Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Еңбек адамы Әзия Қыстаубаеваның қызметі және өмірі

Зерттеу жұмысының бағдарламасы
● Зерттеу тақырыбы: “Туған елдің экономикасы”.
● Еңбек адамы Әзия Қыстаубаеваның қызметі және өмірі
● І. Диагностика кезеңі
● Тақырыптың өзектілігі
● ІІ. Прагностика кезеңі
● 1) Зерттеу нысаны
● 2) Зерттеу мақсаты
● 3) Зерттеу міндеті
● 4) Зерттеудің әдістері мен құралдары
● ІІІ. Ұйымдастыру кезеңі
● 1) Зерттеу кезеңдері
● 2) Аудандық байқауға қатысу
● 3) Облыстық, республикалық байқауларға қатысу
● ІҮ. Практикалық кезең
● 1) Проблема бойынша материалдар дайындау
● 2) Қосымша мәліметтер жинақтау
● Ү. Жалпылау
● 1) Деманстация материалдарын дайындау
● 2) Аннотация
● 3) Ұсыныс
● 4) Пайдаланған әдебиеттер.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | КӨМЕКШІ СӨЗДЕР

Сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлау әр тілдің құрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін керек. Сөздің морфологиялық құрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын талдаумен ғана тынбайды, оның бүкіл грамматикалық жүйесін, әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жүйелерін де зерттейді[1,126].
Тіліміздегі сөздер лексика-грамматикалық сипаттарына қарай үнемі біркелкі болып келе бермейді. Олар өз ішінде белгілі заңдылықтарға негізделген бірнеше жіктерге бөлініп, соған орай ыңғайласып, топтасып жатады. Сөздерді топтастыруда үш өлшем негізге алынғанымен де, олар барлық сөздердің бойынан бірдей дәрежеде байқалынбайды. Мәселен, үш белгі атауыш сөздерде анық көрінсе, еліктеуіш сөздер мен есімдікте, одағай мен шылауда ортақ морфологиялық белгісі жоқ, сондықтан оларды тек мағынасы мен синтаксистік қызметіне қарай топтауға болады.
Қазақ тіліндегі сөздер семаниткалық және морфологиялық белгілеріне қарай атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп аталатын үш топқа бөлінеді.
Атауыш сөз деп өмірде кездесетін ұғымдар мен түсініктерді не тікелей, не жанай білдіріп, олардың атаулары ретінде қабылданатын және жұмсалатын, өздеріне тән толық лексикалық мағыналары бар, соған лайық, өзді-өздерінің дыбыстық құрамдары мен екпіндері бар дербес сөздерді айтамыз. Атаушы сөздер, өздеріне тән дербес мағыналары болғандықтан, адамның қатынас құралына негізгі арқау я таяныш есебінде қызмет етеді де, өзге сөздермен тіркесіп те, тіркеспей жеке дара тұрыпта керегінше қолдана береді. Олар тілдің грамматикалық заңына лайық түрленіп те, түрленбей де жұмсалып, сөйлемге өз алдына мүше бола алады және олардан тілдегі қалыптасқан тәсілдер бойынша басқа да туынды атаушы сөздер жасала береді[2,39].
көмекші сөз деп дербес лексикалық мағыналары я солғындаған, я мүлдем жоғалған жәрдемші сөздерді айтамыз. Көмекші сөздердің кейбіреулері (шылаулар) дыбыстық жағынан тұрақсыз болады да, әдетте өз алдына екпіні болмайды. Дербес мағыналары болмайтындықтан, көмекші сөздер тек атаушы сөздермен тіркесіп жұмсалады және соған орай сөйлемде өз алдына мүше бола алмайды немесе күрделі мүшенің құрамына енеді немесе сөйлемдердің я сөз тіркестерінің дербес мүшелерінің араларын байланыстыратын дәнекер есебінде қызмет етеді. Көмекші сөздерден туынды жаңа сөздер жасалмайды[2,40].
Одағай сөздер деп адамның әр қилы сезім күйімен байланысты айтылатын сөздерді айтамыз. Өздерінің шығу ерекшеліктеріне қарай одағайлардың өзге сөздермен, мысалы, атаушы сөздермен де, көмекші сөздермен де семантикалық байланыс қатынасы болмайды және сол себептен, сөйлемнің мүшесі болмайды. Бірақ олар бүтіндей сөйлемнің орнына балама есебінде жүре береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (Дөрекі сөздер одағайлар орыс тілі элементтері қарғыс сөздер)

