Дипломдық жұмыс: Физика | Айнымалы жұлдыздар үшін информация мен энтропия қатынасын анықтау

Қазіргі кезде физика ғылымында астрофизикалық зерттеулерге көп көңіл бөлінуде. Астрофизикалық объектілерге әртүрлі ықпал етуші факторлардың әсер етуі салдарынан бейсызық физиканың жаңа әдістерімен астрофизикалық объектілерді, оның ішіндегі айнымалы жұлдыздарды, тұмандықтар мен галактикаларды зерттеу үлкен қызығушылық туғызуда. Уақыт өте келе жұлдыздарды топтастырумен байланысты қиындықтар көбейеді: айнымалылықтың түрлі типтерінің байланысы анықталған және де бір объектінің бірнеше айнымалылық типіне жатқызу қажеттілігі туындайды, себебі олар әр түрлі физикалық себептермен анықталады.
Жұлдыздардың жарқырау қисықтарындағы ақпаратты қолдану эффективтілік деңгейі мен талдау жасау әдістеріне тәуелді. Жұлдыздардың жарқырау қисықтарынан алынатын сигналдарда алмасу мен хаос болғандықтан, олардың физикалық табиғаты жөніндегі жаңа, қызық ақпаратты олардың зерттеуіне қолданылатын бейсызық физика әдістерінен алуға болады. Сонымен қоса, типі дұрыс анықталмаған айнымалы жұлдыздар да кездесіп жатады. Осындай типтері нақты анықталмаған жұлдыздарды зерттеуде бейсызық физика әдісі қолданылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ерте аққан жұлдыз (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Ерте аққан жұлдыз
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, өмірбаян құрастырып жазу.
Сабақтың мақсаты: Құрылымын сақтай отырып өмірбаян жаза алуға үйрету....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жұлдызды сәт интеллектуалды ойыны

Сабақтың мақсаты: балалардың тіл дамыту, айналамен танысу, математика, көркем әдебиет сабақтарынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Жарысқа алты бала қатысады.
2. Интеллектуалды ойын.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Футбол жұлдыздары (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Футбол жұлдыздары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.
Сабақтың мақсаты: Түрлі мәтіндер жазу үшін жоспар құра білуге үйрету....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Астрономия | Жұлдыздар

Кіріспе
1.1. Жұлдыздар
Жұлдыз (лат. stella немесе лат. astrum; ) — салмағы ерекше ауыр, өзегіндегі термоядролық реакция арқылы айналасынан қалыпты жарық шығаратын, плазмалық газ күйдегі аспан денесі. Жұлдыздар Ғаламдағы ең көп таралған объектілер. Космос затының 98%-і осы газды шарлардан құралған. Жұлдыздарды арнаулы түрде жұлдыз астрономиясы ғылымы зерттейді. Әдетте қазақ тілінде жұлдыз сөзі кең мағынада қолданылады: барлық аспан денелерін (күн, ай, Марс, Шолпан, құйрықты жұлдыздар т.б.) жай тілмен жұлдыз деп бірдей атай береді. Дегенмен, ғылыми арнаулы мағынада жұлдыз тек Күн секілді, сүмбіле, темірқазық, жетіқарақшы, үркер,қосаржұлдыз,үйіржұлдыз,ғаламатжұлдыз секілді өзінен жарық шығаратын алып аспан денелеріне қаратылады.Астрономдар жұлдыздардың спектрін, жарық шамасын, кеңістіктегі қозғалысын өлшеу арқылы оның салмағын, жасын, құрамындағы металл мөлшерін және басқа да қасиеттерін таниды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Күрделі тізбектерді үшбұрыш жұлдыз түрлендіруі арқылы есептеу

