Курстық жұмыс: Құқық | Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi

Прокуратураның пайда болу және даму тарихы ежелгi дәуiрлерден басталады. Оның негiзгi қызметтерiнiң белгiлерi ежелгi Шығыс, Греция және Рим мемлекеттерiне таныс болған. Мысалға “Прокуратура” түсiнiгi латын сөзi “procuro”, “қорғаймын, қамтамасыз етемiн, алдын аламын” деген мағынаны бiлдiредi. Мемлекет пайда болғалы, үстем таптардың мүдделерiн қорғау үшiн “procuro” қызметiн атқаратын институттар пайда болды.
Ежелгi және Орта ғасырларда дәлме-дәл прокуратураға ұқсас институттар болған жоқ. “procuro” қызметiн ақсақалдар, ру басшылары, монархтар тiптi мемлекеттiң азаматтары да жүзеге асырған болатын. Бiртiндеп заңды қорғау механизмi дамыған сайын прокуратураның белгi үлгiлерi қалыптаса бастады.
Прокуратура институтының құқықтық жүйедегi алатын орны айқындалған кезде. Мемлекет оғаннақты қызметтер мен өкiлеттiктердi бере бастады. Мысалы, ежелгi Грециядағы халық жиналысында арнайы номофилактар коллегиясы заңдарды қорғау қызметiн атқарған, синофактар институты сотта айыптаумен айналысқан. Римде патрицийлерден қорғану үшiн халық трибунаты құрылды /плебейлiк магистратура/. Оның қызметiне заңдарды қорғау мен соттағы бәсекелестiктi қамтамасыз ету кiрдi. Бiр уақытта, әр түрлi лауазымды тұлғалар мен институттар арасындағы бытырап жатқан “procuro” қызметi бiрiгу жолына түскенде. Прокуратура институты толық құрылып, бүкiл қоғам мүдделерiн қорғай алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Қазақстан қорықтары

Кіріспе
Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы, оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, айдын – шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион гектар жыртылған құнарлы жер, 186,9 миллион гектар шыбындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осы мол табиғат қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы Алматы, Ақсу – Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және Наурызым қорықтарына қоса 1976 жылы ұйымдастырылған Марқакөл қорығының маңызы зор. Ұлан – байтақ республикамызда келешекте де осындай табиғи лабораториялар көбейе берсе дейміз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Таңғажайып 7 саны

Аннотация
Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.
Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», - деген қағидасын ұстанамын.
Ал Пифогор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап–ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз “сан” сөзін пайдаланамыз. Ол “саусақ” деген ұғымды білдіреді. Міне біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7саны және оның қасиеті......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Филология | Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: менің бұл тақырыпты таңдап алған себебім, шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай түрлендіріп, өткізу және оны ұйымдастырудың жолдарын қарастыру. Қазіргі кездің өзінде мұғалімдердің көпшілігі шетел тілі сабағында бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолдануда, сол әдіс-тәсілдердің негізінде шетел тілі сабағын осы заманның талап-тілектеріне сай өткізу керек.
Сабақ- бұл практикалық бөлімнің іске асуындағы, білім берудегі, тәрбиелік және дамытушылық тапсырмалардағы, қорытынды бөлім кезіндегі мақсатқа жетудегі оқу үрдісін ұйымдастыратын негізгі бөлім. Сол себепті мектептегі білім беруді реформалау және шығармашылық дағдыларының дамуына әкелетін маңызды алғышарт болып табылады. Оқушылардың өзіндік жан-жақты, мәдени және шығармашылық дағдыларын дамытуда шетел тілін оқу пәні ретінде көптеген мүмікндіктерге ие. Е.Полаттың ойынша шетел тілі сабағын жаңа, қазіргі талаптарға сай жүргізудің артықшылықтары көп. Бұл дегеніміз шетел тілін оқыту кезінде, білім берудің тиімді жақтарын қалыптастыруға, коммуникативтік және тәрбиелік мақсаттың іске асуын, оқылып отырған пәннің дамытушылық және білімдік мақсаттардың іске асуына мүмкіндік береді.
Шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай ұйымдастыру оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда ұтымды жол болып табылады. Сонымен қатар шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай өткізу оқушыларды жаңа ойларды тудыра білуге, жан-жақты, бір ғана салада емес, әр саладан білім, ақпарат ала білуге, мәселелердің түйінін бір ғана жолмен шешіп қана қоймай, бірнеше жолмен таба білуге, сол қабылданған шешімнің салдарын алдын-ала болжай білуге көп ықпалын тигізеді. Тағы да сабақты ұйымдастыру үшін мақсаттарын алдын-ала белгілеп алмай тұрып, дұрыс ұйымдастырылған сабақты өткізу мүмкін емес. Оқытушы мақсаттарды белгілей отырып, сол сабақта немесе бірнеше сабақ барысында оқушылардың шетел тіліндегі білімі, іскерліктері мен дағдыларын дамытуды көздейді. Шетел тілі сабағын ұйымдастыруды және оны жүргізу үшін сабақ жоспарларындағы мақсаттарды жүзеге асыруға, сабақты негізінен оқушылардың жан-жақты дамытушылығына бағыттай отырып оқыту міндеттерін шешеді.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Орта мектептегі шетел тілі сабағы .
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Орта мектептегі шетел тілі сабағын ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- шетел тілі сабағына қойылатын талаптарға талдау жасай отырып, шетел тілі сабағын ұйымдастырудың мәселелерін анықтау;
- шетел тілі сабағына қойылатын әдістемелік нұсқауларды көрсету;
- шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
1 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Бала дамуындағы ата-ананың рөлі отбасылық тәрбиенің қателіктері

