Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасынын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
“Коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы” атты курстық жұмыстың өзектілігі - коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Шаруашылық қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын –белілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды.
Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды – негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай күйінің орнықтылығының негізгі оның қаржы тұрықтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пйдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудің үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресусртары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы түрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау керек. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсару және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Қан плазмасы және қан түйіршіктері

Кіріспе
Қан ағзадағы дәнекер ұлпаның бір түрі. Қанның құрамы сұйық плазмадан және қан түйіршіктерінен (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Қан құрамындағы лейкоциттер организмді әр түрлі зиянды заттардан қорғайды.
Қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатады.
Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық және химиялық қасиеті біршама тұрақты болады, сондықтан да организмдегі клеткалардың тіршілік процесі қалыпты жүріп жатады.
Қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар зиянды, қорексіз улы заттарды организмнен шығарып отырады. Қорыта келгенде қан организмдегі клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардың мөлшерін реттеп тұрады.
Қан қан тамырларымен ағады да, организмнің барлық клеткаларына қоректік заттарды тасу қызметін атқарады. Мысалы, қан тканьге глюкоза, амин қышқылдары, май, витамин, минерал заттарын, суды, оттегін т.б. қоректік заттар жеткізсе, екінші жағынан зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы) сыртқа шығару органдарына: бүйрекке, тер бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. Қан организмде Гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолмен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның организмді гуморальдық жолмен реттеуі – ондағы ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға қосылатын физиологиялық актив заттарға – гормондарға байланысты.
Сонымен бірге қанда болатын иммунитет факторы организмде қорғаныс қызметін атқарады. Иммунитет - қандағы лейкоциттердің фагоцитоз процесіне бейімділігі. қандағы қорғағыш денелер организмдегі микробтарды, олардың бөлетін улы заттарын зиянсыздандырады және зиянды белоктарды ыдыратады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Қазақ баспасөзіндегі жедел ілгерілеу идеясы

Қазақстан Республикасы – Азия төсіндегі алып мүмкіндіктері, асқар мақсаттары бар, тарихы терең, рухы күшті халықтың ордасы. Тоқсан толғаулы тәуелсіздікті алғаннан бергі уақыт егеменді ел ретінде орнығу, әлемдегі өз орнын иелену, барша халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатын жүзеге асыруға арналды. Бейнелеп айтсақ, «атымыз барда желіп жүріп жер танумен, асымыз барда беріп жүріп ел танумен» өтті.
Бүгінгі күнгі мемлекет басындағы азаматтарды, зиялы қауым өкілдерін ойландырып, тың идея, жаңа істерге бастап отырған маңызды мәселелер бар. Оның ең бастысы – мемлекет институтының негізін қалыптастыратын халықты ұйымдастыру, елді жан-жақты дамыту, өркендету болып табылады. Ал, бұл елдік мәселенің оң шешімін таппағы, көздеген мақсатынан адаспауы халық айнасы – бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей байланысты.
«Газет – халықтың құлағы, көзі, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. ...газет ¬¬–халық даушысы.
«Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар» деген аталы сөз бар. Бұзуға құдіреті жеткен сөздің, түзеуге де құдіреті жетеді. Сөз – қару, мұны бұзуға жұмсасақ бұзады, түзеуге жұмсасақ түзейді. Сөзін жұртты түзеуге жұмсап отырған жұрттың өзі де түзелуге бет алғанын көріп отырмыз /1/». Бұл ұлт баспасөзінің көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ» газетінде жарияланған ізашар мақаласында айтылған аталы сөз. Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, баспасөз, газеттің міндетін Ахмет атамыздан асырып ешкім айта алған жоқ. Олай болса, бүгінде жарық көріп отырған қай басылым болмасын көтерген мәселесі, жазған сөзі халықты түзетуге, ілгерілетуге жұмсалуы тиіс. Сонда ғана қазақ мықты ұлтқа айналмақ. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Іздеу алгоритмі

