Балабақша сабақ жоспары: Түстер әлемі

Мақсаты: Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шаттық шеңбері:
Ауадан қуат алайық
Алақанға салайық
Күннен жылу алайық
Күннен алған жылуды
Жүрегімізге салайық
Жүректегі жылуды
Бір - бірімізге сыйлайық

1. Есте сақта және боя
Мақсаты: Түс туралы түсініктерін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қабілеттерін анықтау.
Балаларға үлестірме беріледі. Үлестірмедегі алмаларды суретте көргендей қылып бояйды.

2. « Атомдар және молекулалар» ойыны
Мақсаты: қысымды түсіру, топты біріктіру. Сонымен қатар, осы ойын арқылы балалардың өзара қарым – қатынасын бақылауға және көңіл - күйлерін көтеруге болады.
Балалар бөлмеде еркін қозғалады (билеуге де болады) Бірнеше уақыттан кейін психолог: Сендердің әрқайсыларың атомсыңдар, жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, сондықтан атомдар екіден бірікті содан кейін үштен және т. б .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Дене тәрбиесі | Баскетбол

Баскетбол – доппен ойналатын ойын. Ойынның мәні – ережеде көрсетілген уақыт ішінде қарсылас команданың корзинасына көбірек доп салуға деген ойыгшылар ұмтылысынан көрінеді. Допты тек қана қолмен ойнайды. Команда құрамы 10 адам болады. Алайда алаңда әр жақтан 5 адам ғана ойнай алады. Алаңның көлемі онша үлкен емес (26х14) м.. Осылардың барлығы допқа ие болып және оны корзинаға лақтыруға немесе қарсыластың шабуылына белсенді түрде қарсылық жасап, допқа ие болуға ұмтылуға мүмкіндік жасайтын, серіктестердің өзара, дәл іс-әрекеті қажет болатындай ойын жағдайын жасайды. Ойында жүгіріс, жүріс, секірулер мен лақтырулар секілді қозғалыстың табиғи түрлері пайдаланылады. Олар қолданылатын жағдайдың көп түрлілігі мен өзгермелілігі, адамда дене қабілеттерінің дамуының белгілі деңгейін, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының мол қорының болуын талап етеді.
Баскетболмен шұғылдануды дұрыс ұйымдастыра білсе, оның адам ағзасына жан-жақты, жақсы әсері мол.
Бұл ойын балаларды көбірек қызықтыруда. Төменгі жастағы балалар кіші баскетболмен көптен айналысады.
Қозғалыста (жүгіруде) допты беру және ұстау. Баскетбол ережесінде қолында добы бар ойыншының жүрісін (екі адым) шектейді. Допты қозғалыста ұстап және беру үшін баскетболшы тек екі адым ғана жасай алады. Жүгірудің бөліктеріне (фазаларына) тірелетін және тірелмейтін жағдайларын алмастырып отыру тән. Бұлай үйлестірудің жалпы құрылымы мынадай: тірелмейтін жағдайда допты ұстайды (аяқ жерге тірелгенде бір адым жасалады деп есептеледі). Сосын басқа аяқпен екінші адым жасалады да, одан кейінгі тірексіз жағдайда, яғни үшінші адым жасалып болғанша допты қолдан жібереді. Сөйтіп, бірінші адымның алдындағы тірексіз жағдайда допты ұстау үшін қолды алға созып, сосын оны кеудеге қарай тартады да, келесі екі адымда допты беру үшін алға шығарады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Қамқорлық

Мен 4-ші сыныпта оқимын. Мектепке бару үшін үнемі кең көшеден өтемін. Бір күні әдеттегідей сол көшеден өтпекші болдым, жолдың қақ ортасында машинаға қағылып қалған итті көрдім. Жаныңда үш күшігі бар екен. Бейшара күшіктерге жаным ашып кетті. Оларды үйге алып бардым.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі бала бейнесі (5 сынып, IV тоқсан )

Сабақ: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы құндылықтары
Сабақтың тақырыбы: «Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі бала бейнесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы
Сабақтың мақсаттары: Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: ӨНЕР КӨЗІ ХАЛЫҚТА

Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Өнер көзі – халықта»
Мақсаты: Қазақ халқының өрнегін орамалдың түсіне сәйкес түстерді іріктеп, ерекшелеуге үйрету. Таныс қазақ өрнегінің элементтерінен өздігінен оюды жапсыру дағдысын бекіту. Мұқияттылыққа, ұқыпты жапсыруға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: басқұр, орамал, безендіру.
Қолданады:оюлардың суреті, жапсыруға қажетті құрал-жабдықтар, киіз үй.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері
 Алақандарымызды үйкелейікші.
– Алақандарыңды үйкелегенде не сездіңдер?
 Енді, осы жылуымызды бір-бірімізге ізгі тілектер білдіру арқылы берейік. Мен бастаймын, сендер жалғастырасыңдар. Айлана ақылды бол! Алақандарын үйкелейді.
– Жылу сезіндік.
– Аспанымыз ашық болсын! Денің сау болсын! Әрқашанда әдемі болып жүр! Достарың көп болсын! т.б. тілектер айтады. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Ағылшынша шығарма: What does a Welder do?

I am going to speak about my profession. Now I am a student at Zhylyoicollege. And my future profession is Welder.

What does a Welder do?

Welders, often known as welder fabricators, cut, shape and join materials to make products and components in a wide variety of industries including construction, shipbuilding, engineering, transport, power, automotive, aerospace, and offshore oil and gas. They also work in these industries carrying out repair and maintenance of equipment and machinery.......
Шығармалар
Толық
0 0