Сабақ жоспары (ұмж): Компьютерді қалай таңдауға болады? 1-сабақ (Информатика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерді таңдау
Сабақтың тақырыбы: Компьютерді қалай таңдауға болады? 1-сабақ
Сабаққа қол жеткізуге көмектесетін оқу мақсаттары: 9.1.2.1 - компьютер конфигурациясын қолдану мақсатына қарай таңдау
9.3.1.1 - процестердің моделдерін кесте арқылы (физикалық, биологиялық, экономикалық және т.б.) әзірлеу және зерттеу
Сабақ мақсаттары: Бұл сабақта окушылар қолдану мақсатына қарай компьютерді қалай таңдауға, сипаттамаларын анықтауға, әр құрылғының маңыздылығын түсінуге және электронды кестедегі компьютердің жалпы құнын есептеуге үйренеді........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Екі түзудің өзара орналасуы 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы.
Сабақ тақырыбы: Екі түзудің өзара орналасуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3 кеңістікте параллель түзулердің қасиеттерін білу және есеп шығару барысында қолдану
Сабақ мақсаттары: Кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және есеп шығару барысында қолдану. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ерлерін еске алғанда кім егілмес

Иә, адам соңына қалдырған тарихына үңілмей, алдындағы өмірін болжай да алмас.Сондай үлкен, маңызы бар тарихи оқиға-Ұлы Отан соғысы. 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия КСРО-ға опасыздықпен шабуыл жасады.Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды.Үкіметтің елге арналған үндеуі «Біздің ісіміз әділ. Жау талқандалады.Біз жеңіп шығамыз!» деген сөздермен аяқталды.Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін қанқұйлы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Адамзат жаралғалы атам қазақ аттан түскен емес.Біздің елде аттан түсіп қалу азамат ерге - сын, намысына - нұқсан. «Аттан» дегенде, ат жалын тартуға жараған алты жасар балаға шейін жауға тұра шапқан.Ордалы елдің Отан қорғаушы ерлері осындай болған қазақта. Қазақ деген - батыр халық.Ол еңкейгенге еңкейеді, шалқайғанға шалқаяды.Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкейе қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді.Осындай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттерімен сынға түсті.Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңізші.Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді. Осындай ұлы халықтың ұлдары мен қыздары Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барды.Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батырлық жасап, ерліктер көрсетті.Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарынан жеңіс туын көтеріп өтті.Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірдебір үлкен шайқас болмады.Сол сұрапыл соғыс жылдары бүкіл әлем 50-млннан астам адамынан айырылды.Оның ішінде Қазақстаннан 1млн.800 мың адам майданға аттанып, соның жартысы елге, өз отбасына қайтып оралған жоқ.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мерекелі мамыр айы 1-сабақ (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: Мерекелі мамыр айы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.3.4 - музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау және ажырату
3.1.3.5 - ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестр аспаптарын ажырату
3.1.2.3 - музыкалық штрихтарды қолдана отырып,аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету
Сабақ мақсаттары: • «Әскери оркестр» туралы әңгімелесу
• Марш, үрмелі аспаптар ұғымымен танысу;
• Үрмелі аспаптар туралы ақпатар іздеу;
• П.Чайковский «Ағаш солдаттар маршы» шығармасына ырғақтық сүймелдеу жасау;
• В. Стригоцкийдің «Ынтымақ күні» әнін үйрену және орындау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер- тірі ағзалар (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат: Өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер- тірі ағзалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.2.1.1 - өсімдіктердің негізгі сипаттамасы мен тіршілік формасын анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Табиғаттағы жанды және жансыз заттарды ажыратады.
Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің тірі ағза ретіндегі негізгі ерекшеліктерін табады. Олардың өсетінін, қоректенетінін, тыныс алатынын және көбейетінін біледі.
Кейбір оқушылар: Зерттеу жұмысы барысында оқушылар бақылау, сараптау, қорытындылау дағдыларын жетілдіре
түседі.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Теоремаларды дәлелдеу әдістері: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алғашқы геометриялық мәліметтер
Сабақ тақырыбы: Теоремаларды дәлелдеу әдістері: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.4 теоремаларды дәлелдеу әдістерін біледі: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі
Сабақ мақсаттары: Оқушылар теоремаларды дәлелдеудің «қарсы жору» әдісін біледі және қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Нақты сандар (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбір және иррационал өрнек
Сабақтың тақырыбы: Нақты сандар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар нақты сандарды салыстырады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Үшбұрыштың тамаша нүктелері 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар
Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштың тамаша нүктелері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар:
* үшбұрыштың тамаша нүктелерін сипаттау;
* үшбұрыштың тамаша нүктелерін ажырату;
* үшбұрыштың тамаша нүктелерін құру.
* үшбұрыштың тамаша нүктелерінің қасиеттерін қолдану.
Сабақ мақсаттары: Ескерту. Оқушылар сызба бойынша үшбұрыштың тамаша нүктелерін анықтайды.
Ескерту. Үшбұрыштың керемет нүктелерінің қасиеттері деп аталады.
Ескерту. Үшбұрыштың тамаша нүктелерінің қасиеттерін қолдана отырып есептерді шешеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Досқа құшағы кең жандар

"Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес"
Халық даналығы.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен – ақ неміс фашистерінің елімізге тұтқиылдан шабуыл жасап, барлық бағытта жерімізге ентелей басып кіруі – қорғаныс саласын шұғыл түрде өзгертуге мәжбүрледі. Осыған байланысты майдан шебінен мыңдаған бейбіт адамдарды, жүздеген кәсіпорындарды, мәдени және ғылыми мекемелерді тылға көшіру қажеттілігі туды. Бұл қауіпсіздік үшін әрі майданды қажетті қару – жарақпен қамтамасыз етудің ең маңызды іс – шарасы еді. Соғыс жылдары Қазақстанға эвакуацияланған адамдар саны 484149 – ға жеткенін тарихтан білеміз. Қазақстан алғашқылардың бірі болып, бейбіт адамдарды қабылдап, кәсіпорындарды қайтадан құруды жедел қолға алды.Елімізде аз уақыттың ішінде тыңғылықты датынымсыз еңбектің арқасында қару – жарақ шығаратын 460 зауыттар іске қосылды. Осы өңірде соғысқа аса зәру марганец рудасын шығаратын Жезді кен орны 38 күн ішінде алғашқы өнімдерін бере бастады. Соғыс дүмпуі біздің Қарсақбай елді мекенін де шарпып өтті десе де болады.Майданға біреудің жары, біреудің әкесі аттанып жатты. Елдегі бар ауыртпалық кешегі азаматтардың орнын басқан әйелдер мен балаларға түсті.
Күлтай шешеміз жалғыз ұлы Қонысбайды әскерге аттандырып, келіні Нұрбибі, немерелері Жолдасбай,Гүлжанмен қалды.Қонысбай кеткелі жарты жылдан асса да,хат - хабар жоқ.Баласынан жақсылық хабар күткен ана бес уақыт намазын қаза қылмай, жалғызының тілеуін тіледі. Почтабайдың алдынан шығады,кейде кеңсеге келінін жіберіп, екі көзі төрт болып хабар күтеді.Ухілеп, түні бойы көз ілмейтін Нұрбибіні де аяйды......
Шығармалар
Толық
0 0