Отан . Бұл сөз – әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам отансыз болмайды. Ал менің отаным, ол шетімен бұл шетіне ұшқан құстың қанаты талып жете алмайтын, кең байтақ қазақ жері - Қазақстан елі. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлауы, түтіні бұрқыраған ауылы, бақтағы бұлбұл құстың үнімен айдындағы аққу құстың қиқулаған үні келеді. Қазіргі таңда, Қазақстан өркениетті ел, күннен-күнге қарқындап дамып келе жатқан дамушы ел. Әлемге танылып үлгерген ел. Жаңа ғасыр табалдырығын өзіне үлкен сенімділікпен нық аттаған ел.......
Бүркіт ұстап басыңа шығар едім, Көзіме бір көрінші,Ерейментау. Иманжүсіп Менің туған қалам Ерейментау деп аталады. Ерейментау қаласы Ақмола облысында орналасқан. Бұл қала 1948 жылы салынған. Қаланың атауы неден шыққан дейсіз ғой? Ерейментау атауы туралы деректер көп. Бір дерек былай дейді. Ерттеулі ат тау ішінде қашып,оны тауып алғандар қуанып: «Табылды, ерімен,ерімен жүр екен»,- ......
Дербес компьютер – бұл электрондық аспаппен орындалатын, программамен басқару арқылы информацияны автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы. Компьютердің синонимі – есептеуіш машина, ЭЕМ бұйымы. Процессор логикалық және арифметикалық операцияларды орындайды, операциялардың орындалу тәртібін анықтайды, дерек көздері мен нәтижелері қабылдаушыларды көрсетіп береді. Процессор жұмысы программалардың басқаруымен жүзеге асады. Дербес компьютермен алғаш танысқанда процессордың төрт құрылғыдан тұратынын байқаймыз: арифметикалы-логикалық құрылғы (АЛҚ), басқару құрылғысы (БҚ), жалпы тағайындалуының регистрлері (ЖТР) және бүркеме жад (кэш-память) АЛҚ деректеріндегі арифметикалы-логикалық операцияны орындайды. Аралық нәтижелер ЖТР-да сақталады. Бүркеме жад (кэш-память) жұмыссыз бос тұрып қалудың уақытын қысқарту жолымен процессордың жылдам әрекет етуін арттыруға қызмет етеді. БҚ кезекті команда адресінің қалыптасуына, яғни программадан тұратын команданың орындалу тәртібіне жауап береді. Программа – бұл оның (команданың) ықпалымен, яғни әрекетімен процессор элементар операцияны орындайтын команда жиыны. Жүйелік шинаның негізгі қызметі процессорлар арасында және дербес компьютердің қалған басқа да құрылғыларының арасында информацияны жіберу болып табылады. Жүйелік шинасы үш шинадан тұрады: басқару шинасы, дерек шинасы және адрес шинасы. Шиналар бойынша басқару сигналдарын, деректерді (сан, символдар), жадтың ұяшық адресін (адреса ячеек памяти) және енгізу-шығару құрылғысының нөмірін айналдырады. Есте сақтау (память) өңделген деректер мен команда беруге, жазуға, сақтауға арналған. Жадтың бірнеше әр түрі болады: оперативтік, тұрақты, сыртқы, кэш, СНОS (КМОП), регистрлік. Есте сақтау түрлерінің тұтас иерархиясының болуын шапшаңдығы (быстродействия), энерготәуелдігі (энергозависимости), тағайындалуы, көлемі мен құны бойынша оның айырмашылықтарымен түсіндіруге болады. Есте сақтау түрлерінің алуан түрлілігі бір түрдің құны жоғары есте сақтау мен басқа түрдегі шапшаңдығы төмен есте сақтау арасындағы қарама-қайшылықты жоюға көмектеседі. Информацияны енгізу құрылғысына мыналар қатысты: пернетақта (клавиатура), тышқан-тетік (мышь), трекбол, джойстик, трекпойнт, трекпад, сканер, сенсорлық экран, цифрлық бейнекамера және т.б. Информацияны шығару құрылғысына – дисплей (монитор), принтер, плоттер, акустикалық баған (акустические колонки) және т.б. жатады. Модем информацияны енгізетін құрылғының да, шығаратын құрылғының да функциясын атқарады. Ол телефондық байланыс желілерінің көмегімен қашықтағы басқа компьютерлермен жалғасуға (байланыс орнатуға) әрі дербес компьютерлер арасында информациялар алмасуға мүмкіндік береді. Конструктивтік орындауы бойынша модем құрамдық (компьютердің жүйелік блогына қойылған) және сыртқы (коммуникациялық порт арқылы қосылған) болады. Модемдер бір-бірінен деректерді ең көп шамадағы жылдамдықта берумен айрықшаланады (бүгінгі таңда 28800, 33600 бод (1 бод – секундтағы бит) және одан да көп жылдамдықтағы модельдер кең таралған, содан соң, олар қателікті түзеу құралына қолдау көрсете ала ма, жоқ па, міне осы жағынан да ерекшеленеді (оның ішінде V42bis және MNP-5 әйгілі стандарттар болып табылады).....