Зерттеу өзектілігі. Әр адамға өмірде бір - бірімен араласуы адамдарға үлкен әсер етіп, маңызды роль атқарады. Адамгершілік, адамшылық, достықта жоғары бағаланады. Ешқашан достыққа нақты баға берілмейді, қанша адам болса сонша пікір, ойлар бар сондықтан әркім достықты өз қалауынша түсінеді Біздің сынып өте тату, анам сенің досың сыныптастарының арасында барма деп сұрады, мен көп құрбым бар деп жауап бердім. Ал соның ішінде ең жақын досың кім деген кезде мені бұл сұрақ таң қалдырды көп дос болуы мүмкін, бірақ ең жақын досын бірнешеу ғана болуы керек деген жауапқа ойланып қалдым. Сонымен нағыз дос деген не мағына береді. Достық балалық шақтан басталады, өмір бойы жалғасады. Достықты сатып ала алмайсың, не оны ұстап, не көре алуға болмайды. Барлық адамдарда жолдас көп, біреулерде дос болса, біреулерде мүлдем жоқ. Барлық адам өзін қоршаған ортада ұстай білу керек. Зерттеу жұмысында достықты қалай түсіндіріледі және қалай пайда болатындығын анықтадым Достық адамның қызығушылығынан туып, бір - біріме көмектесуге, қайғы мен қуанышты бөлісуге, көмек керек кезде бір - біріне көмектеседі. Бұл тақырып бастауыш сыныпта ең өзекті мәселе......
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңдағы халық бастан кешіп отырған дағдарысты жеңудің ең маңызды шарттарының бірі ― біздің қоғамымыздың интеллектуалды ресурстарын белсендіру қажеттілігі болып отыр. Жекелеген жағдайда, ол адамның өзін-өзі және өзге адамдарды, қоршаған адамдармен қарым-қатынасын түсіне алу қабілеті, тұлғааралық қарым-қатынастарды болжай алу қабілеті ретінде қабылданатын қоғамдық интеллекттің даму мәселесін болжайды. Заманауи ғылыми білім тұлғаның мазасыздану мәселесіне асқан қызығушылық танытуда. Бұл қызығушылық ғылыми зерттеулерде көрініс беруде, онда бұл мәселе психологиялық және өзге де көптеген аспектілерде талданып, негізгі мәселе болып отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуымен тығыз байланыста болатын жеке тұлғаның эмоционалды-еріктік аумағының қалыптасуы ― психикалық дамуды анықтайтын ұзақ және қиын үрдіс. Ол қоршаған адамдар, әсіресе бала тәрбиесімен айналысатын ересектер тарапынан болатын ықпалдың әсерімен жүзеге асады. Баланың эмоционалды аумағының ерекшеліктерін біле алмайынша, олардың әрекеттеріне тиісінше жауап қайтару, сәйкесінше жазалау мен мадақтау таңдау, тәрбиені мақсатқа сай басқару қиын. Мазасыздану ― біздің заманымыздың өте кең тараған психологиялық феномені. Ол көбіне невроздар мен функционалды психоздардың симптомы болып табылады және де басқа аурулардың синдромологиясына енеді немесе жеке тұлғаның эмоционалды аумағының бұзылуының негізгі түрткісі болып табылады. Мазасызданудың әлеуметтік шарттандырылған фактор ретіндегі мәні Американдық психологтар мен психопатологтар ассоциациясы өткізетін жыл сайынғы симпозиумдардың ең алғашқыларында атап өтілді. Ол зерттеу тақырыбын таңдау мен оны жүргізуге негіз болып отыр. Зерттеу мақсаты: жеткіншек жастағы эмоционалды мазасыздануды қалыпты жағдайда және ауытқуда зерттеу. Зерттеу пәні: жеткіншек жаста мазасызданудың көрініс беруі. Зерттеу объектісі: жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беру ерекшеліктері. Зерттеудің негізгі болжамы: жеткіншектердің қалыпты жағдайдағы және ауытқудағы мазасыздануының сандық және сапалық ерекшеліктері бар деп болжанды. Жеке болжамдар: 1) Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларда мазасыздану деңгейі қалыпты жағдайдағы балаларға қарағанда төмен. 2) Сөйлеуінің қарқыны, ырғағы және жатықтығы бұзылған балаларда мазасыздану деңгейі қалыпты жағдайдағы балаларға қарағанда жоғары.....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі: Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет» - делінген Қазақстан Республикасының Преизденті Н. Ә. Назарбаевты «Қазақстан 2030» бағдарламасында мектепалды даярлық тұжырымдамасының ІІІ – блогының «Мектеп жасына дейінгі балалардың психология» бөлімінде, «Балаларды мектепке психологиялық дайындау» - талаптары қойылған. Қазіргі кезеңде балабақшаларда оқыту мен дамытуы үшін 3-4 сабақты, 4-8 минутты, 10-12 сағатты арнайды. Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін дамыту. Зерттеудің міндеті: Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің даму ерекшеліктерін анықтау. - Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің зерттелу жайы; - Мектепке дейінгі баланың сөйлеуінің қалыптасуы; - Мектепке дейінгі баланың ойлауының дамуы; - Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін зерттеу;....
Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған оқулық ең алдымен, орыстың қала берді Еуропа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам - талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік - танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы - ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш - қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Ыбырай ауыл шаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады. Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан......
Бізге барлық пәндер ұнайды, бірақ математика пәніне деген қызығушылығымыз көбірек болды. Математика пәні туралы көп білгіміз келеді. Маған математика және математикамен байланысының бәрі ұнайды. Біз не істесек те, барлығы математика мен сабақтасады. Математика грек тілінен қазақшаға аударсақ, «білім», «ғылым» деген мағынаны білдіреді. Математика бізге ғаламның көптеген құпияларын ашуға көмектеседі. Біз математика дегенде тек сандар ғана емес мұнда басқа да керемет нәрселер аз емес. Бұрынғы кезден - ақ математиканың көмегімен көптеген небір кереметтер жасаған: дұрыс жолды тапқан және күнді, ай мен жұлдыздарды бақылау арқылы жыл мезгілдердің ауысатын уақытын болжаған. Сонымен қатар Галилейдің «Әлем математика тілімен бейнеленген» деген сөздерінен математиканың құдіреттілігін көруге болады. Математиканың әр түрлі қыр - сырларымен таныса отырып, мен координаталық жазықтық тақырыбына тоқталып отырмын. Координаталар бойында нүкте салу арқылы сурет шығару қызығушылығымды тудырды. Менің бұл тақырыпты алып отырған бірден - бір себебім координаталар бойында өзіміздің ұлттық нақыштағы қазақ халқының баспанасы киіз үйді және ою өрнектерін кескіндеу. Сонымен қатар оларды басқа да көптеген елдерге танытып, қазақ елінің мәртебесін көтеру. Еліме өз үлесімді қосу. Екіншіден біз тек математика пәнінде есеп шығарып ғана қоймай халқымыздың салт - дәстүрін әдеп ғұрпын үйрету. Сонымен қатар математика сабағында ұлттық салт - дәстүрге, нақышқа келтірілген педагогика – психологиялық тұрғыда жазылған есептерді қолдануымызға болады......
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Халықаралық аренадағы жоғары бәсекелестік, жаттығуда күш түсудің үнемі арта түсуі, жарыстағы белдесулердің динамикалығының арта түсуі спорттық жаттықтыру саласында жұмыс істейтін мамандардың алдына оның тәсілдері мен әдістерін одан әрі жетілдіру міндетін қойып отыр. Спортшыларды, оның ішінде жас дзюдошылардың дайындығын үлгілеу проблемасы дене қасиеттерін тәрбиелеудің, спорттық жаттықтырудың және бейімділік дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл ретте ұлттық жеке жарысқа түсу жүйесіндегі бастапқы даярлықтың ғылыми негізделген әдістемесі жас спортшылардың тактикалық даярлығын және жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелілігінің аса маңызды шарты болып табылады. ....
