Дипломдық жұмыс: Дефектология | Көмекші мектеп оқушыларына геометриялық материалдарды оқыту жолдары

Арнайы оқытудың қазіргі жүйесі, өмір сүрудің әлеуметтік – экономикалық жағдайының өзгеруі ақыл-есі кем оқушыларды өндірісте және қоғамда әлеуметтік тиімді бағдарлануға үйретудің күшеюін қажет етеді. Осы мәселені шешу жолында оқушыларға геометриялық элементтерді оқыту тиімді болып табылады. Ақыл-есі кем оқушылар үшін геометриялық материалдар кәсіби-еңбектік біліктілікті меңгерудің теориялық базасы болып табылады, сондай-ақ олардың болашақ тәжірибелік іс-әрекетінде маңызды орын алады.
Ақыл-есі кем балаларға геометриялық элементтерді үйретуге арналған жұмыстарда геометриялық білімдерді меңгерудің қиыншылықтар мен ерекшеліктері сипатталды және оларды жеңудің бірнеше жолдары ұсынылған. (О.В. Бобкова, Л.В.Гриханов)
Геометриялық білімнің сапасы көбінесе оларды меңгеруде және тәжірибе барысында қолдануға оптимальды педагогикалық жағдайдың құрылуымен, анық емес және қате қалыптасқан білімді дер кезінде түзетумен анықталады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Қатаң бәсекелестік жағдайында қаржының жетіспеушілігінен банктерден, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өзінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Қарыздардың басым көпшілігі өнеркәсіп тиімділігін арттыруда оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеру мақсатындағы шараларға, өнімнің тиімді әрі жоғары жаңа түрлерін шығаруды ынталандыруға, халыққа жан-жақты қызмет көрсетуге, халыққа қажетті тауарлар шығаруға және экспортқа жұмсалады.
Кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша жеткізушілермен, мердігерлермен, инвесторлармен, кредиторлармен, қызметкерлермен және мемлекетпен уақытында есеп айырысуы, оның төлем қабілетінің жоғары екендігін білдіреді. Ағымдағы міндеттемелерді жабу мүмкіндігінің жоғары болуы кредиторлардың қызуғышылығын арттырады, ұйымның зиян шегу ықтималдылығын азайтады. Сондықтан кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттеме есебін дұрыс ұйымдастыру мен оның талдауы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені төлем қабілеттілігінің жоғары болуы кәсіпорынға деген серіктестер мен клиенттердің оң көз-қарасын қалыптастырады.
Кәсіпорын міндеттемелерді реттеу үшін әр түрлі әдістерді жүзеге асыруы мүмкін:
- ақша қаражаттарын төлеу;
- басқа да активтерді аудару;
- қызмет көрстеу;
- міндеттемені басқамен ауыстыру;
- кейбір жағдайларда одан бас тарту, және т.б.
Қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешекте үздіксіз жұмыс істеуін үнемі талап етеді.
Өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалды емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытында қайтаратын ұйымдардың қаржылық жағдайы тұрақты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: « ... қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні – біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы» - деп көрсетілгендей, мемлекетте жүргізілген саясаттың нәтижесінде Қазақстанның аймақтары әлеуметтік-экономикалық дамуда ілгерілей бастады [1]. Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Этнография | Қолөнер

