Орағың өткір болса, Қарың талмайды. Отаның берік болса, Жауың алмайды Cоғыс, соғыс! Қандай қатал, қандай зілді, ауыр батпаны бар сұрапыл айқастың мағынасын ашатын ауыр сөз десеңізші. Осы бес әріптен тұратын қасіретті көп сөздің астарында қаншама тағдыр, адамның көз жасы мен талай адамның басынан кешкен елеулі оқиғасы тұр. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып – жоюға бағышталған. Адам, адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. Гитлердің жер бетінде тек асыл текті неміс халқы ғана өмір сүруі қажет деп, өркөкіректік пен шектен шыққан менмендікке бағытталған зұлым саясатының салдарынан тұтанған алапат соғысқа тек қазақ жерінен ғана аттанған мыңдаған қазақ қайтып еліне оралмады. Олар соғыс жылдарында Отанын, туған жерін жаудан асқан ерлікпен қорғай білді. Миллиондаған боздақтар майданда шейіт болды. Біреуі әкесінен, ал біреуі жарынан, қанаты қатып, бұғанасы бекіп болмаған бауыр еті баласынан, отбасы ошақ қасынан айырған қанды айқасты ұмыту, сірә мүмкін емес......
Мен өз оқиғамды айтып шер тарқатқым келеді. Мен 7-сыныптын соңына қарай алғашқы махаббатымнан көнілім қалып кетти. Себебі ол менің атымнан агентте мені жақсы көретін бір балаға сөз салыпты. Ол баланы басында ұнатпайтынмын. Кейін ол балаға өзім емес екенімді айтып жүрмей ақ қояйык дедім. Содан екеуміз дос ретинде араласып жүрдік. Есімін Д деп айта берейін. Өзім кішкентайымнан бала ұксап жүргендіктен жігіттерге қызықпайтынмын. Алғашқы махаббатымды қанша қимасамда ұмытуға тырыстым. Отбасы жағдайына байланысты 8-сыныпты баска ауданда окыдым. Ұмыту үшін көп жігіттермен араластым. Әр демалыс сайын ауылға келетінмін. Д мен агентте ғана сөйлесетінмін. Кейін ватсапта да жазысып жүрдік. Анда санда телефонмен сөйлесетінбіз. Ол менен 1 сынып жоғары оқиды. Екеуміздің нөмеріміз екі түрлі болатын. Мен актив ол Теле 2. Д әр сөйлескен сайын маған Теле 2 номер алшы дейтін. Мен бір күні ашуланып алмаймын дедім. Ол жарайды өзін біл деп өшіріп қойды. Одан сон мүлдем қоңырау шалмады.
Жаз болды мен үйіме келдім. Бір күні теле 2 ном алдым. Бірақ Д ға айткан жоқпын. Сыныптастарымның көбісінде теле 2 бар еді солармен сөйлесіп жүре бердім. Бір күні Д ға звандадым. Біріншісінде не айтарымды білмей қойып қойдым. Ол өзі звандады. Солай күніге сөйлесіп жүрдік. Күннен күнге ұната бастадым. Бір күні сөз салды келістім. Жүріп жүрдік. .....
Мен студент кезімде 1 курсты бітіріп,жазғы демалыста "Gaminator" деген игравой залға күзет болып жұмысқа тұрдым. 2-3 ай өте мен сол жерде кассир-оператор болып iстейтін Зарина есімді қызбен дос болып сөйлесіп жүрдім. Не керек уақыт өте сол кызға деген сезімім өзгере бастады,арине бұл ғашықтық сезім еді. Уақыт өте жүрек сезімі күшейе бастады. Күндіз-түні есімнен кетпей,үйге келсем,жұмысқа барғым келіп,бір сменге сол қызбен түссем екен деп,сол қызды көруге асығар едім. Сезімімді біраз уақытқа дейін білдіре алмай жүрдім. Зарина есімді қыз ұнататынымды сезген болар,менімен сөйлескісі келмей. Жанындағы бірге істейтін қыздар мен жайлы айтса (не нравится он мне,если тебе нравится сама встречайся) деп менін алдымда қатты дауыспен айтар еді. Не керек арадан 1 ай өткеннен соң,жұмыста свет өшіп қалды. Жұмысты жауып,есікті құлыптап қойдық,қасымыздағы бірге істейтін қыздар-балдар бізді оңаша тастап кетті. Сол күні 11 қараша еді.
