Жүрек приступінің болатыны жайлы 1 ай бұрын білуге болады

Білетін боларсыздар 21 ғасырда өлімнің көбісі жүрек ауруынан.

✅ 1) Шаршау

Қан тамырлары жіңішке болып тарылғанда, сіздің жүрегіңіз өзіне керек мөлшердегі қанды ала алмайды. Ал бұл жүректің күшін әлсіретеді. Ең бірінші белгі — Мәңгілік шаршау және ұйқы келіп есіней беру.

✅ 2) Тыныс алу жолдарының қалыпсыздығы

Егер жүрегіңізге қан аз мөлшерде келетін болса, Өкпеңіз керекті мөлшерде кислород ала алмагандыгы. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫ НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН АҚША КРЕДИТ САЯСАТЫ

Қазақстанда ақша бірлігі теңге деп аталады. 1991 жылы тамыз айында Ресей, Украин, Белорус мемлекеттері өзара келісімдеріне байланысты (Беловежск келісімі) Кеңес Одағы ыдырай бастады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде егемендігін жариялады. Дегенмен ақша ресүрстары ортақ жүйеде қолдана берілді. Өтпелі экономиканың ауыр кезеңінде 1992 жылы Ресей қаржы саясатына байланысты жаңа ақша бірлігін Іпығаруы Қазақстанда экономикалық жағдайын қиындата түсті. Себебі, ақша айналымында Кеңес ақшасының көлемі шегінен тыс көбейіп құнсызданды. Міне, осы бірқатар себептерге байланысты Қазақстан өз ұлттық ақша бірлігін 1993 жылы қараша айында шығара бастады. Оны енгізу жылдам әрі бар болғаны бес күн ішінде жүрді. Сөйтіп Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша "Теңге"
Ұлттық ақша бірлігі болып, сод жылдың 13-желтоқсанда қабылданған
"Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі" деген заңмен бекітілді. Енді од, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы. Ал ұлттық валютамыз енгізілген күн қаржыгерлер мерекесі ретінде аталып жүр.
Қазақстан жерінің тарихына көз салатын болсақ, белгілі Жібек жолының бойында біздің ғасырымыздан бұрын ірі орталық сауда орындары бар болғаны белгілі. Әрине ақша қызметін атқаратын құнды заттар мен мал-мүліктердің болғанына даусыз дәлелдемелер жеткілікті. Сол ғасырлардың өзінде монета-теңғелер жасалды: алтын теңге (алтыннан жасалған), күміс теңғе (күмістен жасалған) қүндарына сөикес балама ролін атқарған. Сауда-саттық қарым-қатынасында жеңіл, тиімді жақтарын қолдана білген.
Теңге алғаінында Үлыбританиялық «Харрисон және оның үлдары» атты банкноттар шығаратын фабрикада басылып шықты.
Ендігі кезекте ұлттық валютаның құнын үстап түру, қүнсызданудың алдын аду, оны нығайту мәселелері күн тәртібінде ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы

Кіріспе
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау

Кіріспе
Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы
2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу» болғандықтан, оны толықтай таратып жазу үшін, мен «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамын мысал ретінде жарғысы мен есеп саясатын қарастырып, оған қосымша авторы В.В. Родостовецтің «Бухгалтерлік есеп теориясы мен салалық ерекшеліктері» деп аталатын кітабын, В.Л. Назарованың «Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі» деп аталатын кітабын, А.П. Салинаның «Бухгалтерлік есеп принциптері» деп аталатын кітабын, Қ.К. Кеулімжаевтің «Бухгалтерлік есеп принциптері» деп аталатын кітабын, В.Э. Керимовтың «Өндірістік кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» деп аталатын кітабын, П.С. Безруких редакциясымен «Бухгалтерлік есеп» деп аталатын кітабын, Е.Н. Галанинаның «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» кітабын және сонымен қатар бюллетень бухгалтера, досье бухгалтера журналдарын тағы да басқа материалдарды қолдандым.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаевқа арнау

Дара тұлға, ақиық ақын, бір өрен,
Жүрегінен ағылып жатыр жыр-өлең.
Өткені оның толы болды азапқа,
Азапқа толы, өмірі оның күйбелең.

"Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"
Деп жырлады, жас ...
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Қазақтың тірегі мен жүрегі


Қазақ баспасөзінің, әсіресе, «Қазақ әдебиеті» газетінің қазақ қауымы үшін алар орны ерекше. Бұл бұрын да, бүгін де, Алла жазса, ертең де солай болып қала бермек. Ежелден-ақ қазақ жыртысын жыртып, ұлт мұңын мұңдап келе жатқан газет бұл күнде ел назарын өзіне аударған.

Күн тәртібіндегі шилі мәселеге айнала жаздап тұрған жер қатынастары туралы да бірталай ортаға ой тастап, олжа салар дүниелерді жариялап үлгерді. Солардың бірі газеттің үстіміздегі жылғы 5-11 тамыздағы №29- санында жарияланған Қорабай Шәкіровтың «Қазақ жерінің қамын ойлай...» атты мақаласы автор туған жер туралы толғанысын бірталай бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі болар өнегелі жайларды қозғай келіп, орын алып отырған олқылықтардың орнын толтыруға, істі алға бастыруға бағытталған өзінің т.б.

Бірталай азаматтардың ойларын ортаға салып, нақтылы мысалдар келтіреді. Соның бірі – Шарбақты ауданындағы «Победа» шаруашылығында. Өңірдегі шаруашылықтардың шаруасы шатқаяқтап, шаңырағы ортасына түскен адамдардың үкілі үміті желге ұшқан тұста облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі болған едік. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында тұрақтандыру саясатын жүргізу мәселелері

Кіріспе
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы ең маңызды және қажетті құбылыс.Сондықтанда менің таңдаған тақырыбым «ҚР-дағы экономикалық өсу» өте актуальды болып келеді. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты ретінде айқындалған.
Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.
2003 – 2005 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Эссе: Ұстаз болу - жүректің батырлығы

Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Ұлы ағартушы Ыбырай
Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген даналық ойлары осы бір
ұлы мамандықты игерген әрбір ұстазға арналады. Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн - Ана. .....
Эсселер
Толық
0 0