Әнет баба (1628 – 1723) – "Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Руы Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша "Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, енді тентегіңді сен де өлтір деген .....
Мақсаты: Балаларды қазақтың салт - дәстүрімен, қазақ киімдерімен таныстыру. Жүру барысы: Жүргізуші: Құрметті қонақтар, апайлар Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Бәріңізге жаңа жыл бақыт жылы, бейбіт жылы болсын! Анель: Қыс өтіп, қар кетіп, Шырайлы жаз жетіп. Шаруаның кенелген, Мейрамы ежелден. Құтты болсын Наурыз! Бекарыс: Наурыз тойы салтанат, Наурыз тойы мархабат. Әр жүректен ән тарап, .....
Мақсаты: Балаларға Астананың көрікті жерлерін атау, өздерінің Астанадан көргендерін баяндау. Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу. Сөздік қорын молайту. Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, бақылау, салыстыру, сұрақ - жауап Көрнекіліктер: Астана көрінісі, Бәйтерек, үш бидің ескерткіші Жаңа сөздер: Елорда, Есіл, парламент
Ұйымдастыру кезеңі. Біздің туып - өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. - Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз Елордамыз Астана туралы болмақ. - Ал қанекей балалар Астана қаласына барғандарын бар ма? Сендер Астанаға бардыңдар, сол жайлы айтып беріңдерші. Қане балалар кімде қандай сұрақ бар екен. /Астана қаласына барып қайтқан балаларға сұрақ қою/ Олай болса құрметті қонақтар барлығымыз Астана қаласына саяхат жасайық. .....
Радиация латын тілінде радиус-сәуле деген сөз. Радиацияға күнің сәулесі, ғарыштық сәуле, Жердің табиғи радиактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар жатады. Ғарыштық сәулелері және Жердің радиактивтік заттарының сәулеленуі табиғи радиациялық фон құрады. Табиғи радиациялық фон Жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктерге, жануарларға, адамға және өсімдіктерге әсерін тигізеді. Оны зерттейтін ғылым саласын гелиобиология дейді. Жердің табиғи радиактивтік заттарының сәуле шағаруы барлық химиялық заттарға байланысты болмайды. Әр түрлі элементтердің табиғи 50 радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотроптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т.б. Бұлардың атомдарының ядросы өздігінен ыдырап, гамма- кванттың және корпускулярлық сәуленеді.....
Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты – алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы – алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ.. Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды. Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, табына беру десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп санады.Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны «нирвана» деп атайды.Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. ....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: Литосфера Сабақ тақырыбы: Қазақ оронимдері №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)9.3.1.3 қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады. Сабақ мақсаттары: Оқушылар: Қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады......
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылулық құбылыстар Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылығы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау; 8.3.2.6 – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс: • жылу мөлшерінің заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгерісіне тәуелділігін зерттеу; • заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіру; • жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану. ........
Қазыбек бек Тауасарұлы (1692 ж. Алматы облысы Кербұлақ ауданы – 1776 жылы Алматы облысы Күрті ауданы) – батыр. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан шыққан. Кейбір мәліметтер бойынша жас кезінде шығыс елдерінде болып, мұсылманша жан-жақты білім алған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шапырашты Наурызбай батырдың әскерінде мыңбасы (кейбір деректерде ақылшысы) болған. Жоңғарлармен болған 1727 жылғы Бұланты шайқасына, 1729 жылы Аңырақай шайқасына қатысқан. Батыр қайтыс болған жерді халық Қазыбек тауы деп атап кеткен. Оның ұлы Қасқары батыр да жоңғарларға қарсы соғыста көзге түскен. Б.Қыдырбекұлы, Б.Нұржекеев, т.б. авторлардың пікірлері бойынша .....
Жүргізуші: - Аяулы біздің ата-аналап мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар! Армысыздар, аяулы аналар, Армысыздар әжелер мен апалар! Мерекемен құттықтайды сіздерді, Шашу шашып, өнерімен балалар. - Балалар сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем) - Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады,қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады,құстар қайтып келеді) - Қазір қандай ай? (Наурыз) - Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі) - Балақайлар, аналардың бүгінгі мерекесіне жайындаған қандай сыйлықтарын бар? .....
Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухтың жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері еліміз бейбітшілікте өмір сүруде. Осы күнге жету үшін қаншама тер төгілді десеңші! Қайран, ата-бабаларымыз-ай, олардың көрген қасіреттері жер мен көктің арасындағы қара түтіндей лас, әрі қасіретке толы өмір еді. Бірақ, өмірге деген құлшыныс, ертеңге деген жарқын болашақ олардың үмітін тұтатқан көрінеді. Міне, еліміз тәуелсіз. Күлімдеген күн, көгілдір аспан да таза. Бүгінгі күні еліміздің бетке ұстар рәміздері де бар. Рәміздеріміздің шығу себебі тәуелсіздіктің қасиетті нышаны болып табылады. Тәуелсіздіктің - туы, егеменнің - елтаңбасы, әлем деңгейіндегі – гимніміз шырқалып тұр.......