Кіріспе
Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы

Торта тұқылар тұқымдасына жатады. Біздің су қоймаларымызда мекен ететін бұл балық – кеңінен таралған балықтардың бір түрі. Торта сияқты сондай кеңінен таралған және барлық жерде болатын басқа балықтар табылмайды. Торта балығын барлық жерден, яғни кішкене өзендерден және тіпті үлкен су қоймаларынан кездестіруге болады. Торта балығының аулау объектісі ретінде кәсіпшілік құндылығы ерекшелігінің болмауына қарамастан, оны көп мөлшерде аулайды.
Қазақстанда ең көп санды негізгі жергілікті балықтардың тұқымы ретінде торта балықтары кең таралған және олар кездеспейтін өзендерде де табылады немесе өте сирек кездеседі, сондықтан ол барлық балықтың көп бөлігін құрайды. Торта балығы біздің өзендеріміздің сағаларында және көптеген көлдерде әрі су қоймаларын мекендегендіктен, біз оны өз зерттеуіміздің объектісі етіп таңдадық. Тортаның өте құнсыз балық болатынына қарамастан, оны тек жергілікті түрде тұтынатындықтан, өзі арзан болған соң, ол төменгі класстағы балықтарға азық ретінде қызмет етеді және осынысымен өзіне баса назар аударады, сол сияқты біздің тұщы суларымыздың ең көп мөлшердегі балықтары болғандықтан, оларға қатты көңіл бөлінеді. Тоғандардың және көлдердің иелері үшін тортаның басты рөлі жыртқыш әрі біршама бағалы балықтарға олардың азық ретінде қызмет етуі болып табылады, демек, торта бірінші немесе екінші жылы олар арқан балыққа, ал одан кейін шортандарға ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары

Зерттеудің көкейкестілігі: Ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі-сапалы, жаңа заман талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру жүйелі жолға қойылды.
Елбасы: "XXI ғасырда білім беру капиталға айналуда. Оның маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресустарымен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады"-деп атап көрсеткен болатын. Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің басты негізі, алғашқы басқышы. Осыған орай балаға білім стандарты, типтік бағдарламаға, бүгінгі күннің талаптары-мемлекеттік аралық бақылауға сәйкес көлемде білім, білік дағдыларын меңгеру әрқашан көне тәртібінде. Оқушының үлгерімін аралығын-жан-жақты дамытудың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп-ол оқушы тұлғасы мен санасының дамуы шынайы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең.
Білім алудың негіздемелері Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы" заңына, "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасы, "Білім" мемлекеттік бағдарламасы, Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі жылдағы жолдаулары, 2008 жылдың 6 ақпанындағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" жолдауы және т.б. мемлекеттік құжаттарға сай жасалған.
Қазақ елінің 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасында: білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігі көрсетілген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Маңғыстаудың ежелгі қалалары

Маңғыстау - республикамыздың даңқын әлемге әйгілеп отырған қазына қоймасы, мұнайдың өлкесі, көл - көсір тарихы мол өлке. Оның дархан өлкесі Австрия, Швейцария, Нидерланды және Люксембург тектес бірнеше мемлекет түгелімен сиып кетер 8 миллион гектар жерді алып жатқан кең аймақ. Қойнауы - кенге, қыры – мыңғырған малға толы, халқымыздың рухани байлығын әйгілейтін архитектуралық тарихи және мәдени, әдеби мұралар мол сабақталған осы аймақ туралы ертелі - кешті көптеген еңбектер жарық көрген.
Маңғыстау – ерте дәуірден тоғыз жолдың торабы. X - XII ғасырларда Еуропаның көптеген сауда порттары мен қалаларын қамтыған Индия – Орта Азия – Еуропа сауда жолының бірі осы түбек арқылы өткен. Бірқатар еңбектерде Маңғыстау – көне кезден Еуропа – Орта Азия, Орта Азия – Кавказ қақпасы көптеген елдерді байланыстырған, осындай маңызды жолдың бойында болуы Маңғыстаудың мәдени экономикалық саяси өміріне елеулі әсер еткен оның дәуіріне сай үлкен цивилизация орталықтарының дәрежесіне жетуіне әкелген. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Көрсеткіштік теңдеу және оның қолданылуы

