Журналист мамандығы дүние жүзіндегі ең қауіпті мамандықтың бірі ретінде белгілі. Қоғамның жоғын жоқтайтын, түсін түстейтін, қоғамдық пікір қалыптастыратын журналистер. Елге араша түсіп, халықтың жан ашыры болатын да журналистер. Бірақ күнделікті осы жан ашырлардың құқықтары белден басылып, өмірлері мен шығармашылықтарына түрлі қауіп-қатер төніп тұрады. Осыған орай «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың жұмысын қарай келе, Қазақстандағы рөлі мен қызметіне тоқталып өттім. «Әділ сөздің» негізгі мақсаты мен міндеті қандай, журналистердің құқығын қалай қорғайды, сондай-ақ, өзге елдердегі баспасөз өкілдерінің құқығы қалай қорғалатыны сияқты тақырыптарды көтердім. «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өз жұмысын 1999 жылдың 12 сәуір күні бастады. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде еркін, объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының негізгі бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің құқығын қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан сауаттандыру. Өйткені мемлекеттік пен жекеменшік баспасөз журналистерінің заң саласынан сауаты жеткіліксіз болғандықтан, олар сан алуан қиыншылықтар мен өмірдегі түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Аталған қордың негізгі артықшылығы – бұқаралық ақпарат құралдарының мүддесін қорғап, журналистерге заң тұрғысынан кеңес беру, ал керек кезде сот ісіне араласып, БАҚ мүддесін қорғау болып табылады. ....
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары – компанияның клиенттеріне, қызметкерлеріне немесе бизнес бойынша серіктестеріне бағытталған басылымдар. Кейде жарнамалық рөлді де атқара алатын тұстары бар. Бұқаралық ақпарат құралдары компанияның өз күшімен шығаруға немесе арнаулы баспаға тапсырысқа беруге болады. Классификаторға сәйкес корпоративтік медиа және бұқаралық ақпарат құралдары үш негізгі түрге бөлінеді: 1) b2b (business-to-business) – серіктестерге бағытталған корпоративтік басылымдар. Мұндай басылымдар максимальді ақпаратты және пайдалануға ыңғайлы болып жасалады. Бұл жағдайда сапа ең жоғары деңгейде болуы керек. Тек мазмұны ғана емес, оны беру әдісі де сапалы болуы керек. Осылайша бәсекелес артықшылықтары полиграфия, дизайн, қалыптау болып табылады. Көптеген кәсіпкерлер қазіргі медианарық жағдайында іскерлік коммуникацияның үдерісі оңай емес деп айтады. Бұқаралық БАҚ-тағы тапсырыспен жазылған материалдар белгілі бір деңгейде өздерінің беделін түірді. Жекеменшік корпоративтік журнал немесе газет бизнес-байланыстарды жайғаудың және іскерлік ортада компанияның бейнесін қалыптастырудың ең ілгерілеу құралы болып табылады. ....
Бүгінгі таңдағы еліміздің басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарына қосылу, бүкіл әлемдік білім кеңістігіне еніп, дамыған елдермен терезесі тең ұлтқа айналу. Ендеше, бұл жолда мемелекетіміздің алдында көптеген атқарар жұмыстар тұр. Соның бірі – болашақ ұрпақ тәрбиесі. Жаһандану дәуірі қызу жүріп жатқан кезеңде алпауыт мемлекеттердің жетегінде жұтылып кетпес үшін ұлттық білім беру жүйесін тың арнаға, жаңа сапаға жеткізуіміз керек. Замана талабына сай баланың білімі мен білігі екінші орынға түсіп, басты орынға оның тұлғасын жан-жақты дамыту, ұлттық тәлім-тәрбиені сіңірту міндеті алға қойылды. Демек, өмірге келген сәбиге туыла салған сағаттан бастап жан тәрбиесін беру – бүгінгі күннің басты міндеті. Азаматты тәрбиелеу – мемлекеттің мойнындағы мәселе. Әр елде осы мәселеге қатысты тәрбие берудің өзіндік идеологиясын жасаудың әр ұлтқа тән үрдістері бар. Яғни баланы балабақшаға барғаннан бастап, күнделікті көріп жүрген теледидарынан, оқып жатқан оқулықтарынан бастап осы мәселені жан-жақты қарастыру керек. Теледидар – бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Әсіресе, бүлдіршіндер мен жеткіншектер тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отырған бұл ақпарат құралының қоғамдағы алатын орны зор. 2000 жылы Германияда балалар мен жасөспірімдер арасында «Егер елсіз-жұртсыз айдаладағы аралға апарып тастаса, өздеріңмен не алар едіңдер?» деген сұраққа олар бірінші орында теледидар, компакт дискілер, екінші орынға – тамақ, тек үшінші орынға ғана өз ата-аналарын қойған екен. Бүгінгі біздің қоғам жағдайы да осыған келіп тұрғаны анық. ....
