Курстық жұмыс: Педагогика | Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту

Еліміз егеменді, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.
Саяси – экономикалық тағы басқа дами бастаған сайын, елімізде барлық жағынан елеулі өзгерістер енуде. Қазақстан Республикасы өзін бүкіл әлемге демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танытты. Осы 15 жыл ішінде Қазақстан Республикасы табанды түрде күресіп, саяси – экономикалық білім жүйесінің өзгеруіне алып келді.
Қазіргі жастар ертеңгі ел басындағы халық тағдырын шешетін азамат болады. Сондықтанда, мемлекеттің алдында тұрған міндеті – қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Адамды – адам қылған, ары қарай дамытып, жетілуіне итермелеген, әр қашан жетелеу үстінде тұрған құбылыс ретінде ең алдымен – тілді алуға болады.
Тіл – адам ойын жетілдіруші, халық мәдениетін таныстырушы, әлемді-қоғамды таныстырушы.
Тіл арқылы - әр адам өз ойын, өз пікірін жеткізе алады, қоршаған ортамен қарым - қатынасқа түсе алады. Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану адамның сөздік қорына және орынды қолдануына байланысты. Сөз байлығы мол баланың ойы ұшқыр, шешен, әсерлі етіп сөйлей алады.
Біздің қарастыратынымыз көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қоры.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау

Кіріспе
Криминалистік тактикада кез-келген тергеу әрекетінің алдында бастапқы тергеу әрекеті ретінде оқиға болған жерді қарау жүргізіледі. Оқиға болған жерді қарау негізгі тергеу әрекеттерінің бірі, себебі осы әрекетті жүргізу барысында тергеуші ең басты мәселе қылмыстық оқиғаның болған, болмағандығын шешеді. Оқиға болған жерді қарау өз алдына дербес түрде жүргізілетін кешенді тергеу әрекеті, оның барысында болған оқиғаның механизмін анықтауға талпыныс жасалады. Криминалистика ғылымында "оқиға болған жер" ұғымына байланысты көзқарастар әртүрлі болып келеді.
Мысалы, Рассейкин Д.П. өзінің "Кісі өлтірушілікті тергеу кезінде мәйіт және оқиға болған жерді қарау" еңбегінде, "оқиға болған жер ретінде қарау жүргізіп жатқан оқиғаның болған жерін түсіну керек. Ал, қылмыстың заты, мысалы," ұрланған автокөліктің табылған жерінде оқиға болған жерді қарау емес, заттай дәледемелерді қарау хаттамасы толтырылады" дейді1. Ал Л.В. Виницкий болса "бұл ұғымдарды ажырату керек, бірақ оларды әртүрлі тергеу әрекеттеріне бөлудің қажеті жоқ" деген көзқарасын білдіреді.2 Қазіргі кездегі криминалистикада осы екінші позицияны басым түрде қолдайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ШАҒЫН МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты: Шағын мектептерде педагогикалық процестің маңыздылығын анықтау.
Кез келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алуы оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. «Білім туралы» Заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар және төл оқулықтардың жазылуы - орта мектеп өміріне қатысты реформалардың жүргізіліп жатқандығының айқын куәсі.
Қазіргі кезде, яғни, өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған республикамыз әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан кешіруде. Бұл дағдарыс білім беру жүйесіне, әсіресе, ауыл мектептеріндегі білім сапасына кері әсерін тигізбей отырған жоқ. Бұрынғы ірі шаруашылықтар ұсақ кооператив, фермерлік шаруа қожалықтарына ұласуына байланысты ауыл тұрғындары жұмыссыздыққа ұшырап, қалалы жерлерге қоныс аударуда. Соның салдарынан орта мектептердің көпшілігі шағын жинақталған мектептерге айналды.
Соңғы алынған мәліметтер бойынша республикамызда жалпы орта білім беретін 8246 мектептің 3906-сы шағын жинақталған мектеп. Осы айтылып отырған «шағын жинақталған» мектепке мынадай түсінік беруімізге болады:
1) оқушы саны өте аз мектеп;
2) қатар оқитын сыныбы жоқ мектеп;
3) оқушы саны аз болғандықтан, әр деңгейдегі сынып оқушылары біріктірілген мектеп.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экология | Экологиялық құқық ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі

Кіріспе
Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелілік салаларының негізгі тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар бо¬лып табылады. Мысалы экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысында «экология», «қоршаған орта», «қоршаған ортаны қорғау», «табиғи ресурстар», «табиғат пайдалану» т.б. осы сияқты атуларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың негізгілерінің мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады.
Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834-1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта — табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау — табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Қапшағай суқоймасының Торта балығы ихтиофаунасы

КІРІСПЕ

Қапшағай суқоймасының кәсіптік ихтиофаунасы жерсіндірілген түрлерден құралады. Балық қорының кәсіптік игерілуінің дұрыс жасалмауынан, суқойманың қолайсыз гидрологиялық жағдайы кейбір бағалы балықтардың түрлері үшін суқойманың биоценозы тұрақсыз жағдайға тап болуда. Көбіне балықтардың бағалы түрлерінің популяциясы олармен бәсекелес кәсіптік маңызы аз балықтарға қарағанда кәсіптік ауыртпашылықты көбірек кешуде.
Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының бірден көзіне түсті, ең алдымен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» мамандары мен Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің гидробиология және ихтиология кафедрасының оқытушыларының. Зерттеу жұмыстары көптеген бағыттар бойынша жүргізілді, ол өз кезегінде қайта құрылған суқойманың ихтиоценозының қалыптасу процестерін тануға үлкен үлес қосты. Суқойманың қалыптасуының алғашқы жылдарында ақ қоректік базаны жақсарту туралы ұсыныстар мен кәсіптік балықтардың сапалық құрамы (торта, сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жасалды. Жиналған тәжірибелер арқасында көптеген балықтар популяциясының болашақтағы жағдайына болжам берілді.
Қапшағай суқоймасының ауыр металдармен ластануына байланысты ондағы тіршілік ететін балықтардың жағдайына әсері жаңа зерттеулерді қажет етіп отыр. Қапшағай су қоймасы еліміздегі балық қоры мол және кәсіптік маңызы бар көксерке, сазан, тыран, торта және т.б. балықтар ауланатын суқойма.

Жұмыстың мақсаты: Торта балығының биологиялық көрсеткіштерін зерттей отырып, қазіргі кездегі жағдайына баға беру.
Жұмыстың міндеттері:
1. Торта балығы бойынша жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасау;
2. 2008 – 2009 жж. аралығындағы жиналған материалдардың биологиялық анализінің көрсеткіштерінің динамикасын көрсету;
3. Көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде Қапшағай суқоймасындағы торта балығының қазіргі жағдайына баға беру.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | “Байсерке Агро” ЖШС – ң тарихы және өнім өндірісіне сипаттама

Көпшілік өндірісте және халық қажеттілігінде нан өнімдері маңызды роль атқарады. Көпшілік өндіріс - өндірістік процестің күнделікті қайталануын және оның үздіксіз жаңартылуын көрсетеді.Өндірістік процесс бұл – бүтіндей алғанда бәрінен бұрын көпшілік өнім өндірісі және біріккен өнім, бөлінген өнім, қажеттілік және айырбас болып табылады, осы процестер бір – бірімен тығыз байланысты.
Тауарлық бидайды сатып алу – қажеттілік сферасының бастапқы сатысы.Бидай өзінің натуралдық түрінде дайын өнім болып саналмайды.Ол спирт суларын жасауда, крахмал, консервы өндірістерінде шикізат болып есептеледі. Қалдықтар аралас жем өндірісінде шикізат қызметін атқарады. Өз кезегінде ұн мен жарма да нан зауытында, кондитерлік зауыттарда және макарон өндірістерінде шикізат болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын өндеу

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама беру, бір қарағанда біздің әрқайсымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ, өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет екендігі, психикалық өмірді де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керектігі, әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісінің болуы, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік тууы, егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалатыны, басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар екендігі, бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқаны, психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттелінуі, зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдесуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Каспий теңізіне сипаттама