КІРІСПЕ
Көркем сөз өнерінің небір майталмандары сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тіл қорынан алатындығы жаңалық емес. Жалпы халықтық тілді жаңарту, байыту, жаңа қырынан жарқырата қолдану - әрбір жазушының жеке шығармашылық жемісі. Тиесілі сөздің тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті сала білген жазушының шеберлігін танытады. Қандай да бір көркем шығарманың көркі, шұрайы сол шығарманың тілі арқылы көрінеді, тілі арқылы бағаланады.
Тіл – стильдің жаны. Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік мақамы бар. Көптеген халыққа танымал ірі қаламгерлердің үлкенді-кішілі атақты шығармаларын қолға алып үңіле түссең-ақ, кімнің шығармасы екенін айнытпай айтуға болады. Әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарындай өзара ұйқасын тауып, үйлесіп, төгіліп тұратын, артық деп бір сөзін алып тастауға көнбейтін Аймауытов сөйлемдерін, есте ұстауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін "өмірдің өзінен ойып алған" Майлин сөйлемдерін ешкіммен шатастыруға болмайды.
Тақырыптың өзектілігі
Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі.
Көркем шығарманы талдау арқылы көркем әдебиет тілінде экспрессивтік-эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты міндет артып тұрған сөздер мен сөз орамдары, сөйлемдердің үлкен маңызы, мәні бар екенін байқаймыз. Осындай таңдаулардың көмегі арқылы ғана жазушының сөз қолдану ерекшелігі жан-жақты ашылады. Жазушы қолданған әрбір элементтің мейлі ол әдеби нормаға жатпасын алатын орны ерекше.
"Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер" деген тақырыптың қазақ тіл білімінде біраз зерттелгенімен, ол – монографиялық ізденіс ретінде әлі де толықтыра, айқындай түсуді қажет ететін проблема.
Көркем дүниедегі бейәдеби элементтердің стильдік қызметін зерттеу арқылы оның сыры, маңыздылығы ашыла түседі.
Зерттеу деңгейі
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге өзіндік үлес қосқан зерттеушілеріміздің ең алдыңғысы деп Мұхтар Әуезовты айтуымызға болады. Ол сонау 50-жылдардың өзінде "Манас" жырының тілдік өрнектерін талдау арқылы бізге мол мирас қалдырған.
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге қомақты үлес қосып келе жатқан ғалымдардың бірі – Рабиға Сыздықова. Зерттеушінің стилистикаға байланысты жазған ғылыми еңбектерінен жазушының сөз қолданысы, стиліне байланысты құнды пікірлер мен ғылыми тұжырымдарды көре аламыз.
Осындай ірі тұлғалардың ірі пікірлеріне сүйеніп, қазақ көркем әдебиет тілін зерттеуге үлес қосып жүрген зерттеушілеріміздің есімін атап өтпеуімізге болмайды. Шалабай Б, Әміров Р, Бизақов С, Сәрсеке Г, Майтанов Б т.б. осы бағыттағы ірі зерттеушілеріміз.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі қазақ әдебиет тіліндегі бейәдеби элементтердің қызметін көрсету. Ол мақсатқа орай мынадай міндеттерді қойдық:
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орнын, маңыздылығын зерттеу;
Бейәдеби элементердің көркем шығармада қолдану мақсатын айқындау;
Көркем шығармадағы бейәдеби элементтерді маңыздылығын мысалдар арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Осы көрсетілген міндеттерден де аңғарылуы тиіс, дегенмен нақтырақ айтсақ:
Қазақ көркем әдебиеті тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орны, мүмкіндіктері лингвистикалық стилистика тұрғысынан көрсетілді;
Көркем шығармадағы бейәдеби элементтер нақты материалдар (мысалдар) арқылы талданды;
Дөрекі сөз, орыс тілі элементтері, қарғыс, одағай сөздер осы жұмыста кеңінен баса көрсетілді;
Аталған бейәдеби элементтердің образ жасауға қатысы нақты мысалдармен көрсетілді.
Зерттеу жұмысының көмегімен көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің әдеби нормаға жатпаса да шығармада алатын орнының қомақты екендігі барынша дәлелденді.
Зерттеудің әдістері
Жұмыста сипаттау, жүйелеу, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы
Жұмыс зерттеушіні көркем сөз сырына, сөздердің не сөз оралымдарының қолданылу заңдылықтарына қанықтыра түсуде, бейәдеби элементтердің көркем шығармадағы орнын, қызметін, мүмкіндіктерін көрсететін лингвистикалық тұрғыдан талдауда септігін тигізетін танымдар мен талдаулар.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-ТАРАУ. БЕЙӘДЕБИ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА АЛАТЫН ОРНЫ, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

