Пән: Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары Сабақтың тақырыбы: Сызықтық ұлғаю Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.12 – линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және салу есептер шығару үшін қолдану; Сабақтың мақсаттары: -линзаның сызықтық ұлғаю формуласын білу және түсіну; - жинағыш және шашыратқыш линзада салу есептерін орындау......
Есберді батыр шамамен XVII - XVIII ғасырда Абылай ханның сенімді серігі Әбілпейіз сұлтан тұсында өмір сүрген. Руы - Найман, Қожанбет, Егізқара атасына жатады. Ата қоныстары Бөкенбай тауының оңтүстік етегі, Қалжыр өзенінің бойында. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел-жұртына қамқорлық танытады. 1770 - 1776 жылдары найман елі Әбілпейіз және Көгедай сұлтандардың билігінде болады. 1776 жылы Әбілпейіз ордасы Қалжыр өзенімен Күршім өзені аралығында болған. Бабатілеу, Қабырғатал арасына хан ордасын тіккен. Көгедай Әбілпейізұлы ордасын Зайсандағы Жеменей өзенінің бойына .....
Кестелеу-қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрі. Қолмен кестелеп, өрнек салу-өте көне заманнан қолданылып келеді. Кестелеп, өрнек салу-мата бетіне әшекейлеп безендіру. Кестелеуге әр түрлі маталар және әр түрлі жіптер пайдаланылады. Кесте тігудің негізгі құралы-кергіштер. Матаны керіп ұстайды және оны зақымданудан сақтайды. Кергіштерде бірінің ішіне біріктіретін екі дөңгелектен болады. Оны ағаштан, пластмасссадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер-мата қалыңдығымен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар......
Көбей би - 1710-1785 жылдар аралығында өмір сүрген, халқына белгілі шешен, би атанған. 1779-1780 жылдардағы "Еңлік-Кебек" оқиғасының ішінде болып жолсыз жазаға ұшыраған екі жастың өліміне қатты қайғырып, тебіренген Көбей би шешендігі туралы жазушы Мұхтар Әуезов "Еңлік-Кебек" атты драмасында көрсеткен. Көбей би айтты деген ел ішінде көптеген шешендік алғыр, ойлы сөздер қалған. "Ақырында мен ғаріп" атты толғауды Еңлік - Кебектің жазықсыз жазаға ұшырағаннан кейін айтқаны:
Осы кезде кім ғаріп, Бірлігі жоқ ел ғаріп. Еркімен ел .....
Ерте заманда қазақтың тілінде "патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. "Патриотизм”-гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау. Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған......
Тұрап Айдаров (20 қараша 1933 жылы Келес ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы ауылда туылған – 7 наурыз 1994 жылы Ташкент қаласында қайтыс болды) – ақын, ғалым. Филология ғылымдарының доктары (1982), профессор (1985). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1956). 1956 – 57 ж. орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, 1957 – 85 ж. Ташкенттің Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, 1985 – 94 ж. қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. [1] 1981 ж. «Өзбекстан қазақтары лексикасының ареалдық сипаты» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы мен лингвистикасы географиясына арналған. [2]Бұл салада Өзбекстанды мекендейтін қазақтардың тілі жөнінде бірнеше монографикалық еңбектер мен зерттеулер жариялады. «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» (1975), .....
Қазіргі қазақ елі қандай бақыттысың! Аспаның ашық, жерің байтақ. Осыншама кең жер мен алтынға теңер табиғи байлығың бар. Ешкімнен қорықпас егеменсің. Бұдан артық мен үшін мақтаныш сезімі жоқ. Әрбір адам, елін сүйген, елі үшін мақтанып, елі үшін жан күйдірген адам. Өз елі жайлы әңгіме болғанда жүрегі тебіренбей тұра алмайды. Қазақстан – Еуразия материгінің қақ жүрегінде орналасқан тамаша, бірлігі мен достастығы берік мемлекет. Қазақстан – тәуелсіздік жолында көптеген қиындықтар, ызғарлы, қара күндерді басынан өткізді. Ал бүгінгі күнде еліміз − алдағы дамушы елдердің бірі. ......