Жер шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму тарихына, физикалық-геологиялық процестерінің сипатына қарай теңіз қатарына жатады. Каспий теңізіне Кавказдың шығыс жағалауын мекендеген байырғы тайпа аты қойылған. Ежелгі тарихи аттары: Гирхан, Хазар, Хвалын (Хвали).
Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200км, орташа ені 320км, жағасының ұзындығы 7000км, оның 6000км-ден астамы Қазақстанның, Ресейдің, Әзербайжанның үлесіне тиесілі. Ауданы 371 км². Су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025м. Ірі шығанақтары: солтүстігінде Кизляр, Комсомол; шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз Гол, Красноводск; батысында; Аграхан, Баку қойнауы. Оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың ірілері; Құлалы, Түлен, Шешен, Артем, Жылай, Булла.
Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем (жылдықағын жиынтығы Каспий теңізіне құятын өзен ағындарының жылдық нормасының 88%-і); Батыстан Сулақ, Самур, Кура ( су балансындағы кірістің 7 % ) оңтүстігіндегі Иран жағалауынан Горган , Сераз, Сифидруд өзендері ( жылдық өзен ағындарының 5 %-і) құяды. Шығыс жағалауында тұрақты ағынды өзендер жоқ.
Жағалауы. Солтүстік жағалауы ойпатты, жатық. Мұнда теңіз суының шалқып шегінуі әсерінен кең алапты қайран қалыптасқан. Өзен сағаларында ( Еділ , Жайық , Терек ) атыраулық жаға ұлғаюда. Батысы мен шығысындағы Маңқыстау жағалауы жарқабақты абразиялық жаға , батыс жағасының кейбір жерлері , Қара – Бұғаз –Көл қайраңдары, Красноводск түбелінен бастап оңтүстікке аккумляциялық жаға болып бөлінеді.
Рельефі. Каспий теңізі рельефі мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай Солтүстік Каспий және Оңтүстік Каспийге бөлінеді. Солтүстік бөлігінің ауданы 80 мың км ², тереңдігі 4 – 8 м. Теңіз түбінің рельефі белесті келген аккумуляциялық жазық қайырлар және аралдар тізбегінен қалыптасқан. Солтүстік Каспий орталық бөлігінен Маңқыстау шоңғалы арқылы бөлінген.Орталық Каспийдің ауданы 138 мың км ² , мұнда теңіздің түптік шұңғымасы ( Дербеит шұңғымасының ең терең жері 788 м ) шельфі және құрлықтың беткейі айқын байқалады. Құрлықтың беткейінде су астылық жылжымалар , каньондар және ежелгі аңғарлар көп. Оңтүстік Каспий орталық бөлігінен Пашерон шоңғалы арқылы бөлінген.Оңтүстік Каспий табаны абиссальды жазық ( ені 30 км.) болып келетін шұңғыма (тереңдігі 1025 м ) мен шельфтен тұрады.
Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазындылары. Каспий теңізінің солтүстік Шығыс – Европа платформасы құрамына кіретін Каспий маңы синеклизасының оңтүстік шетін қамтиды, ал Маңқыстау шоңғалы теңіздің батысындағы су астына шөккен Карпинск бұйраты ( герциндік құрылым ) мен шығысындағы Маңқыстау сілемдерінің жалғасы болып табылады. Орталық бөлігінің түбі гетерогенді құрылымнан тұрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Информатика | «Компьютерлік гороскоп» Web-жобасын құру

