КІРІСПЕ
ХХ ғасыр соңы адам, қоғам санасына өзгерістер, берекесіздік әкелуімен ерекшеленеді. Қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты, бұрынғы сана мен бұрынғы идеалдар жойылып, жеке сана пайда болды. Осының нәтижесінде ХХ ғасыр плюрализмі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер қазіргі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер мен әдебиетке жаңа келген жазушылар арасында түсініспеушілік пайда болды. Тіпті тұстас суреткерлер де бір-бірінің шығармашылығын түсінбейді. Өйткені әр жазушы өз шығармасында өз дүнетанымын бейнелейді, өз қабылдауын береді. Әдебиет – идеология құралы емес, жеке тұлғаның өз-өзін таныту құралына айналды.
Әрбір суреткер әдебиет арқылы өз бойындағы энергиясын шығаруға машықтанды. Көп жазушылар оқырман қабылдауымен санаспайды. Олар үшін тек субьективті дүниетанымын суреттеу ғана маңызды болды. Не болмаса,
шығарма терең ойлы, ерекше саналы оқырманға лайықталады. Әдебиет қоғамдағы өзгерістерді жіті бақылап отыр, әйтсе де сол құбылыстарға ілесе алмай қалатын кездер де байқалады.
Әдебиеттануда көркемдік әдістер алмасуы әр кезеңде түрлі көзқарастар тұрғысынан көп рет талқыға түскен еді. Негізгі жетекші әдістер реализм мен романтизм деп, ал модернистік жүйе әдістері керітартпа, декаденттік әдістер ретінде түсіндіріліп келді. Тіпті, әлемдік әдебиет пен
өнер тарихы «реалистік өнердің пайда болу, қалыптасу, даму және антиреалистік ағымдармен күрес тарихы» ретінде қарастырылды. Шын мәнінде шығармашылық әдіс суреткердің шындыққа қатысымен анықталатыны белгілі.
Әдебиет жазушы еңбегі арқылы жасалса, жанр да, кезі келгенде сөз суреткерлерінің ізденістерінен туады. Барлық жанрлар да өздерін қызықтырған нәрсені жалаң оқиғалар тізбегімен дәлелдей салмай, образ арқылы көрсетеді, бейнелейді, суреттейді. Суреттеу, дәлелдеу арқылы өздерін тебіренткен, толқытқан жайдың сырын ашып, жазушы жанрды идеялық ой жеткізуге тәсіл, амал есебінде пайдаланады.Қалаған жанрды таңдауға жазушы ерікті, ықтиярлы.
Көркем прозаға қатысты көрікті ой мен кешелі табиғатты толыққанды танып, көңіл көрігіне суара білетін сөз зергері жазар әлемін әдбен зерттеп, зерделеп, иін қандырып, илеуін пісірмей, тақырыбына тағдырын танып, табиғатын түгендемей, тәуекелге бармайды.Орнықсыз ой балалатып, орынсыз күшену, кейіпкерін тізелетіп тезге салу, жалған, жылтыр сөйлеу жазушыға жат.
«Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн» /1,42/. Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады. Қазіргі әңгіме, повесть, роман болсын олардың бір ерекшелігі кейіпкер саны аз болып келеді. Сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласады. (Бұл ойымызды алдағы мысалдарда дәлелдейміз). Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкен.
Жалпы прозаның көркемдік сапасы, идеялық мазмны қоғамдық әлеуметтік мәні бар күрделі, қомақты шындықтарды көтеріп, соған байланысты философиялық тың ойлар түйіндеумен өлшеніп таразыланады.
Біз қарастырғалы отырған жазушылардың прозасында жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі – суреткерлік екеніне көз жеткіземіз.
Шындығында, көркемөнердің өзі адам көңіл-күйі, ой-қиялы мен қоғамдағы тарихи-әлеуметтік, эстетикалық алғышарттардың бірлігінен өрістегенін жадымызда ұстасақ, “ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында жазушылардың назарында адамның кейбір пихологиялық жағдайлары, сезімдері, сыртқы әлем құбылыстарына орай эмоционалдық үн қосу сәттері түсті. Бірақ, бұл сезімдер, адам жанының жекелеген шақтары характер болып тұтаспайды”, - деген Д.С.Лихачев тұжырымына ден қою дұрыс. Демек, лиризм мен психологизмнің де негізгі көзі – авторлық экспрессияның идеялық-көркемдік генезисі тереңде жатыр. Бүкіл факторлардың айшықты поэтикалық жүйесі ақын-жыраулардың оттты пафосқа құрылған романтикалық поэзиясы және заманның асқақ идеяларын барынша шынайы әрі мол оптимизм, нақты гуманизммен бейнелеу талаптарынан туған жаңа әдебиеттің лейтмотивіне лирика нақыштары жат элемент болып табылмайды.....