Сол қыздың ернінен сүйген күн еді ))) Сол күннен бастап біз кездесе бастадық. Уақыт өте бір-бірімізді қатты сүйіп,бізден бақытты бұл дүниеде жан болмады... Сол сезімнен басымыз айналып 2 жыл уақыттың қалай өткенінде байқамай қалыппыз. Қанша ұрысып,екінші маған звандама мен сені жек көремін деп жүріп,екеуіміз шаңырақ көтеріп үйленіп кеттік... Әрине бұл махаббаттың құдіреті ғой. Тойдан кейін екеуіміз қайта Алматыға кеттік. Сол жерде бірге тұрдық. Келіншегімнің,арине сүйіктімнің аяғы ауыр еді яғни екі қабат еді. Ойбооой неткен шіркін,бала кезімнен жинаған бәкіл нервімді ішті. Менде жаспын ондайды бұрын соңды көрмеген,не керек шыдадым. Ұрысып қалсақ үйіне кетіп қала беретін. Уақыт өте 2012 жылы 9_шы наурызда сағат 16:24 мин.өткенде келіншегім дүниеге ұл алып келді. Сол күні өмірдің қаншалықты керемет екенін түсіндім. Әке болғаныма сенбей,қуаныштан шек жоқ еді......
Өмір деген қызыққой, бірде жылатса, бірде кулдіртеді.Қандай жағдай болсада бұл біздің маңдайымызға жазылған тағдырымыз. Бұған біз бағынуга міндеттіміз.Сол тағдырыма бағынып отырған адамдардың бірі мен боламын. Басымнан не өтпеді барлығына көндім, енді бір түсте жүрген сиактымын,кашан оянатынымды білмеймін, тіпті өмір бойы оянбай кетемінба депте қорқамын.Неден бастасам екен. Осыдан 9 ай бұрын бір жігітпен таныстым.3 ай сойлескеннен кейн маған сөз салды, мен келістім. Екеуміз жүрдік, қуанышты күндерді бірге өткіздік. Мен ол кезде 2 ші курс оқып жүргенмін, сабақ бітіп, өз ауылыма қайттым, ол да өз ауылына кетті. Екеуміз 3 ай бойы телефонмен хабарласып жүрдік. Сені сағындым, кашан демалысымыз өтіп кетеді екен деп жүрдік. Солай уақытты өтті. Сабақта басталды екеуміз кездестік. Менің басым бақыттан айналды. Ол адам менің ең бірінші жігітім болатын маған сондай ыстық болатын.Мені құшағына қысып, жылы сөздер айтқанда мен барлығын ұмытып кететінмін. Солай келіп жүрді. Бір күні мені бір жаққа шақырды, мен келістім жүргенімізге жарты жылдай болып қалған кез еді. Сол күнді ешқашан ұмытпаспын сірә..... Сол күні онымен бір түн өткіздім. Екеумізде олай болады деп ойламаппыз. Жылап жібердім еріксіз.Ол мені құшағына қысты, мен итеріп жібердім. Таң атқанын күттім, көз ілмедім .Таң ата сала сол жерден алды-артыма қарамай кеттім. Қатты өкіндім,жыладым, біршама қиналдым. Жігітіммен де сөйлестім істеген ісімді мойынымен көтеремін деді. .....
Пән:Құқық негіздері Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қылмыстық жауапкершілік Сабақ тақырыбы: Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауы негіздері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету Сабақ мақсаттары: 10.4.1.3 ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша біледі......
