Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Орта мектепте меңгерілуге тиісті лексиканың көлемі лексикалық білім берумен анықталады. 5-10-сыныптарда бағдарлама мынадай талаптар қойған: „Белгілі бір мәтін мазмұнын айтқызу немесе оған пікір айттыру.Баяндау, сипаттау, пікір айту жолдарымен және түрлі стильде ауызша, жазбаша ойын жеткізе білуге дағдыландыру”.
Мектеп бағдарламасы бұл талаптарға байла-нысты лексиканы оқыту барысындағы икемділік пен дағдыларды анықтайды. Мәселен, 5-10-сыныптардағы лексикадан мынадай икемділік пен дағдысын қалыптастыруды талап етеді. „Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде оқушылар сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйрету” деумен бірге, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарын жүргізуді ескертеді [1]. Ал Н.А.Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал—лексика деп есептейді. [2].Белгілі бір тілді мегеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдк қатынас та жүзеге аспайды. Өйткені адам сөйлей білу үшін айтайын деген ұғымға қатысты сөздерді және сол сөздерді дұрыс жұмсаудың амалдарын меңгеруі керек.
Адамдардың өзара пікір алмасуы тек сөзге ғана емес, сөзден басқа да лексикалық тұлғаларға қарағанда сөз тілдік қатынасдың ең негізгі құралы болып табылады. Лингвистикалық әдебиеттерде, негізінен, сөздің екі жағы қарастырылған. Ол- сөздің қалпы, яғни сыртқы пішіні (дыбыс арқылы айтылуы, әріп арқылы жазылуы); сөздің мағынасы, яғни ішкі мазмұны, мәні. Мәселен,Н.П.Бехтерева сөздің мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөледі: пішіні (форма); мағынасы (значение); қызметі (назначение).
Н.П.Бехтерева сөздің осы үш ерекшелігінің ішінен адамның ойын, сезімін көрсететін үш белгісі- атқаратын қызметі-негізгі деп есептейді. Автордың айтуынша, сөз сөйлеушінің көзқарасын, көңіл-күйін білдіргендіктен адамдар арасындағы қарым-қатыныстық қызметті атқара алады.
Сөзді қатысымдық тұрғысынан алып қарағанда, сөздің алатын орнынан да, білдіретін сезімдік жағынан да сөйлесу үшін қажеттісі- сөздің байланысу амалы мен қолдана білу заңдылығы. Өйткені өзіндік заңдылықпен қолданылмаған сөз сезімді де білдірмейді, тілдегі орнына сай қызметін де атқара алмайды. Мәселен, белгілі бір тілде сөйлеу үшін, көп сөзді білгенмен,оны дұрыс қолдануды білмесең, ойыңды түсінікті етіп жеткізу мүмкін емес.
Сонмен қатар, сөздің қай жағы (қалпы, мағынасы, қызметі т.б.) жетекші деген көзқарасқа келетін болсақ, қатысымдық тұлғаның сыртқы қалпы да, ішкі мағынасы да, ішкі байланысы мен сыртқы қолданысы да маңызды бола келіп, тілдік қатынаста әрқайсысы өзіндік қажеттілікпен, орнымен көрінеді. Сондықтан қатысымдық негізде сөзді оқыту жеке бірлік ретінде оның өзіндік белгілеріне байланысты. Зерттеуімізде сөзге тән мұндай белгілір мыналар деп есептедік:
- сөз—белгілі бір ұғымдарға қатысты семантикалық мәндерді білдіреді және осы семантикалық қасиеттерді әрі сақтаушы, әрі жинақтаушы ретінде тілдік қатынастың ең қажетті бірлігі болып табылады;
- сөз бір-бірімен байланысу арқылы адамдардың ойын білдіреді де, түсінісу құралы болудың нәтижесінде қатысымдық қызмет атқарады;
- сөз
өмір шындығын ғана емес, эмоциялық сезім күйді де білдіреді;
- сөз тілдегі қалыптасқан ережелердің нәтижесінде бір-бірімен тіркесе келіп, сөз тіркесін, сөйлемдерді құрауға негіз болады және тілдегі ең басты лексикалық бірлік болып табылады.....