Кіріспе
Қазақ халқының атадан балаға мұра болып жеткен салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары ескінің қалдығы деп ескерілмей келді. Әсіресе мұсылман күнпарағы (Ай күнпарағы) емделу үшін өте қажет екендігі, дәрі қабылдау үшін, сәтті мерзімдер туралы айтылады. Қазақ халқының ертеден келе жатқан ескі ұғымы жұт, апат, індет, қырғын соғыс туралы мәліметтері жұлдызнәма (астрология) арқылы түсіндіріледі. Бұл күнде халық сол мұраларды құрметтеп тарих қатесін түсіне бастады.
Астрология о баста жұлдыздар туралы ғылым болған. Оның жетістігі- аспан денелерінің орнына қарап адамның, халықтың, қоғамның, оқиғаның болашағын болжап айта алған. Астрологияның негізгі мәселесі- тәлиғынәма (гороскоп) жасау. Адамзат тарихы пайда болғаннан бастап, астрологиямен шұғылдана бастаған ғалымдар болған. Олар шығыста, одан соң батыста өте көп болды. Б.э.д. 2154 жылдардағы қытай әміршілерінің аспан әлеміндегі құбылыстарға мән бергендігі кесдеседі [1].
Біздің Қазақстанда Алматыда «Халық емшілерінің Орталығы» ашылды. Конституцияға халық емшісі туралы заң қабылданды. Қайта құру кезінде, нарықтық экономика кезінде дәрі-дәрмек таптырмайтын, таптырса өте қымбат баға кезінде халық өз денсаулығын өзі күтуді үйренсе, өз денсаулығын өзі сақтауды үйренсе, ол да халық үшін пайдалы.
ХХ-ғасырдың соңында Internet және Internet желілерінің пайда болуы, компьютерде мультимедиа құрылғыларының дамуы, ғылымда жаңа салалардың пайда болуына әкеп соқты. Информацияның таралуы уақыт пен ара қашықтыққа тәуелсіз болып қалды. Мұның барлығы пайдаланушының информацияны алу әдістерінің ескіруіне алып келді [2].
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары компьютердің дамуына Internet және WWW жүйелері үлкен әсерінен тигізді. Қазіргі кезде осы бағытта компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Сол жылдары мәтіндік редакторды және көптеген программалық кодтарды пайдаланып, Internet-те өз ойын жариялау үшін, HTML тілін оқып үйрену қажет болатын. Ал бұл тілде жұмыс істеу өте көп уақытты талап етеді.
WWW жүйесінің негізгі қызметі қажетті информацияны іздеу, жинастыру және экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететін мәліметтері Web-құжат түрінде дайындалып сақталған, электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы, оның жазылу форматында.
Web-құжат – кішігірім мәтін немесе үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Web-құжат ретінде қарастырылады. Бұл Web-беттер белгілі бір ретпен байланыстырылып, тұтас Web-жоба түрінде көрсетілуі де мүмкін. Яғни Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web-беттің адресі енгізіліп қойылады. Internet-тегі Web-жобаларға назар аудартып, пайдаланушылардың санын көбейту үшін, олар аса шеберлікпен безендірілген болуы тиіс [3-5].
Web-құжаттарды қарап шығу үшін арнайы браузер-программалар қажет. Қазіргі кезде кеңінен таралған браузерлер қатарына Internet Explorer (Microsoft) және Netscape Navigator (Netscape Communications Corp.) программалары жатады. Браузерлер WWW-тен басқа Интернеттің басқа да ресурстарымен (Usenet, FTP) де байланыса алады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы

Міндеттері:
1. Рақымжан Тоқатаев жайындағы ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.
2. Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Рақымжан Тоқатаевтың өшпес ерліктерін жаңғырту.
3. Халқымыздың біртуар азаматы жайында жан – жақты зерттеп, тарихқа беймәлім жақтарын ашу.

Өзектілігі: Рақымжан Тоқатаев – ғасырлар өтсе де, заман өзгерсе де өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде еңбек етуден тынбаған, сол арқылы халыққа қызмет етуден жалықпаған бірден - бір тұлға екендігі жан - жақты дәлелдемелер арқылы ашылды. Оның кейінгі ұрпаққа қалдырған ізгі істері өз күшін жойған жоқ. Сондықтан, Рақымжан атамыздың ісін үлгі ету, сол арқылы адамгершілік рухы жоғары жас ұрпақты тәрбиелеу.

Болжамы: Рақымжан Тоқатаевтың ерліктерін зерттей отырып, оның өз заманында қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келесі таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0