Электроэнергетика саласы көптеген өндірісте, көлікте ауыл шаруашылығында және күнделікті өмірде кеңінен қолданылады.
Электротехника деп бұл сөздің кең мағынасында электромагнитті құбылыстарды тәжірибеде қолдану болып танылады.
Электротехниканың дамуы электрлік және оның тәжірибелік бейнесін жасау және оны оқып үйрену үлкен жұмысты қажет етті.
А. Вольттың гальваникалық бағананы ойлап тапқаннан кейін электр тогын алу мүмкін болды. Электр тізбегін В. В. Петров зерттей келе, электр доғасын ашты және оның жарықтандыру, балқыту және металдарды біріктіру тәжірибелерінде қолдануға болатынын көрсетті.
1845 жылы немістің атақты физигі, әрі технигі Г. Кирхгоф тармақталған электр тізбектеріне негізгі заңдары жасалып шықты және ол заңдар осы атақты кісінің атымен аталып, электротехниканың теориялық және практикалық дамуына үлкен үлес қосып келеді.
Көптеген қазіргі уақыттағы әр түрлі техникалық жетістікке арналған электротехникалық қондырғыларға түрлі түрлендірулер қолданылады. Электр генераторлары мен двигательдер, механикалық және электрлік энергияға түрлендіру үшін қызмет етеді. Трансформатордың көмегімен бір электр энергиясының кернеуі екінші электр энергиясының кернеуіне айналады. Электр шамында электр энергиясының жарық энергиясына түрлендіру процесі жүріп отырады. Көптеген электротехникалық қондырғыларда электр энергиясы осы қондырғының бөлек элементтерінің арасында бөлінеді.
Осындай көп жақты түрлендіру практикалық жағынан ғана пайдалы болып қоймай, түрлендіру кезіндегі, жалпы электр тізбегін есептеу оңайлана түседі. Сол түрлендірудің маған, яғни осы курстық жұмысты жазудағы негізгі міндет, «үшбұрыш» және «жұлдыз» деп аталатын схемалы контурларды, электр тізбектерін, біріншісі күрделі болғанда екіншісіне түрлендіріп немесе керісінше екінші түрден бірінші түрге айналдырып есепті шешудің теориялық сондай-ақ, практикалық маңызы өте зор болып табылады, бұл электротехникада кеңінен қолданылады. Бұл түрлендіру оның ішінде күрделі тізбектерді «үшбұрыш» - «жұлдыз» түрлендіруі арқылы есептеу менің осы курстық жұмысымның нігізгі мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: География | Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясы

Галактикалардың құрылымы мен пайда болуы туралы зерттейтін космологиямен ғылымымен қатар космогония (грекше: “гонейа” – туылу деген мағынаны білдіреді) – космостық денелер мен олардың жүйелерінің шығу тегі мен дамуын зерттейді (космогонияның планеталық, жұлдыздық, галактикалық түрлері бар). Галактикалар дегеніміз, тек шар тәрізді ғана емес, спираль, эллипс, т. б. тәрізді ортасында ядролары бар жұлдыздар мен олардың жүйелерінің алып жиынтықтары болып саналады. Галактикалар миллиардтап саналады, сондай – ақ олардың әрқайсысында миллиардтаған жұлдыздар бар.
Болжамдар бойынша галактикалар ең ауыр элементарлық бөлшектер - гиперондардан тұрады, кейін жұлдыздар заттардың фрагменттелуі нәтижесінде түзілген. Бұл заттар галактикалардың ядросында әлі де кездеседі деген жорамалдар да бар. Кеңейетін Ғаламның теориясы астрономияның прогресіне себеп болған, бірнеше қиындықтармен кездесті. Үлкен жарылыстан кейін шексіз тығыздығы бар нүктеден ұшып шыққан зат, өзара тартылыс әсерінен бір – бірін тежеп, олардың жылдамдығы төмендеу керек. Бірақ тоқтау үшін бүкіл Ғаламның массасы да жетпейді. Осыған байланысты ғылымда 1939 жылы Ғаламдағы “қара ойықтар” туралы гипотеза пайда болды. Бұл ойықтар көзге көрінбейді, бірақ олар Ғаламның массасының 9/10 бөлігін құрайды.
Сонымен “қара ойықтар” дегеніміз не? Егер кез келген заттың белгілі бір массасы сол массаға шекті болып табылатын аз деңгейге жетсе, онда бұл зат өзінің тартылыс күші әсерінен тығыздала бастайды. Тығыздалу әсерінен затың массасы көбейіп, сәйкесінше заттың тартылыс күші де жоғарылай бастайды. Бұл тартылыс күшін жеңу үшін заттың жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан да жоғары болуы тиіс. Сондықтан да “қара ойық” сыртқа ештеңі де шығармай, ешқандай жарықты шағылыстармайды, яғни көзге де көрінбейді. Сондай ақ “қара ойықтың” ішінде кеңістік өз бағытынан ауытқып, уақыт баяулайды. Осы “қара ойықтар” галактикалардың ядросын құрап, өте қуатты энергия көзі болған және олар жұлдыздарға дейінгі зат, яғни олардан жұлдыздар пайда болған деп жорамалданады.
1963 жылы квазарлар (квазижұлдыздық радиосәуле көзі) - ғаламдағы радиосәулелердің аса қуатты қайнар көзі ашылды. Олардың жарығының күші галактикалардың жарығынан жүздеген есе артық, ал көлемі олардан ондаған есе аз. Квазарлар – жаңадан түзілген галактикалардың ядролары болып табылады, яғни галактикалар әлі түзілу үстінде деген болжамдар бар.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары

2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында "Асыл мұра” жобасы "Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ.....
Рефераттар
Толық
0 0