Курстық жұмыс: Экономика | Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары

Жұмысыздықтың өзекті мәселесін табиғи деңгейі еңбек нарығының құрлымымен анықталады. Бірақ та жұмысыздықтың деңгейін сақтау, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат үнемі оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, осы мәселені қайтаруымызға болады. Айталық жұмысыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірдеп тоқталмайды, керісінше бірден тоқталмайды, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса беруі мүмкін.
Берілген бітіру жұмысымның мақсаты инфляцияны тежеу, экономиканың «қызып кетуінің» теріс салдарын болдырмау, инфляцияның теріс салдарын төмендету және экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақты айырбас бағамының қажетті икемділігінің ұстау, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі тауар нарықтарының теңгерімділігін арттыруды, тариф және сауда саясаты жөніндегі іс – шараларды жүргізуді болжайтын инфляцияға қарсы кешенді саясатын қалыптастыру және іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.
Монетаризімнің Чикаго мектебі – неошебералистік қозғалыстағы американдық монетаризмнің өзектілігі 50 –ші жылдардың соңы мен 60 –ші жылдардың басында экономикадан Нобель сыйлығының (1976 ж) лауреаты М. Фридменнің (1912 жылы туған) бірнеше басылымдарымен байланысты еді. Ол және оның жақтаушылары кейномандық ақша емес фактордан (мысалы инфляцияның) гөоі ақша факторын қалады.
Филипистің қисық сызығының пайда болуы, М. Блауг айытқандай, кенсандық революция кезеңіне тән қарапайым экономикалық кеңестерге деген экономика ғылымындағы алғашқы айтулы сенімсіздік 1958 ж. А. У. Фелипстің эмперикалық қисық сызығымен байланысты еді. М. Блауг экономикалық саясаттың мақсаты ретіндегі инфляцияның толық жұмыспен қамтудың кенсандық идеясын жалпы еткізді деп жазды.
Конфликтерде бағаның тұрақтылығы мен жұмысыздық қатар тұра алмайды; жұмысыздықты азайту инфляцияны жеделтету арқылы мүмкін, ал инфляцияны төмендету жұмысыздықты көбейтеді. Сондықтан бағаның тұрақтылығы мен жұмыспен қамтуға бір мезгілде қол жеткізу идеясының орнына бағаның тұрақтылығын болмаса жұмыспен толық қамтудытаңдау келді.
М. Фридмен және оның жақтаушылары Филипстің конструкциясын зерттей келе, былай дейді; қисық сызық тұрақты емес, әсіресе 60- шы жылдардағы әлем елдеріндегі экономикалық ситуацияның өзгеруінің әсері бар. Бұл кезде қисық сызықтың логикасына қарсы инфляцияның өсуі жұмысыздықты қысқартпай, керісінше ұлғайтты, 70 – шы жылдардың басында бір мезгілде инфляция мен жұмысыздық өсті. Бірақ монетарлық экономикалық ой – пікір келесі АҚШ – тағы республикалық үкіметі тұсында көп жетістікке жетті. Ол кезең рейгономика деп аталып, доллардың нақты нығайту арқылы инфляция баяулайды дейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көлденең- жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымы (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс
Сабақ тақырыбы: Көлденең- жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):Көлденең -жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу;
Бірыңғай салалы, көлденең – жолақты және жүрек бұлшықеттерінің адам ағзасында орналасуын сипаттау;
Қаңқа бұлшықетінің микрофотографиялары арқылы оның ультрақұрылымының ерекшелігін сипаттау;
Қаңқа бұлшықеті ультрақұрылымын түсіндіру және оның аймақтарын сызбаларда белгілеу.
Сабақ мақсаттары: Көлденең -жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттей алады;
Бірыңғай салалы, көлденең – жолақты және жүрек бұлшықеттерінің адам ағзасында орналасуы ерекшілігін сипаттай алады;
Қаңқа бұлшықетінің микрофотографиялары арқылы оның ультрақұрылымының ерекшелігін сипаттай алады;
Қаңқа бұлшықеті ультрақұрылымының негізгі аймақтарын сызбаларда белгілей алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Жолдық қатарлар

Кіріспе
Текстік режимде жұмыс
Экранда символдардың шығуы мен түзілуі монитордың видеоадаптерінің жұмысына байланысты болады. Компьютерде орнатылған видеоадаптердің көмегімен символдарды текстік немесе графиктік режимде шығаруға болады.
Көптеген программаларда текстік мәліметтерді Read, Readln, Write, Writeln процедураларының көмегімен енгізу-шығару программаның көрнекі және ыңғайлы болып шығуына жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан Turbo Pascal-да текстік режимде жұмыс істеу үшін қолданылатын арнаулы функциялар мен процедуралар қарастырылған. Олар арнаулы CRT (Cathode Ray Tube display – электронды-сәулелі дисплей) библиотекалық модулі құрамында жазылған. Оларды текстік режимде жұмыс істеуге пайдалану үшін программаның басында CRT модулін USES қызметші сөзінде жазып кету керек. Сонда ғана программалауда CRT модулінің барлық процедуралаы мен функцияларын пайдалануға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Жамбыл тойында)

Жастық қып, шынтаққа алып Алатауды,
Келтірмей тобығынан Атырауды,
Отырды шалқып тасып
Жамбыл жырау,
Той - жабдық жасап жатты Жамбыл аулы.
Ай үзік, жұлдыз уық, күн түндікті,
Тойға арнап Жамбыл аулы бір үй тікті.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланыс 2-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу
Сабақ тақырыбы: Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланыс 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланысты түсіндіру
Сабақ мақсаттары: жиырылу және босаңсу күйіндегі бұлшықеттердің (миофибриллалардың) құрылымының сипаттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингті жетілдіру жолдары

Кіріспе
Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды.
Сондықтан, коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктердің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмайды.
Бәрімізде белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі блоып табылады. Себебі, көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.
Осы жағдайларда негізгі құрал жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады
1–бөлім. Лизинг туралы жалпы түсінік.
1.1. Лизинг мәні және маңызы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдіру жолдары

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.
Қазақстанның мәдени - тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми - әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.
Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция. /1, 7б./
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Қытай қызы)

Отырып құрыш қанат самолетке,
Старт, aп шың басынан шықтым көкке,
Бір шолып ұлы Отанның кең алабын,
Көз салдым күндей күліп төңірекке.
Кенеттен кетті денем тітіркеніп......
Өлеңдер
Толық
0 0