Әрбір журналистің бүгінгі күнгі жанкешті еңбегі – ертеңгі ел тарихы. Бұл үрдіс сонау ертедегі жазу-сызу пайда болған күннен бастап жалғасын тауып келеді. Бағзы замандардан бізге жеткен балбал тастардағы жазбалар – тарихымыз бен мәдениетіміздің, рухани дүниеміздің қазынасына қосылған қаймағы қалың, құнарлы мұралар. Отандық баспасөз беттерін парақтап көрсек, елдің кешегісі мен бүгіні, ертеңі менен келешегі сара жолдай сайрап жатыр. Біздің осы өмір сүріп жатқан дәуірімізді ақпарат ғасыры деп ерекше әспеттеп жар салып жарнамалаймыз. Сонымен қатар жаһандану деген жаңа түсінік пайда болып, әлемдік ақпарат кеңістігінің өрісі кеңіп, дүниенің төрт бұрышындағы жаңалықпен танысуға мүмкіндік туды. Осындай ақпарат тасқынының толассыз ағынына төтеп беру үшін жаңалық пен хабарды екшеп қабылдап, асылдан жасықты айыра білетін білік пен талғампаздық тағы да қажет болады. Осы орайда қоғамдық сананы, қоғамдық ойды қалыптастыруға публицистер еңбегі елеулі қызмет атқарады. Сондықтан мен бітіру жұмысымның тақырыбын «Асқар Егеубаев – публицист» деп алдым. Бітіру жұмысының негізгі тақырыбына көшпес бұрын ең әуелі публицистика мәніне тоқталып, түсінік бере кеткенді жөн санадым. ....
Мен қарастыратын тақырып әйелдердің БАҚ –ғы орны мен ықпалы. Қай заманда болмасын қоғамның өзекті мәселесінің бірі «Әйел тақырыбы». Заман талабына сай әйелдер мәселесі де өзгеріп отырады. Менің қозғап отырған тақырыбым әйелдердің қоғамдағы орны болып табылады. Соның ішіндегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы әйелдердің орны мен ықпалы. Яғни, жалпы айтқанда журналстикада жүрген әйелдердің атқарып отырған қызметтерін қарастырамын. БАҚ-та, оның ішінде теледидар, радио, баспасөз, интернет жүйесінде қандай мәселелер көтеріліп отыр. Әйел тақырыбы қандай дәрежеде жазылып жүр. Шет елдерде әйел тақырыбы қаншалықты өзекті, қаншалықты деңгейде көтеріліп жүр. Өзге мемлекеттерде әйел журналистикасы қандай деңгейде, қандай проблемалармен кездесіп отыр. Ал, Қазақстанда ше? Неліктен бүгінгі таңдағы журналистика әйели қалыпқа еніп отыр? Әйедердің ақпарат таратуда ерлерден айырмашылығы бар ма, неде? Тарихымызда қандай әйел журналистері болған, олар не себептен қолдарына қалам алды? Міне, осы мәселерді жете қарастыруға тырыстым. Осы әйел журналистикасы дегеніміз не? Бұл термин біздің Қазақстанда әлі қолданысқа енген жоқ .Ал, шет мемлекеттерде әйел журналистикасы кең көлемде дамып, дәуірлеп келеді. Алысқа бармай-ақ көршілес Ресейдің өзінде, бүгінгі таңда әйел журнарлистика саласынан дәріс беруші барлық университеттер жыл сайын журналистиканың гендерлік аспектісіне құрылған ғылыми конференциялар өткізіліп тұрады. ....
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салтында аспан әлемінің құбылыстарын бақылау арқылы уақытты білу үшін және ауа райынан алдын ала қалай ақпарат алып отырғандығын білу. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Календарь туралы шыққан кітаптар мен зерттеулерді пайдалана отырып, қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Күн, Ай, Жылдарға қатысты жұмбақ айтыстар, мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері белгілі бір құбылыстың не екенін білдіретін сөздік белгі ғана емес, сонымен бірге белгілі бір құбылыстың төл қасиетін әйгілеп беретін дерек екендігін ұғыну. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Календардағы Күн, Ай, Жылдардың тіліміздегі көрінісі, салт-дәстүрмізден алар орнын сезініп білу. Жұмыстың ғылыми жаңалығы Зерттеу жұмыстарының мақсат-міндеттерін.....
