Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік баланс аудиті

КІРІСПЕ
Елімізде мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорындарды жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырылуы, жаңадан қалыптасқан шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысты қызмет етуі мақсатында тиісті экономикалық және құқықтық инфраструктураның құрылуы, республиканың кең шеңберлі халықаралық байланыстары, қаржы нарығына шығуы, шетелдік инвестициялардың көптеп таралуы бухгалтерлік есеп жүйесін кезеңдеуді талап етеді.
Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі кәсіпорындарды ішкі және сыртқы инвесторлар үшін ашығырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік, жалпы еліміздің экономикасын көтеруге оң әсерін тигізеді. Еліміздегі кез – келген кәсіпорынның шаруашылық қызметі бір – бірімен тығыз байланысты – жабдықтау, өнім өндіру өндірілген өнімдерді, тауарларды сатып - өткізу сияқты шаруашылық процесстерінен тұрады.
Бүгінгі таңда әлемдік ғаламдану жағдайында ел Президентінің басты бағыт деп анықтаған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету маңызды рол ойнап отыр. Экономиканың бәлекеге қабілеттілігі мен транспатренттілігінің негізгі белгісі болып, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек екенін ескеру керек.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Инвестициялық жобаны бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да міне, он бес жылдай болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік – экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек.
Бұған туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамытуғ осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңістік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикаттар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілерді ұйымдастырылды. Осындай шаруашылықты жүргізу үшін шет мемлекеттердің инвестициялық қаржылары қажет болды. Елімізжің инвестиция тартудың арқасында көптеген тоқтап қалған кәсіпорындардың жүруіне өз әсерін тигізді.
Елімізде жүргізіліп жатқан саясат экономиканың тұрақты дамуына және инвестициялық жобалардың қалыптасуына өз ықпалын тигізді. Инвестициялық жобаларды шетелден келген және отандық компаниялар өз қызметтерін атқаруда
Қазақстан 50-дамыған мемлекеттің қатарына қосылу үшін инвестициялық жобаларды тиімді пайдалану қажет. Қазіргі уақытта мемлекетіміз Орта Азия елдеріне, өзіміздің инвестициялық жобаларымызда ұсынуда. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Неке және отбасы заңы | Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі

Кіріспе
Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көред, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды. Өйткені әрбір ата-ана балаларының оқу бітіріп, өз бетінше өмір сүруге дайын болған кезінде ғана жеке отбасы болуын қалайды. Олай болса, қазіргі күнде орта мектепті 17-18 жасқа толмай, ал жоғарғы оқу орнын негізінен 22-23 жасқа толмай бітіре алмайтындықтан, оның үстіне өзіне өмірлік жар таңдау жастардың өз еркінде болғандықтан, неке құру жолы бұрынғымен салыстырғанда әжептеуір жоғарылады. Бізде жиналған деректерге қарағанда, қазіргі ауыл жастарының арасындағы алғашқы неке құру негізінен 18-бен 25-тің арасы болып отыр. Кейбір жағдайларға байланысты бұл шамадан әрлі-берлі ауытқуы да мүмкін. Қыз балаларда негізінен 20 жаса дейін тұрмыс құруды ұнатса, ер балалалар армия қатарында қызмет ету борышын өтеп қайтқаннан кейін үй болуды қалайды. Мұның өзі қазіргі өмір талабына байланысты қалыптасқан заңдылық......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Ес елестету

Кіріспе
Өзектілігі: Қоршаған дүниенің біз қабылдаған заттары мен құбылыстары біздің санамыздан ізсіз кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, біз заттар мен құбылыстардың өздері біздің алдымызда жоқ кезінде де оймен оларды қайта жаңғыртамыз. Мысалы, біз Москвада болсақ Кремльді де, Ленин ескерткішін де, Үлкен театрды да және өзіміздің назарымыз ауған көптеген басқа нәрселерді көз алдымызға айқын елестете аламыз. Біз — бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаңғыртып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елестер деп аталады. Елестер өзінің тууына негіз болған қабылдауларға ұқсас, бірақ әдетте күңгірттеу болады, көбінесе қабылдаудан солғындау келеді, одан толықтығы кемірек болуымен ажыратылады. Біздің көз алдымызға елестеткен зат белгілерінің толық емес, тіпті солғын болуын мына мысалдан көруге болады. Бір мектеп оқушысынан өзі күн сайын мініп жүрген велосипедінің суретін салуды сұрайды. Бала бұл суретті салуда мықтап қиналады, оған себеп болған — сурет сала білмеуі емес, педальдың қалай кондырылғанын, жылжу тетігінің қалай орналасқанын т. с. с. есіне түсіре алмауы еді. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек кейбір жақтары ғана бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік, фраг-менттік сипатта болады. Ақырында елестер тұрақты, бір қалыпты емес. Бірнеше минут бойы өзіңізге жақсы таныс бір нәрсені, мысалы өзіңіз тұрған үйді ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты

Кіріспе
Экономиканың өз заңдылығы бар.Ол да адам тәрізді: қалыпты жағдайда дұрыс тыныс алады,аршындап алға басады, тірлік ретті болады.Адамның қызуы көтерілгені сияқты экономиканың да қызуы көтерілетін болады.Адам ағзасы әлсірей бастаған уақытта әуелі түшкірік пайда болады. Бір-екі түшкірік денсаулығы мықты организмге әсер ете қоймауы мүмкін.Түшкірік басылмаса,дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі. Мәселе-кез келген дерттің алдын алуда.Кейінгі кезде инфляция туралы жиі сөз бола бастады. Осы жерде "инфляция деген не? Ол қандай құбылыс, қашан пайда болған?.." деген сұрақ туады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
"Инфляция" термині (латын inflation сөзінен шыққан-кебіну,ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды жане АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының ("гинбектердің") қисапсыз көп шығарылуыменбайланысты болды.XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.Экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңге

Өзімнің жұмысымды мен «Қазақстан республикасының ұлттық валютасының нығайту проблемасы» туралы тақырыпта жазып отырмын. Осы тақырыпты тандап алған себебім, ең біріншіден, теңге – бұл Г.А. Марченко мырза айтқандай «тәуелсіздіктің тұмары». Яғни, ұлттық валюта - әр елдің тарихында маңызды орын алатын және мемлекеттің экономикалық егемендігінің көрсеткіші болып отыр. Ұлттық валютаның енгізілуі нарықтық экономикақа көшуге бағытталган түpлi структуралық өзгерістердің бірі. Осы сәтте, бар жетістіктері мен қиыншылықтарын, теңгенің енгізілуінің алдында, оған артқан үміттерінің ақталғаны немесе ақталмағанын атап көрсеткім келді.
Жалпы айтқанда, ақша - бұл ежелден келе жатқан тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Олар адам арасындағы өндіріс кезінде белгілі бір экономикалық қатынастардың көрсеткіші ретінде саналады. Ғасырлар бойы адам өркениетінің дамуымен қатар, ақша қатынастары мен жүйесі үнемі дамып келеді, және олардың бүгінгі қалпы да біткен іс емес. Теңге де дамып келе жатқан валюта.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметін және ондағы Қазақстанның рөлі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы егменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселерлердің бірі болып отыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының тәрттен бір бөлігін қамтиды. Ұйым құрамында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше екі бірдей алып мемелекеттің, яғни Қытай мен Ресейдің болуы оның халықаралық деңгейде үлкен саяси беделге ие болуына және өңірдегі осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңестіре ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ қызметі ешбір елге қарсы бағытталмаған және ашық жағдайда жұмыс істеуге бағытталған. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап ұзақ мерзімді Ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы сыртқы саясатты белсенді жүргізіп келеді. Бұл арада Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Тұтастай алғанда, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы Қытаймен және Ресеймен, сондай-ақ ұйымға мүше басқа да елдермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саяси бағытқа толық көлемінде жауап береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

КІРІСПЕ
Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы ретеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады. Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да рететуді қажет етеді.
Қазақстан Рсепубликасының өз егемендігін алып, жаңадан анрықтық қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі мемлекеттік ретттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Абонемент тақырыбы деретер қорымен құру

МББЖ – дегеніміз бағдарламалық қамтама. Бұның арқасында қолданушылар деректер базасын (ДБ) анықтай, құрай және қолдай алады, сонымен қатар оған қатынасты бақылай алады.

Аппараттық қамтама. МББЖ мен жұмыс істеу үшін кейбір аппараттық қамтама керек. Ол өте кең шектрде вариациялана алады – дара дербес компьютерден және көп компьютерлерден тұратын желілерге дейін. Қолданылып жатқан аппараттық қамтама қолданылып жатқан МББЖ-ға және организацияның талаптарына тәуелді. Кейбір МББЖ-лер тек қана нақты аппараттық қамтамаға немесе құралға орналған, ал басқалары кең ауқымды аппараттық қамтамалармен және ОЖ-мен жұмыс істей алады. МББЖ мен жұмыс істеу үшін әдетте минимум оперативтік және дискілік жады жеткілікті болады (бірақ ол жүйенің керекті өнімділігіне жеткізе алмайды).
Бағдарламалық қамтама. Бұл компонент МББЖ-ң өзінің бағдарламалық қамтамасын және қолданбалы программаларды қамтиды. Әдетте қосымшалар С, COBOL, Fortran, Ada немесе Pascal деген сияқты үшінші буынды тілдерде немесе SQL сияқты 4-ші буынды тілдерде құрылады. Дегенмен, МББЖ өзі 4-ші буынды құрал-саймандарға ие бола алады. Олардың арқасында ол өзі қосымшаларды тез жасай алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

КIРIСПЕ
Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0