1.Ердің екі сөйлегені-өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр. 2. Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын. 3. Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал. 4. Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс 5. Таспен атқанды аспен ат- жеңісің! Содан кейін алшақ жүр. 6.Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады. 7. Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын. 8. Өзіңді сыйла. Өзгелер сыйласын. 9.Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер. 10. Құмар ойын - әлсіздің әлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр. 11.Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа. 12.Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес. 13. Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр. 14. Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді. 15. Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.......
Бет терісінің түсін жақсарту, ұсақ әжімдерді тегістеу және теріні балғын ете түсу үшін тамақтану мәзіріңізді ретке келтіру керек. Теріні жасартатын 5 қағида ұсынамыз. Жақсы нәтижеге жету үшін бұл қағидаларды қатаң сақтау қажет.
1. Қантқа жоқ деңіз.
Ағзадағы қант — әжімдердің негізгі көмекшісі. Қанттан бас тартсаңыз, нәтижені бірден байқамайсыз. Себебі, бұзылған талшықтар теріден шығып, олардың орнына жаңасы шығуы керек. Сондықтан шыдамды болып, күте білсеңіз, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Қанттан бас тартқан әйелдердің жақсарып, терісі жасарғанын дәлелдеген зерттеулер көптеп кездеседі. ......
Сіз білмейтін 10 керемет Бір айдан кейін жарқырап, жайнап көктем де келеді. Әрине, әйел затының көктеммен бірге құлпырып, әлдеқайда әдемілене түскісі келетіні анық. Ендеше, бір айдың ішінде қалай жақсаруға, жасаруға болады? Оның құпиясы төмендегі он кереметте жасырылған.
✅ 1. Ас мәзіріне мән беріңіз Қызылша – өте пайдалы көкөніс. Ол ағзаны тазалап, асқазан мен бүйректің жұмысын жақсартады. Сондай-ақ теріге тигізер пайдасы мол. Сондықтан оны күнделікті ас мәзіріне қосыңыз. Қарапайым салат жасаңыз. Бастысы, оны майонезбен емес, зәйтүн майымен араластырғаныңыз жөн.......
Аспаздықты сүйетін қыздар құймақ пісіруде көп қателікке ұрынып жатады. Құрамында ұнның, қанттың, тұздың, тіпті құйылатын судың көптігі құймақтың бозарып пісуіне, қатты боп пісуіне, не жыртылып қалуына әсер етеді. Құймақ қамырының құрамы нағыз мінсіздікті қалайды.
✅ 1. Ұнның жабысқақтығын арттыру үшін құймақ қамырына сұйықтықты ыстықтай құйған дұрыс.
✅ 2. Құймақ дәмді әрі әдемі болсын десеңіз, иленген ұнды бірден қолданбай, біраз уақытқа қойып қойыңыз.
✅ 3. Құймаққа қант пен тұзды мәзір бойынша салған дұрыс. Тұзы көп қамыр дұрыс көпірмейді, сол себепті құймақ бозарып піседі. Қантты көп қосқаннан қамыр қатты болып қалады. ......
Ең сұлу әйел – жүкті әйел деп жатамыз. Иә, дүниеге ұрпақ әкелу - Алланың әйел затына берген ең керемет нығметтерінің бірі. Жауапкершілікті талап ететін кезең. Әйел адамның денсаулығына, әсіресе, аяғы ауыр кезінде көп көңіл бөлетіні де сондықтан. Қуанышты жаңалықты естіген ененің де құрсақ тойын жасап, аяғы ауыр келінінің тамақтануына, тынығуына, тіпті киім киюіне мән беруінде де бір сыр жатса керек.
Адам баласының бұл өмірге саяхаты жатырға түскен сәтінен басталады. Құран Кәрімде сәбидің ана жатырындағы даму кезеңдері:
«Расында, біз адамды нағыз балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға), сосын оны мудғаға (бір шайнам ет бейнесіндегі жаратылысқа) сосын удғаға сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс қылдық. Алла ең керемет Жаратушы ("Муминун" сүресі, "12-14 -аяттар)» ......
Таңғы асты ішпеу қандағы қант құрамын азайтып, адам рухының серпілуіне кедергі жасайды; Есте сақтау қуатына ауыр дәрежеде кесірі тиеді; Асқазан қабыну, асқазан жарасы сынды аурулар туындайды; Өтке тас байланады. Су ішкісі келмеу
Су - тіршіліктің тірегі. Бұлшық ет пен теріге жеткілікті су құрамы болмаса, тері оңай құрғап, майдың бөлініп шығуы азаяды, тері оңай сусызданад ......