Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды. Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық» деп айта кетті [1]. ....
Курстық жұмысымда инфляция, инфляцияға қарсы саясаттың мәнін алуға жұмыстандым. Инфляция (лат «желбуаз»), ақшаның құнсыздануы-ақша айналысы арналарының тауар айналымы қасиеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Инфляцияның экономикалық жэне әлеуметтік зардаптары сан алуан. Инфляция қарқынының артуына қарай өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленісті ұшықтырыды. Инфляция өндірісті қожыратып, елеулі экономикалық зиян келтіреді, экономикалық саясаттың жүргізілуін қиындатады. Курстық жұмысымды 3 бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімде инфляцияның мәнін, себептерін түрлерін қарастырдым, яғни инфляция теориясына коңіл аудардым. Екінші бөлімде, инфляцияның экономикалық, әлеуметтік салдары, альтернативті көздері, тежеу шаралары мен әдістері, жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген филлипс қисығы туралы қарастырдым. Соңғы бөлімде, инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат туралы, инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктеріне анықтама беріп, мысалдарымен түсіндірдім ....
Соңғы жылдары Қазақстанда жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың табыс алуға бағытталған кәсіпкерлік жұмысы кең даму алды. Бүгінгі күнде кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың дамуына ықпал етеді, яғни ол бүкіл қоғамның дамуына әсерін тигізеді. Шет елдер кәсіпкерлік жұмыстың арқасында, ал кәсіпкерлер өздерінің мемлекеттің қолдауының арқасында дамып отыр. «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді» деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан. Сонымен қатар Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы ролі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді» деп атап айтқан. Яғни ол мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, экономикамыз дамыған болсын деген ұсыныспен халыққа жеткізді. Нарықтық экономиканың дамуы кәсіпкерліктің құрылуымен кәсіпкерге тәрбие берумен қадағалайды. Қазақстан өтетін экономикалық реформа кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар ашты. Кәсіпкерліктің жақсы дамуы жеке мүлікпен экономикалық қызмет еркін болғанда кең даму алады. Қазір Қазақстан кәсіпкерлік қызметсіз іске аспайтын нарықтық қатынастың құрылу стадиясында болып тұр – және осы аксиома менің таңдалған тақырыбымның актуалдылығы болып табылады. ....
Мыңжылдықтар тоғысында, индустриялы қоғамның постиндустриялы қоғамға айналып, барлық халықтар мен өркениетті елдер өздерін шырмауықша орап ғаламдастырудың құшағында қалып қойған бұлтарысы көп тарихи кезеңде ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер алдында бұрын соңды болмаған күрделі де аумақты мәселелер туындады. Бұл түбегейлі өзгерістің мәнін түсіну, әрі қарай дамудың үрдісін көре білу, оңдаған, жүздеген миллион адамдардың мүддесіне сай келетіндей ең тиімді қайта құру стратегиясын таңдай білу өмірдің өзекті талабына айналды. Дүниежүзілік қауымдастықтың мүшелері арасында өзінің лайықты орнын алу үшін әрбір мемлекет өз әлінше алға ұмтылып жатқан кезеңде Оңтүстік Азия субконтинентінің кеңістігіне орналасқан Пәкістан сияқты мемлекеті де әлемдік және аймақтық істерге белсене қатысты. Пәкістан Ислам Республикасы – Оңтүстік Азия субконтинентінің солтүстік-батысында орналасқан. Оңтүстік батысында Иранмен, батысында және солтүстік батысында Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, шығысында Үндістанмен шектеседі. Территориясы – 803 943 мың кв. км, халқының саны – 140,7 млн (2001 ж.). Астанасы – Исламабад қаласы. Әкімшілік жағынан: Пенджаб, Синд, Белуджстан, Солтүстік-Батыс Шекаралық провинцияларға бөлінеді. Халқының 97%-ы – мұсылмандар. Тақырыптың өзектілігі. Пәкістан Еуразия континентінің Азия бөлігіндегі маңызды мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл осы елдің географиялық жағдайы мен экономикалық потенциялына ғана емес, сонымен бірге оның геосаяси процестерге әсер ету дәрежесімен де байланысты. Соңғы кездері Пәкістан аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне көптеп көңіл бөлуде. 1998 жылы Пәкістан үндістан ядролық сынағына жауап ретінде өзінің ядролық қаруларын пайдаланды,
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Пәкістанның сыртқы саясатындағы ұстанған бағыттары мен принциптерінің әлемдік деңгейдегі қызығушылықтарын ғылыми жағынан ашу; елдегі ішкі және сыртқы саяси жағдайлардың шиеленісуі, мемлекет арасындағы қайшылықтарды реттеу, елдің саяси және әлеуметтік өмірін, халықаралық жағдайды және ұлттық аймақтардағы халықтардың жалпы жағдайын негізге ала отырып, жан-жақиы зерттеп, Пәкістан мен Үндістанға қатысты Кашмир мәселесі, және де Ауғаныстан қатынасындағы қайшылықтардың себептерін, оның аймақтық мәселеге қатысы, сыртқы саясатқа әсерін анықтау. Аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына төмендегідей нақты міндеттер қойдық: - қарастырып отырған кезеңдегі Пәкістан мемлекетінің сыртқы саясатына қатысты қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасау; - Пәкістан, Үндістан ұстанған факторларын салыстыра отырып талдау жасау ....
