Курстық жұмыс: География | Африканың ішкі сулары

Жалпы Африканың ішкі сулары құрғақ ішкі суларының ағындарының кейінгі орында тұр. Өзен – көл жүйесі біркелкі таралмаған. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік – шығыс жағалауында жиі, шөлді аудандарда әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғаратын құрғақ өзен арналары көптеп кездеседі. Көлдер өлкесі – Виктория көлінен ағып шығатын өзен Ніл деп аталады. Жоғары ағысында оның жағасы тасты болып келеді, ал көлдің қасында нағыз басталар жерінде сарқырама болып құлайды. Қазір Оуэн сарқырамасының жанынан плотина және Ніл бассейіндегі алғашқы су электр станциясы салыну себепті, бұл сарқырама мен одан төмен жатқан босаға тастары су астына кетті. өзендер өлкесі – Мобуту – Сесе, Секо көлінен Аьберт – Ніл ағып шығады. Жоғарғы ағысында өзен тып – тыныш ағады, ал Нимуеле қаласынан бастап көп кедергілерге ұшырайды. Фола сағасында шаңғал тастар көп болғандықтан, осы жерде өзен арнасы 20 – 25 метрлік шатқалдан өтеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қаражаттар қозғалысы

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Эпостағы тұлпар образы

Кіріспе
Қазақ халқының ерте замандарда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезден-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүниетанудағы көзқарасы тағы басқа жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі, яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Ауыз әдеби фольклор деп те аталады. Фольклор – ағылшын сөзі. Ол – халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде бар. Ал, халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды.
Жанрлық жағынан алғанда, қазақтың ауыз әдебиеті де әр алуан. Халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған шығармалар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, ертегілер эпикалық жырлар, айтыс өлеңдері тағы басқа қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрі болып табылады.
Бір халықтың ауыз әдебиетінде, айталық ертегісінде немесе батырлар жырында кейбір сюжеттердің басқа бір халықтың ауыз әдебиетіне ұқсас келетіндігі болады. Ондай ұқсастық экономикалық, тұрмыс-тіршіліктің, қоғамдық өмірдің ұқсастығынан туады. Бір-бірімен ешқандай қарым-қатынас жасамаған, шалғай жатқан халық ауыз әдебиетінде ұқсас сюжеттердің болу себебі, міне осыған байланысты.
Ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланыса отырып, оны жан-жақты суреттейді, әр түрлі бейнелеу арқылы елестетеді. Әрине, бұдан ауыз әдебиеті бірден дамыған деген ұғым тумайды. Оның кейбір үлгілері ескі дәуірде, румындық қоғамда, яғни алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған. Бертін келе қоғамдық, экономикалық жағдайдың, адам баласының дүние танудағы ой-өрісінің ұлғайып өсуіне қарай ауыз әдебиеті де дамып отырған. Демек, халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік көзқарасы тағы басқа ауыз әдебиетінің тууына және қалыптасып дамуына әсер еткен, мазмұн берген. Сондықтан да ауыз әдебиеті өзінің даму жолында талай қоғамдық құрылыс ауыз әдебиетінің идеялық бағытына, мазмұнына ықпал жасаған, әрқайсысы өздерінің мүдделеріне сәйкес ауыз әдебиетін тудырған, оны пайдаланып отырған. Яғни, фольклор үнемі “өңдеуден”, сүзгіден өтіп отырады. Сөйтіп, біртіндеп көркемдігі кемелдене бастайды.
Ауыз әдебиетінің авторлары белгісіз болады. Бұдан, әрине ауыз әдебиетінде автор болмайды деген ұғым тумайды. Онда автор болған. Фольклордың кез-келген жанрлық түрлерін әу бастан-ақ белгілі бір адамдар шығарған. Мәселен, “Ер Төстік” т.б. сияқты ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысын болса да, әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ол кезде хатқа түспегендіктен шығарушы адамның өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал, шығармалары ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне, осылай қалыптасқан.
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен бір айырмашылығы ауыз әдебиеті шығармаларында нұсқалардың көп болуында. Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің аттары ұқсас келетін шығармаларды бір шығарманың туынды түрі, яғни нұсқасы десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. Мысалға, “Қобыланды батыр” жырын алайық. Қазіргі күнде бұл жырдың жиырма сегізден аса нұсқасы бар. Олардың жалпы мазмұны, оқиға желісі, басты кейіпкерлерінің есімдері бір-біріне ұқсас келеді. Бәрінде айтылатын басты әңгіме Қобыланды батырдың сыртқы және ішкі жауларға қарсы күресі, осы жолда оның жасаған ерліктері. Бұл оқиғалар жырдың нұсқаларында әр түрлі жырланады, ал ол нұсқаларда өзара үлкенді-кішілі айырмашылықтар болып отырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі

Кіріспе
«Аударма» деген түсініктің ауқымы өте кең. Бір тілден екінші тілге өлең, әр түрлі мазмұндағы көркем проза, ғылыми- көпшілік кітаптар, дипломатиялық құжаттар, іс- қағаздары, саяси қайраткерлердің мақалалары мен сөздері, газет материалдары, әр тілде сөйлейтіндіктен аудармашыға жүгінуге мәжбүр болатын адамдардың сөздері т.б. аударылады. Аударманың мақсаты- түпнұсқа тілін білмейтін оқушыны немесе тыңдаушыны берілген текспен немесе ауызша айтылған сөздің мазмұнымен неұрлым жақынырақ таныстыру: бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу. Сонымен қатар осы іс- әрекет арқылы алынған нәтиже, мәтін, туынды «аударма» деп аталады.
Аударма тарихында түпнұсқаның бұрмалануы, ондағы ойдың көмескіленуі сияқты жағдайлар өте көп болған.
Бұл әсіресе, көркем әдебиет пен қоғамдық- саяси еңбектерге қатысты.
Көркем әдебиет стилінің әдебиеттің тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде көркем өнері: туындының эстетикалық функция, прагматикалық сипаты- баршасы тілді иеленуші халықтың рухани- мәдени ұлттық танымның мүддесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылады. Көркем аудармаға екі түрлі талап қойылады; біріншіден, аударылып отырған шығарманың негізгі идеясының екінші тілде дұрыс берілуі, ал екіншіден, шығарманың көркемдік қасиетінің толық сақталуы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Шәкәрім және оның заманы

І тарау. Шәкәрімнің тұлға ретіндегі қалыптасуы
1.1. Шәкәрімнің тұлға ретінде қалыптасуы.
1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Ата-анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді жасынан сырқат болып, 37 жасында дүние салған. Ол кісі әділетті, жұртына қамқор, ел дауынан сырт жүретін өте кісілікті жан болған. Ақынның өз шығармаларындағы өмірбаяндық деректерге сүйенсек, оның бал дәурен балалық шағы жеті жаста әкесінен жетім қалғанына қарамастан, ,беделді де, дәулетті қажы атасы Құнанбайдың саясында сүйкімді немересі болып, уайым қайғысыз, емін-еркін, тоқшылық баршылықта өтіпті. Ақын ағасы Абайдың ықпалымен 16— 17 жасында Шәкәрім өлең жаза бастады. Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену, үйрену, оқу бағытында Құнанбай қажы ауылында қалыптасқан өнерлі ортада өтті, яғни ұлы Абай ұйтқы болған өнер - білім мектебінің шәкірті болып өсті; сөз өнеріне, қол өнеріне, музыка өнеріне төселіп тәлім-тәрбие алды, үлгі-өнеге көрді. Шәкәрім осы тұста жазу жұмысымен біржолата айналысып кете алмады. Жиырма жасқа толар-толмаста Шәкәрім ел басқару жұмыстарына араласып кетті. Жастықтың қару қайратын ел ішіндегі қарым-қатынастарды қалыпты күйге түсірмекке жұмсамақ болды. Сайлауға қатысып, шарға түсіп болыс болып та сайланды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Жер туралы заң | Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы

КІРІСПЕ
Жер мемлекет меншігі және заңда белгіленген негіздерде шарттар мен шектерде ол жер меншікте болуы мүмкін.
Жерді адам өміріндегі тіршіліктің оның әлеуметтік және экономикалық барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалану объектісі жерсіз әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерді жүзеге асыру мүмкін емес.
Жер – табиғи жаратылыс кеңістігі, планета, тіршілік ортасы ретінде экология құқығының объектісі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Ата заңымыз бұл ретте жерді алдымен табиғат ресурсы деп қарайды. Табиғи байлыққа жерге мемлекет тарапынан әртүрлі меншікке жол беріледі.
Азаматтық айналымның үнемі қозғалыста болып күрделенуі осы жер қатынасына да әсер етуде. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экология | Ерекше қорғауға алынған территориялар

Кіріспе
Өсімдік ресурстары. Шөлдің сұр қоңыр, сор және құмды топырақтарына эфемерлік-сораңды өсімдіктер жабыны тән. Шөлдің барлық өсімдіктері суды топырақтың ең терең қабаттарынан сіңіруге және аз буландыруға бейімделген. Тамырлары өте ұзын, жапырақтары өте ұсақ немесе тікен тәрізді. Ағаштары сирек, тек аздай сексеуіл кездеседі. Қысқа көк- маусымында эфемерлер мен эфемероидтар өзінің дамуын толық аяқтайды, тұқым түзеді де қуаңшылыққы дейін дейін кетеді. Эфемерлерге шөл қияғы, вайда және тағы басқа жатады.
Жартылай бұталардан жусан, сораң таралған. Сексеуілден басқа фисташкалар, ғасыр (ферулла) кездеседі. Көптеген өсімдіктер дәрі-дәрмектік шикізат болып табылады. Мысалы, дәрмене ішек құртына қарсы қолданылатын сантонин дәрісін өндіру үшін бағалы шикізат. Дәрменені көп мөлшерде пайдаланатын «Шымкентбиофарм» өнеркәсіп орны. Оның қызметіне байланысты дәрмененің қоры кеміп кеткен. Қазір бұл өсімдікке жойылу қаупі төніп тұр. Бұл түрдің таралу аймағы қазір тек Сырдария өзеннің (Отырар ауданы) аңғары ғана болып отыр.
Тақырлы топырақтарда қара сексеуіл, тамариск, сораң өседі.
Құмды дөңдерде ақ сексеуіл, қылша (эфедра), ақшатай (астрағал), айрауық (вейаик) өседі.
Шалғынды және шалғынды-батпақты территорияларда бұталар мен қамысты өсімдіктер таралған.
Қаратау тау жотасының белдеуінде бидайық тәрізділер мен тау ксерофиттері мен саванойдтар таралған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан аудандарында туризмді дамыту

Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды.
Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан Зиминнiң бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкiнiң сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс еттi. Сол жылы Алматыдағы Жетiсу губ. мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi орналасты.
Ұлы отан соғысынан кейiн “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi демалысы мақсатында 1952 ж. Қазақстанда Туристiк-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 ж. Алматыда Респ. жас туристер ст. ашылды. 1960 ж. кәсiподақтардың Қазақ респ. кеңесi жанынан туризм жөнiндегi респ. басқарма ұйымдастырылды. 1962 ж. Туристiк-экскурсиялық басқарма Туризм жөнiндегi кеңес болып қайта құрылды. 1965 ж. Қазақстанда респ. және 5 обл. (Алматы, Қарағанды, Шығ. Қазақстан, Орал, Шымкент) туристiк кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.
1950 — 60 ж. Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесiнде туристiк нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi дамытуда үлкен үлес қосты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық инвестиция

