Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қой эшерихиозына қарсы тірі вакцинаның тиімділігі

Тақырыптың өзектілігі: Қой өсіру – Қазақстан Республикасының мал шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Қазіргі уақытта қой етіне деген сұраныс артып отыр, Қазақстан Иран, Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы елдерімен келісім-шартқа отырып, қой етін экспорттауда. Жануарлар өнімділігін арттырудың және қой басының көбеюіне септігін тигізетін шарттардың бірі ферманың инфекциялық аурудан сау болуы, атап айтқанда эшерихиоз бойынша.
Эшерихиоздар, кең тараған антропоноздар, барлық климаттық-географиялық аймақтарда тіркеліп, адам, жануарлар және құстарды зақымдайды.
Ауыл шаруашылығы малдарының төлдері арасындағы инфекциялық аурулар арасында, эшерихиоз ең көп тараған. Ауру қоздырушысының көзі болып, ауру және ауырып жазылған мал болып табылады, олардың ішек-қарын жолдарында патогенді эшерехиялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Көптеген елдердерде жүргізілген, індеттанулық зерттеулер көрсеткендей, жаңа туған қозылардың азық қорыту патологиялары негізінен, шығу тегі инфекциялар және оны энтеротоксигенді эшерехиялар тудыратынын көрсетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКОВ

Ежелден береке дарып, бақ қонған Жиделібайсын жерінің ең бір әлуетті руы Қоңырат болғанда, сол Қоңырат руының жұрттан асқан жуан сіңір байы - Байбөрі еді. Байбөрінің байлығында есеп болмайтын. Төрт түлік малы Жиделібайсынның байтақ даласында аңдай өріп, көрген жанға қара жерді қайыстырып жатқандай әсер беретін. Мұрындық, ноқта тимеген, түйешілер мінбеген маясының өзі сексен мың еді. Мыңғырып өрген қойын айтпағанда, ең даланың шоқ-шоқ боп біткен тоғайы сайын табын-табын жылқы шұрқырап жататын. Ол да ештеңе емес, дәулеті тасыған Байбөрі жаңағы тоғай сайын мыңнан біткен жылқыларын түсіне қарай иіріп, торысына бір бөлек, қарасына бір бөлек, бозы менен аласына бір бөлек қос шығарған. Мұның өзі сырт көзге өзгеше сән-салтанат сияқты әсер беруші еді.
Байбөрі қанша бай болып, дәулеті шалқып жатса да, жүрек түкпірінде орны толмай, орындалмай жүрген бір арманы болатын. Ол - тұяғын жалғап, орнын басар, түтінін түтетіп, шаңырағына ие болар бір перзентінің жоқтығы еді. Жас кезінде дүниенің бітпес қызығына елігіп жүріп аңдай бермепті. Бойдан қуат, білектен күш қайтып, тіршіліктің әсіре қызыл өткіншілігіне ой зерделеткен шағында көкірегіне шемен болып қатқан қасіреттің ең зоры - баласыз, алды-артының тұлдырлығы екенін аңғарған жайы бар. Оның үстіне, «Жығылғанға - жұдырық» дегендей, Байбөрінің ет жақын ағайын-туғаны да селдір. «Жыласаң - жұбатып, сүрінсең - демейтін қандасың болса, оған да шүкірлік етер едің ғой деп», - Байбөрі мұны да бір арман қылатын. Жоққа жүйрік жеткен бе, тәйірі, мұндайда немере-шөбере болып келетін аталас туысы Құлтайды іш тартып, өзінше қара тұтатын.
Күндер зулап өтіп жатты. Байбөрінің қасірет-қайғысы өршімесе, кемитін болмады. Дүние дидарының пендешіліктен кенде болған кезі бар ма, біреулер Байбөрінің зарына құлақ түріп мүсіркеп жатса, енді бірі іштей қыбы қанып, мұқатып, жасытып кететін. Тіптен, кейбір бақталас бәсекелестері баласының көптігін мақтан етіп, өктем сөйлеп, мағұрланған да сыңай танытушы еді.
Бір күн Байбөрінің жамағайыны Құлтай келіп кеңес береді.
— Уа, Байбөрі,— дейді Құлтай,— сенің басыңдағы қуанышты ғана емес, қайғыны да тең бөлісер ет жақының болған соң, бір орайы келген істің жайын айтайын деп едім.
— Айта бер, Құлтай, жабыққан көңілді жұбатар жақсылық болғай да! — дейді Байбөрі еңсесін көтеріп. Соңғы кезде әр нәрсеге өзінше жору жасап, көрген түсіне дейін бір перзенттің уайымымен ұштастыруды дағды еткен Байбөрі қазір де іштей толқып, Құлтайдың лебізінен қасіретіне дауа күткендей күйде еді....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы грамматикалық құрылысы