Кіріспе Қазақстан Республикасы білім беру стандартының, базистік оқу жоспарының қабылдануы пәнді оқыту мазмұнына, құрылымына, әдістемесіне елеулі өзгерістердің енгізілуін талап етеді. Қазіргі кезде физиканы оқытуда оқушылардың болашақта қандай мамандықты таңдап алуына тәуелсіз, олардың пән бойынша міндетті дайындық деңгейін қамтамасыз ету физиканы оқытудың өзекті міндеттерінің бірінен саналады. Ал физикалық білім берудің ерекшелігіне әрбір оқушының, оның ішінде пәнге ерекше ықылас пен қабілеттілік байқатқан оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік туғызатын оқытудың деңгейлік және бағдарлы саралауға бағытталуын жатқызуға болады. Физиканың жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі жетекші рөлі, жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретіндегі ауқымды гуманитарлық потенциалының болуы, сондай-ақ оның оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы мүмкіндіктері физиканы мектепте жалпы білім беретін міндетті пән ретінде оқытылуы тиіс екендігін көрсетеді. Оқушыларды қазіргі заманғы ақпараттар ағымының жеделдеп артуымен техника дамуы жағдайындағы өмірге дайындауда және олардың дүниетанымын қалыптастыруда мектепте физиканы жалпы білім беретін пән ретінде зерделеудің үлкен мәні бар. Қоғам өмірінің барлық саласына дерлік компьютерлер енуде, денсаулық сақтау, тамақ өнеркәсібі, құрастыру, күрделі ғылыми, өндіріс, әскери құрал-жабдықтарды жасау мен өңдеу сияқты адам қызметінің көптеген салаларына үнемі өзгеру үстіндегі жаңа технологиялар қарқынды енгізілуде, көптеген мамандықтар лазерлермен, роботтармен байланысты. Сондықтан физика сияқты іргелі ғылымның негіздерімен қаруланудың оқушылар үшін шешуші мәні бар.....
МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР Этнопедагогикалық білім берудің мақсаты — үлтгық сана-сезім, өз халқының тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне біртұтас көзқарас қалыптастыру. Халықтың қасиетін жанымен зерделілердің қатарындағы ғүлама ғалым, ұлы ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің де алар өзіндік орны ерекше. Үлт құндылығын насихаттап, өлмес өнеге танытқан тәлімгер ақын туындылары қазақ этнопедагогикасының зертгеу нысанасы болып табылады. Қазақ халқының өзіндік болмысын, ұлттық менталигетін танытуда тума талант иесінің туыңцыларының мәні аса зор. Мөшһүр Жүсіптің мұралары — маржан сөздері мол, тағылымды философиялық ой-толғаныстарға толы асыл қазына. ауыз әдебиетінің мол қорын эпостан бастап мақал-мәтелге дейін, ертегіден бастап жаңылтпашқа дейін тірнектепхаттайі берген ғүлама "Қазақ тілінен асқан бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалгызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында, әулиешілік те осында" деп адамгершілік үғымының тәлімдік мөнін ана тілінің құдіретінен, қасиетінен қазақ (даналық, ұлггық ойлау жүйесі мен ерекшелігін көре. Ақын шығармаларының мазмұны халықтың әлеуметгік-болмысын терең де шынайы сипаттауымен, адам баласының жақсы-жаман қасиеттерінің жан-жақты ерекшеленеді.....
