Дипломдық жұмыс: Психология | Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері

КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі. Кітапхана — адамзат баласы жаралғалы бергі аралықта жинақталған ақыл-ойымен мәдениетінің таусылмас қазынасы. Халық сондықтан да оны қасиеттеп, қастерлейді.
Ал кітапханашыларға сол қазынаны шашып шығармай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру міндеті жүктелген. Олардың қызметінің мәні мен мазмұны ең алдымен міне осы міндетті қалай жүзеге асырып жатқандығымен айқындалмақ. Ал ол міндеттерді жоғары деңгейде атқару көптеген факторларға тікелей байланысты.
Кітапханалар бүгінгі таңда өзінің бірегей, көп салалы кітап қорымен оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерді қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші, білім беру орталығы болып саналады. Ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса, пайдаланушылардың оған деген мұқтажы мен сұранысы да шексіз.
Ақпарат қоғамындағы кітапханалардың көрсететін дәстүрлі қызметтерінің бірі — ақпарат кеңістігіне жол ашу, білімді қалыптастыру, озық тәжірибелермен алмасу болып отыр. Осы қызметке жаңаша көзқараспен қарап, әлемдік ақпарат жүйесіне сәйкес, оны жаңа мазмұнмен толықтырсақ, кітапхананың көрсететін қызметтеріне деген әлемдік сұраныс деңгейіне қол жеткізуге болар еді.
Кітапхана жұмысының нәтижелілігі оның ұйымдастыру мен басқару іс-әрекетінің дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты. Оның бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырылуы өзінің болашағын анықтайды. Кітапхананың көрсететін қызметінен, жалпы оқу үрдесі, типті қоғамның барлық саласындағы қол жеткен табыстардың алғы шарты ақпаратқа байланысты. Қай саланың болмасын шығарған өнімін оқырмандардың сұранымына, жаңа технологияға сай етіп электронды ресурстармен қанағаттандырып, насихаттау басты мақсатымыз.
Диплом жұмысының мақсаты — Кітапхана ұжымдары ерекшеліктерін зерттеу, олардың даму динамикасын және кітапхана қызметкерлері өзара қарым-қатынасы сипатын бақылау.
Зерттеу міндеттері:
— кітапхана саласын басқару мен ұйымдастыру процесінің теориялық аспектілерін ашу;
— кітапхана ұжымын ұйымдастыру, басқару және жоспарлау процесіне жалпы түсінік беру;
— кітапхана ұжымының өзіне тән ерекшеліктерін анықтау;
— кітапхана ұжымының әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін зерттеп, оның психологиялық ахуалы мен мүмкін болатын ішкі қақтығыстардың туу себептерін айқындау.
Осыған орай, біз кітапхана ұжымын басқару тәсілдері мен оның жетекшілерінің мінез-құлықтарына бақылау жасап көрдік.
Әрине, бұл мәселені толық шешуді біз өз міндетімізге алғанымыз жоқ, оны соңына дейін жеткізу мүмкін де емес. Сонда да болса, диплом жұмысының деңгейінде, шамамыздың келгенінше, кітапхана ісіне байланысты кейбір мәселелерді шешудің жолдарын қарастыруға, өзімізден кейінгілерге ой тастауға әрекеттендік.
Зерттеу әдістері. Диплом жұмысын жазу үстінде бақылау, ауызша және жазбаша сұраққа жауап алу, кітапханашылармен және кітапхана жетекшілерімен сұхбаттасу сияқты нақты әлеуметтік зерттеулер мен кітапхана ісін бақылаудың дәстүрлі әдістемелері пайдаланылды. Сондай-ақ біз сараптама әдісін де қолдандық. Арыс ауданының ардагер кітапханашылары сарапшылар қызметін атқарады. Өз ұжымдарындағы кейбір мәселелер төңірегінде болған эңгіме мен сауалнама жүргізу кезінде олардың әділ баға бергенін атап айтқан жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Ақшалардың есебі мен ішкі аудиті