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген сан ғасырлық тарихи белестерін жан-жақты айқындап, оның бүгінгі күндегі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету – негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенімізді безбендеп алмай алға баса алмаймыз. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі – морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуын, оның қалыптасу, даму процесін жан-жақты ашу, оның даму барысындағы өзіндік ерекшеліктерін талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
- Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;
- Етістіктің өткен шақ категориясының өзіндік топтарға бөлу барысында болған бағыттарды, олардың идеясын анықтау.
- Шақ категориясының етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория екенін анықтау.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы. Морфология саласының ең өзекті мәселесі – шақ категориясы. Шақ категориясының өткен шағын грамматикалық топтарға жіктеу.
Мәселені көтеру. 1) Шақ категориясы – грамматикалық категориялардың ішінде етістікке тән категория ретінде бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқандығы;
2) Грамматикалық категориялардың ішінде шақ категориясының дамып қалыптасуы барысында басқа етістікке тән категориялардан айырмашылығы бар екендігі, оларды бір-бірімен ажыратудағы қиыншылығы;
3) Шақ категорияларын, оның ішінде өткен шақ категориясын топтастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің өз ұстанымы тұрғысынан келуі себепті өткен шақ категориясының саны да, сапасы да өзгеріп отыратындығы;
4) Бүгінгі таңда шақ категориясын тілші-ғалымдардың түрлі топтарға бөлу барысында жетістіктерге қол жеткізуі өткен шақ категориясының қазақ тіл білімінде орнығып қалыптасқандығы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Аралас экономика мәні

Аралас экономика дегеніміз бұл мемлекетін тікелей аралсуы емес аралас деп атаймыз.Жеке меншікте бар және мемлекетін меншігіде бар. Мемлекетінменшігіне темір жол, космостық аймақтар және тағы басқалар жатады.Қазақстан Республикасын аралас экономика деп санауға болады. Өйткені мемлекетін үстемдігі бар. Біздің экономикада
Нарықтық экономика белгіленген.1993-1995 жылдары қабылданған Конституцияда белгіленген жеке меншікті мойындады Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика - бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» — дейді.
Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра — өзара іс-әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.
Қандайда бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай болуы керек? ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТР-ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ-шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менеджмент | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ

КІРІСПЕ
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар.
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогтық қабілет және оның құрылымы

Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басьшан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды.
Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен түрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен және сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда - адам өледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Темперамент туралы жалпы ұғым

КIРIСПЕ
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта және орта мектепте қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Мектепте оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау , мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Мектептегі бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң, әсіресе бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi.
Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.
Оқушылардың мінез –құлқын жан –жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөлудің маңызы зор.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас жүгірушілердің орта қашықтыққа жүгіруді оқытуда жаттықтыру күшінің құрылымы

Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Австралия территориясының геологиялық даму тарихы мен пайдалы қазбалары

Австралия – жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Басқалардан кейін ашылып, қонысталынған бұл материктің аты латының australis – оңтүстік деген сөзінен шыққан.
Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте материктің шағын, оңтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктің шеткі бөліктері: солтүстікте – Йорк мүйісі (10 41о. е.) оңтүстікте – Оңтүстік – Шығыс мүйісі (39 11 о. е.),батыста – Стип – Пойнт мүйісі (113 05 ш.б.), шығыста – байрон мүйісі (153 34 ш. б.). Австралия солтүстіктен оңтүстікке 3200км – ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады, көлемі – 7631,5 мың км.
Солтүстікте Австралияның жағасында Мелвилл, Батерст, Грут – Айленд және басқа ұсақ аралдар, оңтүстікте – материктік қайраңның шетінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс, және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал – Дерк – Хартог, шығыста – Фрейзер.
Австралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Австралияны, сондай – ақ оның көлемінің шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды.
Австралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік – батыс бөлігінде материктік, маржандық және жанар тау текті көптеген ірілі – ұсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқылы қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралық шиеленістерді бәсеңдету, шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.
Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0