Сабақ жоспары (ұмж): Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 1-сабақ
Сабақ мақсаты: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы рөлінің маңызын анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру

Егемен Қазақстанның дамуының онжылдығы елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің кең көлемді және түпкілікті қайта құрылуымен ерекшеленеді. Осы жылдары радикалды реформалар мемлекеттіліктің орнығуы мен КСРО кезеңінде пайда болған терең экономикалық дағдарысты жеңіп шығуы жағдайында жүзеге асты. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары шаруашылық механизмін жетілдіру, командалық-бөлініс жүйесін әлсірету мен тауар өндірушілердің құқықтарын кеңейту, шаруа ісін жүргізудің рыноктық принциптеріне өтудің алғашқы бағдарламаларын іске қосу бойынша қолданылған шаралардың нәтижесі сәтсіз болғаны белгілі. 90 жылдардың басындағы экономикалық өндірістің құлдырауы, кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуі, қаржы-несиелік жүйенің бұзылуы, рубльге деген сенімнің жоғалуы, дүкендердің бос сөрелері мен тауар бөлудің талапдық жүйесі тән болды.
Елдегі жүйелік экономикалық қайта құру жолындағы өткен онжылдықты белгілі бір кезеңдерге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезең 1992—1993жж. яғни экономиканы түпкілікті реформалаудан өз төл ақшамызды шығаруға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде макроэкономикалық саясат Ресейде белгіленетін еді. Жалпы республиканың бүкіл экономикасы көрші елді қабылданған шешімдерге тәуелді болатын. Инфляция бұрын болмаған қарқынмен өсті. Өткен жылдың желтоқсанының басындағы процентке шаққандағы тұтынушылық құн индексі 1992ж. соңында — 3060-ты, 1993ж. — 2265-ті құрады.
Елдегі нарықтық қайта құрулардың екінші кезеңі 1993ж. қарашадағы ұлттық валютаның енуімен және дербес макроэкономикалық саясаттың қалыптасуымен басталды. Ол салық салу, бюджеттік және банктік салалардағы, сыртқы экономикалық жұмыстардағы, оның ішінде шетел капиталын тарту мен кеден ісі, нарықтарды дамыту мен нарықтың инфра-құрылымдардағы қатынастарды қалпына келтіріп отыратын нормативтік-құқықтық базаның құрылуымен ерекшеленеді. Инфляцияға қарсы қатаң саясат жүргізілуінің нәтижесінде қаржы тұрақтылығы бойынша алғашқы айтулы нәтижелерге қол жетті, тұтынушылық құн индексі 1994ж. 1258-ге, 1995ж. 160,3-ке, 1996ж. 128,7-ге түсіп, теңгенің валюталық бағамы тұрақталды, бюджеттегі жетіспеушілік азайды, бірқатар экспортқа бағытталған өнеркәсіп салаларындағы өндіріс тұрақты күйге түсіп, біраз жандана түсті.
Реформаның екінші кезеңінің ең басты нәтижесі жаңа экономикалық ахуал болды. Осы ахуалдың нәтижесінде әкімшілік-командалық экономиканы рыноктық экономикаға көшіру процесі маңызды жүйелік қайта құрулардың негізінде қарқынды сипатқа ие болды. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналарды жатқызуға болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Хан мен кедей жолаушы

Алыс жерден иесіз даламен Бұхар шаһарына бір кедей жолаушы келіпті. Қалаға келген соң ол тұп-тура барып, ханның үйіне кіріпті. Ханның ауыз үйі салқын болған соң бұл жолаушы киімін шешіп, жайланып, демін алып, азығын жей бастапты. Ханның ауыз үйінде отырған жендеттер жолаушыны көріп, мұның ханның үйіне барып, кіргеніне қайран қалып, сасқанынан не қыларын білмей тұрып, ақырында, жолаушыны қуа бастапты. «Қумаңдар, дем алған соң өзім кетемін», − деп, жолаушы бұларға айтқанда, жендеттер жолаушыға ашу шақырып айтыпты: «Сен бұл арада неғып отырсың?», − деп. Жолаушы айтыпты: «Тамақ жеп алған соң, екі сағаттай дем алып, ұйықтап алып жөнелем», − деп айтыпты.