Техниканың даму жетістіктеріне сай ЭЕМ – біздің өміріміздің әр алуан салаларында қызмет етуде. Айталық компьютердің көмегімен көптеген салалардың қызметі жеңілдеді десек те болады. Компьютерде автоматтандырылған программа жасауға арналған жаңа технологияларға сай көптеген программалау тілдері пайда болды, солардың негізінде компьтердің қолданылу ауқымы кеңейді, себебі программалау тілдері арқылы құрылған программалар қызметкерге бұрынғыдай көптеген қағаздарды ақтарып, іздеген дерегін таба алмай шаршауынан құтылуына көмектесті. Мысалы, кітапхананы алайық, әрине кімнің болса да, картотеканы пайдалана алғаны дұрыс. Дегенмен де өзімізге керекті кітапты табу үшін оны жазған авторды білуің керек, кітаптың атын, шыққан жылын білуің керек, ал бұл кей кездері ыңғайсыздық тудырады, әсіресе ең алғаш келген адамдарға немесе кітап туралы ақпараты аз адамға қиындық әкелуі әбден мүмкін. Ал қазіргі озық технологиялармен жабдықталған кітапханаға барсаңыз ЭЕМ-ның көмегімен оп-оңай өзіңізге қажетті кітапты, оның тек жылын немесе ұқсас атын білу арқылы ғана табуыңызға болады.
Программист мұндай программаларды жасаған кезде барлық мәліметті компьютерге енгізіп сақтайды да, кітаптардың параметрлері бойынша, мысалы авторлардың фамилиясын алфавит бойынша сұрыптау арқылы сұраныс жасай алады. Кітапханаға келген адам өзіне қажетті кітапты бірнеше параметрлері бойынша кітапханашыға жеткізеді, ол өз кезегінде программаға енгізіп, керекті кітаптың шифрын тез арада тауып алады. Осы арада, әрине сұрыптау және іздеу алгоритмі қолданылады.
Іздеу алгоритмі – барлық қолданбалы програмаларда пайдаланылған десек қателеспейміз. Аты шулы интернеттің өзін алып қарасақ та жеткілікті, онда кірген әрбір қолданушы өзіне керекті мәліметті сұраныс жіберу арқылы тауып алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Өндіріс | Бидай және оның жалпы сипаттамасы

Кіріспе.
Бидай — бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60% мөлшері бидайдан алынады.
Бидайдың жиырмадан астам түрі бар. Солардың ішінде ең көп тарағамы—жұмсақ бидай. Бұл дақылдын, алуан түрлі сорттары бар және олар жер шарының барлық аймақтарында егіледі. Біздің елімізде бидай ауа райы өте қатал Якут АССР-і жерінде, мүлде қар жатпайтын Закавказ айма- ғында, Қазақстан мен Орта Азияның аса құрғақ алқаптарында және Приморьенің ылғалды аудандарында өсіріледі.
Азық-түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні — аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады.
Европадағы елдерде адамға қажетті барлық калорияның 35% бидайдан алынады. Адам организмі үшін қажетті белоктар мен углеводтардың жарымына жуығын, Ві витаминінін 70—80%, РР және Е витамииінің не дәуір белігін, минералдық тұздарды және басқа қажетті заттарды бидай өнімі береді. Бидай наны азық-түлік көзі ғана емес, сонымен қатар ерекше катализатор болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ә.Нұрпейiсовтің«Қан мен тер»романындағы табиғат көрiнiсінің берілуі

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: орыс тiлiндегi Ә.Нұрпейiсовтың «Қан мен тер» романындағы табиғат көрінісінің берілуі.
Тақырыптың өзектілігі: пейзаж – психологиялық талдаудың ұтымды құралдарының бірі болып табылады. Ол кейіпкердің рухани жан - дүниесін ашып, шығарманың көркемдігін кеңейтеді. Көркем шығармада табиғат көрінісі әрқашан негізгі идеямен үндестікте болып, кейіпкердің ойын, сезімін және ішкі әлемі мен көңіл - күйін толығымен жеткізеді.Көркем шығармадағы пейзаж мәтінде жеке дара болмай, жалпы композициямен, тақырыппен, кейіпкерлермен, сюжет пен жалпы көрініспен үйлесімді болып келеді.Сол сияқты пейзажда сақталған көркемдегіш құралдарды қолданып, бірнеше тәсілдер қарастырылады.
Жұмыстың негiзгi мақсаты: Ә.Нұрпейiсовтың «Қан мен тер» романын қазақ тiлiнен орыс тіліне аударылуын қарастыру.Атап айтқанда табиғат көріністерінің, пайдаланған көркемдегіш құралдарының орыс тіліне берілуін салыстырмалы түрде қарастыруды мақсат тұттық.
Табиғат көріністері мезгілдің, мекеннің, уақыттың міндетін атқарумен қатар қаһарманның табиғат пейзажымен ара қатынасын, көңіл-күй әуендерін де аңғартады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жас отбасы және оның проблемалары

Кіріспе
Отбасы дегеніміз- некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы- бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жқбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметік нормалардың, санкциялардың және міңез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы- некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген функциялардың маңыздылығы өзгеріп отырады.
Отбасы дегеніміз- қоғамның нақты тарихи типінде өз ерекшеліктері, дәстүрлері бекітілімдері бар әлеуметтік құрылым. Отбасы екі позициядан сарапталады:
1) Әлеуметтік институт ретінде
2) Шағын әлеуметтік топ ретінде
Әлеуметтік институт ретінде отбасы анализінде нақты отбасы қарастырылмайды белгілі мәдениетке тән отбасылық мінез-құлық үлгілері қарастырылады. Жас отбасы дегеніміз- жастары 29- дан аспаған және неке тұрғандарына 3 жылдан артық уақыт тұрмаған отбасын айтамыз. Неке ұғымның астарында ересек индивид арасындағы қоғам мен реттелетін қарым-қатынастарының тарихи шапталған формасын айтамыз. Қазіргі атаумызға болады. Ең көп таралған түрі нуклеарлы отбасы. Екінші орында толық емес отбасы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешектерін есепке алу

Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әдетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және басқалар. Соңы фактор қаржы менеджеріне ерекше маңызды.
Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің негізгі түрлері қолма қол ақшаменен және ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Түрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, вексельдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Түрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басыңқы болады.
Қолма қол төлеу арқылы есептесу теңгемен, несиелік карточканың көмегімен орындалады.
Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады.
Дебиторлық қарыз қаражаттары, кәсіпорынның айналымынан уақытша қаражатты аударуын көрсетеді, ол өз кезегінде, қосымша ресурстарға қажеттілікті қажет етіп және қаржы жағдайын қиындатып жіберуі мүмкін.
Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Тиелген тауарлар қаражаты шарасыз пайда болады, өйткені, қоймадағы дайын өнімдер, шартта көрсетілген уақытта тұтынушыларға тиеліп жіберілуі тиіс: Бірақ тиеліп жіберген тауарлардың құрамында әртүрлі мағыналы қаражаттар болады. Олардың бір бөлігі тиеліп жіберген тауарлардың үлесіне тиісті, бірақ төлем уақыты жетпеген. Бұл жағымдығы тез өтетін құбылыс. Төлем мерзімі өткеннен кейін, кәсіпорынның төлембеген қаражаттары, тиеп жіберген тауарлар түріне айналады. Соңғысы, тұтынушының төлем қаражатының жоқ екендігін көрсетеді.
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Монғолияның Қазақстарға шапқыншылығы

ІІ Негізгі бөлім
1. Монғол мемлекетінің саяси тарихы
Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "ондықтан" тұрды.
1207-1208 жж. қысында Шыңғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыстың қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғысхан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) бағындырды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда жылқы шаруашылықтары даму барысында. Өйткені жылқы шаруашылықтарының жақсы экономикалық тиімділігі бар.
қазіргі уақытта жылқы шаруашылықтары екі жақта дамып жатыр:
• спортқа қолданатын жылқыларды өсіру;
• өнімдер ( ет, қазы, қарта, шұжық ) алатын жылқылардың
басын көбейту.
Келесі жағдай шет мемлекеттерде айтылған жылқы өнімдеріне сұраныс бар.
Осыған орай шет мемелекеттерге шығарылатын өнімдер инфекциялық жұқпалы немесе хирургиялық аурулардан таза және сапалы болуы керек.
Біздің негізгі объектіміз спорт жылқылары. Спорт жылқылары шаруашылықтары Қазақстанда даму барысында. қазіргі уақытта көптеген аурулардың арасында спорт жылқыларында аяқ бақай буынының қабынуы – тендинит, немесе тендовагинит жиі кездеседі.
Ғылыми әдебиеердің деректері бойынша жылқының тендинитімен, тендовагинитін анықтау және емдеу барысында санаулы тәсілдер мен әдістер бар. Мысалы, емдеу барысында ең бірінші себебін анықтау керек, екінші тыныштық жасау керек, үшінші салқын, қысымды байлам және новокаиндік тежеу қолданылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0