КІРІСПЕ
Жақсы ата-ананың балалары да жақсы болады деген сөздi өте жиi естимiз, сонда осы жақсы ата-ана деген кiмдер. Қазақта бұған байланысты мақалдар да жиi айтылады. Мысалы, “Ұяда ненi көрсең, ұшқанда соны аласың”.
Болашақ ата-аналар өз ұрпағының саналы да сапалы болуы үшiн арнайы бiр әдебиеттердi оқу немесе тәрбиелеудiң ерекше әдiстерiн ұйрену керек деп ойлайды. Әрине, педагогикалық және психологиялық бiлiмдер өте қажеттi, бiрақ тек қана бұлардың өзi баланы тәрбиелеуге жеткiлiксiз.
Ешқашан күдiктенбейтiн, әрқашан өздерiнiң iстерiнiң дұрыстығына сенетiн, ылғи да балаға не iстеуге болады және оған не керек екенiн дәл бiлiп отыратын, әр уақытта өзiнiң баланы өсiруде қалай дұрыс iстеу керектiгiн бiлетiн және әр түрлi жағдайларда өз балаларының мiнез-құлқын ғана болжап қоймай, оның болашақ өмiрiнде кiм болатының көрегендiкпен болжай алатын ата-аналарды жақсы деп айта аламыз ба?
Әлде үнемi қобалжып жүретiн, балаларының жаңа бiр тәртiп бұзуы кезiнде оларды қалай жазалауын бiлмейтiн, егерде жазаласа өз әрекеттерiне өкiнетiн ата-аналарды жақсы дей аламыз ба? Мұндай ата-аналар баласынан күтпеген өгде әрекеттер көрсе қорқады, ол ата-аналар балаларын өздерiн сыйламайды деп күдiктенедi, ал кейде өздерiн жақсы көрмейдi деп ойлайды. Ол ата-аналар балаларын бiр жаман қылық iстеп жүр деп ойлап, олардың болашағын ойлап қиналады. Оларға сыртқы орта “көше” керi керi әсер етедi деп санайды және олар балаларының сихологиялық денсаулығы үшiн сескене бастайды.
Яғни, жоғарыдағы ата-аналардың ешқайсысын жақсы деп айтуға болмайды. Ата-аналардың бала тәрбиелеуде өздерiне қатты сенiмдi болуы да немесе шектен тыс көп сескене берудiң де олардың жақсы ата-ана болуына көмектеспейдi.
Адамның кез-келген әрекетi әдетте бiр нормаға бағынады. Бiрақ тәрбиелеушiлiкте мұндай норма болмайды. Өйткенi бiз өз өмiрiмiзде күйеу және әйел болып немесе кез келген мамандықты қалай тәжiрибеде және теориялық жағынан үйренемiз, сол сияқты ата-ана болып та үйренуiмiз керек. Жанұядағы тәрбие бұл да сол өмiр және бiздiң балаларға деген iс-әрекетiмiз немесе көзқарасымыз өте күрделi, өзгермәлi және қайшылықты болып келедi.
Мысалы, егер ата-ана барлық жағдайда жаңаша көзқараста болса, кез-келген сұрақтарға дұрыс жауап қайтара бiлсе, онда мұндай жағдайда олар ең басты ата-аналық мiндеттi орындай алмайды, себебi баласына бәрiн өзi iстеп отыратын ата-ана баласын өзiнше iзденуге, жаналарды өзiнше танып бiлiп, оның оңы мен солын айыруына мүмкiндiк жасамайды.
Ата-аналар баланың алғашқы қоғамдық ортасы болып табылады. Ата-аналарының тұлғасы кез-келген адам өмiрiнде маңызды рөл ойнайды. Мысалы, өмiрлiк тәжiрибеден алып қарасақ қиын сәттерде бiздiң ата-аналарымызбен, әсiресе анамызбен сөйлесуiмiз кездейсоқ жағдай емес. Сондай-ақ бала мен ата-ана қатынасын бейiмдейтiн сезiмдер – бұл басқа эмоциялық байланыстардан күштi ерекше сезiмдер. Ата-ананың махабатына деген қажеттiлiк – жас өспiрiмге шындығында керектi өмiрлiк қажеттiлiк. Кез-келген баланың ата-анасына деген махабаты шексiз, шартсыз, шекарасыз және мәңгiлiк. Бұл тұрғыда ата-анаға деген махабат өз өмiрiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсе, өсе келе ата-аналарының махабаты адамның iшкi, эмоциялық және псиологиялық әлемiн ұстап тұратын қызметтердi атқара бастайды. Ата-ана махабаты – адамның болашақ өмiрiнiң бағдары, оның дене және iшкi жан дүниесiнiң, денсаулығының қайнар көзi мен кепiлi болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Студенттердің салауатты өмір салты негіздері және дене жаттығулары