І.1. Дөрекі сөздердің сипаттамасы

Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі. Көркем туынды белгілі бір оқиғаны оқырман сезіміне әсерлі, бейнелі етіп жеткізетіні белгілі. Сол әсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-тәсілдермен жүзеге асырылады. Шығарма тілін талдау әдеби шығарманың көркемдік әрі эстетикалық қасиетін танып-білуге көмектеседі, кейіпкерлер тілінің өзіндік болмысын анықтауға мүмкіндік туғызады және стилистиканың көптеген мәселелерін шешуге көмегін тигізеді.
Көркем әдебиет тілін зерттеу түркологияда өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап қолға алынды. Соның өзінде жекелеген жазушылардың немесе олардың белгілі бір шығармаларының тілін талдау түрінде қалыптасты. Мұндай зерттеулер әзірбайжан, татар, қырғыз, өзбек тағы басқа түркі тіл білімдерінде пайда бола бастады.
Оларда ұлттық әдебиетті дамытуға зор үлес қосқан ақын, жазушылар тілінің сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы, бейнелеу құралдары жан-жақты талдау нысаны болды. Түркологияда осы аралықта көркем әдебиет тілі мәселесін жалпы теориялық тұрғыдан да қарастырған еңбектер жарық көрді. Және проза тіліне қарағанда, өлең тілі анағұрлым терең де жан-жақты зерттелді (24; 25; 26).
Сонымен бірге түркологияда көркем әдебиет тілін әдеби тіл дамуының тарихы тұрғысынан қарап шешу жағы басым болып, ал көркем шығарма тілін өнер тілі тұрғысынан талдап зерттеу жағы кешеуілдеңкіреп қала берді.
Көркем әдебиет тілін зерттеудің қазақ тіл біліміндегі жалпы, қазақ филологиясындағы жайына келетін болсақ, оның біршама қалыптасқан тарихы, жасалған үлгісі, жинақталған тәжірибе.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері құралдары

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
- педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Бауыржан Момышулынын өмірі мен қызметі

Тақырыптың өзектілігігі.Ұлы жеңістің 60 жылдығы да келіп өтті. Қасымызда жүрген ардагерлердің де қатары сиреп барады.Бүкіл адамзат өміріне , тағдырына қанды шеңгелін алған Ұлы Отан соғысының әрбір адамзаттың жүрегіне салған жарасы да сол адамдармен бірге азайып бара жатқандай. Бүкіл әлемді «Ұлы неміс »халқының табанында ұстағысы келген герман фашизмін жеңуде қазақстандақтар да КСРО –ның құрамы ретінде бүкіл соғысқа қатысқан еді.Ерлік көрсеткен адамдар қаншама .Соның бірі де бірегейі- тірлігінде батыр атағын алмаса да халқы бұл атақты өзі берген адам-Бауыржан Момышұлы еді. Бұл адам тек талантты әскер басы ғана болған жоқ, сонымен бірге қаламын қатар жүздірген жазушы да, қоғам қайраткері де болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуында іс - әрекеттің және қарым қатынастың алатын орны

Кіріспе
Қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік – экономиклық дамуы өскелең, ұрпақтың интеллектуалдық, білімділік, жеке тұлғаны қабілеттерін жетілдіре түсуді талап етуде Елбасы Н.Ә.назарбаев өзінің Қазақстан халықына жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, халық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айыпты; «Біз өзіміздің заманаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осынақындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесі турғымыз келетін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін оның білуге және ұғынуға тиіспіз».
Жеке тұлғаның ақыл ойын, танымдық үрдістерін жетірдірудің, әлеуметтендіру, адамгершілік, интеллектуалдық мәдение дамуының жоғары деңгейінің және кәсіби, біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие бере отырып жан – жақты қалыптасқан саналы азамат қалыптастыру бүгінде біздің басты бағытымыз. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына Қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2030» дамуы [1] жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамыңдағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек [2].
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Алматы облысының аумағындағы көлдердің түзілу жолдары

Балқаш-Алакөл ойысының аумағындағы табиғаттағы маңызы зор нысандардың бірі табиғи су қоймалары көлдер болып табылады.Олар Балқаш, Алакөл, Сасықкөл Ұялы сыяқты өзіне тән бірегей органикалық дүниесі бар ірі көлдер Жетісу өңіріндегі жылу мен ылғалдың таралуында, ерекше орын алады.
Аридті аймақ болып табылатын облыс аумағының халқын балық өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар жазғы демалыс орыны болып табылатын көлдерді жан-жақты оқып үйреніп оларды бірегей табиғи нысан ретінде қорғаудың маңызы
Бітіру жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Алматы облысының аумағындағы көлдердің түзілу жолдарын, қоректену режимдерін, табиғаттағы маңымен оларды қорғаудың маңызын ашып көрсетуімен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты:
• Алматы облсының аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдарын;
• -гидрологиялық режимдерін, динамикасы мен су балансын;
• -қоректену ерекшеліктері мен физикалық-химиялық қасиеттерін
• -органикалық дүниесімен табиғаттағы маңызын ашып көрсетіу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биохимия | Бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алу және қасиеттерін анықтау