Данагөй халқымыз «Ел басына күн туғанда, ер етігімен су кешеді» деп бекер айтпаған.Елі үшін туған ерлер қалың қазақтың ортасынан оза шығып , отты майдан шебінде қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып өз Отанын қызғыштай қорғай білді. Халқымыздың маңдайына біткен ,елі үшін туып ,елі үшін жанын пида еткен жаужүрек жауынгерлері жетерлік .Осындай қаһарман ұлдардың бірі де бірегейі - Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов.Оны бүгінгі ұрпақ Ол 1920 жылдың сәуір айының 1- інде (кейбір деректерде 21 ақпанда) Әулиекөл ауданының Қояндыағаш ауылында шаруа отбасында дүние есігін ашқан.Орта жүздің Байғұлақ руынан шыққан.Жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татып, ес білген шақтан бастап аяулы апасы Зейнептің қолында тәрбиеленіп өскен.Себебі мына жалған өмірде жанына ең жақыны-ата-анасы - қалың қазақтың көгіне қара бұлт үйірілген ашаршылық жылдарында дүние салған екен. 1937 жылы Қояндыағаш ауылындағы Сұлтан оқыған мектеп төтеден келген тілсіз жаудың кесірінен отқа оранады.Амалдың жоқтығынан бала Сұлтанға ауылынан 7 шақырым шалғай орналасқан Қарақалпақ жеті жылдық мектебінен білім алуға тура келеді . Ең қызығы, болашақ батыр жас күнінен өжет,өршіл, қатал мінезді болған. Бала Сұлтанның мінезінің қиқарқылығы мен қыңырлығы оның 7 сыныпта оқуды еріксіз тастауына себеп болады.Мектептен шыққаннан кейін ,бір айдай оқымаған Сұлтан апасы Зейнепке шаруашылық жағынан көп жәрдемдеседі.Кейін сол жылы арада көп уақыт өтпей-ақ Сұлтанды Әулиекөл орта мектебіне 5 сыныпқа қабылдайды.Аталмыш мектепті ойдағыдай аяқтаған соң , отбасылық жағдайдың қиындығы мен түйткіл тіршілік тауқыметі әрі қарай білім қуып , арман-тілектерін жүзеге асыруға кедергі жасайды.Жасынан еңбекке қатты құштар Сұлтан пошта бөлімшесіне есепші болып ,жұмысқа орналасады. Араға көп уақыт салмай өз қызметін жауапты орындай білгендіктен, оны Құмсу ауылына пошта бөлімінің басшысы етіп тағайындайды.Кейін Әулиекөл ауылына көшіп келеді......
Таңертеңгі шуақ. Алақанымды алақанға қойып қолымды жаңбырлы судық астына тосамын. Олар күн сәулесінде ойнайды, әртүрлі шуақ шашады. Осы шуақты күннің сәулесімен ел жүрегі Астанамды ойлаймын. ...Мына күннің шуағы – әдемілік, мына шуақ - жақсылық, мынау- қайырымдылық , ал мынау – махаббат. Осы қасиеттердің бәрін алақанға сыйғызу керек. Оны қорғап кейінгі ұрпаққа жеткізу! Осының біреуін де жоғалтып алмауымыз керек, қорғап, аялау, көркейту қажет.
Бұл қазақ халқының жүрегі – Астанасы. Тек оған қарайтын көз керек. Астана – Қазақстан Республикасының әкімшілік орталығы әрі елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлы тұрмысты қамтамасыз ететін қауырт даму үстіндегі қалалық инфақұрылымы бар үлкен шаһар. Тамаша тұрғын үй кешен-дері, еңселі әкімшілік ғимараттары, гүлзарлары мен фонтандары, әсем мону-менттері мен сәулет ескерткіштері бар бүгінгі Астана көз алдымызда күн сайын өзінің керемет сымбатымен құлпырып барады. Ал Астананың ажарына ажар қосқан, жаңа корпустарымен қала ландшафтына тамаша кіріп кеткен Лев Гумилев атындағы Еуразия университетін айтпай тұра алмаймыз. Бұл оқу ордасының үйлесімді де әдемі сәулетіне әрдайым таңдана қараймын. «Астананың мәдени капиталы » деген ұғым Еуразия университетіне көз түскен сәттен-ақ менің санамда нақты бейнеге айналады. Себебі, онда менің ағам мен жеңгем білім алды, өмірді танып, шет елдерге шығып, өмірде орнықты өз орын-дарын тапты. .....
