КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Егемен еліміздің қай заңын алсақ та, білім беру барысында жасөспірімдердің жеке бас қасиетін, тұлға ретінде қалыптасуын және оның танымдық әрекетімен, ой-санасын дамытуға баса көңіл бөледі. Себебі, жасөспірім – бұл болашақ маман. Осы тұрыдан алғанда, бастауыш сыныптарда білім беретін маман дайындау мәселесі қай кезде де өзекті істің бірі болып табылады.
Адамның жекебас болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйтқысы, мәйегі осы бастауышта құрылатыны педагоктердің де, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім.
Педагогикалық үрдіде орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, өз ісінің шебері деуге болатын, мұғалім дайындау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, яғни оқушымен дұрыс қатынасқа түсу икемдігін қалыптастыру, оны әдістемелік және теорилық жағынан дайындаумен қатар орындайтын мақсаттардың негізгілерінің біріне айналып отыр.
Педагогикалық институттарда териялық білім берумен қатар педагогикалық практиканы қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік құжаттар негізінде, педагогикалық, психологиялық зерттеу жетістіктермен, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен сабақтастыра отырып жүргізудің мүмкіндігі мол.
Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамаларының жарық көруі, осыған орай
мектеп бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнының түбегейлі өзгеруі, бастауыш сыныптарға жаңа буын оқулықтарының енуі, білім мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып оқытуды, оқушыларды дамыту мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман дайындау ісіне өте жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр.
Білім мен тәрбиенің байланысын диалектикалық тұрғыдан үнемі дамуда және бір-бірімен байланыста түсініп, осы үрдістегі күрделі мәселелерді
дидактикалық бағдарда шеше білетін маманның тұлғасы педагогикалық практика кезінде қалыптасады.
Орыстың белгілі ғалымдары, тіпті сонау Крупская Н.К. [1], К.Д.Ушинскийден [2] бастап, кеңестік дәуірде Сухамлинский В.А. [3], Каменский Я.А. [4]. А.С.Макаренка [5] т.б. атақты педагог классиктердің бәрі де жоғары оқу орынында білім мен біліктілікті жетілдірудің және мұғалім кадрлердің болашақтағы өз ісіне дайын болуының негізі педагогикалық практиканың дұрыс ұйымдастырылуына байланысты екенін атап айтқан. Солай бола тұрғанмен, әрбір мамандықты дайындауға арналған педагогикалық практиканың өзіндік ерекшелігі, мазмұны, жүйесі бар.
Ғалым педагогтар, психолог, әдіскерлер: О.А.Абдуллин [6], Б.Р.Айтмамбетов [7], А.Е.Әбілқасымова [8], Л.К.Керімов [9], Н.Д.Хмель [11], Халықова К.З. [10], Қ.Әбдіжамитұлы [12] педагогикалық практиканың мақсатын, мәнін зерттеу барысында оны жастарды мұғалімдік қызметке дайындаудың бірден-бір үрдісі ретінде дәлелдейді. Бұл зерттеулердің әр қайсысы мұғалім дайындау мәселесінің әр саласына арналған. Бірі педагогикалық практика кезіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының жүйесін ашса, енді бірі студенттерді маман етіп дайындауда педагогикалық практиканың білімдік, тәрбиелік мәнін жүйелеуге арналған.
Теориялық, әдістемелік, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан алғанда да, педагогикалық институттарда бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшеліктер бастауыш сыныптарға жоғары білімді маман дайындауға арналған білім стандарты мен типтік оқу жоспарының мазмұнынан туындайды.....