Көрсеткіштік теңдеу және оның қолданылуы
Мақсаты: Көрсеткіштік теңдеулерді шешуді тиімді жолдарын қарастыру және ғылымның басқа салаларында қолданылуын зерттеу.
Өзектілігі: Көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін басқа пән есептерінде қолданылуын және өмірде кездесетін құбылыстармен байланыстыру.
Есептеу тәсілдерін жетілдіру XVII ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі болып табылды. Сол кездердегі сауда жасау географиясын одан әрі кеңейту үшін Англия, Франция, Голландия сияқты мемлекеттерге қарапайым есептеулер жүргізетін инженерлер мен «арифметиктерге» деген үлкен сұраныс болды. Көрсеткіштік функция мен логарифмді ойлап табу – есептеу техникасының үлкен жетістігі болып саналды.
Көрсеткіштік функция ұғымы XVII ғасырдың соңында пайда болды. Осы көрсеткіштік функция бағытында үлкен жетістіктерге қол жеткізген және осы ұғымды алғаш енгізген шотландық ғалым Джон Непер......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Қазақстан Республикасының табиғи және сұйытылған газды пайдалануын талдау

Бұл жұмыста еліміздегі мұнай өндірісімен тікелей байланысты газ өнімдерінің өндірілуі, ішкі нарықла тұтынылу деңгейі, экспортқа шығарылатын көлемі және тасымалдаушы магистралды құбырлардың технико-экономикалық жағдайлары толық көрсетіледі.
Жұмыстың әр бөлімінде газ саласын курстық жұмыс тәртібі бойынша талдаймыз.
1-ші бөлімде газ саласының республикадағы жалпы жағдайы айтылады.
2-ші бөлімде Қазақстан Республикасының газ өнімдерін жалпы пайдалану және экспортқа, импортқа шығарылу көлемі көрсетіледі. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырғанымыздай өте үлкен көлемді газ ресурстары магисрралды құбырлармен таратылады. Осы бөлімде магистралды құбырлардың ең бастылары және қосымшалары көрсетіледі. Сонымен қатар газ тасымалдаушы құбырлардың пайдалануға берілген жылдары және қазіргі проблемалары толық қамтылады.
3-щі бөлімде жұмыс бағдарламасы бойынша модель табылып болашақ үш кезеңге болжам жасалады.
Жұмыстың басты мақсаты: Республикадағы газ өндірісінің көлемі мұнай өндірісінің көлеміне тікелей байланысты болғандықтан модель арқылы байланыстың деңгейін анықтау.
Жұмыстың басты міндеттері:
1. Газ өндірісімен мұнай өндірісі арасындағы байланысты анықтау.
2. Анықталған байланысқа қатысты модельдерді құру.
3. Анықталған бойынша болашақ кезеңдегі өндіріс көлеміне болжам жасау.
Модель бойынша еліміздегі мұнай өндірісі болашақтағы үш кезеңде өсетіндігін көрсетеді яғни осыған сәйкес газ өндірісінің өсетіндігін дәлелдейді.
Жұмыста қорытынды және жұмысты жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер келтіріледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымының алғашқы қалыптасу дәуірінде Қ.Қ.Жұбанов «қазақ тілін ғылым тезіне түсіруге» ат салысып, теориялық негізінің қалануында өзіндік ғылыми тұжырымдарын қалдырды. Ғалымның ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық тұрғыдан қалыптасуына негіз болды. Қазақ тілінің жеке мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеу профессор Қ.Жұбановтан басталады. Қ.Жұбановтың ғылыми зерттеулерінде маңызды ғылыми мәселелер көтеріліп, көбі өз шешімін тапты, ал бірсыпыра ғылыми жаңа идеялары ғылымның кейінгі дамуына әсер етті. Тілші ғалымның арнайы сөз етіп, айналысқан тілдік мәселелері әр саланы қамтиды: қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, терминологиясы, ұлттық әдеби тілдің тарихы мен дамуы, жалпы тіл білімі мәселелері [1,21].
Сонымен қатар XX ғ. 60-жылдарында ғана пайда болған «Статистикалық лингвистика», «Лингвистикадағы модельдеу» бағыттарының кейбір бастамаларын Құдайберген Жұбановтың сол кездегі зерттеулерінің өзінен-ақ молынан кездестіруге болады. Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сондықтан ғалым Қ.Жұбановтың дәстүрлі қолданбалы тіл біліміне және оның қазіргі заманға сай жаңа салаларына қатысты ой-пікірлерін, тұжырымдарын саралап қарастыру дипломдық жұмыстың өзектілігін білдіреді [30,122].
Зерттеу нысаны. Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі мен қолданбалы лингвистикаға қатысты көзқарастары мен тұжырымдамалары, еңбектері.
Зерттеу мақсаты. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – проф. Қ.Жұбановтың қазақ тіл біліміндегі қолданбалы лингвистикаға қатысты дәстүрлі және жаңа бағыттарының қазақ лингвистикасынан алатын орнын және ғылыми маңызын көрсету.
Зерттеу міндеті:
- тіл білімінің дәстүрлі қолданбалы саласы мәселелерінің шешілуі;
- тіл білімінің қолданбалы лингвистика саласының жаңа бағытының
шешім табуы;
Зерттеу әдістері. Тарихи салыстырмалы, сипаттау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу тәсілдері. Бақылыу, есепке алу, салыстыру, салғастыру.