Экономиканы нарықтық жолмен жүргізіп және өндірістің сапасын жетілдіру үшін елімізде бірқатар өзгерістердің қажет болғандығы белгілі. Біздің елімізде экономиканы нарықтық жолмен дамыту үшін көптеген реформалар жасалуда. Еліміздің нарықтық қатынастарға сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін дамыған капиталистік елдердің және дамушы елдердің өтпелі кезенінің аспектілерінің оң және теріс жақтарын түбегейлі зерттеп, сонымен қатар нарықтық қатынастар жолымен экономикасы дамыған елдер қазіргі таңда қандай деңгейге жеткенін білу қажет болды.
Кез-келген өркениетті қоғамда нарық механизмі мен мемлекеттік реттеу іркіліксіз жұмыс істейді. Үкімет нарықтың барлық ұйымындары үшін орындауға міндетті экономикалық қатынастың айқын әрі лайықты ережелерін белгілейді. Мұның өзі қоғамға қажетті, әрі тұрақты экономикалық өсудің басты жағдайы болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау 1993-жылғы бухгалтерлік есепті енгізу мен қаржылық есеп беруді дайындаудың халықаралық тәжірибесін зерттеуден басталды. Соған сәйкес мына төмендегі үш жол сарапқа салынып таңдалынды:....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы еңбек биржасы және халықтың жұмыспен қамтылуы

Кіріспе
Осы уақытқа дейін біздің елімізде жетілген еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйенің болуы тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді.
Жұмыссыздық - соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары «екі қолға – бір жұмыс» деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы , яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығымыз жақсы білеміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР салық жүйесі қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары

Әлемдік экономиканың жаһандануы, яғни шаруашылық өмірдің барлық аспектілерінің интеграциялануы мен интернационализациялануы, сайып келгенде әлемдік шаруашылықтарының түрлі салаларының өзара байланыстылығын нығайта түсуде. Жаһандану барысында салық саясаты мен салық жүйесінің өзара үйлесімділігі көрініс табады.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құрып, оның дамуына, ұлғаюына, саяси әлеуметтік істердің толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмететуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық мемлекет бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекттік әлеуметтік-бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың басты міндеті - әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес саланы қаржыландыру болып табылады.Сонымен бірге салық жаңадан құрылған қосымша құнды алудың тәсілі ретінде салық төлеушілердің қаржылық күйіне шешуші әсер жасайды. Салықтың мәні әлеуметтік-экономикалық мәні мен құрылымы мен рөлі қоғамның экономикалық және саяси құрылысымен, сондай-ақ мемлекеттің табиғаты және қызметімен анықталады.салықтар қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі қайнар көзі ретінде құрылуы, ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі және бұл дәстүр нарықтық экономикада да әрекет етеді.
Жаңа қайта құру жағдайларында Қазақстанның салық жүйесін экономикалық даму мен жаһандану құбылысына сай қалыптастыру—еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан өз Отанымыздың салық жүйесінінің қазіргі жағдайын зерттеу және жетілдірудің ғылыми негізделген әдістерін табу—объективтік қажеттілік болып табылады.
Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары» деп таңдап алдым. Менің бұл дипломдық жұмысымда салықтардың экономикалық мазмұнынан бастап, ҚР салық жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы, оны дамытудың перспективалары мен стратегиялық жоспарларын қолдану мүмкіндіктері сияқты мәселелер талданып қарастырылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Тергеу жұмысының психологиялық ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Құқық қорғау органдарының кәсибі қызметі - мемлекеттік қызмет. Мемлекет бұл органдардың алдына белгілі мақсаттармен міндеттер қояды, олар азаматтар мен мүлікті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға басқару тәртібіне қарсы қылмыстарды ескертуге бағытталған. Мемлекеттік құқық қорғау органдарын қайта дайындайтын және жетілдіретін арнайы жүйелерді жасайды. Бұл талаптар құқық қорғаудың букіл жуйесіне және оның өр қызметкеріне қойылады.
Қылмыстық процесс - бұл қылмыстық іс- жүргізу құқығының белгіленген ретпен сәйкес қылмыстық істер қозғалысының өздік өндірісі, бір сатыдан екінші сатыға өтуі. Қылмыстық процесс шегінде алдын- ала тергеу маңызды және көрнекті рөл атқарады. Алдын- ала тергеу бұл- белгілі бір мұратқа бағыттатлған процесс, оның мақсатты тергеуші осы шақта анықтаған іздері бойынша өтіп кеткен мән жайларды қалпына келтіру болып табылады. Тергеуші қызметіндегі психологиялық құрылымның негізгі анықтаушы құрам бөлігі оның әр түрлі фаюілерді жинап, зерттеудегі тану белсенділігі болып табылады. Тек алдын - ала тергеуде ғана өтіп кеткен мән-жайларының модельдерін құрастыру процесі өндіреді.
Фактілерді жинау процесін бастай отырып көп жағдайда тергеуші осы мәліметтерді жинаудың соңғы нәтижелерін білмей, өткен мән- жайлардың толық ойша моделін құрастыра алмайды . Таным қызметінің бұл ерекшелігі алынған ақпаратты жинағанда, таңдағанда бағалағанда зор қиыншылықтарға және әр түрлі болжамдарды көп мөлшерде шығарып тексеру қажеттілігіне әкеп соқтырады.
Тергеушнің қызметінде бар ақпаратты түсініп дұрыс таңдауға жағдай жасайтын криминачистикалық білімі мен тәжірибесі маңызды рольге ие болады. Мұндай білімдер мен тәжірибе қиялдың активизациясы үшін қажетті мән - жайлар болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Тікелей эфирдегі сұхбат