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат Сабақ тақырыбы:Демалыс күні туралы әңгімені жазу (2-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер / сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: суретті жоспар және сұрақтар негізінде мұғалімнің қолдауымен шағын мәтінді мазмұндайды. Көптеген оқушылар: суретті жоспар және сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды. Кейбір оқушылар: суретті жоспар және сұрақтар негізінде шағын мәтінді жүйелі мазмұндайды....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім. Сабақтың тақырыбы: Бағыт көрсету. Ққ дыбысы мен әрпі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме)1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну 1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау 1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою Сабақ мақсаттары: Бірін-бірі тыңдап, сұрақтарға толық жауап береді. Өз үйлерін сипаттап әңгімелеп береді....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы Сабақтың тақырыбы: Астананың тұрғындары (2-нұсқа) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру 6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу. Сабақтың мақсаттары: Мәтінді түсініп оқу, негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау; Сөйлесу кезінде дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып диалогке қатысу, ойын анық жеткізу....
Мекемеде бірнеше компьютерлерді порт құрылғылары арқылы байланыстырып, бір-бірімен информация алмасатын жергілікті компьютерлік желі құру қиын емес. Олар дың бірін бірнеше компьютерлерге ортақ, басқа компьютерлердің кейбір информация ауыстыру жұмыстарын орындайтын негізгі түйінді компьютер етіп дайындайды да, оны Сервер деп атайды. Түрлі жергілікті жүйелерді бір-бірімен кабель, т.б. арқылы қосу да мүмкін. Қазір заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі---дүние жүзі елдерінің жергілікті және ғаламдық желілері арнайы қызмет көрсету программалар арқылы байланыстырып қойылған. Ғаламдық желілерді Интернет желісі деп атайды. Яғни Интернет --- түрлі елдердің милиондаған компьютерлерін біріктіретін халықаралық компьютерлік желі. ....
Оспан батыр (Оспан Исламұлы) (қаз. Оспан батыр; وسپان باتىر; түр. Osman Batur; қыт. 欧斯曼·巴图尔; (1899—1951) — 20 ғ. алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі. Алтай қазағыӨмірбаяны[өңдеу]
1899 жылы Алтай аймағының Көктоғай өңірінде туған. 12 жасында .....
Мақсаты: Көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Дамытушылық: үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту. Тәрбиелік: әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктері: Ноутбук, Технология: «Тәй - тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар Жұмыс жасайтын орталықтар: «Көркем әдебиет», «Өнер», «Ғылым», «Аспаздық» Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті, қәне амандасып алайықшы. Балалар: Сәлеметсіз бе! Тәрбиеші: Балалар осы көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңберімізді құрайық. .....
Интернет – кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет – байланыс арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы (коммуникациялық жабдық пен серверлері бар.) Әрбір торапта UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды. Торапты оның иесі – провайдер деп аталатын (ағылшынның «provide»-қамтамасыз ету деген сөзінен) ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады. Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз – басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді. Интернет желісіне әр түрлі ақпараттық платформаларда, әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы біріңғай келісімдер (хаттамалар) қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысы да басқа кез-келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады. ....