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына қоғамымыздың болашағы мен еліміздің мақсаты жайындағы, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын Қазақстан-2030 стратегиясында салауатты өмір салтын қалыптастыру жайында айтылған. Яғни қоғамымызды құруымызға, оны дамытуға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы үшіті күш салуымыз керек делінген. Салауатты өмір салтына ынталандыру, әрқайсысымыздың дене белсенділігінің ерекшелігімен, дұрыс тамақтануымызбен, тазалық шараларын дұрыс орындауымызбен т.б. ерекшеленеді.
Адамның дене белсенділігінің маңыздылығы оның денесінің жетілуіне, денсаулығының жақсаруына, дамуына бағытталған, үйлесімді қызметінің жүйесін құрайды. Оның ең негізгі компаненті болып мақсатқа сай бағытталған қозғалыстарының негізі ретінде дене жаттығуларымен шұғылдануы болып табылады.
Қозғалыс ағзаның функционалдық және морфологиялық қамтамасыз етілуінің, сонымен қатар физиологиялық механизмін басқаратын негіз екенін ұмытпаған жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аударма ісі | Медициналық құжаттар және нұсқаулықтар аудармасы

Аударма – қиын да күрделі, жауапты да маңызды, шығармашылық өнердің ең биігі. Талантты аудармашы әрі аударма зерттеушісі К. Чуковский аударманы “биік өнер” деп бағалаған. Өйткені неміс халқының классигі И. Гете пайымдауында “аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді”. Шын мәнінде аударма қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін адамзаттың арасындағы рухани, мәдени құндылықтарды бір-біріне жеткізуші, халықтар арасындағы байланысты дамытушы, жалғастырушы болып отыр.
Аударма – сан қырлы, дүние, ол – өнер, мамандық, ғылым, шығармашылық іс. Тіл өнері жетіліп, өркендеген сайын аударма да үздіксіз өсе береді. Әр дәуір аударманы жаңа сапалық биікке көтереді, немесе, К.Чуковскийше айтсақ “дәл аударманың қалай жасалғандығы туралы түсінік қалыптасады”. Аудармашыны актерге теңеу бекер емес. Аударма – шығармашылық іс әрі өнер, ол “бәсекелестіктің жоғары түрі, орындаушылықтың бір түрі” (В. Россельс). Чех әдебиет тарихын зерттеушісі әрі аудармашы О. Фишер ХХ ғасырдың басында аударма ғылым мен өнер дәнекерлестігінде қызмет екенін айтады. Олай болса, аудармашы – құрметті мамандық. Өйткені, ол өз ұлтының көркем әдеби шығармаларын екінші бір халықтың рухани игілігіне айналдырумен бірге, сол халықтың үздік туындыларын өз елінің қазынасына қосады. Ағылшын жазушысы әрі сыншысы Илэр Бэлокк “аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс” деп орынды айтқан. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ахмет Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары

Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Ахмет Байтұрсынұлы түркі тіл білімі тарихында грамматиканың барлық саласында ғылыми жол бастаушы және негізін қалаушы ғалым екендігін салыстырудың қорытындылары бойынша дәлелдеу

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы, қазақ тіл лингвистикасының көш бастаушысы, рухани – мәдени тарихымыздың көрнекті өкілі, белгілі ғалым – педагог, қазақ теориясы мен сынының негізін салушы, ақын, аудармашы ,филолог, еңбек сіңірген ғылыми қызметкер.
Бұл жұмыстар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ (түркі) тілтанымдық мұрасы ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі әлем тілтаныммен сабақтас екендігін көрсету болып табылады. Ахмет Байтұрсынұлы тіл біліміндегі мәселелердің негізін қалаушы ғалым екендігін салыстырудың нәтижесіндегі қорытындылар бойынша айқындаймыз.