Бүгінгі жаңа құндылықтардың пайда болуы, бұрынғы стереотиптердің жойылуы, демократиялық қарым-қатынастардың қалыптасуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. ХХ ғасырдың басындағы зиялыларымыз айтып кеткендей, елдің дамуы мен тыныс-тіршілігінің айнасы оның баспасөзі екендігі шындық. Қоғамдық пікірді қалыптастырушы бұқаралық ақпарат құралдары да жаңа қатынастарға бейімделе бастады. Сонымен қатар журналистердің санасы да жаңарып, әділетті қоғамның әділ жаршыларына айналды. Журналист еңбегі қоғамға қандай да бір пайда әкелетіндігі шындық. Ең болмағанда қоғамдық пікірді қалыптастырады. Журналистика мен маркетингтің байланысы неде? Бұқаралық ақпарат құралдары ең алдымен оқырман, тыңдарман, көрермен сұранысын жан-жақты, жете зерттеп алуы керек. Яғни, оның (мақсатты аудиторияның) не оқысы келеді, қандай хабар тыңдап, қандай бағдарламаны тамашалағысы бар? Ал ертең ше? Осындай зерттеуден кейін, аудиторияның мұқтаждығы мен қажеттілігін ескеріп жасалған ақпарат өнімдерінің сұранысқа ие болмауы мүмкін емес. Ал маркетинг – қаржылық, ұйымдастырушылық тұрғыдағы проблемаларды шешеді. “Өндірілген нәрсені сату емес, сатылатын нәрсені өндіру”. Бұл қызметті басқару мен маркетингтің негізгі ұраны. Кез-келген нәрсені өндірмес бұрын тұтынушының қажеттілігін зерттеу қажет. Осыдан келіп бұқаралық ақпарат құралдарының маркетингі ұғымы туады. Бұл жердегі аудиторияға ұсынылатын тауар физикалық зат емес, ақпараттық өнім, журналист материалы. ....
«Женщины остаются позабытыми, невидимыми участниками журналистского процесса, они по-прежнему подвергаются дискриминации в области оплаты труда, становятся жертвами сексуальных домогательств на рабочем месте — несмотря на существующие уже много лет законы, гарантирующие равенство. Союзы журналистов не следовали на практике идеям равенства, не следили за тем, чтобы права всех их членов последовательно соблюдались». Эта цитата из специального меморандума, выработанного 25-м конгрессом МОЖ. Его основная идея — акцентировать внимание национальных союзов и ассоциаций журналистов на выполнение рекомендаций МФЖ по данному вопросу. Первый раз о проблемах гендерной асимметрии в журналистской профессии международное журналистское сообщество заговорило в 2001 году в Сеуле, где был разработан и принят соответствующий план действий, включающий ряд конкретных рекомендаций, и создан международный гендерный совет. Его расширенное заседание, в котором приняли участие представители большинства делегаций конгресса и руководители МФЖ, состоялось в первый день работы конгресса. Представители полусотни стран говорили о том, что женщины повсюду зарабатывают меньше, испытывают трудности в повышении квалификации, страдают от унижения и сексуальных домогательств, недооценены в своих союзах, что в СМИ превалируют стереотипные образы. Это актуально как для развивающихся стран, так и для Европы и США. За прошедшие годы после принятой резолюции и планов МФЖ по гендерным вопросам ситуация практически не изменилась. Сессия, главные темы обсуждения которой — феминизация профессии и стратегии союзов по обеспечению равенства, вызвала большой интерес и массу вопросов. Оказалось, что во многих странах работают ассоциации журналисток, группы гендерного равенства в рамках союзов, например, в Италии, Франции, в некоторых африканских странах. Недавно состоялась латиноамериканская конференция журналисток. Тем не менее, нередко попытки женщин заговорить о своих правах и трудностях встречают сопротивление, о дискриминации профессиональные ассоциации предпочитают не говорить и уж точно не придают ей серьезного значения. Для того, чтобы изменить ситуацию, необходимы коллективные меры, в том числе международные и региональные программы, а также наличие СМИ, освещающих гендерные проблемы. Одна из таких программ, разработанная на встрече журналистов стран СНГ и Монголии, была предложена гендерному совету и, похоже, вызвала большой интерес. Примечательно, что в основу ее легли наработки, уже существующие в России и других странах постсоветского пространства, опыт сети межрегиональной Ассоциации журналисток. Ведь равноправие — непосредственное и непременное условие реальной свободной журналистики и реальной демократии. Одним из условий демократии является издание прессы для всех слоев населения. Для женщин в Казахстане издается более двадцати журналов, самыми распространенными из них являются «Сезон», «Женщины Восток-Запад», «Зеркало», еще некогда «Амазонка» и другие. В продаже – совместные издания «Лиза», «Мой ребенок», «Cosmopolitan –Казахстан» и другие. Журнальная периодика для женщин – один из сегментов отечественного рынка СМИ, отличающихся разнообразием изданий. Типологические аспекты ее функционирования долгое время находились за пределами исследовательского интереса. ....
