Сұйық тыңайтқыштар минералдық және органикалық қоректік компоненттердің сулы ерітіндісі немесе суспензиясы. Ең кең тарағаны азотты минералдық және кешенді сұйық тыңайтқыштар. Бірінші топқа сусыз аммиак, аммиакты су ( NH 3 – 25%-к ерітіндісі ), аммиакаттар ( кальций және аммоний нитраттары, аммиакты сусындағы карбамид ерітінділері), көмірқышқылды аммиак ( аммиактың карбонат немесе гидрокарбонат сулы ерітіндісі және карбамид) . Бұл бос NH 3 құрамдас тыңайтқыштарды пайдалану оларды герметикалық, коррозияға тұрақты ыдыстарда тасымалдау мен сақтау қажеттілігіне байланысты қиындық туғызады. Сұйық кешенді тыңайтқыштар макро-және микроэлементтердің әртүрлі үйлесіміндегі тыңайтқыштар. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды өндіру қатты тыңайтқыштарға қарағанда 20% арзан, сондай – ақ сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану сәйкес техникалардың болуымен арзан тұрады. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды дайындаудың бастапқы компоненеттері – фасфор қышқылы, азотты тыңайтқыштар ерітіндісі (мочевина , аммиакты селитра немесе олардың суда жақсы еритін қоспасы) , аммиак, калий тұздары мен микроэлементтер. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды себу алдында, себу кезінде және үстеп қоректендіру арқылы енгізеді. ....
Пән: География Бөлім: Әлеуметтік география Сабақ тақырыбы: Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.4.1.3 елдердің демографиялық жағдайын талдап, демографиялық көрсеткіштерін есептейді: халық саны, туу және өлім коэффициенттері, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жас-жыныстық көрсеткіштер, ұлттық және діни құрам Сабақ мақсаттары: Дж халқының сандық көрсеткіштерін талдау....
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды, ерекше мамандандырылған және қарқындатылған салаларының бірі – жеміс шаруашылығы. Қазіргі таңда, елімізде жеміс шаруашылығын дамытуға деген бет бұрыс өз үлесін тауып жатыр. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймағының топырақ климат жағдайы жеміс дақылдарын өсіру үшін қолайлы болып келеді. Негізгі көлемін жеміс өсімдіктері, олардың ішінен шекілдеуікті дақылдар алып жатыр, соның ішінде айтарлықтай алма дақылы басымдылыққа ие [1]. 2013-2020 жж. ҚР АӨК дамыту жөніндегі «Агробизнес -2020» бағдарламасында мемлекет халықты тұтыну нормасына сәйкес жеміспен өамтамасыз ету, жемістердің өңделуі мен экспорты үшін 2020 жылға дейін жеміс дақылдарының ауданын 75-80 мың га – ға жеткізу қарастырылып отыр. Отандық жеміс шаруашылығының бәсекеге өабілеттілігін жоғарылатудың басты шарттарына өндірістік бақтарға жоғары бейімді сорт –екпелер комбинацияларын таңдап алу, жемістерді өсіру технологияларын жетілдіру, бақ алқаптарын ғылыми негізделген түрде орналастыру және өндірілген өнімді сапалы, заманауи технологияларды пайдалана отырып сақтау. Алматы облысы Қазақстанда алма дақылын өсіретін басты аймақтардың бірі болып табылады. Мұндағы табиғат пен ауа-райы жағдайы шетел өнімдерімен бәсекелестікке түсе алатын жоғары сапалы алма жемістерін өсіруге қолайлы. Осы жағдайда өсірілген жемістер жоғарғы тауарлы сапасымен ғана емес, ерекше дәмдік қасиеттерімен де ерекшеленеді. ....