Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Сіңіріп жерден жылу, көктен көрік...)

Сіңіріп жерден жылу, көктен көрік,
Табылмай көңіліме жеткен көлік.
Кеудеме қараторғай ұя салса,
Жем беріп, асырадың көктем болып.

Сөздері сөз ғана емес,
Саз сияқты.
өзіңсіз жердің беті....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Туған жерді сүйемін

Ақындар жырға қосып жырлағандай, туған жер маған күш-қуат беріп, үлкен азамат болуға шақырады. Мен балалық жүрегіммен өз өлкемді, аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен, шын жүрегіммен сүйемін. Жас нәресте шағымнан соның ауасын жұтып, суына шомылдым.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Туған жерім – Қызылорда

Мен Қазақстан мемлекетінің Қызылорда қаласында туылдым. Қызылорда қаласы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. Қаламыздағы Ұлы Жібек жолы-әлем өркениеті тарихының аңызды жетістіктерінің бірі. Қызылорда -әдемі қала. Қызылордада Сырдария өзені бар. Қызылордада күріш өседі. Мұнай мен газ өндіріледі. Өзімнің Қызылорда қаласында туылғанымды мақтан етемін.
Шуақты боп тұрсың сен.
Қызылорда қалам менің,......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Оноре де Бальзак | Жергілікті дәрігер

I таpay

ӨЛКЕ МЕН АДАМ

1829 жылдың жазғытұрғы бір жайдары күнінде жасы елулер шамасындағы кісі Гранд-Шартрезге таяу орналасқан үлкен елді мекенге қарай бет алып, өрлеу жолмен салт келе жатты. Бұл мекен — табаны тастақ, арнасы көбінесе құрғап қалатын шағын тау өзенінің аңғарында ұзыннан созылып жатқан, халқы тығыз кантонның орталығы. Қазірде қар суымен толысқан өзен аңғарды бойлай бұрқ-сарқ ағып жатыр, арнасы екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы ентелеп келіп беттескен қос қыраттың ортасында қысылып қалған, үстеріне жан-жақтан анталап, Савойя мен Дофиненің шыңдары төніп тұр. Екі Морьенаның тізбек-тізбек жоталары, жалпы нобайлары бір-біріне ұқсас болғандарымен, жанағы бейтаныс кісі өтіп бара жатқан өңірдегідей жердің ала-құлалығын, дәл сол тұстағыдай күн сәулесі мен көлегей көлеңкенің құбылған ойнақылығын басқа ешқайдан табуға болмас еді. Біресе аңғар алқабы далия шалқайып кетеді де, жылдың қай мезгілінде де тау бұлақтарынан сусындаған құнарлы жердің нәрлі өсімдігі жап-жасыл кілемдей болып көздің жауын алып жатады; біресе алдыңнан су күшімен жүретін тақтай зауыттары көлденеңдеп шыға келеді де, оның әр жерде жайылып жатқан жұпыны құрылыстары, қабығы аршылған шырша бөренелерінің қоймалары жалт етіп көзге шалынады; жаңағы буырқана сарқыраған өзеннен бұрып әкеліп, ауқымды тақтай науалар арқылы ағызып қойған су шыжымдары және көрінеді. Әр жерде шашыраған лашық үйлер мәуелі жеміс бақтарына көміліп, еңбекқор кедейшілік жайындағы ойға итермелейді. Ал одан әрегіректе балықтың қабыршақтары секілді бір-біріне қабаттаса жабысқан дөңгелек қышпен жабылған қызыл төбелі шағын үйлер ұзақ жылдар бойғы еңбектің берекелі нәтижесін айғақтап тұрғандай.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жер астында қала бар Алтын мүйізді киік (жалғасы) (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Жер астында қала бар Алтын мүйізді киік (жалғасы)
Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау;
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтараға жауап береді, кейіпкерге мінездеме береді.
Көпшілік оқушылар: ертегі кейіпкерлерін сипаттайды, ертегінің құрылымдық бөліктерін анықтайды.
Кейбір оқушылар: ертегі кейіпкерлеріне баға береді, ертегі бөліктеріне тақырып қояды, жоспар құрастырады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0