Сабақ жоспары (ұмж): X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер 1-сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақ жерінде құрылған мемлекеттерге қатысты саяси үдерістерді түсінеді және мемлекеттерді картадан көрсетеді. X-XIII ғасырларда қоғамдық өмірдегі орын алған өзгерістерді және бұл өзгеріске әсер еткен факторларды қарастырады.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Мысырды «Қара жер» деп атаған? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Мысыр тарихы
Сабақ тақырыбы: Неліктен Мысырды «Қара жер» деп атаған? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
Сабақ мақсаты: Түрлі дереккөздермен жұмыс жасай отырып, Ніл өзенінің ролі мен әсерін игеру арқылы ежелгі мысырлықтардың материалдық және рухани мәдениетінің 2-3 ерекшелігін анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қатты және бәсең дыбыстар (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дыбыс
Сабақ тақырыбы:Қатты және бәсең дыбыстар
Оқу мақсаттары: 1.8.2.3 Әр түрлі дыбыс көздері түрлі қуаттағы дыбыстарды шығаратынын зерттеу
1.1.2.1. Ғылыми сұрақтарға жауаптарды дайындау жолдарын жоспарлау (топ болып) Нәтижелерді түсіндіру
1.1.4.1.Бақылауларды сипаттау мен түсіндіру үшін өте қарапайым ғылыми сөз қорын қолдану
Сабақ мақсаттары: Оқушылар қатты және бәсең дыбыстарды ажыратады. Дыбыстардың қуатын зерттейді.Олардың байланысын біледі.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Сабақ жоспары (ұмж): Программа терезесі 2-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және программалар
Сабақтың тақырыбы: Программа терезесі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату
• компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
• компьютерлік программада меню командаларын қолдану
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар ...
• Ақпаратты енгізу және шығару құрылғыларын қайталау;
• Оқушыларды программа терезелерінің негізгі элементтерімен таныстыру;
• Мәзірмен жұмыс жасау дағдасын қалыптастыру;
• Терезелермен манипулциялау дағдыларын үйрену,......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дененің гравитациялық өрістегі қозғалысы: Вертикаль лақтырылғандағы. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылғандағы. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: Дененің гравитациялық өрістегі қозғалысы: Вертикаль лақтырылғандағы. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылғандағы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.6 – көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларды анықтау;
10.2.1.7 – көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын зерттеу;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренуі тиіс:
Көкжиекке бұрыш жасай/вертикаль тасталған дене қозғалысын сипаттау
Оқушылардың көбісі үйренуі тиіс:
Ұшу уақытын, қашықтығын және биіктігін есептеу
Кейбіреулер оқушылар үйренуі тиіс:
Өз бетінше ұшу уақытын, қашықтығын және биіктігін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 3-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.2.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
-сабақ тақырыбын болжай біледі;
- өнімнің теориялық және практикалық шығымын есептей алады;
- атом тиімділігн есептей алады;
-өз есептеуіне сәйкес өнімді алуда тиімді жағдай ұсынады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бөлшек бөлімін және алымын иррационалдықтан арылту 1-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: Бөлшек бөлімін және алымын иррационалдықтан арылту 1-сабақ (Б-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылта алады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар алгоритмді қолданып бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылту үшін квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Иррационал сандар және нақты сандар (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбір және иррационал өрнек
Сабақтың тақырыбы: Иррационал сандар және нақты сандар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар иррационал және нақты сандар ұғымдарымен танысады.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық

Шығарма: Жеңіс жолы жалғасады

Мен оқушымын.Менің өмір жайлы толғаныстарым мен өзіндік философиям, көзқарастарым мен өмірлік ұстанымдарым әлі де қалыптасу үстінде. Дегенмен мен өткен жылы ғана 70 жылдығы тойланған еліміздің Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне шын жүректен қуанып, соғыс атаулыға бар пейіліммен лағнет айтқандардың бірімін. Себебі менің арғы атам Көмеков Нәдір осы соғыста хабарсыз кеткен. Ауылдан аттанған атпалдай азаматтың із-түссіз жоғалуы деген нағыз қасіреттің қасіреті екен. Әжеміз өзі өмірден өткенше батысқа қарап телмірумен күнін батырып, таңын атырыпты. Үзілмеген үміт, сағыныштан сарытап болған сенім, азаматын аңсаған арман көкейді тескен күдікке бой бермеген. Белгісіздік жанын жеп, тағатсыздықтың тұңғиығына батқанда әжеміз ,тіпті, соғыстан аман келгендерге қызғана, «ерлікпен қаза тапты» деп қара қағаз келгендердің жанұясына қызыға қараған. Ай, пендешілік-ай десеңізші! Өлі-тірісін білмей, сананы сансыратқан сансыз сұрақтың жауабын таппағаннан, өмірден өтті деген хабарын естіп, армансыз жоқтағанның өзі де бір ғанибет екен –ау! Сол сұм соғыстың салған жарасы,міне, 75 жылдан бері әлі сыздап келеді. Ал ,бұл жара тек біздің әулеттің ғана көкірегіне түскен жоқ еді.
Қаншама ана баласынан айрылып, аңырап қалды, қаншама әйел жарын,жастығын жоғалтты, қанша бала ботадай боздап, әке мейірімі мен ата батасынан шектелді. Жесірдің көз жасы мен жетімнің жоқтауы жер-дүниені тітіретті. Қара жердің қабырғасы қасіреттен қайысты. Ұлы ғаламның тыныштығы бұзылып, адамзаттың арына дақ түсті.......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Сен туралы айтпауға хақым бар ма?

Туған жер деген кезде көз алдыма ең бірінші туған өлкем "Қайыңды" елес береді. Асқар тау, жасыл орман, мөлдір бұлақсыз-ақ осы бір ауыл сәл жырақтасам өзіне тартып, сағындырып тұрады. Туған жер әр тасымен де, тамшы суымен де, күн қақтаған топырағымен де ыстық болатыны да содан болар?! Балалық шақтың бал күні өткен, тәтті күндердің естеліктері сақталған, арманымның асқар шыңына қадам бастаған ауыл ыстық болмаған да ше?
Мұхит та емес, теңіз де емес, көл де емес
Ойыл-өзен!
Терең де емес, енді емес,
Көктем келіп, мұз жарылып жатқанда,
Сол бір кезден көз алдыма келді елес-деп, осы ауылдың түлегі, ақын Ертай Ашықбаевтың жырына арқау болған Ойыл өзенінің оң жақ бүйірінде орналасқан, қырға шықсаң шашыраңқы орналасқан жүз үйдің арқа-жоңы анық көрінетін ауыл, сол – Қайыңды. Біздің Қайыңды! Менің Қайыңдым! Менің жұмақ мекенім...

Жүйіткіп өткен жүрдек пойыздай зымырап өте шыққан алаңсыз балалық шағым осы ауылдың шаңы бұрқыраған көшелерімен, есіп аққан толқыны бұйра-бұйра Ойыл өзенінің жағасында өтті. Аспанмен таласар биік-биік таулары болмаса да, арқасын қыста қар жауып әсемдейтін, баурайы көктемде қызылды-сарылы әсем гүлге оранып тәтті иіс сыйлайтын, жазда күн қақтайтын қыраттары мен үшін әсте асқар таудан кем емес. Асық атып, асыр салып жүріп-ақ осы ауылға ғашық болғам. Бетімнен сүйіп өткен самалы желіне, даланың жұпарын аңқытқан ақ жауынына ғашық болғам. Жаздың аптаған ыстығын, қыстың сұрапыл боранын елемей, жазы бауға, қысы тауға жетелеген ауыл маған асқақ арман, шым шабыт, қайтпайтын қайрат сыйлады. .....
Эсселер
Толық
0 0