Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Ауыл шаруашылық проблемалары өте күрделі мәселе, еліміздің бүгінгі тіршілігі мен келешегінің мүдделі міндеттернің бірі, бірі емес бірегейі. Президент бұл мәселені бекер көтеріп отырмаса керек. Еліміз экономикасының, егемендігінің, мәдениетінің келешегін жан-жақты ойлап, күрделі міндетті қолға алып отыр деп есептеймін.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «...барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2003-2005 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Қазақстан территориясында теміржолдың даму мәселелері

Жұмыстың өзектіліті: Жер көлемі ұлан - ғайыр, табиғат байлықтарымен халық әркелкі орналасқан Қазақстан Республикасы үшін көліктің маңызы аса зор.Көліктің жеке алғанда ешқандай өнім өндірмейтіні мәлім, бірақ халықсыз шаруашылығының өркендеуі мүмкін емес. Көлік еңбек бөлінісін кеңінен дамытуға және эканомикалық аудандардағы шаруашылықтардың маманднуының тереңдете түсуте мүмкіндік береді. Демек, көлік өндіртіш күштерді дамытудың қуатты құралы.Көліктің барлық түрлері әдетте өзара тығыз байланысты болып, бірін-бірі толықтырады және қызмет көрсететін біртұтас кешен түзеді.Мұнда табиғи жолдар өте аз. Сондықтан Қазақстанда көліктің құрлықтағы түрлері-темір жол және автомобиль көліктері көбірек дамыған.Қазақстан терреториясында темір жолы көлік саласында жетекші роль атқарады,бүкіл жүк айналымының 92 пайызын құрайды.Темір жол көліті бүкіл іс жүзінде жүктің барлық түрін жылдам тасымалдай алатын әмбебап түрі.Темір жол көліті бұл-іс жүзінде жүктің барлық түрін жылдам тасымалдай алатын әмбебап түрі.Көліктің бұл түрі мемлекет терреториясының әр түкпірін бір-бірімен байланыстыратын, шынайы өндірістің сан саласында өндірілтен өнімдерді, жүктерді тасымалдауда елдің өндірістік күштерін бір тұтас бірлікке біріктіретін бірде бір күре тамыр.Республикадағы жүк тасымалданатын темір жолдардың электр энергиясымен жұмыс істеуге көшірілді және көшіріліп жатыр, ал станциялардағы жүктерді тиеу, түсіру жұмыстарын механикаландырылған.Ел тіршілігінде атқаратын әлеуметтік –экономикалық даму тарихын қалыптастыруда темір жолдың маңызы айрықша.Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөліті қалалар мен ауылдарға және басқада жерлерге жол жүретін жолаушылардың жарымы тиеді.Темір жолдың техникалық жағынан қамтамасыз ету және тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (аймақ, дисклер, саркомерлер, актин, миозин т.б.) 1-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу
Сабақтың тақырыбы: Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (аймақ, дисклер, саркомерлер, актин, миозин ) 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу
Сабақ мақсаты: • көлденең жолақ бұлшықет құрылысын сипаттау;
• миофибрилла құрылымы зерттеу ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Қанжар)

Серігім әрі жарқын, әрі ызғарлы,
Сүйемін асыл болат бұл қанжарды;
Кекке арнап ойшыл грузин соққан сені,
Қайраған еркін черкес бір қаһарлы,
Сыйлаған сені маған бір сал білек,......
Өлеңдер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кәсіпорындардың қаржы рыногындағы стратегиясын жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына міне он жылдан асты. Бүл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. "Осы жылдар ішінде тындарған ісіміздің басты түйіні, -деп көрсетті Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, -Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек" /1/.
Бүдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту болып табылады.
Республикамызда кеңес үкіметі дәуірінде мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабликалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шет елдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жүмыс істеуде. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары қүрылды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары

Кіріспе.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйсінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эммисиялық құқығы негізінде эканомиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша қолма-қолсыз ақша массасы тепе-теңдік саясатын жүргізеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Дос, жолдас

Тәуір көрген досыңа,
Тәуір көрген малын бер,
Көре-көре сүйінсін.
Көңіл қалған досыңа,
Жаратпаған малын бер,
Көре-көре күйінсін.

Ұстамен дос болсаң, наркескенін аларсың.

Достың ұлы - өз ұлың.

Біреуге беріп жағасың,
Біреуге еріп жағасың.

Табы бірдің ары бір,
Адал достың жаны бір.

