Сабақтың тақырыбы: Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем Сабақтың мақсаты: Мысалдар келтіру, жаттығу жұмыстарын орындау арқылы, себеп - салдар салалас түсіндіріп, меңгерту, оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;. Сын тұрғысынан ойлау арқылы балалардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу; б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу; Сабақтың түрі: СТО Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, дамыта оқыту Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, АКТ, қосымша материалдар. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Ашық сабақтың тақырыбы : Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңі Ашық сабақтың мақсаты: Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жан -жақты түсінік беру. Ашық сабақ міндеті: 1.Баллада туралы білім беру,Өлеңмазмұнын игеру. 2.Биіктік, адалдық,ұлт туралы түсініктерін кеңейту.оқушының көзқарасын қалыптастыру, пікірін туғызу,ойын анық жеткізуге жетелеу. 3.Өрлікке, ерлікке, қайсарлыққа, арлылыққа тәрбиелеу.Халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу.
Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат Мақсаты: балаларды музыка әлемімен жете таныстыру. Әуенді сергек айту, тыңдау, ойын - қимыл арқыл ырғақты сезіндіру. Дауыстың ұзақтықтарын, биік және төменгі дыбыстарын ажыратуға баулу. Балаларға көңіл - күй сыйлап, музыка оқу іс - әрекеті бойынша білімдерін бекіту. Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, орындау, қайталау. Көрнекілігі: баян, синтезатор, интерактивті тақта, ноутбук, балалар аспаптары. Билингвизм: жай - медленно - slowly, тез - быстро - fast, жоғары - высокий - alt, төмен - низкий - low
Мотивациялық қозғаушы бөлім Балаларды залға көңілді әуемен кіргізеді. Шеңбер бойына орналасып әуенді амандасады. «Саламатсыздар ма балалар» Шеңбер бойында ырғақтық жаттығулар орындату. 1. Марш 2. Аяқ ұшы 3. Аяқ өкшесі 4. Секіру - Балалар сіздер сиқырлы музыка әлеміне саяхаттағыларыңыз келеме? - Ендеше музыка әлеміне «Полька» биімен жетіп алайық .....
Мектеп - оқушыларға білім мен тәрбие береді. Біздің мектеп екі қабатты. Менің сыныбым екінші қабатта. Мен 3-сыныпта оқимын. Сыныпта 18 оқушы бар. Олар бір-бірімен тату-тәтті. Мектебімізде көптеген мұғалімдер ұстаздық етеді. Сүйікті ұстазым - Аманиязов Даурен ағай ......
Жадырап жаз келгенде, жылда отбасымызбен елге жинала бастаймыз... Бұл дәстүрге айналған.Ата-анамыз елдегі тума-туыспен араласып, елден алшақтап кетпей, түп тамырымызды біліп жүру үшін осы саяхатты үлкен мән бере ұйымдастырады. Біздер балалар қуана жолға шығамыз. Әкемнің туған жері – киелі Түркістан шаһарынан 30 шақырым жерде, Қаратаудың күнгей бетінде орналасқан Игілік, тарихта жергілікті халық «Мес-Ата» атап кеткен кішкене ауыл. Табиғаты сұлу ауыл. Бұл - менің бабаларымның мекен еткен жері. Осы мекенге жеткенше , қазақтың сұлу да көркем жерлерін тамсана да, таңғала да, қызыға да, қызғана да тамашалаймын. ......
Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының бірлігінің дәлелі. Бұл соғыстың азабын таартпаған қазақ жоқ шығар. Қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген миллиондаған отандастарымыздың Баликов Умар да бар еді 1945 жылы әлем үшін қуаныштыда, естен кетпес күн, яғни бұл күндері біздің ер жүрек ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз барлықтарына өздерінің жерлері үшін Отаны үшін қандарын төкті, азап шекті, қыстың анау ызғырына шыдап бағып төске өрледі. Жүректерінде «біз жеңеміз» деген ой өрледі. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышымен дәлелдеді. Жауға қарсы шайқастар алыстағы ауыл мен кең байтақ далаларда да жүріп жатты. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісі, еңбегімен соққан еңбекшінің ерлігі ұмытылмайды. Батырлық – жеке адамға тән патриоттық қасиет. Батырлардың ерлігі қазақ ауыз әдебиетінде ежелден жырланып келеді. Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар батырлар қалмақ, монғол басқыншыларына қарсы күрестегі ерлігімен көзге түсті. Бұлар халықты жауға қарсы жұмылдырды, елдің еңсесін көтеріп, есін жиғызды, кек алуға шақырды. Ұлы Отан соғысының (1941-1945) қаһарман батырлары арасында 500-ге жуық қазақстандық болды. Олардың қатарында Шығыстың қаһарман қыздары Әлия Молдағүлова мен Мәншүк Маметова да бар........
Жастар - елдің келешегі. Ата-бабадан мұра болып қалған, оны ұрпақтың бірнеше буыны сабақтаса дамытқан тілімізді, әдет-ғұрыпты, тарихты, мәдениетті, өнер, білім мен ғылымды алға апаратын солар. Сондықтан да олардың білімді, өнерлі, еңбекқор болғанын ғана емес, мәдениетті болғанын, жаны да тәні де сұлу болғанын, тіліміздің қадірін түсірмей, абыройын асқақтата түсуін қалаймын.
Президент ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса –ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» Сондықтан жастар Елбасының сенімі мен үмітін ақтауымыз тиіс. Қазақ елін «Мәңгілік ел» қылатын біздер, жастар!» ......
Асқар сабаққа бара жатып, жолдың арғы бетіне өтейін деп тұрған атаны көрді. Атаның қолында таяғы бар екен. Асқар «аяғы ауыратын үлкен кісіні демеп өткізіп жіберейін»,-деп ойлады.......
Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Ата бабамыздың арманы асқақтаған, алаш аты аспандаған заманда өмір сүріп жатқанымыз әркімнің көкейіне зор мақтаныш ұялатады.
Тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің жетістігі зор күш-жігер мен ортақ еңбекті талап еткенін әр қазақстандық түсінеді. Тәуелсіздік халқымызға тегін келмеді. Қаншама азаматтарымыз жалынға шарпылды, елім деп еңіреді, қаншама ұрпақ зар жылады, жапа шекті. Асынған бес қаруын айлап шешпеген еліміз төрт жүздей шабуылды басынан кешірген екен. Еліміз «егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты» таңдады. Ендігі міндет – бейбіт өмірді сақтау......