Бұл курстық жұмыстың мақсаты нақтылы инвестициялық жобаларды талқылай отырып, олардың тиімділігін бағалау.
Өзімізге мәлім болғандай әрбір кәсіпорын өз қызметі барысында міндетті түрде пайдасын максималдағысы келеді. Осыған орай максималдаудың әртүрлі жолдарын іздейді. Сондай жолдардың бірі инвестицияларды құю болып табылады.
Кәсіпорын қандай да бір инвестициялық жобаны бағалау немесе таңдау кезінде, оны зең қойып талдауы керек. Өйткені қаншалықты оны нақты бағалап, нәтиже шығарса, онда ол соншалықты тиімдірек болады. Қаржылық менеджерлер инвестициялық жобаларды бағалаудың әртүрлі әдістерін қолданады. Жалпы олардың негізгілері болып келесілер табылады: таза келтірілген құн, таза терминалдық құн, инвестицияның қайту деңгейі, инвестицияның тиімділік коэффициенті, инвестицияның қайту мерзімі. Бұл көрсеткіштер одан әрі жалғасулары мүмкін, алайда жалпы әдебиеттерде бұларды жиірек қолданады.
Кәсіпорын үшін инвестициялық жоба тек қана пайда табумен байланысты болмайды, ол сонымен қатар кәсіпорынның нарықты жаулап алу саясатына да байланысты болуы мүмкін. Қаржы менеджері өз қызметі барысында кәсіпорынның инвестициялық саясатын даярлайды, сонымен қатар жобаның осы саясатқа сәйкестігін анықтауы тиіс. Яғни қандай да бір компания өзінің инвестициялық саясатын жүргізуі үшін екі жобаны талқылайды.
Инвестициялар тек компанияға үлесін қоспайды, олар тағы да мемлекетке де, халыққа да өз әсерін тигізеді. Яғни одан түсетін пайда зор. Қандай да болмасын жоба, ол әрдайым тәуекелмен байланысты болады. Қаржы менеджері бұл жағдайды да ескеруі керек. Әрине, ол тек инвестициялық тәуекелді ғана емес, оған қоса жалпы тәуекелдерді қарастырып талқылауы тиіс.
Сонымен бірге, ол нарыққа қатысушылар туралы ақпараты болуы керек, мемлекеттің реттеу жүйесін, заңдарды, қор биржаларын, брокерлік фирмалардьң жұмыс істеу механизмін жақсы білуі тиіс. Одан басқа қаржы менеджері құнды қағаз шығарушы кәсіпорын - эмитент туралы толық ақпаратты білуі керек. Сонымен қатар, қаржы менеджері республикадағы құнды қағаздар нарығының даму ағымын байқап тұрғаны жөн.
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу сатысында, сондықтан отандық компанияларға сыртқы нарыққа шығу жолдарын іздеу керек. Мұндай жолдардың бірі болып шетел мемлекеттеріне инвестиция құю болып табылады. Кейбір кәсіпорындар нақтылы жобаларды іске асырмай, тек қана қор биржаларында жанама түрде өздерінің бос ақша қаражаттарын жұмсаулары мүмкін. Бұл да инвестициялаудың бір жолы болып табылады. Ал, біздің елімізде күнделікті инвестициялар құйылуда, бұл жағдайдың да өзінше жағымды және жағымсыз әсері бар. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық – саяси қызметі және ғылыми мұрасы

Мәселенің өзектілігі.
Қазақстанның әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Еліміздің дамуында тарих ғылымының алдында зор міндеттер тұрғаны жайында Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай деп жазғанды: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы — тарихтың толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұнғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шыңдықка, тек казақтардың ғана емес, барлық қазақстаңдықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сәйкес боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз» [1].
«Қазақстан Республикасында тарихи сана калыптасуының тұжырымдамасында» отандық тарих ғылымы алдында тарихи білімнің үзіктілігі мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылған [2]. Осыған орай тарих сахнасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен ерекшеленген қайраткердің, ұлт зиялыларының, ғалымдардың өмір жолын шынайы тұрғыда зерттеуге де мән беруіміз керек.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0