Жұмыста қолданылған әдістер: Сипаттамалы, ғылыми-зерттеу әдісі, салыстырмалы ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды

Жұмыстың өзектілігі: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы негізінде ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдар өздерінің тілтанымдық концепциясын жасады деген тұжырымды дәлелдеу

Пайдаланылған дерек көздері: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері және оған арналған зерттеу мақалалар, сондай-ақ Н.Ф. Яковлев, Е.Д. Поливанов, И.А. Бодуэн де Куртенэ, В.В. Виноградов, А.М. Кононов, П.М. Мелиоранский, А.Н. Самойлович, Л.Р. Зиндер және т.б. ғалымдардың тілтанымдық еңбектері қарастырылды

Тірек сөздер: термин, тұжырым, дыбыстық жүйе, қорытынды, қазақ тілі грамматикасы, тіл білімінің теориясы, тіл материалдары, практикалық жетістіктер, тіл категориясы, әдіс, орфографиялық норма

КІРІСПЕ

А. Байтұрсынұлы – ғұлама жазушы, энциклопедиялық білім иесі, рухани дүниесі биік ғұлама. Ахмет Байтұрсынұлының өзі және творчестволық мұрасы төрт рет репрессияға ұшырады. Бұл тарихи шындық. Көп жылдар бойы зерттемелері “құлыптаулы” қамал ішінде сақталды. Ахмет Байтұрсынұлы жер шарының алты бөлшегінің бір ұшын қамтыған мемлекеттің тарихында жиі кездесетін көп ақтаңдақтардың біреуі. Ахмет Байтұрсынұлы КСРО-да репрессияланған болса да, Қытай да, Монғолстанда, Түркияда, Германия мен АҚШ ғалымдарының еңбектерінде, А.А. Реформатскийдің, А.Н. Кононовтың және басқалардың зерттемелерінде ХХ ғасырдың ғұлама тілшілердің бірі ретінде танылды.
Бүгінгі таңда, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері терең зерттеле бастады. Бұл зерттемелер, мақалалар, естеліктер мен деректі кинофильмдер және тағы басқалар аз да болса, Ахмет атамыздың жазушылық, қоғамдық-мемлекеттік, педогогикалық қызметін сипаттайды.
Енді қысқаша өмірбаянына тоқталып кетсек, Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 28 (15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші ауылында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлының әкесі (Байтұрсын Шошақұлы) ауылға інісі Ақтасты іздеп келіп, ойран салған патша әскерлерінің полковнигіне қарсылық көрсеткені үшін әскери соттың шешімімен інісі екеуі 15 жылға сотталып, Сібірдің каторгасына айдалды.
Жетім қалған А. Байтұрсынов немере ағасы Ерғазының қолында тәрбиеленді. Ахмет ауылдағы молданың мектебінде (ислам дінінің негіздері, оқу, жазу, Шығыс әдебиеті, ауызекі халық әдебиеті (фольклор), түркі шежіресі, қазақ шежіресі, тағы басқа) сапалы діни білім алады. 1891 жылы Торғай қаласында екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіреді. 1895 жылы Орынбор қаласында, кезінде Ы. Алтынсарин негізін қалаған “Мұғалімдер мектебін” бітіреді. 1895-1905 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уезінде және екі кластық орыс-қазақ училищесінде мұғалім болып істейді. 1907 жылы Ресейдің отаршылық саясатына қарсы күреске қатысқаны үшін тұтқындалып, Қарқаралы қаласының абақтысына қамалды, одан Семей қаласының абақтысына өткізіледі, 1913 жылдың наурыз айынан 1917 жылдың соңына дейін Орынбор қаласында “Қазақ” газетінің бас редакторы болып жұмыс істейді. 1917 жылдың соңынан 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясы жүйесінде және “Алашорда” атты уақытша Халық кеңесінің оқулықтар жазу Комиссиясының құрамында қызмет етеді. 1919 жылы наурыз айында Ахмет Байтұрсынұлы Совет үкііметін қабылдап, сол үкіметтің жүйесінде мемлекеттік істерде қызмет атқарады: 1920-1923 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариатының комиссары; 1921-1922 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми Әдеби комиссияның төрағасы; 1921-1926 жылдары – Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтының мұғалімі; 1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика (тәлім-тәрбие) институтының мұғалімі; 1928-1929 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, 1929 жылы колхоздастыру және конфискация жасау кезіндегі асыра сілтеушілерге ашық қарсы үгіт жүргізгені үшін тұтқынға алынып, Архангельск облысына жер аударылады. Дүниежүзілік Қызыл Кіреске М. Горькийдің жұбайы Е. П. Пешкованың жолдаған өтінішімен А. Байтұрсынұлы 1934 жылы мерзімінен бұрын айдаудан босатылады. 1936-1937 жылдары қайтадан тұтқынға алынады. 1937 жылы желтоқсан айының 8 күні атылады. 1988 жылы қараша-желтоқсан айларында ақталады /7, 13/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0