Мақсаты: тіс гигиенасын дұрыс қалыптастыру және тіс ауруларының алдын алу. Жұмыстың міндеттері: • тіс гигиенасын сақтау; • аурулардың алдын алу; • тісімізді сақтауда қолданылатын іс - шаралар; Жұмыстың өзектілігі: Әрбір адам өзінің денсаулығын күту керек! Тіс - адам денсаулығының басты тірегі деп айтуға болады. Сау тістермен күлімсіреу – бұл саулықтың, әдеміліктің, сәнділіктің және мәртебеліліктің көрінісі!
Мазмұны І. Кіріспе Тістің экологиялық сипаттамасы ІІ. Негізгі бөлім Тіс гигиенасы ІІІ. Қорытынды бөлім Пайдаланған әдебиеттер тізімі Қосымша.....
Стилистика – тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Курстың мақсаты – студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру. Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары оқу орындарында филолог маман дайындауда стилистика курсының міндеті – студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы, стилистикалық нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі туралы мағлұматтар беру; тілдік құралдарды пайдалану контекстің стильдік реңіне байланысты болатындығы....
1. Діни экстремизм жайлы, экстремистік ұйымдармен күрестегі мемлекеттік саясат жайлы түсінік беру. 2. Деструктивті ұйымдар және оның түрлері, діни секталар немесе ұйымдарға тартуға әрекет жасау жағдайлары. 3. Лаңкестіктің анықтамасын, сипаттамасын беру, түрі мен әдістеріне тоқталу. Тақырыптағы өзекті мәселелер. Тарихында діни нанымдары және діни саналары болмаған халық жоқ десек болады. Сонымен қатар, дінге көзқарас әр дәуірде әртүрлі болды. Біздің елімізде 100 ден аса этностар тұрады және көптеген діни одақтар бар. Мұсылман діні мен христиан дініне құлшылық ететіндердің саны 90%- ға жететін болса, бұдан басқа да буддизм, католицизм, протестанттық және т. б. діндер тараған. Қазақстан тәуелсіздік алып, өзін демократиялық құндылықтарды бағалайтын тәуелсіз мемлекет ретінде жариялай отырып, соның бір айғағы етіп діни ұйымдардың іс - әрекетіне мемлекет тарапынан шектеуді алып тастау, азаматтарды діни көзқарастар үшін қудалауды тоқтату – осының барлығы елімізде «діни толқуларға» алып келді. Тәуелсіздік жылдар барысындағы діншілдер қауымының саны 6 мыңға жуықтады......
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 - бабында мыналар атап көрсетілген: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.». Конституцияға сүйене отырып, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң қабылданды. «Тіл туралы» заңға сәйкес 4 - бапта: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот iсiн жүргізу және iс қағаздарын жүргізу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық - техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге мiндеттi» .....
Кіріспе Біз қазіргі жағдайда жұмыс істеп тұрған нарықтық экономиканы құр- дық. Экономикамыз бен әлеуметтік өміріміз жақсара бастады.Оның ақын көрінісі Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып тұрақты әлеуметтік – экономикалық қамтамасыз етті,ал мұны жетекші халықаралық сарапшылар- дың өзі мойындап отыр.Экономикамыздың тұрақты стратегияны жүргізуінің нәтижесінде бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына,заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жолында.Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді,яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.....
Дайын өнім негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, паспорты, сертификаты және басқадай құжаттармен куәландырады, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары міндетті түрде актімен рәсімделеді. Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім деп» аталатын активті инвентарлық шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айнаплым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады. Дайын – өнім өзіндік құны есептік кезең аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Дайын өнім қабылдау тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі. Қабылдау – тапсыру құжаты (накладной) цехта 2 дана етіп жазылады. Дайын өнім қоймаға тапсырылғаннан кейін, накладнойдың 1 данасы қоймада, екінші данасы цехта қалады. Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады. Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады және оған тиісті накладной қоса тіркеледі. Көптеген белшек сауда кәсіпорындарында тауар есебін ұйымдастырудың күрделі жағдайынан алшақ болу үшін тауардың сату бағасы бойынша есеп әдісін пайдаланады. Өйткені ол сатылған тауардың есептік бағасы бойынша сомасын жеңіл анықтауға мүмкіндік береді, ол үшін бүкіл сомадан чек бойынша жиынтық сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсім болып саналады. Осы жағдайда, тауардың да қалдығын кез келген кезеңге анықтау мүмкіндігі туады. Бұл тәсіл тек қана көтерме саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар да штрих кодтарының көмегімен жүзеге асыруына болады. Тауарлар сатылғаннан кейін тауар бағасы ҚҚС сомасынан «тазартылады», яғни табыс сомасы шығарылады, ол үшін ҚҚС сомасын қызылмен жазады. ҚҚС жалпы табыстан есептелінеді де, тауарлар түскен және кірістелген кезде шегерімге қойылған сомаларды алып тастағаннан кейін қалғаны бюджетке аударылады ....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі сферасына айналып жатыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға таңдалмалығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды. Соңғысы ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен демалыс мақсаттары үшін территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің маңызды бөлігін құрайды. Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.«Рекреация» сөзінің мағынасы – «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді. Емдік-сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының мазмұнын құрау. Соған орай Солтүстік Қазақстанда емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында – денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу; Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты; ....
