Дипломдық жұмыс: Экономика | Жаңа дамушы нарықтарға кірудегі ТҰК ң стратегиялары

Жергілікті ұлтаралық (елдер арасында) интеграция процестері бүкіл әлемде қарқынды жүруде. Шаруашылық процестерінің ұлттандырылуы жеке капиталистік мемлекетаралық интеграциялық үрдістердің нәтижесінде тереңдетіліп жатыр. Ерекше маңызға әлемдік кеңістіктегі кең таралған нарықтық құрылым болып табылатын трансұлттық корпорациялар ие болуда. 80-ші жылдардың аяғында трансұлттық корпрациялардың үлесіне тауар мен қызмет көрсетудің әлемдік өндірісінің 15 % астамы келді. ТҰК ұлттық экономикаларды географиялық белгісіне (ортақ шекараларды есепке ала отырып) ғана қарай емес, сондай-ақ терең экономикалық, ұдайы өндіріс қарым-қатынастар негізінде де біріктіреді. Бүгінгі таңда әлемде шамамен 44 мың трансұлттық компаниялар бар. Ұлттық экономикалардың даму қарқыны құрылымдық өзгерістерге, әрдайым шектеулі қордың салалық қосымшаларындағы таңдап алынған артықшылықтардың негізділігіне тәуелді болып келуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкендігін ірі өркениетті елдер мойындай бастады. (АҚШ, Италия, Франция, Англия т.б. елді мекендер).
2. «Бєсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бєсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге халық үшін». Президенттің қазақ халқына жолдауы. Астана 2004ж. 19-наурыз.
3. Бастауыш мектеп оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл - ой әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады.
4. Ана тілі оқу пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді. «Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі» ] Оқулық тек білім құралы ғана емес, тәрбие құралы да. Негізгі идеясы - адамгершілік тәрбиесі оқушы жүрегіне ізгілік егу болып табылатын шығармалар жинақталып, оқулыққа ұлы Абайдың «Адам болам десеңіз» деген сөзімен үлкен бөлім енгізілген.
5. Тұлғаны шығармашылық деңгейінің дамуы жетістігі барлық
педагогиткалық технологияның жоғарғы нәтежесі болып есептеледі.
Шығармашылыққа тән - ой тереңдігі, ой икемдігі, даралық,
таңғажайыптылық, сезім дамуы және....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Айналамыз толы графиктер

Зерттеу жұмысының өзектілігі.
«Графиктер өмірде қерек пе, оларды өмірде пайдалана аламыз ба?» деген сұраққа мен жауап іздеп, оны зерттеу барысында сұрағыма жауабымды таптым. Біз графиктер тақырыбын 6 сыныпта өткен болатынбыз. Оқулықта бұл тақырып өте қысқа болғандықтан, графиктердің басқа салада қолданылу менің қызығушылығымды тудырды. Сол уақыттан бастап, графиктерді зерттеуді бастадым. Зерттеу жұмысы кезінде жоба жетекшім Маржан Жұмағазықызы екеуіміз басқа сала қызметкерлерімен танысып, графиктерді өз тілінде қалай оқитынын біліп қайттық. Зерттеу жұмысымның өзектілігі - графиктің өмірде қолданысын көрсету, сабақта алған білімдерін күнделікті өмірді пайдалана алу болып табылады.
Мен алда «Айналамыз толы графиктер» зерттеу жұмысымды одан әрі жетілдіріп, графиктердің басқа да салаларда қолданылатынын зерттегім келеді......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік мәдени құзырлығын қалыптастыру

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің қоғамдық - экономикалық өміріндегі елеулі өзгерістерге байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жастарды тәрбиелеу проблемасын дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде [1,2]. Әсіресе, әлемдік деңгейде әлеуметтік-мәдени проблемаларының шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі байқалып келеді.
Білім беру мен тәрбие мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар аясында мәдени, рухани жаңару мәселесі ерекше маңызға ие бола бастады. Сондықтан жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі болашақ мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруде олардың әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігі айқындалып отыр. Осы орайда, әлеуметтік-мәдени құзырлығының проблемаларын зерттеу әлеуметтік және мәдени дағдарыспен бірдей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі екені белгілі.
Жалпы, дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесі “әлеуметтік-мәдени құзырлығы” ұғымының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде қайнар көздерін, негізгі тұғырларын анықтау қажет екені байқалды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде

Зертттеу тақырыбының өзектілігі. Білім мемлекеттің интелектуалдық және рухани ресурстарының сарқылмас бұлағы ретінде адамзат капиталының сапасын арттыруда басты роль атқаратын белгілі. Мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады. Бүгін еліміздің өзінің даму барысындағы басты ұстанымы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлемдегі бәсеке мейлінше қабілетті озық елу ел елдің қатарына қосылу. Жаһандану жағдайында барлық индустриалды дамыған елдер білімге, интеллектуалды және білім әлеуетіне, инновацияларға, озық технологияларға, негізделген экономиканы дамытуға бетбұрыс жасады.
Бүгінгі жаһандану дәуірі - заман шындығы. Сондықтан Қазақстан ғаламдану кезеңіне қалай ілесе алады, елдік ұлттық бет-бейнемізді қайтіп сақтаймыз, ең бастысы біз ғаламдануға не қоса аламыз - осы сұрақтар төңірегінде ойланып - толғанған абзал. Ал мұны білім мәселесімен сабақтастыра айтсақ, әлемдік білімнің ғаламдануы Қазақстанның алдына көптеген сынақтарды көлденең тартады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Физика | Жартылай өткізгіштер

КІРІСПЕ
Екі өткізгішті бір-біріне түйістірген кезде жылулық қозғалыстың әсерінен электрондар бір өткізгіштен басқа өткізгішке өтеді. Егер түйісетін өткізгіштер әртүрлі материалды болып келсе немесе олардың әртүрлі нүктелеріндегі температуралары бірдей болмаса, онда электрондар диффузиясының екі жақты ағындары бірдей болмайды, осының нәтижесінде бір өткізгіш оң, ал екіншісі – теріс зарядталып қалады. Сондықтан өткізгіштің ішінде және өткізгіштер арасындағы сыртқы кеңістікте электр өрісі пайда болады. Тепе-теңдік күйінде өткізгіштің ішінде диффузия ағындарының айырмашылығын дәл компенсациялайтын өріс тұрақталанады. Осы электр өрістерінің болуына өткізгіш-өткізгіш, өткізгіш-жартылай өткізгіш, жартылай өткізгіш – жартылай өткізгіш түйісулерінде пайда болатын бірқатар құбылыстар негізделінген.
Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігін зоналық теория негізінде тек кванттық механика жан-жақты түсіндіріп бере алады. Орта мектепте ол кристалдардағы коваленттік байланыс моделінің, мысалы кремний немесе германий кристалдарындағы, көмегімен түсіндіріледі. Кристалдың әр атомы (мысалы, а- атомы) өзіне жақын орналасқан төрт атоммен сегіз электрон көмегімен байланысады: оның төртеуі – қарастырылып отырған атомның электрондары да, ал қалған төртеуі бір біреуден байланысқа түсіп отырған атомдардікі.
Бұл байланысты түсіндіру жеткілікті түрде оқу және әдістемелік әдебиеттерде келтірілгендіктен, модель көмегімен талқылау керек болатын басты мәселелерге ғана тоқталамыз:....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық құқықтағы жаза түрлері

Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланған. Конституцияда баян етілген адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, занды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруды қылмыстық заңда ерекше маңызды рөл атқаруда. Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасының өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген жетістіктерге жетті, сондай-ақ мемлекетімізді одан әрі қарқынды дамуына кедергі етіп жатқан теріс құбылыстар да бар. Бұл теріс құбылыстардың бірі – қылмыстылық болып табылады. Мемлекетіміз қылмыстылықпен күрес жүргізуде көптеген шаралар жүргізуде. Дегенмен де қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізудің бірден-бір тәсілі ретінде – кінәлі адамға заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жаза тағайындаумен тікелей байланысты болып табылады. Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар сот тәжірибесінде де, ғылым саласында да көп кездесетін аса күрделі де маңызды мәселелердің бірі. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар қылмыстық құқық теориасындағы қылмыстық жаза тағайындау институтының ең маңызды түсінігі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Англияның Еуропадағы 1921-1929 жж. саясаты

