Өмірбаян: Кәмшат Жолдыбаева (1988 жылы 28 қаңтар)

Әнші, биші, актриса, тележүргізуші Кәмшат Жолдыбаева 1988 жылы қаңтар айының 28-ші жұлдызында Маңғыстау өңірінің «Форт-Шевченко» қаласында дүниеге келген. Кәмшаттың өзінен кіші сіңлісі бар, есімі Алтынай. Айта кететін жәйт – Алтынай да өнерден алыс емес, 2015-ші жылдың мамыр айында құрылған «JayRun» тобының әншісі.
Мектеп қабырғасында 9 жыл оқып, ағылшын тілі мамандығы бойынша колледжде білім алып шығады. Мұнымен тоқталмай Алматы қаласы Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде 3 жыл бойы «Ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жүргенде, сәті түсіп «Shine production» продюсерлік орталығына еліміздің үздік girls-band-ді КешYou тобының мүшесі ретінде кіреді. Осыған орай Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясына «Эстрадалық вокал» кафедрасына ауысып сол жерде білімін шыңдай түседі. Бақытына орай қос продюссерінің бірі Бағым Мухитденовадан сабақ алады.
Топтағы қарқынды жұмысымен қоса оқуды қатарынан алып жүрген Кәмшат өзін актриса ретінде сынап көруді үлгерді. Ал ән айтудан бұрын Кәмшат көп жылдар бойы кәсіби бимен айналысып, топтың хореографиясына көңіл бөлген. Негізінде КешYou тобының құрамында жұмыс жасау ұсынысының тарихы Баян Есентаеваның «Ғашық жүрек или Коктейль для звезды» фильміне ұйымдастырылған кастингінен бастау алды....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

ӨТ ЖОЛДАРЫН ЕМДЕУ

✅ Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.Сондайақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.......
Кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ ЖАҒДАЙДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу поцесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарым қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де андататын болды. Мұгалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса -қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қарқынды зерттеуде. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Азоттық негіздердің ыдырау жолдары

Күйіс қайыратьн малдағы зат алмасуда нуклейн қышқылдарының қорытылуы ерекше маңызды орын алады. Қарынға баратын микроорганизмдер озтының жалпы мөлшерінің 20% нуклеин қышқылының үлесіне тиеді.
Жемшөптік және бактериялық ДНК. мен РНҚ-ныц ыдырап айырылуы ұйқы безінің ферменттері нуклеазалардың әсерімен он екі елі ішекте өтеді. Ұйқы безінің ребонуклеазя ферметгі РНҚ-ны ғана гидроліздеп, ыдыратады да, мопонуклеотидтерге және олигонуклеотидтерге айналдырады.. Дезоксирибонуклсаза ферменті қатысқан кезде ДНҚ-ға шабуыл жасап олигонуклеотидтерге айналдырады. Ішектің жалқаяқ қабатында диэстераза ферменті бар, сол фермент олигоуклсотидтсрді ыдыратып, мононуклеотидтерге айналдырады деген болжам бар. РНҚ ыдырауы нәтижесінде негізінен бес мононуклеотид (нуклеотіп) түзіледі. Олардың екеуі пурин қатарына жатады. Олар аденозин монофосфат (АМФ) пен гуанозинмонофоефат (ГМФ). Үшеуі пиримидин қатарына жатады, олар — уридинмонофосфат (УМФ), цитидинмонофосфат (ЦМФ) және тимидппмонофосфат (ГМФ). ДНҚ гидролизі кезінде де сол негізгі бес моноиуклеотид түзіледі. Бірақ құрамында рибоза орнына дезоксирибаза болады. Мұнда нуклсотидтерді белгілеу үшін алдына өрбіп кояды (дезоксирибаза). Мысалы дАМФ.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салық жүйесіндегі акциздік салықтың жетілдіру жолдары

Меншік қатынастары радикалды қайта құруда құрылатын Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау, салық жүйесін қалыптастыру және құру мәселелерінің ғылымдық қызығушылығын жоғарлатуды ынталандырады және оның трансформациясының табысының өзгертуін ұсынады. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін радикалды түрде реформалауда ең алдымен, тиеселі салық жүйесін құру қажеттілігін ескерткен, меншік қатынастарын қайта құрумен анықталады. Сонымен қатар салықтар, еліміздің барлық әлеуметтік-экономикалық жүйенің материалды және қаржылық сүйеніші болып келетін, ұлттық табыстың мемлекеттендірілген бөлігіндегі негізгі құралдары ретінде орындалады, ал салықтың потенциалы салық салу жүйесіне сай функциялары арқылы жүзеге асырылады.
Салықтар салық әдістері арқылы капиталды барлық жаңғырту процессіндегі кезеңдерін жанап өтеді: салық қойылымдары, түсімдер, жеңілдіктер, өнеркәсіптің прогрессивті саласына ықпал ету мақсатымен мемлекет бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін жүзеге асырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Жеңілдеудің жеңіл жолдары

Адам бойында өкпе-реніш пен ыза-кек жиналған сайын ол ауыр жүкке айнала береді. Әлдекімге деген реніш санаңда сайран сала бастаса, одан тезірек құтылған жөн. Әрине, тек тура жолмен ғана. Адам баласының көңілі кейде нәзік жіптей, ал кейде үзілмес қыл арқандай. Ішіңдегі бұйымтайыңды айтамын деп жақыныңның көңілін суытып алмау үшін не істеу керек? Бүгін біз осы жазба арқылы ішіміздегі бар ауыртпалықтан арылып, жеңілдеуге тырысайық.

1-әдіс: Суретіне қарап ұрысу

Оңашада ашуың келген адамның суретін қабырғаға іліп ап, оған ойыңа келгенін айт. Жасырма, бәрін айт. Өңменінен өтіп кететіндей сөз естіп тұрған өзі емес, жансыз суреті ғой. Қандай ренішің бар? Неге оған ашулысың? Көз алдыңда сурет емес, ол тұрғандай сөйлей бар. Ішіңдегі ашудың азулы арыстанын жайына жібер. Бәрін айтып босап қалған соң баяғы өкпе-ренішің бойыңда қайта қылт етпеу үшін біржола бәрін кешір. Ашуыңды төгіп болған соң, суретті жырт та, қоқысқа лақтыр.......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары

Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалап, оның тұрақтылыққа жету жолдарын, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын бағалау адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Коммерциялық банктердің несиелендіру жүйесін жетілдіру жолдары

Ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: «20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді» деп еліміздің дамуы болашағында алға қойған шаралардың ауқымдылығын айта кетті .....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік капиталды басқаруды жетілдіру жолдары

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның экономикалық құрылымында ерекше роль атқаратын несие-банк жүйесінде екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқару мәселесі маңызды орын алады. Аталған мәселе әр түрлі авторлармен әдебиеттер мен жаппай ақпарат құралдарында талқыланып жатқаны бірінші жыл емес. Себебі меншікті капитал көлемі кез-келген банктің ірге тасы ғана емес, басты сипаттамасы болып табылады.
Осыған байланысты, диплом жұмысының өзектілігі -банктің меншікті капиталы - бұл банкке төлеу қабілетін , яғни банктің қажетті мерзімде және толық сомада өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін, сақтауға мүмкіндік беретін резервтік ресурстар болып табылатындығында. Меншікті капиталды басқару ең алдымен банктің неғұрлым нақты қаржылық сенімділігінің кепілі болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты - меншікті капиталдың Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің мақсатты мәселелерінің бірі ретіндегі ролін көрсету.
Қойылған мақсатқа сәйкес авторға алдында келесі міндеттерді шешу қажет: ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0