Зерттеу жұмысының негізі: Наурыз көже және оның құрамы туралы әдебиет. Зерттеу жұмыстары. Бұл мәселеге, сұраққа қызығушылық қайдан пайда болды: Наурыз көженің дәмі өте ұнайды және адам ағзасына пайдалы болғандықтан. Қандай ұсыныңыз бар: Мектеп асханасында, дүкендерде газдалған сусынының орнына Наурыз көже сатылымда болса, себебі Наурыз көже адамның иммунитетін жоғарлатады, және Наурыз көжеде мынандай дәрумендер бар В1, В2, В6 Бұл сұрақтың жауабын қайдан іздедіңіз: әдеби кітаптардан, газеттен, интернеттен және ғалымдармен және өз ой - пікірім бойынша талдадым, зерттеу жүргіздім. Сұрақтар( кімнен не жайлы сұрадыңыз): Жетекшіммен, анаммен бірге жұмыс істедім Жобаға пайдаланылған көрнекі құралдарыңыз: (суреттер, фотографиялар, слайд, тағам түрлері, зертхана құралдары ) Байқауға пайдаланған мәтін түрі: (баяндама, презентация және т. б) .....
КІРІСПЕ Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі, өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу, коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті қарастырады. Стилистика көптеген ғылыми-практикалық мәселелерді қамтиды. Ол тілдегі стилистикалық амал-тәсілдерді ғана қарастырмайды, стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, сондай-ақ ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтап, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларды шешеді [1,6]. Қазіргі стилистика ғылымының проблемалары өте кең: тілдік пәндері кешенді түрде зерттеуді қажет етеді. Тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдерін үйретеді әрі стилистикалық тәсілдерді коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негізгі меже етіп алады. Адамдық фактордың сөзді саналы түрде ұйымдастыруын есепке алып отырады, тілдік емес ситуациялар мен контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Стилистика – тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ғана ретке келтіріп қоймайды, прагматикалық әлеуметтік ықпалы ерекше стилистикалық әсер ететін тілдік бірліктердің қызметін толық есепке ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық және басқа факторлармен бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын тіл ғылымының күрделі саласы. Қазіргі стилистиканың жалпы филологиялық, тілдік немесе әдебиеттік тұрғыдан бөлінуі де оның мазмұны мен бағыттарының әр түрлілігін көрсетеді. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі өте маңызды орын алады. Олардың қатарына функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Жалпы тіл ғылымында стилистиканың даму бағыттарының жоғарыдай түрлерінің пайда болуы, стилистика мәселесінің өте күрделі ғылым саласы екенін көрсетеді. Жалпы тіл ғылымында функционалдық стильдерді былайша топтастырады: – ауызекі сөйлеу тілі; – ғылыми стиль; – ресми стиль; – публицистикалық стиль; – көркем әдебиет стилі [2,8]. Стилистикалық фигуралар жоғарыда аталған функционалдық стильдердің барлығында бірдей қолданыла бермейді. Стилистикалық фигуралар көркем әдебиет стиліне тән стилистикалық тәсілдер болып табылады. Ұлт тілінде көркем әдебиет тілінің алатын орны ерекше. Көркем әдебиет тілінде сол тілдің барлық байлығы еркін қолданылады. Көркем әдебиет стилі – стилистикада әдеби шығарманың көркемдік формасын құрайтын ерекше стиль түрі. Көркем әдебиет стилінің сыртқы құрылымдық жағы туралы әдебиетшілер мен тілшілер арасында ортақ пікірлер бар, сондай-ақ тілдік-стильдік тұрғыдан бөлектенетін тұстары да бар. Көркем әдебиет стилі тіл аясының негізін құрайды. Жалпы алғанда олардың арақатынасы ортақ болғанмен, соған қарамастан „көркем әдебиет тілі” бір-біріне ұқсас емес. Көркем әдебиет стилі өзінің әдеби тілмен ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективті шындығын ешуақытта жоғалтпайды, керісінше қазақ ұлттық әдеби тілінің барлық тілдік-стильдік ерекшеліктері көркем әдебиет стилінде көрсетіліп отырады [3,36]. Көркем әдебиет стиліне әдеби тілдің нормасы да кіреді, сондықтан көркем әдебиет тілі арқылы әдеби тілге қатысты ізденістен көркемдік-эстетикалық топпен бірге стилистикалық категориялары өрбіп шығады. Көркем әдеби стилі жалпы әдеби тілдің ұлттық нормаларына, көркем сөздің нормаларына иек артады. Жалпы халықтық тілден, ауызша әдеби тілден, ауызекі сөйлеу тілінен, ұлттық әдеби тілден негізі қаланған көркем әдебиет стилі көркемдік, құрылымдық, эстетикалық өрісін беруде өзгеше стильдік мәнер түзе алады.....
Тіс жегісі – бүкіл әлемде ең көп тараған аурудың бір түрі, ол дамыған елдердің 90 - 95 пайызында кездеседі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жылдан жылға тіс жегісімен ауратын аурулар санының артып бара жатқандығын байқауға болады. Біздің мектепте де бұл ауру оқушылар арасында кең таралған (қосымша 1). Осы құбылыстың кең таралуының негізгі себебі неде деген сұраққа жауап іздеп, әдеби кітаптардан, әлеуметтік желіден мәліметтер қарағанда тістің бұзылуынан сақтауда сілекей құрамының ерекше әсері бар екендігі жазылған. Бірақ мәліметтер келтірілгенмен, нақты зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан тіс жегісінен сақтаудағы сілекей құрамының маңызына көз жеткізу үшін осы ғылыми жобаны алып отырмын. 1. 2 Жұмыс мақсаты Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызына байланысты зерттеу жүргізу. 1. 3 Жұмыс міндеттері 1. Сілекей құрамын, құрылысын, қасиетін және қызметін қарастыру. 2. Сілекейдің буферлік ерітінді екендігін басқа буферлік ерітінділермен салыстырып отырып анықтау......