Соғысаралық жылдары халықаралық саяясатта үш негiзгi бағыт болды: бiрiншi социалистiк елдiң капиталистiк елдермен бейбiт қатынаста болуды, халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi қолдау және агрессияныбасуға ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiн құруды қамтамасыз етуге арналған Кеңестiк Одақтың бейбiтсүйгiш бағыты, өздерi үшiн тиiмсiз Версаль-Вашингтон бейбiт реттеуiн қайта қарастыру және әлемдiк үстемдiкке қол жеткiзу мақсатындағы халықаралфқ соғысты дайындау мен өрбiтуге арналған антикоминтерн лактiсiнiң державалары – Германия, Италия және Жапонияның өте агрессивтi бағыты және КСРО-ға әскери шабуыл ұйымдастыру мақсатымен Кеңестiк Одаққа қарсы агрессивтi бвғыттары үшiн агрессорлармен келiсуге арналған батыс державалары – Англия, Франция және АҚШ-ң мюнхен бағыты.
Англия және басқа державалар Кеңестiк Одақтың ұжымдық қауiпсiздiгiн құру талпынысын керi итерiп қана қоймай, агрессорлар – Германия, Италия және Жапония iстерiн кейде мақұлдап та отырды. Соғысаралық кезең Англия үшiн өте шиеленiстi және оқиғаға толы болды.
Жұмыс өзектілігі және маңыздылығы. Версаль-Вашингтон жүйесi құрылғаннан кейiнгi және Екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталғанғанға дейiнгi кезең адамзат тарихында шын белең алған кезең. Бұл кезең фашистер мен ұлтшылдардың жауыз агрессорлық сипат көрсеткен, ұлы державалардың өз пайдасын көздеуде сатқындық көрсеткен уақыт. Әлемдiк тарихта соғысаралық кезеңнiң жеке бiр орны бар, түрлi оқиғаларға толы кезең. Осындай маңызды да қызықты кезеңде сол кездегi ұлы державалардың бiрi Ұлыбританияның сыртқы саясатын бiлу, негiзгi бағыттарын бiлу тақырыптың өзектiлiгiн және маңыздылығын ашады.
Мақсат және міндет.курстық жұмыс жазу барысында мен өз алдыма мынадай мiндеттiлiктер алдым:
• соғысаралық кезеңдегi халықаралық жағдайға тоқатылып, жан-жақты зерттеу....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Саяси процестерді жүзеге асыру барысындағы саяси лидердің ролі

Бітіру жұмыстың тақырып өзектілігі. Тарихтың әр кезеңіндегі қоғамда орын алған басшылар мен лидерлердің іс-әрекеттерін қарастыру, олардың ғасырлар бойы зерттелген және оның ары қарай дамуына көптеген теориялар ұсынылды. Жалпы адамзат өркениетінің даму кезеңдерінің барлығында, тіпті алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, қоғамның өмір сүріп өзін одан әрі дамытуды ұйымдастыруына ықпал ететін, себебін тигізетін ерекше адамдардың индивидуалды қасиеттері әрдайым айқын көрініп отырды. Дара элементтерді бірлік жүйесіне реттеудің және оның іс-әрекетін анық белгілеудің міндетін өзінің ұйымдастырушылық қасиеті бар, оған қоса өзімен бірге белгілі бір топты ертіп жүре алатын қасиеті бар адам құрастыра біледі. Ортақ мүдделерді көздеп, оларға жету үшін алға қойылған мақсат-міндеттер шеңберінде белгілі бір топтың, одақтардың шешім қабылдау құқықтарын жүзеге асыратын - лидер. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш мектепте жеке пәндерді оқыту барысында дамыта оқыту технологиялары

КІРІСПЕ
Егемендікке ие болғалы Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептерінде оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама.
Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол. Дей, тұрғанмен, жаңа үлгідегі мектептер тәжірибесінде өз мақсат – міндеттерін дұрыс түсінбеуден, оларға лайықты ғылыми – педагогикалық негіздің болмауынан бар екенін айта кету керек.
Соңғы он шақты жыл ішінде оқыту процесін ізгіліндіру оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық функциясын арттыру мақсатында біраз шаралар атқарылуда.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0