Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар Сабақтың тақырыбы: Араб әлеміндегі ең үлкен кітапхана. Ұлттық академиялық кітапхана Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу Сабақтың мақсаттары: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу. ....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атмосфера Сабақ тақырыбы: Материктердің климаттық ерекшеліктері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.2.4 әр материкте орналасқан ұқсас климаттық белдеулерді салыстырады Сабақ мақсаттары: Материктердің климаттық ерекшелігін анықтау үшін жоспар бойынша екі қаланы салыстыру.....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география Сабақ тақырыбы: Су апаттары №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.3.7 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су апаттарының алдын алу шараларын ұсынады Сабақ мақсаттары: су апаттарының салдарын білу......
Пән: География Бөлім: Елтану және саяси география негіздері Сабақтың тақырыбы: Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары Оқу мақсаттары: 9.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде халықаралық ұйымдарды деңгейі және мақсаты бойынша топтастырады. Сабақтың мақсаты: Ұйымдарды деңгейі мен мақсаты бойынша топтастыра отырып ҚР үшін маңыздылығын түсіндіреді....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биомедицина және биоинформатика Сабақ тақырыбы: Жүрек автоматиясының механизмі. Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.4.4.2 электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру Сабақтың мақсаты: Оқушылар электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсінеді....
Акустика — өте ерте заманнан белгілі. Ол алғаш адам құлағы ести алатын дыбыс туралы ілім ретінде дамыды. Ертеде Пифагор (б.з.б. 6 ғ. естілетін дыбыс тонының биіктігі мен перненің не кернейдің (трубаның) арасындағы байланысты тапты. Аристотель (б.з.б. 4 ғ.) дыбыс шығаратын дененің ауаны қысатындығын, оны сирететіндігін, ал жаңғырық дыбыстың кедергіден кері қарай шағылу құбылысы екендігін түсіндіріп берді. Леонардо да Винчи (15-16 ғ.) дыбыстың шағылуын зерттеді, дыбыс толқындарының таралуы дыбыс көздеріне тәуелсіз болатындығын (тәуелсіздік принципі) тұжырымдады. 17 ғ-дың аяғы мен 18 ғ-дың басында Г. Галилей дыбыс шығаратын денеде тербеліс пайда болатындығын және дыбыстың биіктігі оның жиілігіне, ал қарқыны дыбыс амплитудасына тәуелді екендігін тапты. Ауадағы дыбыс жылдамдыдығын алғаш рет франсуз физигі М. Мерсенн анықтаған. 17 ғ.-дың аяғынан 20 ғ-дың басына дейін Акустика механиканың бір бөлімі ретінде дамыды. Механикалық тербелістердің жалпы теориясы, дыбыс толқындарының (сер-пімді) белгілі бір ортада таралу және пайда болу заңдылықтары, дыбыстың негізгі сипаттамаларын (дыбыс қысымы, импульсі, энергиясы, дыбыстың таралу жылдамдығы, т.б.) өлшеу әдістері Ньютон механикасына, Гуктің серпімділік теориясының негізгі заңына, Гюйгенстің толқындық қозғағалыс приципіне негізделіп жасалды. Сөйтіп дыбыс толқындарының диапазоны кеңейіп, Акустика инфрадыбыс (16 Гц-ке дейін) пен ультрадыбыс (20 кГц-тен жоғары) аймақтарын қамтыды. Ағылшын ғалымы Т. Юнг пен франсуз ғалымы О. Френель толқын интерференциясы мен диф-ракциясы теориясын, аустриялық ғалым X. Доплер дыбыс көзінің бақылаушымен салыстырғандағы қозғалуы кезіндегі толқын жиілігінің өзгеру заңын тұжырымдады. Күрделі тербеліс процесін қарапайым құраушыларға жіктеу әдісінің (Фурье әдісі) жасалуы дыбыс анализін және гармониялық құраушылардан күрделі дыбыс синтезін алудың негізі болды. ....
Екі p-n өтпеден тұртын, яғни p-n-р немесе n-p-n құрылымды үш шықпасы бар шала өткізгішті аспапты транзистор деп атайды. Транзисторлар электронианың ең кең тараған элементі. Олар кернеу, ток немесе қуат күшейткіштерінде, логикалық т.б. құрылғыларда қолданылады. Транзисторларды электронды немесе кемтікті электр өткізгіштікті германий мен силицийден жасайды. Электр өткізгіштігі электронды және кемтікті заряд тасымалдаушылармен түзілетіндіктен мұндай транзисторларды биполярлы деп атаған. Әдетте транзисторларды жұмыс жасай алатын жиіліктері аралығына және қуатына қарай әртүрлі топтарға бөледі: төменгі және жоғарғы жиілікті, әлсіз немесе қуатты т.с.с деп. Транзисторда екі p-n өтпенің біреуіне кернеу тура бағытта, ал екіншісіне кері бағытта беріледі (1-сурет). Ортаңғы қабат (ортаңғы шала өткізгіш) база деп аталады. Өткізгіштігі берілген кернеудің полярлығымен сәйкес келетін (р-түрлі шала өткізгіш кернеу көзінің полюсімен, ал n-түрлі шала өткізгіш минусымен қосылған) сыртқы қабат эмиттер деп, ал өткізгіштігі кернеу көзінің полярлығына сәйкес келмейтін (n-қабат плюспен, ал p-қабат минуспен қосылған) сыртқы қабат коллектор деп аталады. 1-сурет. Транзисторлардың сұлбалық құрылысы және графикалық шартты белгілері: а) p-n-p; б) n-p-n Осы себепті эмиттер-база өтпесі әр уақытта да ашық, яғни кедергісі өте аз болады, ал коллектор-база өтпесі жабық, яғни кедергісі өте үлкен болады. Сондықтан эмиттер-база өтпесінің кернеуі аз да, ал коллектор-база өтпесінің кернеуі үлкен болады. Транзистордың екі өтпесіне екі кернеу берілгендіктен және ол көбіне әлсіз сигналдарды күшейту үшін қолданылатындықтан оның кірмелік және шықпалық қысқыштары болуы керек. Транзистордың үш шықпасының бірі әдетте кірмелік және шықпалық тізбектері үшін ортақ болады. Осы себепті транзистордың үш түрлі жалғану сұлбасы болады (1-сурет): базасы ортақ, эмиттері ортақ және коллкторы ортақ. ....
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т. б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала "мә", "ға", "ге" секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай "ма-ма", "па-па" деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері "мама", "папа", "ата", "әже", "аға" деген сөздерден басталады. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. Үш-төрт буыннан түратын күрделі сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз жөне сонор дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, үяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (ж, ш) ысылдап шығатын дауыссыздарды ұғыну қиынырақ болады, "л", "р" дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10—15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол бір сөзбен-ақ айтайын дегенін аңғартады. Мәселен, "әже су" дегені, "әже маған су бер" деген мағынаны білдіреді. Кейде осындай сөздерін ым-ишараларымен жеткізеді. Сөз заттың нақтылы сигналы ретінде көрініп, белгілі нәрсеге меңзеліп айтылады, Бала үлкендермен сөз арқылы байланысқысы келеді. Осындай сөздер оның практикалық әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, бұл сөздер айналасындағы заттармен, адамдармен қатынасында елеулі роль атқарады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер, тағы басқа сөз таптарын да қолданады.....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология. Сабақтың тақырыбы: Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.7.1 – энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау. Сабақтың мақсаттары: Оқушылар энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты тауып, сілтеме жасап үйренуі тиіс.....
1.Қоланы меңгеру. Ерте металургия. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола — еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи .....