Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | ХХ ғасырдағы қазақ аудармасының дамуы
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өзіндік орны бар аударма өнері сан ғасырлардан тамыр тартып жатыр. Салт-дәстүрі де, әдебиеті мен мәдениеті де бір-біріне ұқсамайтын екі елдің арасында аударма екеуін жалғастырушы алтын көпір іспеттес. Аударманың тағы бір ерекшелігі ол әдебиеттің бұрынырақ пайда болған жанры болғандықтан, қалған басқа салаларға қарағанда тарихи тереңде жатыр. Қазақ аудармалары шын мәнінде мыңдаған жылдық даму жолын басынан өткерді. Мәселен, әдебиетшілер аударманың тарихын сонау XII-ХIV ғасырлардан бері қарай зерттеуді бастады. Әрине, ол кездерде қазақ әдебиетінің тарихында «Алтын орда дәуірі» деген атпен белгілі болған дәуірде аудармаға ұқсас өзгеше әдеби жанр «назирагөйлік» қатты өркендеп дамыған. Оның өзі әдеби байланыстармен қатысты екендігін осы жерден байқауға болады. Демек, аударманың өзі екі елдің бір-бірімен әдеби жағынан қарым-қатынасқа түсуі, сол арқылы елдердің арасында ортақ әдеби процестің қалыптасуы.
Аударма жанры қазақ әдебиетінде, әсіресе, өткен ғасырлардың ішінде дамудың үлкен бір белесіне жетті. Бұл тұрғыда орыс әдебиетінің классикалық үлгілерінен жасалған аудармаларды зор мақтанышпен көрсетуімізге болады. Атақты жазушылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Жанғаливтар орыс халқының ұлы тұлғалары Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой, Н. Погодиндерден аударма жасап, көптеген озық туындыларды қазақ әдебиетінің алтын қорына әкеліп қосты. Сондықтан көптеген зерттеушілер аударма туындыларды төл әдеби мұраларымыз деп қарастырды. Аударма теориясы мен практикасын ұштастыра қарастырған әдебиеттанушы-ғалымдар Ә. Сатыбалдиев, С. Талжановтар осы саладағы жарияланып жатқан көптеген еңбектерді сарапқа салып, талдауды жүзеге асырды.
Сол сияқты көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жазылы, осы салада кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды, монографиялар жазылды. Аударманы жан-жақы қарастырудың нәтижесінде аударма теориясы деген жаңа ғылым саласы қалыптасты. Аудармалардың өзі бірнеше топтарға бөлініп, оның теориялық және практикалық негіздері дамытыла бастады.
Кеңес үкіметі кезінде аударманың теориясын қалыптастырған С. Талжанов пен Ә. Сатыбалдиев еңбектері бұл жанрдың іргесінің беки түсуіне үлкен септігін тигізді. Ә. Сатыбалдиевтің шетел, орыс жазушыларының туындыларын қазақ тіліне келістіріп аударған тамаша аудармашы екендігі мәлім. Мұның өзі ғалымның екі жақты өнерді шебер меңгергендігін көрсетеді.
Ол көркем аударма саласындағы тәжірибесіне сүйене, аудармашылық өнердің қыр-сырын терең зерттеп, оны жақсартудың нақты жолдарын саралап, құнды пікірлерін ортаға салды. Яғни, көркем аударманың теориясымен де айналысып, аудармада түпнұсқаның ерекшеліктерін сақтау, шығарманың көркемдік күшін, идеялық, эстетикалық әсерін айнытпай жеткізу сияқты мәселелерін алға тартады.
Сонымен қатар майталман теоретик аударма түрлерін де саралайды:
«Еркін аударма – түпнұсқаның шеңберінен шықпай, автордың бар стилін сақтай отырып, аударманы оқуға жеңіл және тартымды етіп шығара білуді еркін жеткізу тәсіліне жатқызады, оның өзін шығармашылық еркіндік деу керек.....

Дипломдық жұмыстар