Доссыз өмір - шоғы жоқ көмір.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі қызметін жетілдіру жолдары

Кіріспе
Салықтар кез-келген елдерде мемлекеттің қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекеттік кірістердің негізгі көзі болып табылады. Барлық елдерде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерде салықтар мемлекеттік және муниципиалдық табыстарды қалыптастыруда басты рол атқарады, экономиканы басқарудың күшті негізгі құралы болып табылады. Әсіресе олар ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсенді қызмет атқарады. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыру үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: География | Атмосфералық ауаны тазартудың жолдары

Қала атмосферасының тазалығы – қазіргі таңда адамзатты толғандырып отырған аса маңызды мәселелердің бірі. Бүгінде адамның шаруашылық қызметінің әсерінен бүкіл биосфераның жағдайы алаңдатарлықтай өзгеріске ұшырауда. Қаламыздың көшелеріне жасыл ағаштар отырғызу, өндіріс алаңдарын көгалдандыру, санитарлық қорғаныш жасыл желек қоршаулар жасау өте қажетті экологиялық шаралар болып табылады. Мұндай жасыл аймақтар ластанған ауаның жоғарғы қабатында таралуына және ластаушы заттар қорының жиналуына мүмкіндік бермейді, шаң тозаңдар мен аэрозольды газдардың қалаларға, ауылды жерлерге таралуын бәсеңдетеді.
Бүгінгі таңда Тараз қаласының климаты өте құрғақ және күрт континентальды өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл облыстың Евразия материгінің ортасында, мұхиттардан шалғай орналасуымен түсіндіріледі. Атмосфера циркуляциясының ерекшелігіне байланысты ауа райы көбінесе ашық немесе аз бұлтты болып жиі ауысады, сондай-ақ күн жылуымен жақсы қамтамасыз етілген, кейде ыстық болып келеді. Ауа райының бірден күрт өзгеруі күн мен түн, қыс пен жаз температурасының бірден ауысуынан пайда болады. Облыстың оңтүстік таулы аймақтарының климаты жылы, қысы жұмсақ, ылғалдылығы жеткілікті, ал солтүстік жазық аудандарында қатты құрғақшылық байқалады. Шөлді аймақ 70% алып жатыр.
Облыстың жылдық орташа температурасы 7-100С. Ең суық қаңтардағы айлық орташа температура 5-100С, ал солтүстік және солтүстік батыста 10-140С. Қысқы кезеңдегі абсолютті максимум 40-450С, қиыр оңтүстікте 35-380С аяз. Қысқы кезеңде салыстырмалы түрде төменгі температура көп болмайды. Жылы кезең жоғары температура және құрғақ ауамен ерекшеленеді. Ең ыстық шілде айындағы температура 25-270С, таулы аймақтарда 21-240С болады. Ал шөлді аймақта 470С тең.
Жамбыл облысының территориясынан көп мөлшерде пайдалы қазбалар қоры табылған. Олар фосфаттар, түсті металдар, минералды тұздар, отындық шикізаттар, түрлі құрылыс материалдары. Сондай-ақ республикалық қордың 10 % құрайтын газ кен орны да бар. Республикадағы балансты гипс қорының жартысынан көбі облысқа тиесілі. Республика мен ТМД бойынша ең көп фосфарит қоры Қаратауда шоғырланған. Облыстағы біраз уақытқа дейін негізгі кәсіп орындары тау кен қазушы, тау кен өңдеуші, химиялық өндіріс орындары болды. (АО «Қаратау», ТОО «Қазфосфат», «Минералды тыңайтқыш», ОАО «Химпром», НДФЗ филиалы «Қазфосфат»). ....
Рефераттар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектепке дейінгі жасындағы баланы оқытып тәрбиелеуде қарапайым математикалық түсініктерін оқытумен олардың логикалық ойлауын дамытуының сабақтастықты қамтамасыз ету мәселесі өте өткір қойылып отыр.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын жүйелі ойлауға, шығармашылық қабілеттерін түрлі әдістер арқылы дамытуға түрлі әрекеттер жасау керек. Нәтижелерге жету үшін ТРИЗ технологиясының әдіс - тәсілдерін пайдалануға болады. Олар:
• Қарама - қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;
• Сиқырлы объектілер әдісі – балаға таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге таңып айту, қолдану;
• Жүйелік жақындау әдісі – бір - бірімен тығыз болатын бөлімдерден құрылған жүйені біртұтас ретінде түсініп беру;
• Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.
Сонымен қатар балалардың ойлау қабілеттері салыстыру, анализ, синтез, абстракция, жалпылау және нақтылау ойлау операциялары арқылы жүзеге асады. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0