Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы. Шыңжаң унверситетін бітірген (1959), Қытайда жүргізілген мәдени төңкеріс жылдары "ұлтшыл” атанып, 1959 — 79 жылдары Үрімжі, Тарым және басқа да жаза лагерьлерінде болған. 1979 жылы ақталған. 1980 — 89 жылдары "Алтай аясы” журналының .....
ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Талшықтылар класына жататын жәндіктердің денесінде бір немесе бірнеше талшықтары болады және денесі бір ғана жасушадан тұрады. Талшықтылардың денесі көпіршік тәрізді бір ядросы бар цитоплазмадан құралады. Цитоплазманың сыртқы қабаты мөлдір және тығыз, сондықтан талшықтылардың дене пішіні өзгермей, тұрақты болады. Цитоплазманың ішкі қабаты кенеулі заттардан түзілген түйіршіктерге және жасыл тақташаларға толып тұрады. .....
Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Н.Назарбаев «Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегін айтылмаса керек. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жеріне, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Бүгінде біздің санамызда Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар болып қалыптасты. Менің ойымша, әрбір қазақстандық өзінің жетістіктерін туған Отанына, еліне арнауы керек деп есептеймін. Сонда әлгі адамның да, елдің де мерейі тасып, әлемдік деңгейдегі беделі өседі.......
«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз. Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине, тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.......
Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректі заттардың күрделі қысылыстарының денеге жеңіл сіңетін қарапайым құрамаларына ыдырауын, айналуын қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы. Организм әр түрлі жұмыстар атқару үстінде көп мөлшерде энергия шығындайды, сондықтан оның тіршілік әрекетін сақтау үшін энергия қоры үздіксіз толықтырылып отыруы керек. Қажетті энергияны организм азықпен түрлі органикалық заттар (белоктар, көмірсулар, майлар) түрінде қабылдайды. Қоректі заттар азық құрамында ірі молекулалы қосылыстар түрінде кездеседі. Олар қан мен лимфаға тарап, торшалар мен ұлпаларға сіңу үшін арнаулы өңдеуден өтіп қарапайым қосылыс түріне айналу керек. Ас қорыту жолында қоректік заттар физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерге ұшырап, кіші молекулалы, суда жеңіл еритін, денеге жеңіл сіңетін қосылыстарға айналады. Ас қорыту мәні осында. Жоғарғы сатыдағы жануарлапрдың ас қорыту ағзалары күрделі эволюциялық даму жолынан өткен, сол себепті тіршілік ортасының жағдайына, қоректік заттардың сипаты мен табиғаты байланысты ас қорытудың бірнеше түрлері қалыптасқан. 1. Торшалық ас қорыту Ол түрлі тығыз немесе сұйық заттарды торша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферменттерінің әсерімен ыдырату процестеріне негізделген. Демек, фагоцитоз және пиноцитоз құбылыстары осы торшалық ас қорытудың көрінісі. Ас қорытудың бұл түрі бір торшалы қарапайым жануарларға тән. 2. Торшадан тыс ас қорыту. Көптеген қоректік заттар молекуласының мөлшері торшалар мөлшерінен әлдеқайда үлкен келеді. сондықтан оларды ыдырату процестері маманданған торшалардан тыс, олардың сыртында жүреді. Ас қорытудың бұл түрі қуыстық және мембраналық болып екіге бөлінеді. Қуыстық ас қорыту қарын мен ішектің қуысына бөлінген сөлдердің құрамындағы ферменттердің әрекетімен атқарылады. Мембраналық ас қорыту торшалардың сыртқы бетінде, олардың қабығына (мембранасына) тұтылған, немесе сол мембрананың құрамына енген ферменттердің әсерімен жүреді. Аталған ферменттер тек қана торша бетімен жанасқан қоректік заттарға ғана әсер ететін. Сондықтан ас қорытудың бұл түрін жанаспалы, беткейлік ас қорыту деп те атайды. 3. Сыртта ас қорыту қоректік заттардың органитзмнен тыс ыдырауымен сиптталады. Ас қорытудың бұл түрі кейбір буынаяқтылар класында кездеседі. Мысалы, өрмекшілер торына түскен жәндіктерге өздерінің ас қорыту сөлдерін арнаулы аппараттары арқылы егеді де, құрбандық денесінде қоректік заттардың ыдырау өнімдері бөлінген соң, оларды дайын күйінде сорып алу арқылы қоректенеді. 4. Ұжымдық ас қорыту аралар, термиттер, құмырсқалар сияқты жәндіктерге тән. Оларды ас қорыту процесі бірнеше индивидтің қатысуымен жүреді, сондықтан олардың илеуінен бөлініп алынған жеке өкілдері ұзақ тіршілік ете алмайды. Ас қорыту органдарының негізгі қызметі – қабылданған азық құрамындағы қоректік заттарды организмге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналдырып, оларға ішектің қабырғасы арқылы қанға өткізу. Мысалы азық құрамындағы белоктар – амин қышқылдарына, майлар – глицерин май қышқылдарына, ал көмірсулар – жүзім қанты не басқа моносахаридтерге айналғанда ған денеге қан арқылы тарап, сіңе алады.....
