Жүргізуші: Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел Болашаққа нық басып буынған бел Көкке өрлеген байрақты желбіретіп Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел
Жүргізуші: Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше. Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың рен еңбегі ешқашан ұмытылмас. Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, Тарихы оның тым ертеден басталған. Бостандықтан құтқарам деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған.
Жүргізуші: Ендеше, сол Ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік бастауы - желтоқсан» атты отбасылық шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушы отбасыларымен таныс болыңыздар: 1 - отбасы – 2 - отбасы – 3 - отбасы – Қош келдіңіздер!!! .....
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Раушан Сисенбаева
Білім беру саласы: «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: «Тіл дамыту» Тақырыбы: «Көк тудың желбірегені» Мақсаты: Өз елінің өткен тарихын біліп, ата - бабамыз аңсаған, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген тәуелсіздіктің, гүлденген Тәуелсіз ел - Қазақстанның болашағы ұрпақ қолында екенін сезіне білуге тәрбиелеу. Балалардың бойына Отансүйгіштік қасиетін сіңіріп, елін, жерін қорғауға баулу. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, «Қазақ елі»слайд.
Балалар «Желтоқсан желі»әуенімен топқа енеді. Шаттық шеңбері: Көк аспанда күн күлсін Бірге күлсін бүлдіршін Ұл қолында ту жүрсін Қыз қолында гүл жүрсін Көк аспанда көк туым Жарқырасын күн бүгін Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Желбірейді көк туымыз». - Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі, кең байтақ елде тұрамыз. .....