Құс етінің пайдасы

Қолға үйретілген құстардың ішінде ең кең тарағаны - тауық. Еті де бүгінгі күні сұранысқа ие. Дүкен сөрелерінде сиыр, қой, жылқы еттерімен қатар тұрады. Бағасы жағынан қалта көтерерліктей. Ет саудасымен айналысатын сатушылар құс етінің ішінде кең тарағаны әрі өтімдісі тауық еті деп айтады. Етінің құрамында.......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Жылқылар)

Олар шұрқырап сұп-сұры тұманнан шығатын,
Қайтадан кіретін сұп-сұры тұманға.
Дүбірден дүниенің жүрегі дүрсілдеп тұратын,
Жаңғырып бейуақ кіл аңғар…

Қолымызға құрық ап құла дүзден іздейміз,
Іздейміз....
Өлеңдер
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (жылқы, ит, ат, қошқар, бұғы, суыр, тасбақа, бақа, есек, кенгуру, түйе)

Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ
Мінсең – қанат
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.
Жылқы

Адамға серік,
Күзетке берік.
Ит

Денесіне қапталған,
Сырты түбіт тоны бар.
Дыбыссыз кіріп шығады,
Бүкірейген жоны бар.
Мысық
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Ертегі: Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:

— О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын.

— Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды күн күлімсіреп.

— Егер, – дейді жылқы, – сирақтарым бұдан да ұзындау және сидаңдау болса, мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бітірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Жылқы малдың патшасы

«Жеті қазынаның бірі жылқының»ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру, халқымыздың жылқы малына қатысты салт - дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсету.
Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден танып, білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танытын сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды шебер игерген. «Төрт құбылада - төрт түлік»деп бекерге бағаламаған......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ертегі: Жылқы мен бұғы

Баяғы заманда жылқы емін-еркін өз бетімен жүрген жабайы аң екен. Ешқандай айдау-қайыруды білмепті. Қысты күндері қары жұқа жазық даланы, шөбі қалың тоғайды, өзен бойындағы құрақты жерлерді, көл жағасындағы қалың қопаны мекендепті. Ал жазды күндері тауға шығып, шалғыны мол сай-салада жайылып жүріпті. Қалың қарағай арасындағы алқаптар мен құйқадай жон-жотаны шарлап, сол маңда жусапты.

Бір күні жылқы қатпар-қатпар тау арасындағы бір алқапқа барып, сондағы шүйгін шөпке, көгорай шалғынға малтыға көміліп, бейқам жайылып жүріпті. Өрісі кең, жайылымы......
Ертегілер
Толық
0 0