Курстық жұмыс: Өндіріс | Құс шаруашылығы

Кіріспе
Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Бюджетпен есеп айырысу

Кіріспе
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экология | ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол - табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президент Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп былай деді: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Термин сөздер және олардың қалыптасу жолдары

Кіріспе
Әлемдік қауымдастық Қазақстан Республикасын демократиялық және зайырлы мемлекет ретінде таныды. Кез келген елдің мемлекеттілігін айқындайтын негіз қалаушы фоктор оның тілі болып табылады.
Көп ғасырлық тарихы бар қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты оның қоғамдық маңызы арта түсті. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік – қоғамдық функциясын дамытуда, оның қолданылу аясын кеңейтуде ұлттық терминологияны реттеудің, жүйелеу мен дамытудың ерекше маңызы бар. Ұлттық тілді дамытуда мүдделі өркениетті тіл саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде териминология проблемаларына үлкен мән беріледі. Германия, Франция, Ресей сияқты елдерде терминология комитеттерінің, комиссиялары мен қоғамдық институттарының жұмысы жолға қойылған. Олар өздерінің терминологиялық жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру жөніндегі қызметін мемлекеттік деңгейде жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар терминологиялық жұмыстардың негізі салалық ғылыми - әдістемелік бағыттарын да айқындайды. Бұл ретте нысаны жағынан айрықша мән беріледі. Қазақстан тілдің өзара іс – қимылын, тіл құрылымын, оның ішінде терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі қызметте халықаралық қатынастардың тең құқықты субъектісі ретіндегі тәуелсіз мемлекет бола отырып, әлемдік тәжірибенің неғұрлым оң үрдістерін тиімді пайдалануға тиіс. Тәуелсіз мемлекеттің тілді дамыту саласындағы ғылымы елдің барлық рухани – мәдени өмірінің оң ілгерілеуіне және прогресіне сәйкес келуі тиіс. Қоғамдық өмірдің маңызы салаларында қолданылуы аясын кеңейтуді талап ететін мемлекеттік тілдің қазіргі жай – күйі, оның даму перспективалары ұлттық терминологияның даму деңгейімен, оны реттеумен, жүйелілігімен, тұрақтылығымен және оның қолданылу аясының ауқымымен өзара тығыз байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Философия | Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетанымы

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді. Халқымыздың төл мұралары әлі күнге дейін тиісті дәрежесінде жете зерттелінген жоқ. Оған себеп социалистік реализмнің, таптық қағидалардың рамкалы аясынан шығып кеткен дүниетаным атаулыға төмендетіп қарайтын сыңаржақ астамшылық (шовинизм). Бұрмалау мен белгілі қалыптан шығуды шектеген идеология барлық салалардың зерттеліну дәрежесіне, оның ішінде әсіресе философиялық зерттеу жұмыстары объективті деңгейге жете алмай, тығырыққа тірелген еді.
Қай кезеңдегі болмасын қазақ философиясының ауқымы, сондай-ақ Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ойшылдардың дүниетанымдық мұралары таптық қоғамның тар қалыбына салынып зерттелінді. Олардың дүниетанымы туралы жаңсақ, сыңаржақ пікірлер мен көзқарастар қоғамдық санада берік орнығып, белес алды, бірін материалист, екіншісін атеист деп, олардың ғылыми еңбектерінің сол дәуірдегі идеологияға сай тұстарын көтермелеп келсек, екіншілерін діни идеализмнің шырмауынан шыға алмады деп сынауға бой алдырдық. Рухани өмірдің барлық себеп - салдарын материалдық болмыстан іздеп, сана болмысының өзіндік ерекшеліктерін, даму қисынын жеткілікті дәрежеде ескере бермедік. Осының бәрі аталмыш ойшыл еңбектерінің обьективті сипатын, гуманистік - прогрессивті мәнін толық ашуға мүмкіндік бермеді. Бұл "бостандықты, еркіндікті сүйетін, кең даласы сияқты кеңпейілділігі бар халықтың соған сай философиясы бар халықтың дүниетанымы, ой-пікірлері болу заңдылығына" қарсы жасалынған қиянат еді (3.220). Ал ғасыр басындағы ойшылдардың еңбектері мен шығармалары жеке басқа табыну кезеңінің "құрбанына" айналды. Жарты ғасырдан артық уақыт елінің көзінен таса жатып тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен табылып жатыр. Тәуелсіздікке жетіп, өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан уақытымызда кешегімізді зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар туып отыр. Осыған дейін қазақ зиялыларының, соның ішінде М. Дулатовтың еңбектері негізінен тіл, әдебиет және тарих ғылымдары тарапынан зерттеліп келді. Тілшілер мен әдебиетшілер оның шығармаларының жанрлық, стильдік, тақырыптық қырларына тоқталса, тарихшылар олардың қоғамдық қайраткер ретіндегі қызметіне, саяси -әлеуметтік көзқарастарын зерттеуге басты назар аударды.
Міржақыптың өмірі мен көркем әдеби туындылары алғашқы рет әдебиет саласында 1989 жылдан бастап зерттеліне бастады. Алғаш зерттеу жұмыстары газет пен журналдардың беттерінде басылды. М.Әбсеметов, А.Сармурзин, Н.Канафин, Р.Нұрғалиев, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Ә.Тәжібаев, А.Мектепов және т.б. ақынның шығармашылық еңбектеріне талдау жасады. М.Дулатов еңбектерінің жеке кітап болып басылуына, Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатовамен бірлесе отырып жұмыс істеген М.Әбсеметовтың қосқан еңбегі зор.
М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, ХАсқарүлы және т.б. тарихшылардың, С.Зиманов, К.Жиреншин, Г.Сапарғалиев, М.Құл-Мұхаммед және т.б. заңгерлердің еңбектері алаштықтардың, оның ішінде М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметтері туралы мәлімет береді. Әсіресе М.Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" (4) еңбегі мен К.Нұрпейісовтің "Алаш һәм Алаш Орда" (5) еңбегінің ғасыр басындағы қазақ зиялыларының отарлық езгі мен ортағасырлық мешеулікке қарсы күресін,Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов бастаған саяси қайраткерлердің тәуелсіз мемлекет —Алаш автономиясын құру жолындағы қызметтеріне тың деректер негізінде баяндайды. Философия саласында О.А.Сегізбаевтың "Казахская философия XV - начала XX века" еңбегінде М.Дулатовтың дүниетанымдық мәселелері қаралады. А.Х.Қасымжановтың "Ұлы даланың зиялылары" еңбегінде Міржақыптың қоғамдық ойларына баға беріледі. Д.К.Кішібеков,Ү.Сыдықов,Ж.А.Алтаев,А.К.Қасабеков,Т.Айтқазин, А.М.Тайжанов, Қ.А.Бейсембиев, Қ.Б.Мұхамедханов еңбектерінде ғасыр басындағы зиялыларды ойшыл ретінде қарастырады. Сондай-ақ М.С.Орынбеков, Ғ.С.Есімов, С.Н.Ақатай, Т.Х.Ғабитов т.б. ғалымдардың қазақ философиясы мен мәдениетінің дамуы мен ерекшеліктері жағдайлары жайындағы еңбектері ғасыр басындағы қазақ халқының ұлттық ойлауын қарастырады.
Біз зерттеу жұмысымызда есімдері аталған белгілі ғалымдардың осы тақырыпқа байланысты еңбектерін, құнды пікірлері мен ұсыныстарын басшылыққа алдық.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Ағын судан бөлініп алынған гетеротрофты микроорганизмдерді идентификациялау

Экологиялық биотехнологияның маңызды мәселелерінің бірі судың қорын сақтау, су қоймаларының әртүрлі ластағыштармен ластануының алдын алу және ағынды суларды тазарту болып табылады. Қалалардың және өндіріс орындарының өсуі, ауылшаруашылық интенсификацияның ауқымдылығы көп мөлшерде суды қажет етеді. Жер бетіндегі күнделікті барлық судың шығымы 3300-3500 км, оның ауыл шаруашылықта- 70% пайдаланады. Химиялық, целлюлозды-қағаз, энергетикалық өндірісте, қара және түсті металлургияда және тұрмыстық қажеттіліктерде судың көп мөлшері қолданылып, ағын суға айналады. Осы сулардың көп мөлшері қолданғаннан кейін өзендерге, теңіздерге, суқоймаларға ағын су ретінде құйылады [1].
Қазақстанның барлық территориясында қазіргі таңда көптеген тұрғылықты жерлермен өндіріс орындарының ағынды сулары табиғи және жасанды су қоймаларды ластауы бірден - бір кең таралған өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен су құбыр жолдарымен және жоғары тиімді тазалау құрылғылары қолданыла отырып, биологиялық әдіспен тазалаудың маңызы жоғары [2].
Қалдық суларды тазалау құрылымдарында органикалық қосылыстарды толығымен биологиялық ыдырату микроорганимдер, балдырлар және саңырауқұлақтар көмегімен жүзеге асырылады. Бұл микробиоценоз өкілдері бір-бірімен күрделі қарым-қатынастар (метабиоз, симбиоз, антогонизм, т.с.с) арқылы біртұтас кешен түзеді. Мұнда бастапқы орынды бактериялар алады, яғни бактериялардың түрлік құрамы ағын судағы органикалық заттарға байланысты. Тазалау құрылымдарының микробиоценозында автотрофты топтарға қарағанда гетеротрофты бактериялар доминантты болады [3].
Ағынды сулардың құрамы орналасу орнына, шығу тегіне байланысты әртүрлі. Құрамындағы ластағыш органикалық заттарды деструкциялау үшін микроорганизмдер қауымдастықтары пайдаланылады. Ағын сулардың ластануы бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр [4].
Сондықтан, жұмыстың мақсаты ағынды судан бөлініп алынған гетеротрофты микроорганизмдерді идентификациялау және ағын суларды фенол, фенол қосылыстарынан тазарту мақсатында бос және иммобилизденген клеткаларын пайдалану мүмкіндігін зерттеу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | Орталық Азияға ислам дінінің таралуы

Тақырыптың өзектілігі Өркениеттік және техникалық дамудың ырық бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде, жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес, сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық елестетіп отыр . Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден – мақсатқа бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстың дамуы.
Қазақстан егемендік жылдар ішінде ұзақ жолдан өтті. Саясаттың жаһандануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және жаһандану процестері жекелеген мемлекеттердің де сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен қызметіне үлкен ықпал етуде. Халықаралық қатынастар саласында жекелеген мемлекеттер өздерінің ұлттық мүдделерін іске асыру үшін бір-бірімен өзара қатынасқа түсті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН САБАҚ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-техникалық жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық-патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда.
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасында «мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғастығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүдесі мен бірлігінің тоғысуына негіздеулі керек. Мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс», деп өте орынды айтылған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық есеп беруді жасау

КІРІСПЕ
Шаруашылық субъектілері меншік иелігінің кез-келген түрлері нарықтық әрекетке түсуші құқықтық тұлғалар,ұйымдармен меке-мелердің барлығында бухгалтерлік есеп жүргізіледі.Меншігіндегі қаражаттары, мүліктері, қорлары,капиталы, міндеттері, өндіріс дайын өнімдері, тауарлы материалдық құндылықтары, негізгі құралдары,
Айналым қаражаттары,сатып алу мен сату өрісі, шаруашылық жүр-гізу өрдісі бар шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жүргізу экономикалық қатынастардың басты мәселесіне жатады.Сондықтан бухгалтерлік есепті күрделі жүйе деп түсінген жөн.
Экономикалық қатынастың барлығы есепке алыну керектігі бух-галтерлікесепке тән мәні мен мағнасына алғы шарт және міндетті түрде орындауға тиісті үрді.Мақсаттар мен міндеттердің нақтылы іске асатындығын есептеп ақпарат жүйесін қалыптастыруда бухгал-терлік есептің атқаратын рөлі өте зор.Сондықтан бухгалтерлік есептің алғы шарты экономикалық қатынастарға мұның өзі теориялық зерттеуге басқарудың тиімді жолдарын анықтауға ақпараттар дайындайтын ерекше құрылым.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы халықтық идея

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық.
Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы хал-қымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған.
Қазақ халқының көрнекті тұлғаларының, соның ішінде тоталитарлық режим тұсында жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған ойшыл ғалымдар, қоғам қайраткерлері әрі жазушы-педагогтары А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедовтың педагогикалық ой-пікірлерін зерттеу ғылыми-практикалық маңыздылықты арттырады, педагогика тарихы курсының ауқымын кеңейтіп, мазмұнын байытады.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында "Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі" атты халыққа Жолдауында "Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар "Алаштың" ардақты азаматтары еді", - деп, олардың тарихта алатын орнына өте әділ баға берді.
Сол заманның тегеурінді күш иелері жаңсақ, әділетсіз пікірлер салдарынан "Алаштың" ардақты ұлдарының шығармалары ұзақ уақыт бойы халық назарынан тыс қалды. Дегенмен де, кейінгі кездері еліміздің әр түрлі ғылым саласындағы ізденімпаз ғалымдарының табанды еңбектерінің арқасында аталған жазушы-педагогтардың мұраларын танып-білуге көптеген зерттеулер дүниеге келеді.
Жұмысты терендете мазмұндап, құнды ғылыми деректермен дәлелдеуде республикамызға белгілі тарихшыларының (М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, М.Мүқанов, Т.Омарбеков, т.б.), саясаттанушыларының (М.Тәжин, К.Нұрпейісов, К.Көшербаев, М.Тәтімов, т.б.), философтарының (Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Н.Сәрсенбаев, А.Қасымжанов, О.Сегізбаев, Қ.Бейсенов, А.Қасабеков, Ғ.Есімов, т.б.), әдебиеттанушыларының (М.Әуезов, М.Ғабдуллин,
Ә.Қоңыратбаев, М.Тілеужанов, Н.Келімбетов, М.Әлімбаев, т.б.) зерттеу еңбектерінің көмегі зор болды ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0