Дипломдық жұмыс: Журналистика | Теледидардың жастардың пікіріне ықпалы

Дипломдық жұмысымның кіріспесін күллі Алаштың арыс-ақыны Мағжан Жұмабаевтың «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» атты өлең жолымен бастауды жөн көрдім:

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер –
Мен жастарга сенемін!

Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | ҚАЗАҚСТАН МЕН КАНАДАНЫҢ БАЙЛАНЫСТАРЫ

Кіріспе
Канада Солтүстік Американың солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі бойынша бүкіл дүние жүзінді Ресей Федерациясынан кейін екінші орын алады. Оның құрлықта АҚШ - пен ғана шекарасы бар. АҚШ- пен көршілестігі - Канаданың саяси және экономикалық – географиялық жағдайын анықтайтын шешуші белгі. Шекараларының сумен ұласып жатуының үлкен маңызы бар. Ұлы көлдер жүйесін Атлант мұхитымен жалғастырып жатқан Әулие Лаврентий өзені елдің басты « теңіз қақпалары » қызметін атқарады және Африка Еуропа құрлықтарына баруға болады. Тынық мұхит арқылы Аустралияға баруға болады. Географиялық орны қолайлы. Оңтүстік және солтүстік батысында АҚШ – пен, теңіздер арқылы солтүстігінде Ресеймен, шығысында Гренландия аралымен шектеседі.
Канада табиғат жағдайлары мен ресурсқа өте бай, табиғат ландшафтысы Ресей жеріне ұқсас. Бұл жерде территорияның өте нашар игерілген жерлер өте көп.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын жоспарлау

Кіріспе.
Ақшаның рөлін айқын түсінуден басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан жәй аталмаған.
Айналым ретінде ақшаның қызметі. Алынған тауарларды төлеу үшін, ақша қызмет көрсетеді. Тауар сатып алушы және оны төлеу бірге жұмыс жасалынады, бұл ақша қызметінің ерекшелігін көрсетеді. Ақша тауар иеленушілердің қысқа мерзімдік төлем құралы болып қолданылады. Сол ақша белгілері әр түрлі келісімдерде көп қайтара қолдану және бір келісімге қатысушыдан екінші бір қатысушыларға орын ауыстыру ретінде қолданылады. Бұл қызметте қолма-қол ақша белгілері қолданылады.
Ақша айналымы ақша белгілерінің қолдай және аударым түрлерінің үздіксіз айналым процесін көрсетеді.
Ақша айналым құрылым әртүрлі нысандар арқылы бөлуге болады. Ақшаның тәуелді қызмет ету түрлері, ақша айналымының жіктелуі неғұрлым кең тараған деп саналады. Сондықтан, осы нысан бойынша ақша айналым қолма-қол және аударым ақша болып бөлінеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы

КІРІСПЕ
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыру керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстанның қазіргі таңдағы демографиялық ахуалы

Кіріспе
Қазақстан Республика болып жарияланғаннан кейін еліміздің тәуелсіздігінің тұрақтылығы ретінде 1993 ж өз конституциямызды қабылдап демократиялы ел ретінде жарияландық. Ел басшылығы яғни басты байлығы халық демекші халқымыз тарихында ең ауыр жағдайларды бастан кешірді. Патшалық Ресейді алсақта, кеңестік өкіметті алсақта қазақтың саны көрші одақтас тыстас түркі халықтарынан саны жағынан азшылықты құрап келді.
Оған себеп 1930 жылдардағы алапат ашаршылықтан қазақ халқы 2 млн-дай адамнан айырылды десе кейбір деректерде Н.Е.Масанов қазақ халқын 1794,4 мың қазақ яғни 46,8%-құраған халық қырылғын дейді. Жалпы 1937 ж жалпы одақтық санақ кезнде халық санының 10%-ы кірмей қалған онын саясат астарына үңілуден басқа шара қалмады. Қазақстанның қазіргі таңдағы демографиялық хал ахуалын зерттеп оны түпкілікті зерттеу жасаушы, зерттеуші ғалымдарымыз саусақты санарлықтай-ақ. Осы тақырыпта оның барынша шындық әлпетін алып көрсету болатын оны алдағы зерттеулер қорытындыларынан қорытынды нәтиже айтармыз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бюджет кодексі | Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері

1.1 Қазақстан Республикасының бюджет кодекiсiн шолу.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Бюджет кодексi бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен пайдалануының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді.
Егер Қазақстан Республикасының бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы атілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ерешелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяталғаннан кейін күшін жояды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері


КІРІСПЕ
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы туралы айтылады. Оның даму жолдары және кез келген қоғамда неге қажет екендігі, оның экономикалық мазмұны жәйлі де жан жақты әңгіме болады. Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың әл ауқатын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі – Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуының басты шарты.
Екінші бөлімде түгелімен бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлеріне байланысты сауалдарды қамтиды. Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада да белгілеулердің жиынтығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банктер жүйесі

Кіріспе
Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатан жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай

КIРIСПЕ
«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнi» тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де. Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің антимонополиялық қызметінің басты міндеті:
- табиғи монополия субъектінің қызметін реттеу; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Материалдық емес активтер

1. Кіріспе.
Материалдық емес активтер — бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі. Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0