Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Боксшының техникалық тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру

Тақырыптың көкейкестілігі. Бүгінгі таңдағы қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да алаңдаушылығын туғызуда.
Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойса [1996 ж.], 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын жолдады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Бастауыш сынып | Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген.
1. Ахмет Байтұрсыновың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды.
А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап “Сауат ашқыш” атты оқу құралын жазып шығарды.
Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпбиi” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады.
Оқу құралының ерекшелігі әріпті тегіс үйретіп біткеннен кейін оқулық соңында сауат ашар оқушы қауым үшін тәрбиелік маңызы ерекше, идеясы құнды өлеңдер, тақпақтар, айтыс, ұсақ әңгімелер берілген. Оларды берудегі мақсат - оқушы әріптерді толық меңгерді ме, жоқ па, екіншіден, жаттығу үшін берілген әдеби нұсқалар оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелер деген ой болды......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Дәрігерлер жүрекке отаны қалай жасайды? (фото +18)

Олар - бейбіт күннің батырлары. Олар күнделікті адам өмірін ажалдан арашалап, ешкімге жар салмай-ақ, ерлік жасайды. Ортамызда жүрген хирург мамандардың өмірі - мүлде бөлек әлем. Әсіресе, адамның ана құрсағына біткен сәттен бастап соғатын жүрегін тоқтатып қойып, оған ота жасайтын кардиохирург мамандардың ісі - нағыз ерлікке пара-пар екеніне дауласу қиын.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру

Кіріспе
Білім мен тәрбе берудің ең басты міндеті – мектептің іс-әрекетіне психологиялық тұрғыда ықпал ету. Мұның дәлелі – қазіргі кезде мектепте жүргізіліп жатқан психологиялық-педагогикалық жұмыстар. Психологияда алға қойылған мақсат әр оқушының жеке адамдық қасиеттерін жан-жақты жүйелі зерттей отырып, оларды дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бұған тек психологтар ғана емес, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің және ата-аналарды ықпалы зор. Жеткінектерді жай-күйін, ынтасын, ықыласын, қызығушылығын есерсек олар жалаң теориямен оқуға ынталы емес. Сол себепті олардың білім алуға белсенділігі мұғалімнің талабына, оқушымен қарым-қатынас орната алу шеберлігіне байланысты. Бұл үшін мұғалім психолог болу қажет.
Шығармашылық адамын тәрбелеу мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бұл процесті жаңа технологиямен ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушы ұстаз жетекшілігімен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Сол себепті қабілетті дер езінде байқап, оның дамуына түрткі бола білу керек. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0