Шығарма: Ұстаз берген бағыт

Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
Әр сәтің тұрған бір ерлік!

Фариза Оңғарсынова

Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі еңбекке баулу пәнінің мұғалімі, менің сүйікті ұстазым Бабаханова Гүлнар Қорғанбайқызына арнаймын.

Ұстаз-таудан аққан өзен секілді, жер бетін нұрландыратын, шәкірттеріне шуақ сыйлайтын Күн-Ана.Мен үшін ұстаз –екінші ата-анам, болашаққа айқын жол сілтер ақылшы. Оның жүрегі мейірімге толы.Біздің ағаттықтарымызды кешіре біледі.. Сондықтан үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімімді ұстазым деп атаймын.

Ұстазым менің, ұстазым! Өзіңмен өткен қыс- жазым. Менің ұстазым-Гүлнар апайымның үні әсерлі, асықпай мәнерлеп сөйлейтін жан. Оның бойынан бізге деген қамқорлығы,аналық сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрады.Иә, апайым менің жанымды түсінеді, ренжітпей, қателігімді сездіреді. Бұл тек қана дүниетанымы терең және кең жүректі адамның қолынан келеді.Ол -нағыз ұстаз. Өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін шексіз сүйеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жастардың қуаты – білім білігінде

Мен білімді болғым келеді. Болашақта өзімді жан-жақты, көзі ашық, білікті азаматтардың қатарынан көремін. Бұл менің ғана қалауым емес, ұстаздарымның және ата-анамның да қалауы. Сабақтан бос уақытымда ғаламтордан, теледидардан елімізде болып жатқан кей жаңалықтарды оқып, тыңдап отырамын. Ара-тұра шәй үстінде әкем екеуміз мемлекетімізде болып жатқан оқиғаларды талқылайтынымыз да бар.

Жуырда мен Қазақстаннан өткен жылы 300 мың адамның шетелге тұрақты түрде жұмыс істеуге кеткені туралы ақпарат оқыдым. Елімізден көптеген жастардың Корея, Түркия, Америка, Ресей секілді шет мемлекеттерге жоғары жалақы үшін кетіп жатқанын білемін. Бірақ бір жылда 300 мың жастың бірден шетел тұрғынына айналып кетуі мені біраз ойландырды. «Сонда барлық жастар, аға-әпкелеріміз басқа елге жұмыс істеуге, сонда өмір сүруге осылай ағылып кете берер болса, Қазақстанда кім қалады? Үлкендер болашақ жастардың қолында дейді. Олай болса болашағымыз не болмақ?» деген ойға қалдым.

Өз басым, мен мұны қолдамаймын. Шетелге кетпей-ақ, Қазақстанда да жайлы әрі жақсы өмір сүруге болады. Ол үшін елімізде барлық мүмкіндік бар. Жоғары білім алғысы келетіндер үшін жақсы деңгейлі оқу орындары жетерлік. Жыл сайын талапкерлерге сан мыңдаған гранттар бөлінеді. Әр жақсы оқыған студент шәкіртақы алады, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Кәсіп бастап, табыс тапқысы келетіндер үшін де жеңілдіктер бар. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар негізінде өз ісін бастағысы келетін жастарға қаржылық қолдау жасалады, бизнес бастауды үйретіп, оны оқытатын курстар да аз емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға көп көңіл бөліп келді. Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуы да осының дәлелі. Ол кісінің сындарлы саясатын жалғастырып жатқан қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастардың рухын көтеріп, оларды білімге, еңбекке шақыруда. Яғни, еңбек еткісі келетіндерге елде ешкім кедергі емес. Елімізде бейбіт, мамыражай заман орнап тұр. Соғыс, қырғын-жойқындардан аулақпыз......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Стереоизомерия (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Стереоизомерия
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.2.16 цис- және транс- изомерлердің молекулаларын стереоизомерияның бір түрі ретінде ажырату;
Сабақ мақсаттары: • Изомерлер туралы білімді еске түсіру;;
• Қос байланысы бар қосылстарының изомериясына сипаттама беру;
• Цис- және транс- изомерлерді ажырату және оны стереоизомерияның бір түрі ретінде түсіну......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Электр токтың генераторы. Есептер шығару (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік индукция
Сабақ тақырыбы: Электр токтың генераторы. Есептер шығару
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы ЭҚК-ң пайда болуын дәлел келтіре отырып түсіндіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалдануы
Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаттары: Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау;
Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;
прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қозғалыстың салыстырмалылығы. Галилейдің салыстырмалылық принципі. Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Қозғалыстың салыстырмалылығы. Галилейдің салыстырмалылық принципі. Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.4 Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану
10.2.1.3 - инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату;
Сабақ мақсаттары: Қозғалыстың салыстырмалығын сипаттай алады;
Галилей түрлендірулерін түсіне алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 4-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 4-сабақ (А-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін квадрат түбірдің мәнін есептеуде және өрнектерді ықшамдауда қолдана алады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Функцияның аралықтағы монотондылығы. Функцияның шектелуі 2-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функциялар және олардың қасиеттері
Сабақ тақырыбы: Функцияның аралықтағы монотондылығы. Функцияның шектелуі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.5.1.1 функцияның аралықтағы монотондылығы ұғымын біледі;
10.5.1.2 функцияның аралықтағы монотондылығын күрделі емес жағдайларда дәлелдейді;
10.5.1.3 шектелген функцияның анықтамасын біледі және сондай функцияларға мысалдар келтіреді.
Сабақ мақсаттары: функцияның аралықтағы монотондылығы ұғымымен танысу, күрделі емес жағдайларда дәлелдеу, шектелген функцияның анықтамасымен танысу және сондай функцияларға мысалдар келтіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ұлт бедеріндегі Әбіш Кекілбаев қолтаңбасы