Әлеуметтік педагогика тәрбиелеу процесі және жеке адамның теориялық және қолданбалы бағыттары тұрғысынан қарастырылады. Негізінен әлеуметтік педагогика қоршаған ортадағы адамға қажетті тәлім – тәрбиені беруді басты мақсат тұтады. Бұл жеке адамның әлеуметтенуінен анықталады. Ұлы ғалымдардың ойынша әлеуметтік педагогика – педагогиканың саласы, ол әр – түрлі топтағы адамдардың әлеуметтік тәлім – тәрбиесін белгілі бір орталықтарда, кәсіпорындарда, ұйымдарда қарастырады. Әлеуметтік педагогика педагогиканың тарихына жүгінеді, ол яғни тарихи кезеңдегі оқыту мен тәрбие берудің тәжірибесі және басқа мемлекеттердегі тәжірибелік тәрбие мен оқыту болып келеді. Бұл негізінен педагогиканың басты салалары болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік педагогиканың салаларына: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, кәсіби білім педагогикасы, қоршаған орта педагогикасы, әлеуметтік жұмыстың педагогикасы жатады. Мына айтылған әлеуметтік педагогиканың әр бір салаларының өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Әлеуметтік педагогика әлеуметтік тәрбиемен, әлеуметтік психологияның педагогикасы мен басқару психологиясымен және әлеуметтік біліммен белгілі бір маңызды бағыты ретінде өзара байланыс жасайды. Сондай – ақ әлеуметтік педагогика философия тәрбиесін, қазіргі адамдар арасындағы тәрбиелеуді қарастырып, өз іс - әрекеттерін байланыстыра отырып жүзеге асырады. Қазіргі кезде әлеуметтік педагогиканың басты ерекшеліктеріне: гуманизмдық бағыт, ынтымақтық, достық тәрбиеның қалыптасуы жатады. Көмектесуде ең алдымен адам өз - өзіне көмектесе білу керек, яғни өзін жан – жақты көрсетіп, өзіндік ерекшеліктермен не өзгешелігімен көрініп, алдыға қойған басты мақсаттар мен міндеттерге жауапкершілікпен қарау керек. Әлеуметтік тәрбиедегі гуманизм жеке адамға көмектесуге негізделеді. Әлеуметтік тәрбиедегі гуманизмнің негізгі принципі: адам қандай да болмасын қандай бар солай қабылдау. Оның басына туған проблемалардан қашпай, керісінше бұндай қиын сәттерде көмектесу керек. Қазіргі әлеуметтік педагогиканың басты шарты – бұл өзіндік педагогика бөлімдері. Бұл бөлімдерде әлеуметтік тәрбиелеумен оқытудың әдістері қалыптасқан. Әлеуметтік педагогиканың әдісі: өзіндік тәрбие, өзіндік ұйымдасуға, өзіндік қызметтерді орындауға бағытталады. Әлеуметтік орта дегеніміз – бұл біріншіден өте кең әлеуметтік болмыс, мемлекет, халық. Ал, екіншіден адамдарды қоршап тұрған орта, әрі адамның қалыптасуына өз септігін тигіэетін орталықтар мен ұйымдар. Оларға мысал ретінде мектептегі, жоғары оқу орнындағы арнайы тәлім – тәрбие беруді де жатқыза аламыз. Әлеуметтік тәрбие – көпмағыналы мәнге ие. Бұл адамдардың өздерінің болашақтары үшін қамқорлық, адамдардың қоғамға деген жәрдем жасауы, яғни қиын кездерде көмек көрсету, адамдардың ұйымдарға, орталықтарға қолдау көрсетуі. Бұл адамдардағы көмек көрсету, адамның отбасындағы, халық арасында, құқықтық нормаларда, экономикалық, азаматтық және тұрмыстық қарым – қатынастарда қалыптасқан. ....
Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрлішс ауытқулары бар және жаллы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз -ол апоmolоs грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді. Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бүл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулыктардағы тақырыптарды окуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткеиі оның психикалық даму цроцессі қалыпты жағдайда өтті. Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады. Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар: 1. есту қызметі бүзылған балалар (керең немесс саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); 2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін); 3. сөйлеу қабілеті бұзылған - логопаттар; 4. интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы ....
КІРІСПЕ Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселерінің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады. Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сондықтан пәнаралық байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып отыр. Қазіргі математика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.....