндердің мекен еткен ортасы – Іле даласы мен Жетісу жері. Үйсін билеушісінің титулы гуньмо (күнбегі). Үйсін тайпаларында жерге жеке меншік болды. Жеке меншік болғандығының белгісі олар өздеріне тиісті заттарға жолдарға таңба салған. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздік археологиялық олжалардан айқын көрінеді. Үйсіндерде қайтыс болған адамның қолы қапталына созылып басы батысқа қаратып жатқызылған. Олардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Тайпа адамдары жаратушы күшке сеніп оларға арнап құрбандықтар шалған. Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық және туысқандық қарым-қатынаста болған. Қаңлы ғұндармен жайылым сауда жолы үшін соғысқан. үйсіндер ежелден келе жатқан түркі тапаларының бірі бүгінде ұлы жүз құрамындағы ру.
І-тарау Үйсіндердің этникасы.
1.1. Үйсіндердің шығу тегі.
Үйсін ұлы жүз тайпаларының жалпы аты. Бұлар ежелгі заманнан бері осы өңірді мекендеген. Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр тайпалары осы үйсін ұлысының тармақтары.
ә) Байырғы қазақ шежірелерінің деректері мен тарихи жазба деректер, үйсін елінің тарихта тым ерте заманда әйгілі болғандығын және қазақ қауымының негізгі тұлғасы мен ұйтқысы боландығын дәлелдейді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы

Кіріспе
«Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше
үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз».
(Ы. Алтынсарин)
Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен , сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз.
Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы.
Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші ) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді , ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі.
Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | АҚШ тың Германияның банктік жүйесі

Банктік жүйе – банктік операциялардың жалпы жиынын шоғырландырушы несие жүйесінің негізгі буыны.
«Ал банк – банк қызметін атқарушы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.»(№10 1-бап 1-тар)
«Банк мәртебесі жоқ бірде бір заңды тұлға өзін «банк» деп атай алмайды және банк қызметімен айналыса алмайды»( №10 1-бап 3-тар)
Экономика саласындағы ақша және банк ісі проблемалары ең бастылардың бірі болып табылады. Кез-келген мемлекеттің экономикасының мықтылығы банк жүйесінің беріктігінен білінеді. Әсіресе жас мемлекеттер үшін банк жүйесінің жақсылап қалыптасуының зор мағыназы бар.
Шет ел экономисттерінің пікірінше : «Банк – басқа іскерлік ұйымдар сияқты,өз кірісін максималды түрде ұлғайту үшін жұмыс істейді.»(№6)
Мемлекеттің банк жүйесінің дамуына қарап мемлекет экономикасының қарқыны мен әлеуметтік жағдайын бағалай аламыз. Егер банк жүйесі дұрыс әрі тиімді болса , оның халқының да хал – ахуалы жоғарғы деңгейде болады .
«Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтікө экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай – ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша- кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банкілік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олрдың қызмет аялары банктік құқық құзыретімен қамтылатыны бүгінге көпшілікке мәлім.»(№8 3-б.)....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жұмыссыздық және оның түрлері

Отбасы-некеге немесе қандық туыстыққа негізделген эмоционалдық байланыспен, өзара жауапкершілік қатынаспен біріккен тұлғалар жиынтығы.Ол қоғамның дамуында және жеке адамның өмірінде әлеуметтік құрылымның маңызды элементі болып табылады.Қазіргі жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар және оның проблемалары, қиыншылықтары отбасында көрініс алады.
Отбасы-бұл күрделі әлеуметтік жүйе, ол бір жағынан әлеуметтік институтқа, ал екінші жағынан кіші топқа ұқсайды.Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамды өзіндік қорғау және жаңа ұрпақ шығару қызметін атқарады.Отбасы кіші топ ретінде адамдар қоғамдастығы, онда индивидтер өзара тұлғалық қатынасқа түседі, әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады, ата-аналар, жас жұбайлар, балалар, туыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Орта қашықтыққа жүгіруші қыздардың дайындығында күш жаттығудың пайдалану нәтижелілігінің анықтамасы

Жылжымалы ойындар, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қ.Р-да бағалы қағаздар нарығын реттеу

Кіріспе.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногінде жүзете асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушысының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттеледі.
Қазақстанның орталықтанған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар - меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі. Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер -Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демокр-атиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70-жылда "социализм" мен "капитализм" деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршендігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несие қатынастарындағы рөлі

Егеменді Қазақстан Республикасы басынан шиленістер мен аңғалдықтарды аз кешірген жоқ. Ендігі таңда еліміз тұрақталып, шаруашылық белсенділікке түсуде. әрбір мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізіде қажетті рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады.
Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі оның аумағында КСРО несиелік жүйесінің филиалдары мен бөлімдері жұмыс жасады. Жетпіс жыл бойы республикадағы несиелік - банктік қызметте қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік ұсақ регламенттік әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік жүйе қызмет етті. Банктер нарықтық экононмикада делдал болып табылады және қоғамның барлық капиталын иеленетін монополистерге айналды.
Банктердің нарықтық экононмикадығы рөлі мемлекеттік меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және тағы басқа байланысты экономиканы басқару орган ретінде көрінеді.
Қазақстанда банктік реформаны жүргізу нәтижесінде екі деңгейлі банктік жүйе құрылды. Ұлттық банк (жоғары деңгей) және коммерциялық банктер (төменгі деңгей).
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер тарабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
Қоғамның барлық даму деңгейінде оның белсенділігі коммерциялық банктердің іс-әрекетімен сабақтасып, байланысып отырады. Көптеген несиелеу, жинақтау, ақша қаражатын шоғырландырып, есеп жұмыстарын жүргізетін бірден-бір ор ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік кредит жұмыс істеуінің алғышарттары, жағдайлары мен факторлары

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырбы: « Мемлекеттік кредит: жұмыс істеуінің алғышарттары, жағдайлары мен факторлары». Бұл курстық жұмыста қазіргі мемлекеттік кредиттің қызметі және даму барысы өтпелі кезеңнің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Сонымен қатар, мемлекеттік кредиттің қажеттілігі мен маңызы, оның негізгі нысандары мен түрлері, атқарымдары мен негізгі қағидалары және халықаралық мемлекеттік кредит туралы да айтылады.
Мемлекеттік кредиттің қызмет етуіндегі мәселелері теориялық тұрғыдан оқып-білу, қазіргі мемлекеттік кредиттің бүгінгі күн талаптарына қаншалықты жауап беретіні туралы өзекті мәселелер өз кезегінде курстық жұмыстың мақсатын анықтап отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін мемлекеттік кредиттің мазмұны мен құрылымдық элементтеріндегі өзгерістерді сараптай отырып қазіргі мемлекеттік кредитті жетілдіру жолдарын іздестіру және баға беру болып табылады.
I тарауда – мемлекеттік кредиттің қажеттілігі мен оның маңызы және мемлекеттік кредиттің мәні қарастырылады. Мұнда мемлекеттік кредиттің тұжырымы және оның құрылымдық элементтері сипатталады.
II тарауда – мемлекеттік кредиттің негізгі нысандары мен түрлері, мемлекеттік кредиттің атқарымдары мен негізгі қағидалары, халықаралық мемлекеттік кредит туралы айтылады. Бұл тарауда мемлекеттік кредиттік туралы негізгі мәселелер айтылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0