Үй күтіміне арналған пайдалы кеңестер

• Майлы бояумен сырланған есіктер мен терезе жақтаулары 1 л суға 1 шай қасық мүсәтір спирті қосылған жылы сумен сабындамай жуылады.
• Терезе жақтауларын қысқа жылылау үшін саңылауларға шприцпен сұйық парафин қйыңыз. Парафин мен шприц ыстық суда қыздырылады.
• Терезедегі қырауды кетіру үшін 1 стакан суға 2 ас қасық ас тұзы салынған ерітіндімен жуыңыз.
• Терезеге қырау тұрмас үшін шынысын глицерин мен спирт ерітіндісімен (1:10) сүртіп қойыңыз.
• Қатты кірлеген терезе шынысын жууға арналған ерітінділер: 1 л суға 1 ас қасық крахмал; 1 л жылы суға 2 ас қасық сіркесу; 1:10 мүсәтір спирті мен бор қосылған су. Жуғаннан кейін жұмсақ шүберекпен құрғатылып, қағазбен сүртіледі.
• Шыны сүртілгеннен кейін 30 г су, 70 г глицерин....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
4 -2

Ас содасының әдемілікке әсері қандай?

Ас содасы талай жылдардан бері ас үйі мен үй шаруасында белсенді қолданылады. Алайда екінің бірі оның косметикалық құрал ретінде қасиеті бар екенін біле бермейді. Ол сырт келбетімізге қандай күтім жасай алады?
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық
3 -2

Дипломдық жұмыс: Биология | Ауыр металл тұзы cdcl2 нің жұмсақ бидай сорттарына әсерін зерттеу

Дәнді дақылдардың өнімділігін көтеру қазіргі егін шаруашылығының өзекті мәселесі. Жергілікті жердің сорт түрлері, ауыл-шаруашылығына қажетті құнды белгілері бойынша селекция үшін сұрыпталып отырылады. Әрбір шығарылған сорттың ауруға және сыртқы орта факторларына төзімді, сапасы жағынан күшті болуымен қатар өнімділігі жоғары болуы қажет. Осы сыртқы факторлар ішінде ауыр металдар тұзының өсімдікке және қоршаған ортаға әсерін зерттеу экология саласындағы актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан, қазіргі кездегі ғалымдардың алдындағы күрделі мәселелердің бірі ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдар белоктардың белсенділігін төмендетіп, металдық кофакторларды араластырып, активті бөліктерді блоктап және аллостериялық өзгергіштіктерді туғызуы мүмкін /1/. Сонымен қатар, олар мутагенезді және ісік клеткаларын немесе макроскопиялық өзгергіштіктерді түзуге бейім болады. Ең улы және қоршаған ортаға кеңінен таралған ауыр металдардың бірі кадмий болып есептеледі. Бұл элемент тірі ағзаларға қауіптілігі жағынан бірінші топқа жатқызылады \2\ . Кадмий адам және жануарлар ағзасына жиналуға қабілетті және жүрек қан тамыры әрекетіне себепші сонымен қатар, биосинтез процесін төмендетеді. Ауыр металл тұзы – жекелей алғанда CdCl2 фотосинтез және өсімдіктердің тыныс алуы кезінде метоллотианин кофакторына әсерін тигізіп, клеткада бұзылыстар тудыратыны анықталды. Ол бұзылыстар кейбір ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, пайдалы бұзылыстар болуы да мүмкін \3\.
Мелничук Ю.П. (1979) қызметтестерімен бірге ауыл шаруашылық өсімдіктерін алғашқы өсу кезінде кадмийдің төменгі концентрациясымен өңдеп, өсімдіктің өсіп, даму процесін жылдамдататындығын және тамырдың меристемалық клеткасының митоздық бөлінуінің G1 – кезеңінде белок биосинтезі мен РНҚ синтезін жоғарлататындығын дәлелдеді \4\.
Дәннің өсуі кезінде кадмийдің активтелген әсері фитохромның регуляциясы мен байланысты. Сондықтан, кадмий өсімдіктердің митоз кезеңіне әсерін тигізеді, яғни цитокинездің бұзылуына әкеледі де, өсуді тежейді немесе мүлдем тоқтатады \5\.
Кадмийдің әсерін басқа ауыр металдармен салыстырғанда, өсімдік тіршілігіне қажеттілігі және оның топырақтан өсімдікке тасымалдануы, ұлпалардағы локализациясы әлі толық дәлелденбеген \6\. Сондықтан, біздің зерттеуімізде бұл химиялық қосылыстың (CdCl2) жұмсақ бидай сорттарына әсері зерттелді және осы химиялық қосылыстың әсерінен болған сандық және сапалық өзгергіштіктерге талдау жасалынды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0