«Парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер

Біз түрлі одақтар мен басқосуларда, спартакиада мен азиадаларда, саммиттер мен эксполарда 30 жыл бойы шырылдағанымыз аздай, карантинде де түрлі челлендж жасауда алдымызға жан салмай, онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой.

Сөз өнерін қадірлейтін халықтың жүрегіне айтыскер ретінде жол таба білген Балғынбек Имаш "онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой" деп отыр. Ол бұл сөзі арқылы әншілерді шегірткеге теңеген белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың пікірімен келісетінін жеткізді. Ақынның ойынша, ел тәуелсіздік алғалы реформадан көз ашпаған білім министрлігінің кесірінен жастарда білім жоқ екен.....
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді

Көктемнің соңғы айының басты жаңалығы он бірінші мамырда төтенше жағдай режимінің аяқталуы болмақ, осы айда қазақстандықтар біртіндеп қалыпты өмірге оралады деген үміт бар

Бірінші мамырдан қалалар арасында әуе рейстері ашылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен валюта айырбастау пунктерінің жұмысы жанданады. Банктер жекелеген салаларда қолма-қол ақшасыз төлем қабылдағаны үшін алынатын комиссияны төмендетеді. Осы және өзге де өзгерістер туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз....
Жаңалықтар
Толық
0 0

Шығарма: Еркіндік - ежелден ел тілегі

Тәуелсіздік – ел тарихында, тағдырында айрықша орын алатын, ауқымы кең ұғым. Тәуелсіз ел болу кез-келгеннің маңдайына жазыла бермейтін бақыт. Біреудің боданында, бұғауында емес, еркіндікте ғұмыр кешу өмірдің рақаты емес пе? Сол бақыт, сол еркіндік біз өмір сүріп жатқан елдің тағдырына жазылған сый екен. Демек, біздің еліміз екінің біріне бұйыра бермейтін сондай сыйға лайықты болғаны.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейтіні баршаға аян. Олай болса, біздің ел сол байлыққа қалай қол жеткізді? Тарихқа көз жүгіртелік. Бізге бостандық әкелген ХХ ғасыр тек қана қуаныштарға......
Шығармалар
Толық
0 0