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру. Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: жасқанбаймын, шаттана. Оқу іс – әрекетінің көрнекіліктері: Қыс мезгілінің суреттері.
Оқу іс – әрекетінің барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар бірге өлең шумақтарын айтады. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күн дейміз, Ренжісуді білмейміз. Жарайсыңдар балалар. Орнымызға жайғасамыз. Өткен оқу іс – әрекетті еске түсірейік. Өткен іс – әрекетте қандай тақырыппен таныстық еске түсірейік. (балалардың жауабын тыңдау) Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі неше айдан тұрады? Қыста қар неге жауады? .....
Ауа-райы жағдайларына байланысты шаңғы даярлығымен де, коньки тебумен де айналысуға мүмкіндігі жоқ мектептер үшін дене тәрбисі бағдарламасында дала жарысынан сабақтар өткізу қарастырылған. Дала жарысы даярлығымен айналысу тұрмыс-тіршілік үшін ғана қажет болып қана қоймайды, сонымен бірге әскери-қолданбалылық үлкен маңызға ие. XI сыныпты бітіретін жасөспірімдер ертеңгі отан қорғаушылары екендігін ескерсек, бағдарламаның осы тарауын оқып-үйренуге көбірек зейін аудару қажеттігі туындайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Дала жарысымен айналысу үшін тұйықталған түрдегі, ең қолайлысы сегіз түріндегі трасса салып алу ұсынылады. Ол жағдайда айналманың қосылатын жерінде тұрған мұғалім (не оқушылардың бірі) жүгіруді жақсы бақылап, қашықтықтың қиындыларын (бөліктерін) оқушылардың қанша уақытта жүгіріп өткендігін есептейді, жүгірудің шапшаңдығы мен техникасы бойынша оқушыларға нұсқаулар бере алады. Трассаға жанастыра қолдан жасалынған кедергілер алабы болса өте жақсы. Ойлы-қырлы жерлермен жүгіру. Бір адам жүгіргеннен гөрі, топпен жүгірудің өзіндік ерекшелігі бар. Бір адам жүгіргенде ол өз күшіне ғана сенеді, оларды қашықтықтың өне бойына жететіндей етіп бөлуге тырысады. Дала жарысында өте жылдам жүгіргендігіңді және шаршағандығыңды сезсең, онда шапшаңдықты біршама азайтып, бір сөзбен айтқанда өзіңнің көңіл-күйінді үнемі бақылап отыруың керек. Топпенен жүгіргенде де, әркім тек өз күшіне ғана сенеді, дегенмен де жүгіруге қатынасушылар әдетте біртіндеп топтарға бөліне бастайды және осы топтарда өзінен-өзі бәсекелесу, алға шығу үшін күрес туындайды. Мұның өзі қатынасушылардың бір-біріне көмек беруіне кедергі келтірмеуі керек. Бұл жаттығуда да, жарыстарда да болып жататын құбылыс. Дала жарысына топпенен қатынасушы өзін-өзі қалай ұстауы керек? Бастапқыда өзінің жағдайына назар аудара, күші жететіңдей екпінді таңдап алып, өз күшімен жүгіруі керек. Сосын жалпы топтағы өзінің жағдайын есептей отырып, алда жүгіріп-бара жатқандардың бірінің соңынан қалмай. оған ілесіп отыру қажет. Өйткені өзгенің соңынан жүгіріп отыру жеңілге соғады. Егер ол шамалы ғана ұмтылыс жасаса, одан қалуға болмайды, ал өте шапшаң ұмтылса, онда біршама қалыңқырап, сосын тағы да жақыңдауға тырысу керек. Егер оңтайлы жағдай болса, бастаушының алдына да шығуға болады. Мәреге жақындағанда, күш жетіп жатса, бастаушыны басып озып, барынша жылдам жүгіру қажет. Әрине мұның барлығы мұғалімнің тапсырмасына немесе жүгірушінің өзінің алдына қойған міндеттеріне байланысты.....
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, олар жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады. Заңды тұлғалардың түрлері 1.Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын көтеруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. ....