Махаббат!!!... Әй, студенттік ғұмыр десеңші. Өмір туралы өзіңше сыр шерткің келіп, көңіл туралы күнделікке талай-талай сөз қалдырасың. Көктемнің жайма шуақты күндері, құстардың салып жатқан әндері, ғашықтардың бір ауыз сөздері, бақыт жайлы әр адамның түсініктері, күнделіктің әр бетінен табылып жатады. Менің бүгін күнделігімде Салтанат деген досымның (жігіттің аты) Салтанат атты аруға ағынан жарылып, өз сезімін – махаббат майданының нағыз қаһарманы ретінде көрсетуі болып отыр. Сүйгеніне сүрінбей жетудің жалғыз жолы осы болса керек. Оқиға былай өрбіген: 8 наурыз мейрамы таяп қалған кез еді. Салтанат досымның өзі аттас аруға өліп-өшіп ғашық болып жүргеніне бір жылдай уақыт толған. Бес жүзден астам қыз-жігіттердің ордасы болған жатақхана ендігі кезекте бір ғана нәрсені күтіп тұр еді. Таң сібірлеп атқаннан Салтанаттан ес кете бастады. 32-автобусқа мініп алып, көк базардың қақ төрінен бүгінге керек тілек қағаздары мен раушан гүлдерді, қызыл түсті шарлар мен әп-әдемі жүзік сатып алып келді. Кешкісін айтатын сөздерін қайталап, тағы да бір дайындық өткізіп жатты. Тірліктің қалғанын жігіттер жағы қатырып қойды. Ендігі кезек, күту ғана... Көптен күткен кеш те келді. Бүкіл әлем іштен тынып, жалғыз ғана тілекке құлақ қойып тұрғандай. Бүкіл әлем екі жастың махаббаты үшін тілек қылғандай. Жатақхананың артқы жағының жарықтарының бәрі сөніп, бүр үкімге бағынып тұр. Салтанат ұялы телефонын алып, сүйкімді қызды, өзі сүйетін қызды балконға шақырды. ...Сүйкімді қыз шықты. Салтанат асфальттың үстінде тұрған қалпы: -Саған ғашық, Менің жүрегім......
Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің instagramжелісіндегі парақшасында Түркия бизнесмендерінің жарнама үшін Қайрат Нұртастың суретін қолданып жүргендігі туралы жазды, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Мұхамедтің кәсібі - визажист. Ол өзгелерге ғана емес, өзіне де макияж жасайды. Орамал тағып, бетіне макияж жасап, түрлі видеоға түсіп жүрген қазақ жігіт гей ме? Оның ел алдына орамал тағып шығуының сыры неде? Отбасы, ата-анасы мен бауырлары оның бұл әрекетін қолдай ма? Оқи отырыңыз.
Желіде орамал таққан, қыздан бетер боянып, тик-ток түсіріп жүрген жігіт көпшіліктің сынына қалды. Оған қарсы пікірлер жазып, балағаттап жатқандар аз емес. Ал Мұхамедтің өзі бұған тек кәсіп деп қарайды.....
Ашып айтам отырмайм астарлатып. Тіл аман болса таймас бастан бақыт. Өз басын ойлап кетті əр бір адам, Үлгі боп жүрген жоқпыз жастарға түк. Жасыңда жетем десең....
Қыздар сыңарын кездестіргенше қиялындағы ақ боз атты ханзадасын күтеді. Бір көрген жігітті жары ретінде елестетіп, қандай әке болатынын да ой елегінен өткізіп тастайтыны жасырын емес. Кездестірген жігіті талғамына отыз пайыз сәйкес келсе, "қалғанын өзім түзетіп аламын" деп ойлауы мүмкін. Қисығын түзетем деп, сындырып алмау үшін, қалай бар – солай қабылдаған жақсы.
Жүрекке әмір жүрмегенімен, ақылдың да бұйрығына құлақ түріп.....
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауындағы, Қазақстан тарихына енетін он негізгі идеяның бірі – патриотизм.Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қай елде, қай заманда болмасын, бала тәрбиесіне ерекше мән берілген, өйткені бала ата......