Қазақстанның қаржы жүйесі - бұл экономикалық теорияда ең күрделі және қарама – қайшы мәселелердің бірі деп ойлаймын, өйткені ол Қазақстанның қаржы жүйесі. Қаржы жүйесінің қайнар көзі және оның экономикадағы тиісті ақша қорлары құрылып, қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. “Қаржы” курсының құрылымы, оның тақырыптары мен сұрақтарын құрау дәйектілігі қаржы теориясы туралы ғылымның мазмұны мен және оның міндеттерімен айқындалатыны белгілі. Осыған байланысты оқулықтың мазмұнын “Қаржы туралы жалпы ұғым және оны басқарудың негіздері”, “Қаржы жүйесінің мәні” деген сияқты. Оқулық кафедраның “Қаржы” пәнінің оқу - әдістемелік әзірлемелері негізінде әзірленеді және оның құрылымы “Қаржы және кредит” мамандығы бойынша білім береді. Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы – кредит жүйесінің жалпылама ұғымы да бар. Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады” Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандырады. “біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын “қаржыға” ғана тәң қасиет” “екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте обьективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуіне тиіс болады. “Қаржы” курсының құрылымы, оның тақырыптары мен сұрақтарын құрау дәйектілігі қаржы теориясы туралы ғылымның мазмұны мен және оның міндеттерімен айқындалатыны белгілі. ....
1. АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. ТОПТАР. Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік –психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат - әр адамның әлеуметтік орнын, қоғамдық мәнін білу. Жеке адамның өзі де – қоғам мүшесі әрі әлеуметттік тұлға. Сондықтан, оның өмір-тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады. Шартты және байланысты топтар - әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады.....
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар, салауатты өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн: «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»,- дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Міне, осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген. ....
КІРІСПЕ Берілген Курстық жұмыста қарастырылып отпырған Ертіс өзені-Өскемен қаласы бекетінің жалпы физико-географиялық жағдайына, климаттық факторларға, гидрологиялық зерттелгендігі және су режимінің жалпы жүру кезеңдері жайында сипаттама берілген. Жұмыстың негізгі мақсаты болып жылдық ағындының мәліметтері бойынша берілген тұстамадағы өзен ағындысының сипаттамаларын анықтау және типтік гидрограф тұрғызу болып табылады. Қарастырылып отырған жұмыста бастапқы мәліметтер бағаланды және алаптың климаттық, физико-географиялық сипаттамалары есепке алынып, және ағындының негізгі сипаттамалары анықталып су өтімінің қамтамасыздық қисығы, біріккен гидрограф тұрғызу арқылы типтік гидрограф тұрғызылды. 1 ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ҚЫСҚАША ФИЗИКО ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 1.1 Жер бедері Жоғарғы Ертіс пен Жоғарғы Обь алаптары Қазақ қатпарлы елі мен Алтай-Саян таулы жүйесінің жапсарында орналасып, бүкіл Кеңестік Алтайды қамтиды. Жер бедерінің формасы әртүрлі және күрделі орографиялық құрылысы бар таулы аумақ. Бұл территорияны орфографиялық жағынан қарасақ, абсолюттік биіктігі 200 м-ден 4500 м-ге дейін жететін қатпарлы-үйінді таулы облыс. Жоғарғы Обь пен Ертістің оң жақ жағалауына оңтүстік батыстағы Батыс Сібір жазығындағы жоталармен аңғарлар түбінің жалпы көтерілуі, ал батыс Ертістің сол жақ жағалауына оңтүстік және батыс Қазақ қатпарлы елінің төбелі-қырқалы ұсақ шоқысы мен оңтүстігіндегі ортатаулы және жоғарытаулы жер бедеріне дейін аймақ биіктігінің біртіндеп өсу өзгешелігі тән. Алтай орфографиясы мен Қазақ қатпарлы елінің шығыс жақ шетінің өзіне тән ерекшелігі оның батыс және оңтүстік-батыс таулы жоталарының созылмалы үстемшілдік құруы. Қарастырып отырған территорияның бес геоморфологиялық аудандарын қарастыруға болады. Олар Қазақ қатпарлы елінің ұсақ шоқылы ауданы – Шыңғыстау жотасы, Сауыр Тарбағатай, Эайсан қазаншұңқыры, Ертіс маңы жазығы, Қалба жотасы.....