− Ей, әдепсіз кедей, көрмей тұрсың ба, бұл қонақ үй емес, менің сарайым! – деп, бұған хан айғай салыпты.

− Бұл үй сенің сарайың ба, Бұхардың ханы, айтшы, бұл сарайда бұрын кім тұрды? – деп, асықпай, ханға жолаушы сөз қайтарыпты.

− Менің әкем тұрды, − деп хан айтқанда:

− Бұрын, сенің әкеңнен бұрын кім тұрды? − деп, жолаушы айтыпты.....
Ертегілер
Толық
0 0

Эссе: Жаңғыру жолындағы жас маман қандай болу керек?

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға…»-деп, Aбaй aтaмыз бекер aйтпaғaн. Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. Ұстаз әрқашанда іздену үстінде болу керек, үнемі жаңалықты ашушы,ізденімпаз болуы керек,

Ендігі алға қойған мақсатым — білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру кeрeк» деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын — болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу менің алға қойған мақсаттарымның бірі. Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстіндe бoлып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе — шығар асуымыз алыс емес.

Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі-ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап,өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап,бой түзедім. Бүгінгі күні мен өзіме тәлім-тәрбие берген ,білім нәрімен сусындап, қияға ұшырған алтын ұя мектебім Тасөткел орта мектебіне қайта оралып, еңбек жолымды осы жерден бастап жатырмын......
Эсселер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Мен таңдаған өмір жолы

Өмір адамға екі рет берілмейтіні белгілі,сол үшінде ол күресуге тұрарлық. Қыздардың еркектерге сенбейтіні ақиқат,оны өмірден де мысал етіп алуға болады.Менің айтайын дегенім бұл емес-ті.
Өз басым кезінде жігіт атаулы жандарға сенбейтінмін, шынын айтқанда қызықпайтынмын. Мүмкін отбасымда ұлдардың арасында өскендік болар. Мектеп кезінде балалық махаббат деген болатын, біреуді өзінше жақсы көріп қаласың,ол кезде солай көрінетін. дискотекаға сол үшін барасын, одан курткасына басқа біреудің атынан хат жазып жіберу айта берсең көп-ау. Қазір соны ойласаң не деген ақымақ болдым десейші деп ойлайсың. содан мектеп бітіріп,өмірге араласасың......
Бір күні курстас қыздардың арқасында жігітпен жүрдім,алғаш рет. Ондағы ойым бәрі жігітпен жүреді,оның несі қызық екен деп озімше - зерттеу болатын. Содан ол жігітті 2 күннен кейін тастап кеттім, ұнатпадым өзін де, қылығын да, тым мақтаншақ болатын. Содан жігіт көрсем бәрі мақтаншақ көрінетіндей болды. Арада жарты жылдай уақыт өткеннен кейін , курстас қыздың ауылына қыздар болып отырысқа бардым,сол отырыста бір жігітпен таныстым, ол өзінің маған деген көңілі бар екенін де айтып салды, бәлкім енді көрмей кетем ба деп ойлаған болар - ау, мен туралы қасымдағы қыздардан бәрін сурап алыпты......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 3-сабақ
Сабақ мақсаты: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы рөлінің маңызын анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Асқорыту жолының аурулары 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жолының аурулары 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.4 асқорыту жолы ауруларының мен астан уланудың себептерін анықтау
Сабақтың мақсаты: Асқорыту мүшелерінің ауруларының:
-себептерін
- алдын алу жолдарын білу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Депозиттік операцияларды дамыту жолдары

Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы
2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгері ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 3-сабақ
Сабақ мақсаты: Оқушылар:
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін түсіндіреді, экономикалық байланыстардың, өнер мен ғылымның дамуына ықпалын талдайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0