Профессор Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі

1.1 Проф. Қ. Жұбановтың өмірі мен қызметі
Профессор Қ.Қ.Жұбанов Ақтөбе облысы, Темір ауданы (қазіргі Мұғаджар ауданы) 9-шы ауыл Ақжар деген жерде 1899 жылы желтоқсанның 19 күні дүниеге келген. Бастапқы білімін әкесі Қуан ауыл ұстасы Сатыбалдыға қозылы қой беріп салдырған мектеп «корпусы» - жыпырайған шым үй. «Педколлективті» құрайтын бір-ақ адам, - ол 1911 жылы Уфадағы медресе «Ғалияны» бітіріп келген жас ағартушы Абдолла Беркінов (бұл кісі сол 1911 жылдан 1955 жылға дейін жарты ғасырдай өмірін жас буындарды оқытып тәрбиелеуге жұмсаған, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімі атағын алған ұстаз болатын). Қ.Жұбанов бұл мектеп қабырғасында оқып жүріп орыс тіліне сонша құмартады. Бірақ бұл мектепте орысша оқытпайды. Сондықтан мұның ретін басқа жерден іздеуге тура келеді. Қосуақтамда тағы бір «оқу орны» болатын. Ол – бір кластық орыс мектебі. Бұл мектептің мұғалімі Хұсайын Ашығалиев. Ол туған халқын орыс елінің тілімен, мәдениетімен, өнер білімімен таныстыру міндетін арқалаған қазақтың алғашқы демократ зиялыларының уәкілі еді. Ол тек орысша сауатты ғана емес, музыкадан да хабардар, ана тілін де, халқының ауыз әдебиетін де жақсы білетін, жастарға ұстаз боларлық жанның бірі болатын. Қ.Жұбанов сол мұғалімге барып тұңғыш орысша сабақты содан алады.
1914 жылы әкесінің қоштауымен Құдайберген Орынбордағы «Хұсайния» медресесіне шәкірт болып кіреді. ХХ ғасырдың бас кезіндегі мұсылман медреселерінде заман ықпалына байланысты, тек діни сабақтар ғана емес, «дүнияуи» пәндер де, яғни азаматтық білім беретін пәндер де оқытылғаны мәлім. Осындай медресе «Хұсайнияда» Құдайберген табиғат пен қоғам жөніндегі ғылымдардан алғашқы мағлұматтар алады. Бұл медресе талапты жастың әрі қарай орысша білімді толықтыра берсем деген ниетіне де кеселдік келтіре қоймайды. Өйткені медресе Орынбор сияқты қалада еді, ал қала ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси – мәдени өрлеу үстінде еді. Мұнда ғалым үш жылдай оқиды, медресе оған дүниетану ғылымдарынан там – тұмдаған мәлімет беріп, оның шығыс тілдерінен (араб, парсы, түрік) бұрынғы білгенін толықтыра, жетілдіре түседі, шығыс әдебиеті классиктерін түп нұсқадан оқи алатын дәрежеге жетеді. Сонымен, болашақ түркологтың шығысты алғаш оқып тануы осымен тәмам болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0