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта - ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін жалғасуда. Қазіргі заманауи жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады. Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту мароэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Инвестициялар экономиканың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындар өз қызметтерін инвестиция есебінен қаржыландырып дамытуда. Көптеген өндіріс орындары қайта ашылып, ал қызмет етіп келе жатқан өндірістер қызмет көрсету аясын кеңейту арқылы жүздеген, мыңдаған халықты жұмыспен қамтып отыр. Бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Нарықтық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, жер қойнауын геологиялық барлау, өндіру және өңдеу жүргізу саласында инвестициялық үрдісті қалыптастыруда әлемдік технологияларды және менеджмент пен маркетингтің озық әдістерін қолдануға негізделген және инвестициялау тетіктерін қалыптастыруда ең тиімді инвестициялық жобаларды нарықтық тетіктер арқылы дайындау ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті тұрғы болып табылады.....
Психологияда психодиагностика термині кеңінен пайдаланылады. Диагностика ұғымы медецинада ежелден пайдаланылып келе жатыр. Ол аурудың түрін анықта және медицинада қалыптасқан терминдермен белгілеу процесі болып табылады, ал психологияда бұл термин он тоғызыншы ғасырдан бері кеңінен пайдалануда. Психодиагностика (грекше - жан, - тануға қабілетті, танып білу) психологиялық диагноз қою немесе жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің, күй-жағдайларының ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан бағалау. Психология ғылымының бір саласы ретінде психодиагностика екі бағытта дамуда. Психодиагностикаға екі анықтама беруге болады. Біріншісі – психодиагностика адамның дамуындағы оның жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері мен болашағын анықтауға арналған әдістерді құрастыратын психологияның ғылыми саласы. Бұл анықтама бойынша психодиагностиканың негізгі мақсаты – психологиялық диагноз қоюға пайдаланылатын ғылыми жағынан тексерілген, сенімді және нақты әдістемелер мен психодиагностикалық құралдар жасау. Психологиялық диагноз қою – бұл бір-бірімен байланысты психологиялық қасиеттер мен күй-жағдайлар комплексін-динамикасын, қабілетін, мотивациясын, тұлғаның тұрақты көрсеткіштерін құрылымдық жағынан талдау жасап бейнелеу. Зерттеу нәтижесінде анықталған диагнозға сүйене отырып зерттелген қасиеттерді жетілдіру, өңдеу және дамыту туралы нұсқаулар жасалады.Сондықтан психодиагностиканың екінші бағытының мақсаты келесі түрде анықтауға болады: психологтардың жүйелі жүргізген зерттеулері көмегімен балалар, оқытушылар, тәрбиешілер, ата-аналар, т.б. зерттенушілердің, жеке даралық психологиялық даму ерекшеліктері туралы толық мәлімет жинап, оның психологиялық бейнесін құру, олардың өмір сүретін әлеуметтік топтарының құрылымдық және қарым-қатынастық ерекшеліктерін анықтау. Сондықтан бұл бағыттағы психодиагностиканың алдына келесі мәселелердішеш талап етіледі. ....
Кіріспе Тарих сабағында көркем әдебиеттер және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету. Көрем әдебиетті оқи отырып өмірді бақылау, тану, үйрену. Пайдаланылатын көркем әдебиет қоғамның даму заңдылықтарын, тарихи тұрғыдан нақты түсінуге терең ұғынуға мүмкіндік береді. Тарих пәні бойынша оқушыларға беретін білім мен тәрбие ісін жетілдіре түсуге игі ықпал жасап, оның сапаларын арттыруға көмектеседі. Тарихи құжаттарға сүйене отырып тарихты оқытуда пайдаланалған көркем әдебиет оқушылардың эстетикалық таным түсінігін жетілдіру мен қатар тарихи мәсәлені образды түрде түсіндіру. Көркем әдебиет қоғамның өмірдегі құбылыстарға ғылыми талдау жасау үшін материал есебінде пайдаланылса қорытындылар мен тұжырымдарды қиыстыру мақсатында түсінікті болу үшін алынған. Әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелерді дәл жеткізіп, оны дәлелдеп, дәйектеу үшін алынған. Тарихи көркем әдебиеттің атқаратын маңызын ерекше бағалап оның тарихпен ұштасып жататын бірлігі ретінде қарастырған. 1. Жұмыстың өзектілігі: Тарих сабағын жандандыру мақсатында көркем әдебиетті пайдаланудың маңызы мен мақсаты айқындау. Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалануда оқушылардың ой танымы мен білімін пайдалану. 2. Жұмыстың мақсаты: ....
