Туған жер дегеніміз – әркімнің өзінің туып өскен елі, жері, мекені. Әркім өз елін өзінің алтын мекеніне теңейді. Туған жер әркімге ыстық болып келеді. Мен өз туған жерімді жанымнан артық жақсы көремін. Менің туған жерім – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті. Қармақшы ауданының табиғаты әсем, әдемі, көрікті. Менің туған жерімнің табиғатына қызықпайтын адам жоқ десе де болады, әсіресе алуан......
Кеңсің дала, Туған ана. Көйлегің кең көк ала. Жан беретін, Тән беретін, Мірімді ана, сен ғана! С.Сейфуллин. О, қазақтың қасиетті қара топырағы! Менің ата-бабамның асылы, ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы, баға жетпес байлығым. Атамекен, Отан, туған жер... Бұл сөздер - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер қасиетті сөздер. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент.......