Аса өрнекті, әлеміш ажарлы ғұмыр күмбезінде дәуір баурайынан құтайып, керіш уақытқа із салған, кеніш көңілдің қыртысын жазып, адамзат аманатын айғақтаған өшпес із бар. Кезеңдерден қонып, дәуірлерден түскен – замансөз. Біздіңше, таңбалы хат, танымды публицистика, кесімді пікір. Ғарасатқа дейінгі адамзат баласының ақ қағаз бетіндегі үндеуі, жоғына жамау, барына сауап арқалаған құтпарақ. Абай бабам атаған келер заман – көк тұманның өлшемінен бөлек, өткен мен бүгіннің жаднамасы, ұлтқа ұстахана, жазарманға – қамсау сарай. Қисынды, сұлу болғаны өз алдына, жанның сарайы. Бағамдасам, ғұмырында қанатымен парасат мекенін қапқан көңіл құсын өз көкірегінде ұялатқан Әбіш Кекілбайұлы жансарайынынан осындай биік леп байқалады. Жүрекке жылы, жанға жайлы желемік. Халыққа тыныс, ұлтқа сая. «Арға тартпай арман тұл, намыс қумай мақсат тұл!» – дейді «Ұлттық намыс туралы ойласақ» тұрыпты толғамының әлқиссасында Әбіш Кекілбайұлы. Жазарман үшін бұл атаулы жезайыр ұран ұлт мінберіндегі тұтас борыштың жолашары, айнымас пейіл, ақжолтай ниеттің тұнығы. Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, айтқан көсемсөздің нақ мұраты әрі жазумен айтылып, жүрекпен жеткен тіркес. Қазақ замансөзінің ұрпақ ауысып, дәуір көшкен өткелек шағы – тәуелсіз кезеңнің алғашқы адымында көтерген жүгі. Халықтық мақсат, елдік мүдде тұрғысындағы ақинақ сөз.

«Тарихта «кіндік кезең» деп саналатын тұстар болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі бастан кешіп отырған көп ретте сондай кіндік кезеңді еске салады. Бұл орайда жиі талас тудырып жүрген мәселе – ұлттық мемлекет идеясы... Ал ұлттық сана дегеніміздің өзі де,.. әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына мақсат қоя білуі ғой» деген биік парасат иірімінде шыныққан азаматтық ойлар – ұлттық мемлекет ұстыны: ұлттық құндылық пен ұлттық сана биігінде қылаң береді. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Концерт 2-сабақ (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Концерт 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану;
3.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай білу;
Сабақ мақсаттары:
• концерт туралы түсінік алады;
• концертке арналған афиша жасайды;
• концерттік бағдарлама жасап үйренеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0