Кіріспе Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады. Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады. Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді. Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - банк қызметіндегі тәуекелдікті оқып-үйренуде жалпы банктың, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген. Аталған шаралар мүліктерге, инфрақұрылымдарға және банктың өзінің өміріне қауіп төндіретін әрекеттер мен оқиғаларды ескертуге, жағымсыз зардап ауыртпалығын төмендетуге немесе олардың пайда болу ықтималдылығын азайтуға бейімделген. Теорияда және іс-жүзінде мұндай қауіптер "тәуекелдік", ал тәуекелдікті алдын алу шаралары және олардың зиянды зардаптарын азайту-"басқарылатын тәуекелдік" деп атау қабылданған. Банктік тәуекелдік - сол немесе басқа банктер үшін мүмкін болатын қауіп-қатер. Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады. Соңғы 10 жыл ішіндегі банктік және коммерциялық тәуекелдік құралы белсенді зерттеулер және экономикалық әдебиеттердегі талқылаулар болып келді. Бірақ істелінген теориялық материалдар және алынған білімді баяндау әдістері іс-жүзіндегі сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды. Белгілі бір жағдайларда бұл тәуекелдік түрлерінің өзара байланысын, сол сияқты тәуекелдік пен қорғау объектілерінің өзара байланысын, тәуекелдіктің ішкі құрылымдық ерекшелігін адекватты сипаттауға, қауіп-қатерге тән айрықша қасиеттер жиынтығын қажетті дәрежеде айқындауға және оны тіркеуге мүмкіндік бермейтіндігін зерттеулер жүргізетін әдістердің жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқару негізінен тәуекелдікке бағалау әдістерін қолдана отырып, қарыз алушының рейтингін, несие рейтингін және Альтманның Z-үлгісін қолдана отырып басқаруды айтамыз. Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, Банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, рейтингін анықтау мәселесінің концептуалды схемасы көрсетілген. Негізгі бөлімінде банк қызметінде кездесетін аса қауіп төндіретін тәуекелдердің ішінен - несиелік тәуекелге көңіл бөлінген. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның бағалау әдістерін-қарыз алушының рейтингін, несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні анықтап, оны алдын ала болжап, тәуекелдіні ең төменгі деңгейге дейін жеткізу үшін ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген. Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар. 1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені негіздеу 1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдік. Үрдістің экономикалық мәні Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.....
Кіріспе Балқаш көлі. Балқаш көлі Қазақстанның оңтүстік-шығысына, Балқаш- Алакөл ойысына орналасқан. Ол төрт облысының Жезқазған, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының территориясымен шектеседі. Балқаштың су жиналатын алыбы 501 мың шаршы километр. Көл бассейні батыстан-шығысқа қарай 900 километр , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 680 километр жерді алып жатыр. Көлдің солтүстік бассейні Қарқаралы- Ақтау сілемі мен Шығыстау жотасымен жалғасады. Шығысына Тарбағатай тауымен, оңтүстігінде теріскей және Күнгей Алатауының жоталарымен , Іле Алатауымен, батыста – Шу-Іле тауларымен шектеседі. Су айрық сызығының жалпы ұзындығы 4 мың километр. Жер бедеріне қарай Балқаштың су жиналатын бассейнін мынадай физикалық-географиялық аймақтарға бөлуге болады. Олар : Қазақстанның Сарыарқа өңірі, Балқаш - Алакөл ойысындағы жазықтық, Шу - Іле тауы және слотүстік Тянь - Шань тауының шығыс бөлігі. Бұл аймақтардың биіктігі 342 метрден 6995 метрге дейінгі аралықта болады. ....
Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады. Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат : • қайшылықсыз • артықсыз • тұтас болуы керек. Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады. DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .....