Тақырыптың өзектілігі. Қаржылық менеджменттің қазіргі даму жағдайында коммерциялық фирманың әмбебаптану дәрежесінің арту талабы қойылады. Фирма қызметінің қаржы-фирмалық қызметтердің әр түрлі салаларына енуі, соның ішінде фирма қызметтерін дамыта отырып жаңа фирмалық қызметтерді енгізу - өзгермелі қаржылық салаға коммерциялық фирмалардың бейімделінуінің, нарық сегменттерінің басымды салаларын құрудың шешуші жолдарының бірі болып отыр. Осы шартта коммерциялық фирмалар банк нарығына несиелік өнімдер мен түрғын халыққа қызметтердің көптеген түрлерін жасап үсынуда. Мүндай жағдайда қызметтердің бәсекелік қабілеттілігін анықтап отыру және оларға деген сүранысты зерттеу қажеттілігі туындайды.....
КІРІСПЕ Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен өте тығыз байланысты. Жаңа экономикалық қатынастар өткен кезендерге байланысты жұмыскерлерге жаңа талаптар қойады.Бұл тек қана тандау емес, бұл кадрларды оқыту және орналастыру жәнеде жаңаша ойлау қабілеті. Қазіргі уақытта нарықтық қарым-қатынасқа көшкенде жұмыскерлердің негізгі мотивациялық факторы бұл кепілді жалақы алу. Сонын өзінде жұмысқа берілгендігі, жұмыс сапалығы есепке алынбайды. Көбінесе орташа жұмыс кепіліді жалақысы бар, Жалақысы көп күрделі жұмыс емес. Қазіргі кезде нарықта жұмысты ұқыпты орындайтын және негізі салтты жұмыскерлер. Сондада оларда жас тосқауылынан жақсы жұмыс табуға үміт аз, көбінесе олар (50жастан төмен немесе улкен) немесе рекомендацияның болмауынан. Жұмыскерлердің қажеттеліктері мен мотевациялары әрі қарай зерттеліп және жүйеленуі қажет. Сонымен, мотивация деген не? ....
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет. Аудитор латын сөзінен шыққан, яғни ол "тындап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-баскарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор" - "тындаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған. Орта ғасырдың соңға жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп - лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тындауға тиісті кызметкерлерді "аудитор" деп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан ор түрлі етіп жазуға, өзгертуте болады деп тусінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазактың: "бет көрсе- жүз үялады", - деген үлы сөзшің мағынасы осы негізде келетін шығар, екіншіден "тындаушы" мен саған "сенемін" - деген, ал өз кезегінде есеп беруші "сеніміңізді" ақтаймын" — деген адамгершілік касиет негізінде алынған ....
Соңғы жылдары кеңестік психологияның әр түрлі салалары мен қолданбалы зерттеулерінің қарқынды дамуы байқалып отыр. Осылай бола тұрса да, жалпы психоло-гияның теориялық мәселелеріне әлдеқайда аз назар аударылуда. Сонымен бірге кеңестік психология маркстік-лениндік философияның негізінде қалыптаса отырып, психиканы танудың негізінде жаңа тәсілін ұсынып, алғаш рет психологияға жете зерттеуді қажет ететін бірқатар маңызды дәрежелерді (категорияларды) енгізген болатын. Осы дәрежелердің ішінен маңызды мәнге ие болатыны — іс-әрекет дәрежесі. К.Маркстың Фейербах жайлы айтқан әйгілі тезистерін еске түсірсек, бұрынғы мета-физикалық материализмнің басты кемшілігі оның сезгіштікті адам іс-әрекеті, тәжірибесі ретінде емес, сырттай байқап қарау формасы ретінде қарастыруы; әрекеттік жақ материализмге қарама-қарсы идеалистік түрғыда дамыды, дегенмен адамның шынайы сезгіштік іс-әрекеті ретінде емес, оны дерексіз ұғынды. Бүкіл маркстік психологияға дейінгі хал-жай нақ осылай болатын. Алайда марксизмнен тыс дамып келген қазіргі заман психологиясында жағдай бұрынғы қалпында қалған. Онда да іс-әрекетке идеалистік тұжырымдама тұрғысында, өзінің жалпы бағытында материалистік, табиғи ғылыми тұжырымдамасында туған дене құрылысы икемделген және үйретілген енжар субъективтің сыртқы әсерге жауабы ретінде қарастырылады. Бірақ нақ осы жағдай психологияны табиги-ғылыми психологияга, жан туралы гылым психологиясына, бихевиористік психологияга және де (менталисгік) психологиясына бөлінуге әкеліп отыр. Осыған байланысты психологияда пайда болған дагдарысты құбылыстар өлі күйге дейін сақталып, олар енді туңғиыққа кетіп, айқындығы аз түрлерде көрінуде. Психологияны нейрофизиологиямен, кибсрнетика және логикалық-математикалық пәндермен, әлеуметтанумен және мәдениет тарихымен байланыстыратын пәнаралық зерттеулердің қарқынды дамуы бүгінгі таңдағы психология ғылымының іргелі әдіснамалық мәселелерін өзінен-өзі шешпейді. Осы мәселелердің шешілмеуі физиологиялық, кибернетикалық, логикалық немесе әлеуметтік қауіпті ығыстырып, алға басу бағытын күшейтіп, психологияның өз пәні мен өзінің ерекшелігін жоғалту қаупін төндіреді. Сонымен бірге әр түрлі психологиялық бағыттардың қақтығыс жағдайын теориялық алға басудың айғағы бола алмайды. Мәселен, бүгінде қаймықпайтын бихевиоризм өз орнын ымырашыл жаңа биховиоризмге (немесе кейбір авторлардың айтуы бойынша, "субъективті бихевиоризмге"), гештальдық — жаңа гоштальттыққа, фрейдизм — жаңа фрейдизмге және мәдени антропологияға беріп отыр. Америкалық авторлардың қарама-қайшы көзқарастарының бірігуі ("эклектикалық") ұғымның мотивн асыра мадақтаумен болған эклектикәльтқ көзқарастар ешқашан да табысқа жетпеген. Психологиялық фактілердің табылуы мен жалпы қорытындылай әр текті жинақтарды ғылыми топтастыруға болады, әрине, оған жалпы түрде түптеу арқылы оларды жай ғана біріктіру жолымен жатқызу мүмкін емес. Психология ғылымы иық тұруы үшін ол психологиялық тұжырымдамалық құрылыстық әрі қарай жете зерттелуін, жаңа ғылыми теорияларды іздестіруді талап етеді. ....
I Кіріспе Қолқанаттылар Арктика мен Антарктика құрылықтарынан басқа жерлерде кеңінен тараған. Әуеде ұшып тіршілік етуге бірден-бір бейімделген сутқоректілердің өкілдері. Алдыңғы аяқтары ұшу қанатына айналған.Артқы аяқтары ерекше құрылысты: тізелері орала біткен, сол себепті үлкен саусағы артқа, кішісі- ішкі жағында орналасқан. Денесі жалпақ, төсінде бұлшық еттер жетілген, жауырыны- жалпақ. Тунде тіршілік етуіне байланысты есту мушесі жақсы дамыған. Құлақтары да улкенді – кішілі болып келеді. Сезу мүшелерінің ішінде мұрттарының орны ерекшке. Көзі нашар жетілген. Ішектері қысқа, дене мөлшерінен 2-3 есе ғана артықтау. Ас өте тез сіңеді, небары 4 сағаттың ішінде жеген омыртқасыздар толық қорытылып үлгереді. Қолқанаттылардың дене температурасы қыста қоршаған орта температурасынан бар- жоғы 1-2 градус жоғаы болады. Барлық өкілдері қысқы ұйқыға кетеді немесе жылы жақтарға ұшып қоныстарын аударады. Жылына бір рет көбейіп, бір-екі өсім береді Шағылысуы күзден басталып, көктемге дейін созылады. Жатырға түскен ұрық көктемге дейін жұмыртқа клеткасы пісіп- жетілгенше сақталады. Көптеген өкілдері өніп- өсу кезінде, әсіресе қыста, топ-топ болып жиналып, саны бірнеше жүзге, мыңға жетеді. . Дене температурасының өзгеріп тұруы, ұзақ мерзімге ұйықтау, зат алмасуының төмендеуі қолқанаттылардың көпшілігінің 20, тіпті 27 жылға дейін өмір сүруіне себебін тигізеді. Қазба қалдықтары Европа мен Солтүстік Америкада алғашқы эоцен қабатынан табылған. Қолқанаттылар зиянды түн насекомдарымен қоректеніп, үлкен пайда келтіруімен қатар, адам үшін қауіпті індеттер таратуда да алатын орны үлкен.....
Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлер туындау төркіні тереңде жатыр. Айтылған ой жайында В.фон Гумбольдттің: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі – материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдеиет – ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тән”, - деп көрсетеді. /1.32/. Ал, мәдениеттің көне, жанасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екенінен көрінеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э.Сепир: “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” /2.186/ деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған “Сепир – Уорф болжамы” халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты іспеттес болғаны – ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі. ....
Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдармен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекеленген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады. Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етеді. Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшалады шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады. Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табыладын: қағаз және несие ақшалар. Валюталық бағам дегеніміз- бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы. ....
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі. Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді. Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Ж ұ м ы с ы м ы з д ы ң ө з е к т і л і г і : Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.....
Кіріспе Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын. Қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің, қайта бөлудің экономикалық тетігі және ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды талап етеді. Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр......
Кіріспе. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздікке жетуіне байланысты қазақ ұлтының мәдениеті тарихын, ұлт, мемлекет болып қалыптасу бағытындағы даму жолдарын зерттеу үнемі назарда тұратын мәселе болып табылады. Осы мәселелердің бастыларының бірі - қазақ тілінің тарихи қалыптасу жолдарының ерекшеліктерін іздестіру, айқындау. Қазақ әдеби тілін дамытуға өз үлестерін қосқан акын-жыраулардың шығармаларын зерттеу осы саладағы кейбір түйіні анықталмаған мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жеке қаламгер тілінің көркемдік қолданыстары әдебиеттану ғылымында ғана емес, тіл білімінің әр түрлі саласында, оның ішінде стилистика мен семасиологияда, сондай-ақ көркем мәтінді лингвистикалық талдау ыңғайында қарастырылады. Ұлттық тілдің ең жоғарғы дәрежесі - әдеби тілді дамытын, жалпыхалыктык әдеби тіл үлгілерін өз шығармашылығы аркылы жетілдіру үлесі көркем сөз иелеріне тиісті екені даусыз. Шығармаларын қазақ әдебиеттану тұрғысынан ғана зерттеліп, линғвистикалык тұрғыдан шығармаларына ғылыми талдау жасалмай келе жатқан акындар тілінің лексикалық кұрамын, көркемдегіш тілдік кұралдардың лингвистикалық табиғатын аныктау - ғылымға қосылған үлес болып табылмақ.....