Сөз тiркестерiнiң бағыныңқы, басыңқы сыңарының атауы сөз тiркестерiнiң басқа категорияларына қарағанда кейiн қалыптасты. С.Аманжоловтың грамматикасында сөз тiркестерiнiң бағыныңқы, басыңқы сыңарлары деген атау жоқ. Автор көбiне ондай терминнiң орнына: бастауыш пен баяндауыштың байланысы, толықтауыш пен баяндауыштың байланысы, анықтауыштың анықталатын сөзiмен байланысы, пысықтауыштың пысықталатын сөзiмен байланысы, деп, олардың сыңарларын сөйлем мүшелерiнiң байланысы тұрғысынан баяндап, сөз тiркесiнiң өзiн сөз таптары мен сөз таптарының тiркесi тұрғысынан емес, сөйлем мүшелерiнiң тұрғысынан қарастырады Автордың еңбектерiнде сөз тiркестерi мен сөйлем мүшелерiнiң жiгiнiң ажыратылмауынан, түптеп келгенде, сөз тiркесiне тiкелей қатысты басыңқы, бағыныңқы сыңарлар елеусiз қалған. Негiзiнде сөз тiркесiне қатысты әрбiр термин, оның негiзгi қасиеттерi қай уақытта болса да арнайы зерттеудiң объектiсi болуы керек. Сөз тiркесiнен негiзгi мағлұматты 1939 жылдан бастап С.Аманжолов және оның шәкiрттерi жазған қазақ тiлiнiң синтаксисi кiтабынан ала аламыз және ол үлкен роль атқарады, сонымен бiрге, мұнда авторлардың сөз тiркестерiнiң басыңқы сыңары туралы пiкiрлерi толық келтiрiледi. “Басыңқы сөзiнiң қай сөз табынан болғанына қарай сөз тiркесi екiге бөлiнедi: есiмдi тiркес және етiстiктi тiркес. Басыңқы сөз зат есiмнен, сын есiмнен, кейде үстеуден болған тiркестi есiмдi деймiз. Мұндай тiркестiң бағыныңқы сөзi зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiк, етiстiктiң есiмше, тұйық етiстiк, - мақ, -мек жұрнақты түрi болады”- деп, әсiресе, есiмдiк басыңқы сыңарлардың қай сөзтаптарынан болатынын және бағыныңқы сыңарда жұмсалатын сөз таптарын көрсеткен [1. 60б]. ....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын» Сабақ тақырыбы: Әңгіме оқу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату 1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну Сабақ мақсаттары: Жеміс немесе көкөніс салатын жасауға рецепт жазамыз. .....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар Сабақ тақырыбы: Шығарманың мазмұнын түсіну Оралхан Бөкей «Апамның астауы» Оқу мақсаттары: 4.1.1.1 шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру 4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау Сабақ мақсаттары: - мәтінді түсініп оқиды; - нақтылау сұрақтарын қояды; - негізгі ойды анықтайды; - кейіпкердің іс - әрекетін мәтіннен табады; - кейіпкерді сипаттап, салыстырып бағалайды......
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика негіздері Сабақ тақырыбы: Ньютонның екінші заңы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.2 Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Есептер шығаруда Ньютонның бірінші және екінші заңын қолдану Оқушылардың көбісі: Бірқалыпты және үдемелі қозғалған денелерге әсер ететін күшті сипаттау Кейбір оқушылар: Векторларды қосу қасиеттерін есептер шығруда қолдану ........