КІРІСПЕ
Соңғы кезде Қазақстанда өнеркәсіп шикізаттарын өндіру мен қатар ауыл шаруашылық секторын дамыту туралы шаралар қолға алына бастады. Әртүрлі тағамдық заттардың ішінде сүттің және одан жасалған тағамдардың адам тіршілігі үшін маңызы өте зор. Бір жағынан сүт адам организіміне қажетті алмаспайтын аминқышқылдары мен құнды белоктардың негізгі көзінің бірі болып табылса, екіншіден, бұл заттардың тамақтану рацимонында жетіспеушілігі организімнің өсіп дамуына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға соғуы мүмкін.
Сондықтан бие сүтінің химиялық құрамын оның физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу бие сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Біздің елде бие сүтінен оның ферменттік өнімі қымызды өңдейді. Ферменттену процесі кезінде бие сүтінің химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл биохимиялық өзгерістер сүт қышқылы бактерияларының әсерінен жүреді. Содықтан ферменттік процестерді жүргізетін сүт қышқылы бактерияларын қымыздан бөліп алып, олардың физиоло-биохимиялық, антагонистік қасиеттерін анықтап, бие сүтіндегі ферментативтік процестерді ретттеуге болады. осыдан организмге пайдалы өнімнің технологиясына нұсқау жазуға болады.
Жүмыстың мақсаты: бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алып, айқындап, қасиеттерін анықтау.
Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
• Бие сүтінің және қымыздың физика – химиялық көрсеткіштерін анықтау.
• Сүт қышқылды бактерияларды бөліп алу.
• Физиолого- биохимиялық қасиеттерін анықтау.
• Антагонистік қасиеттерін анықтау.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Бие сүтінің химиялық құрамы
Тағамдық өнімдердің химиялық құрамын зерттеу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі боліп табылады. Сүт биологиялық сұйықтық ретінде сүтқоректілер ағзасында, яғни сүт бездерінде синтезделеді. Жануарладың тұқымқуалаушылық қасиеттеріне байланысты сүттің физикалық – химиялық және биологиялық қасиеттерін анықтайтын белгілі бір химиялық құрамы болады. [1].
Сүттің тағам өнімі ретінде жоғары бағасы оның химиялық құрамының ерекшелігімен түсіндіріледі. Сүтқоректілердің барлық заттар түрлерінің сүтінде жас ұрпақтың өсіп дамуына қажет барлық заттар бар. Алайда, сүт құрамы мен қасиеттері жануарлар түріне байланысты ерекшеленеді.
Сүттің химиялық құрамы мен қасиеттері өте күрделі. Жаңа биохимиялық әдістерді қолдана отырып сүт құрамынан 260-қа жуық химиялық заттар табылған [2]. Сиыр және биенің шикі сүтінің химиялық құрамы бірінші кестеде келтірілген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Математика | Туынды ұғымына келтіретін есептер

Кіріспе
Түзудің бойындағы белгілі бір кесіндінің бүкіл бойы қандай да болса бір затпен толтырылған болсын. Бұндай материялық кесінді үшін ені мен жуандығы еске алынбаған стерженьді аламыз. Егер берілген кесіндінің,ұзындықтары бірдей,кез келген екі бөлігінің массалары тең болса,ол кесіндінің массасын бір текті дейді.
Бізге [a,b] сегментінде анықталған y=f(x) функциясы берілсін. Анықталу облысының кез келген нүктесіндегі туындысы туралы сөз қылғанда шеттік нүктелердегі туындылар туралы мәселе де қамтылады.Басқаша айтқанда: біріншіден,егер, y=f(x) функциясының [a,b] сегментінің сол жақ шетіндегі туындысы туралы сөз болып отырған болса, онда нольге тек оң жақтан ғана ұмтылғандағы қатынасының шегін табу керек.
Ақырлы туындыны геометриялық тұрғыдан қарағанда жанаманың бұрыштық коэффициенті деп түсінетініміз бұрын айтылған. Ақырсыз туындының геометриялық мағынасын да дәл солай түсінеміз, бірақ соңғы жағдайда жанама ординаталар осіне параллель болады.
Функцияның ақырлы біржақтық туындыларының бар болуы мүмкін болса, сол сияқты , оның ақырсыз біржақтық туындылары да болуы мүмкін. Ақырсыз біржақтық туындылардың бар болуының аналитикалық сипаттамасы олардың таңбаларының әр түрлілігі болса, геометрияша сипаттамасы жалғыз ғана вертикаль жанаманың бар болатындығы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0