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруда цехты, учаскені ұйымдастырғын кезде немесе өндіріп отырған өнімнің – детальдің тораптың, бұйымның өзіндік құнын есептеудегі негізгі шығындарға мыналар жатады: - негізгі материалдар; - отын мен энергия; - жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы; - амортизациялық жарна.
Бастапқы мағлұматтар ретінде берілген детальдің, тораптың құрастыру бірлігінің негізгі технологиялық процестері, ондағы қолданылған операциялардың уақытының қажет екендігі болып табылады. Осы мәліметтер бойынша детальді өндіріп шығару үшін қандай жұмыстар атқарылатынын талдап шығу керек: біріншіден- өнімді өндіріп шығару үшін қандай жабдықтар, станоктар, аспаптар қажет екенін есептеу керек. Екіншіден – жабдықтардың саны бойынша цех әлде учаске болатынын белгілеу керек, кейін қажетті кескіш аспаптарды, тетіктерді бақылау аспаптарын, жетектерді бақылау аспаптарын, тағы басқа құралдардың көлемдерін есептеу керек. ....
Кіріспе. Мақсаты: Жеке тұлғаның дамуындағы қарым – қатынастатың және іс-әрекеттің ролін анықтау. Міндеті: - Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуының негізгі ұғымдарын ашу. -Жеке тқлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздерін сипаттау. -Мұғалімнің іс-әрекеті ролін жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жетекші факторы ретінде негіздеу. Өзектелігі: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға жолдауында стратегегиялық ерекшеліктері анықталған. Жолдауда айтылғандай келер ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – «адамдар, олрардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» - деп атап көрсетті. Шынында да Қазақстанның болашақ ұлдары мен қыздары нағыз білімді де, білікті заман талабына сай, жаңаша оқытылып, үйретілген. Халық мүддесін биік қоятын мамандар болуға тиіс екендігі түсінікті. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениетін арттыру біздің басты міндетіміз. ....
ХVІІ ғ.аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі феодалдардың иеліктеріне бөлінді. Қазақ хандықтарының күрделі мемлкеттік аппараты болған емес. Басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген патриархалдық институттар немесе бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Жалпы бұл кезде қазақ қауымы уш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы "Ұлы хан" болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды.....
Тақырыптың өзектілігі. Британ тарихындағы әйел затынан шыққан саяси қайраткерлердің бірінен саналатын, Маргарет Тэтчер есімі, әлем тарихының жадында мәңгі сақталады. М.Тэтчер дүниедегі ең озық саяси идеологиялардың негізін салушы болып табылады. Ол тарихта «тэтчеризм» деген атпен қалды. Бұл саяси идеология Британияда бірқатар әлеуметтік, экономикалық, саяси құрлыстар барысында реформалар жүргізді. Тарихқа терең үңілер болсақ, Маргарет секілді Британ тарихында терең саяси-әлеуметтік экономикалық реформалар жүргізген әйел затынан шыққан қайраткерлер аз болмаған. Мысалы: Елизавета, Виктория ханшайымдардың есімі тарихта мәңгі ұмытылмастай сақталып қалды. М. Тэтчер де сол есімдердің ішінен өз ерекшелігі, құндылығы бар дара есім болып саналады. М.Тэтчер және «тэтчеризм» атауларына қатысты Ұлыбританияда көптеген түбегейлі бет-бұрыстар жасалынды. Бұл туралы бүгінгі таңда да өз бағасын алып, талқыланып келеді. М.Тэтчердің қолдауымен әлемде көптеген өзгерістер орын алды. Оның Кеңес Одағымен 80-жылдардың ортасында байланыс ұстауының өзі көптеген саяси идеологиялардың алмасуы мен төңкерісіне алып келгенін көре аламыз. Осы мәселелерге қатысты әлем баспасөздерінде және Британияда «Тэтчер факторы», «Тэтчер феномені», «Тэтчер революциясы» деген терминдер қалыптасты. Бұл терминдердің сипаты өте жоғары мәнге ие. Бүгінгі таңда әлем саясаткерлерімен, Британ үкімет органдарының ірі өкілдері М.Тэтчердің жүргізген саяси бағыттарына біржақты қолдау білдірмегенімен, оның іскерлігі мен терең саяси атқарған қызметтерін еріксізден мойындайды. М.Тэтчер партия бойынша, консервативтік партияның өкілі болып табылады. Консерваторлар осы күнге дейін оның есімін толықққанды мақтаныш тұта алады. Оған себеп болар айғақтарды біз өз кезегінде толық, тиянақты талқылаймыз.....