Тақырыптың өзектілігі. Замана доңғалағы зыр айналып келеді. Уақыт талабы, заман сұранысы деп адамдар қолдан жасап алған өзіндік ережелер мен біржақты ұстанымдар қоғамда оңды-терісті өзгерістер орнатуда. Қалай десек те қоғам даму үстінде. Қазақстанға Тәуелсіздік сыйлаған өткен ғасыр соңы мен еліміздің кемел келешегінен үміт күттіретін үстіміздегі ғасыр әлділердің құралына айналып отырған жаһандану, ғаламдасу сынды үрдіспен ерекшеленіп отыр. Жер шарын мекендейтін адамзат ұрпағына ортақ құндылықтар мен ортақ қызығушылықтарды меңзейтін үрдіс өзіндік оң және теріс жақтарын көрсетіп бағуда. Осы орайда ел ағаларының «Жаһандану – бірлесіп өмір сүру, қиындықтарды әлем адамдарымен бірлесе отырып жеңу» деп оның ұтымды тұстарын сөз етсе, екінші бір ағалардың «Ғаламдасу – сан ғасырғы құндылықтар мен мұралардан бас тарту, өзге, яғни бізге мүлде жат мұраларды мойындау, соған сену» деп дабыл қағып отырғаны белгілі. Әзірге, бір пікірдің толықтай мақұлданып немесе толығымен жоққа шығарылғаны жоқ. Ақиқаттың сайыс барысында пайда болатынын ескеріп, біз де ештемені кесіп айта алмаймыз. Дегенмен, тарих беттері ғаламдық үрдістің ұлттар үшін қауіпті екенін көрсетеді ....
Қазақстан Республикасы – Азия төсіндегі алып мүмкіндіктері, асқар мақсаттары бар, тарихы терең, рухы күшті халықтың ордасы. Тоқсан толғаулы тәуелсіздікті алғаннан бергі уақыт егеменді ел ретінде орнығу, әлемдегі өз орнын иелену, барша халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатын жүзеге асыруға арналды. Бейнелеп айтсақ, «атымыз барда желіп жүріп жер танумен, асымыз барда беріп жүріп ел танумен» өтті. Бүгінгі күнгі мемлекет басындағы азаматтарды, зиялы қауым өкілдерін ойландырып, тың идея, жаңа істерге бастап отырған маңызды мәселелер бар. Оның ең бастысы – мемлекет институтының негізін қалыптастыратын халықты ұйымдастыру, елді жан-жақты дамыту, өркендету болып табылады. Ал, бұл елдік мәселенің оң шешімін таппағы, көздеген мақсатынан адаспауы халық айнасы – бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей байланысты. «Газет – халықтың құлағы, көзі, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. ...газет ¬¬–халық даушысы. «Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар» деген аталы сөз бар. Бұзуға құдіреті жеткен сөздің, түзеуге де құдіреті жетеді. Сөз – қару, мұны бұзуға жұмсасақ бұзады, түзеуге жұмсасақ түзейді. Сөзін жұртты түзеуге жұмсап отырған жұрттың өзі де түзелуге бет алғанын көріп отырмыз /1/». Бұл ұлт баспасөзінің көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ» газетінде жарияланған ізашар мақаласында айтылған аталы сөз. Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, баспасөз, газеттің міндетін Ахмет атамыздан асырып ешкім айта алған жоқ. Олай болса, бүгінде жарық көріп отырған қай басылым болмасын көтерген мәселесі, жазған сөзі халықты түзетуге, ілгерілетуге жұмсалуы тиіс. Сонда ғана қазақ мықты ұлтқа айналмақ. ....