Бәрі де көктемде басталған еді. Осы күннен бастап Ербол деген жас жігіт таумен таласқан сары үйлердің қасынан жиі өтетінді шығарды. Әр қадамын аңдап басып, балкондардан көз алмауды әдетке айналдырды. Жап-жас жігіттің осы бір қылығына көрші үйлердің тұрғындары үйреніп алып, іздейтінді де шығарды. Себебі, Ербол әр келген сайын үлкен қуаныш пен махаббатты арқалап келетін. Бір күні ән салса, келесі күні өлең оқып, арғы күні тағы бір дүниені ойлап тауып отыратын. Әрине, бұны бәрі оған оңайға соқпайтын. Амал бар ма, басқа салса махаббат не істетпейді?! Ербол келген сайын әлгі қыз балконда отыратын. Өмірі күтетін. Өмірі боянбаған қалпы, шашын екі өріп тастайтын. Өмірі езуінен күлкі кетпейтін. Сөйте тұра, көзінде бір нәзік мұң жататын. Өзі соншалықты әдемі еді. Дүниеде мұндай перизаттың барына Ербол бұрын сенбейтін, енді сенетін болды. Енді құлай сүйетін болды. Тек, әлгі қызды сыртқа шақырса шықпайтын еді. Жауап та бермейтін. Одан басқасының бәрін қапысыз атқаратын. Күл десе күлетін, әңгіме айт десе айтатын. Бұдан басқа не керек. Сол үшін де Ербол өкпелей алмайтын. Бәрі уақыттың еншісінде деп ойлайтын. Әшейінде жұрт екі жасқа сүйсініп қараушы еді. Махаббаттарының мәңгі болуын тілейтін еді. Екі жасты қосуға өздері-ақ дәнекер болатын еді. Бірақ, бұларда бәрі басқаша. Бұларға сүйсініп қараудың орнына, аянышпен қарайды екен. Енді Ербол үй алдына келгенде баяғыдай күліп қарамайды. Керісінше, кінәлап қарайтындар көбейе бастады. Жұрттың бұл өзгерісін Ербол еш түсіне алмады. Оны ол жамандыққа жорып та тастады. Менен басқа жігіттер көп келетін болған ғой деп ойлады. Менен артық туған жігіттер көп емес пе деп ойлады?! Бірақ, 24 сағаттың 12 сағатын осында өткізбейтін бе еді....
Караша айы болатын. Университеттін кітапханасында сабакка дайындалып болып жан досым Б. кутіп отырганмын. Онын телефоны менде болатын. Бір кезде Б-тын телефонына конырау келді. Мен котердім. Мерей атты жігіт екен. Таныстык, сойлестік. Б-тын ауылдасы болып шыкты. Б-ты озіне 2-3 айдан бері карата алмай жур екен. Біз тез тіл табысып кеттік. Ол озіне комектесуін сурады. Мен жай Б-тын ойын біліп бере алатынымды айттым. Міне, алгашкы таныстыгымыз осылай басталды. Досымнан ол туралы ойын сурап едім оны ұнатпайтындыгын айтты, ал біз Мерей екеуміз ол кезде дос ретінде жаксы араласып кеткен едік (Мерей екеуміз алі бір-біріміздін турімізді кормегенбіз, фото аркылы да). Мерей, Б-нын бастартканына карамастан соз салып жүрді. Ал, мен Мереймен телефон аркылы жакын дос болдым. Тіпті, досыма онын созін алуын сурайтын едім.
Университетте жарыс болды, біздін тобымыз оган казактын корнісін коятын болдык. жан досым екеуміз де оган катыстык, казактын келіні ролін алдык Б. екеумізде. Дайындык устінде менін телефоныма Мерейден конырау келді. Алдым, сойлестік. Б. екеуміз бірге скретке тусіп ММС аркылы жіберуін сурады. Басымызга ак орамал таккан, казаки киім киіп турган Біз фотога тусіп жібере салдык (Мерейге ММС жібергенімді Б. білген жок). Кешке Мерей сокты. ММС-ті алганын айтты "Ак орамал Б-ка караганда саган оте жаксы жарасады екен" деді. Мен онын созін ойынға айналдырып кеттім. Сол куннен бастап ол маган жиі согатын болды. Б-тан конілі калганын айтты. Б-та ол кезде баска жігіттермен сойлесетін. Тунгі сагат 11:00 жатаханада мундай кезде нагыз кызык уакыт, Мерей тел. сокты: - Алло, салем Айко......