Журналист қай кезеңде де қоғамды толғантып, көпшілікті ойландырып отырған мәселелерге үн қосады және оларды шешудің оңтайлы жолдарын іздестіреді. Әңгіменің өн бойындағы ойлар мен пікірлерді ұлттық мүддеге негіздеп, елдің ертеңіне қызмет жасауға икемдейді. Жүректерді мазалаған жалынды ойлар көкіректі жарып шығып, мейлі ол президент не премьер болсын, сол биік дәреже иелеріне құлаққағыс болып және журналистің сөз майданындағы айқасына алып келеді.
Тақырыбымның өзектілігі сол қазіргі кезде, тіпті бұрын да көгілдір экранда, радиода, баспасөзде де ең көп тараған жанр– сұхбаттың әлі күнге дейін өз ерекшелігімен көрермендерін таң қалдырып, өзектілігін жоймай, замана талаптарына сай өзгеріп жаңа қырымен танылуында. Біріншіден әрі жанр, әрі ақпарат алу әдісі ретінде дуалистік ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Агробизнесті жоспарлаудың болашағы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің 2007 жылғы 28 ақпандағы « жаңа әлемдегі жаңа қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында Республикамыздағы ауыл шаруашылығы саласының қазіргі заманға сай даму деңгейін саралап , айқындап берді. Яғни ауыл шаруашылығын өнімділік деңгейін көтеру, жердің тозуын алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру , сонымен қатар ескірген аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу. Қазақстан Республикасы алдымыздағы жылы ДСҰ-на (дүниежүзілік сауда ұйымы ) кіруді , таяу жылдары әлемдегі дамыған, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр. Ол үшін әлемдік сауда нарығында бәсекелестікке қабілетті сапалы өнім шығару қажет. Сондықтан алға қойылған міндеттердің ауқымында ауыл шаруашылығының барлық салаларына сапалы талдау жүргізіп , бірінші кезекте өркендету қажет болатын бағыттарды айқындау қажет. Мәселен, бүкіл дүние жүзінде жедел дамытыла бастаған ауыл шаруашылық өнімдерінің жаңа рыногы пайда болды , бұлар - экологиялық таза өнімдер, жаңа өндірістер және басқалары.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының халқын, соның ішінде ірі өнеркәсіп орталықтарын қамтамасыз ету жолында Оңтүстік Қазақстан облысының маңызы зор . Себебі бұл өңірдің табиғат климат жағдайы мол өнім алуға зор мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан

Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға кешу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды1.
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі - жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Аудиторлық бақылау (аудит)

Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономи-калық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жүмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығі Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекетгік борыштың аза-юында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуыңда) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
басқарудағы демократизм;
қаржы мәселелеріне саяси тәсіддеме (көзқарас);
басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтай-лы үйлесуі (үштасуы);
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудагы келісушілік;
басқарудағы жауапкершілік ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бірыңғай мүшелердің байланысуы

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен олардың қызметі жай сөйлем синтаксисінің обьектісі болып табылады. Жұмысымызда бірыңғай мүшелер туралы түсінік, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірыңғай мүше болуындағы ерекшеліктері, мүмкіншіліктері, жай сөйлем құрамында бірыңғай мүшелердің байланысу түрлері мен оларды байланыстыратын жалғаулықтар, интонация, орын тәртібі және бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылатын жалпылауыш сөздер кеңінен қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі.
Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда sintaksis – қоспа, біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз о баста сөзбен сөздің бірігу, қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік ұғымға ие болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада.
Синтаксис ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, граматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен құралады: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3. құрмалас сөйлемнің синтаксисі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0